Жедел жад: hybrid memory cube
Hybrid Memory Cube — жедел жадтың келесі толқыны
Hybrid Memory Cube атауындағы жаңа шыққан жедел жад (қазақша түсінбесеңіз: ОЗУ) үш өлшемді болмақ. Оның ақпарат алмасу жылдамдығы, бүгінде соңғы деп саналатындар қатарындағы DDR3 модулінен 12 есе жылдам. Нарыққа 2013 жылы шығады деп күтілуде.
Соңғы шығып жатқан процессорлардың ақпарат өңдеу жылдамдығы артқан сайын, оған мәлімет таситын жедел жад мықтылығына да жоғары талап қажет етілуде. Қазіргі уақыттағы жедел жад типтері, компьютер ресурстарының жаңаруына байланысты ақпаратты қабылдау, оны өңдеп тасымалдауы жағынан баяу жұмыс жасауда. Осы жағдайларды ескере отырып, Intel және Micron компаниялары — Hybrid Memory Cube жедел жадын жасап шығарды. Оның жад кристаллдары бірнеше қабаттан тұрады да, кремний көмегімен өзара байланысу жүзеге асырылады.
Жоғары жылдамдығы мен үнемділігі
Developer Forum 2011 мамандар форумында, жады төрт қатпарлы кристаллдарды пакеттен тұратын Hybrid Memory Cube прототипі көрсетілді. Егер аналық тақшасы (очм: мат. плата) қажетті инфраструктураны қолдайтын болса, яғни соңғы үлгідегі модель болса, ақпарат алмасу жылдамдығы 128 Гбит/с бола алады. Қазіргі DDR3-1333 жылдамдығы 11 Гбит/с құрайтынын ескерсек, салыстыруды өзіңізге қалдырайық. Жедел жад ойлап шығарылғаны былай тұрсын, енді аналық тақша өндірушілерге жаңа жедел жадқа орын дайындау мәселесі туындап тұр. (Дайындамай қайда барсын деген өз комментімізді қосуға мәжбүрміз, аудармашылар тарапы.) Жедел жадтың дәл бүгіндегі жетістігіне сай алдағы уақытта басқа да құрылғылар жаңара түсетіні логикалық тұрғыдан ойға қонымды тұжырым екені даусыз.
Жедел жадтың өткізу жылдамдығы 1 Тбайт/с жете алады. Бұл ең алдымен Windows ОЖ-де RAM-ға жазып, алып отыратын үлкен көлемді графикалық, видео редакторлардың жылдам жасауына тиімді мүмкіндік.
Сонымен қатар, бұл өнімнің жеке бір ядромен (қазіргілер параллель жұмыс істеп, бір процессорға бағынады) толық жылдамдықта жұмыс жасауға мүмкіндігі бар екен. Бүгінде сегіз ядромен шектеліп жатқан процессорлар үшін бұл тағы бір тиімділік дегеннен басқа айтар жоқ.
Осы негізде тіпті он ядролы процессор шықса да, оның басты ерекшеліктерінің бірі, әр ядро дербес жедел жадқа қатынап, логикалық дегейі қазіргіден артықшылығы бірден сезілетіні теориялық тұрғыдан күтілуде.
DDR3-ке қарағанда, жаңа жедел жадтың энергия пайдалану үнемділігі 70%-ке дейін кемімек.
Ал төменде жедел жадтың қысқаша даму кестесі:
ПыСы: Келер жылы Hybrid Memory қолдайтын компьютер алып жатсаңыз, алған әсеріңізді осында бөлісе кетуді ұмытпаңыз
ЧИП журналы
Қолданысқа:
«Ықтиярың қуңаңның төшігіде» — (ұйғыршадан) Өз еркің көтеніңнің тесігінде
"
«Сам знай -Сарсенбай»
"Қожайын -Барин"
«Ненаташу -Паебашу» деген сияқты басқа елдердің фольклорынан ұрлап, не тағы басқа екі құлақ арасындағы сұр затты іске қосып, жаңа тіркестермен аздап түрлілік енгізсеңіздер екен деген Аманкүлдің аңындай арман бар.
Сіздің айтывотқан П4-тер білем капец тормыз комптар ед, өңшең СД-РОМмен Хотя сол кезде ДВД-РОМ енд шығыватқан кей умниктер мониторын ЖКға ауыстырып, ДВД-РОМ сияқтыларын алмастырып таза лоққа өткізетін. Рас нақ мен ол кезде характеристикасына аса үңілмейтін едім)
Очм, лақтырып кеткен сені жақсылап, ренжіме Жас болған шығарсың, өзіңді кешіріп қой
Ал былай иә, қарапайым өлімділерге де комптар болды, кіріктірілген видео, мони 15 дюйм, шешесі слоттан жұрдай, проц Атлон ба, Дюрон ба, әйтеуір АМД-ның сеттинг жасауы қиын бір шытпағы.
ПыСы: Процессор әлемде 2-ақ елде шығарылады. 1 — АҚШ, 2 — Израиль (одақтасыңдысс). Болд. Дәу шкафпен тең көлемді процессорды кішкентай сіріңкенің қорабындай 45, 20 нм-ге дейін жеткізген жалтырбас (бәлкім жалбырбас) ғалым-бұтақбастардың секретін ешкім білмейд қайтып микросхемаға сыйғызғанын. АйтпақЧ, бұны бір жақсы шарющий пацан айтқан. Егер өтірік деп тас атсаңыздар, соған атыңыздар)))