08 ақпанда "Мұстафа Шоқай", "Түркістан легионының ақиқаты" кітаптарының тұсаукесері өтеді
Ертең 08 ақпан, сағат 10:00-де «Отырар» кітапхансында Әбдіуақап Қараның «Мұстафа Шоқай», «Түркістан легионының ақиқаты» атты кітаптарының тұсаукесері болады.
Қазақстаннан Бакуге кету маршрутын зерттеп көріп пе едің?
Тарихта қарабет болмауды олар да ойлаған шығарбірақ, өзім, бірінші нұсқаға сенім арттым. Рейх үшін Мұстафаны өлтіріп, оны бүркемелеуге айтарлықтай стимул болған жоқ.
Онсыз да тарихқа қарайтын бет жоқ ед, уже...Опшым, кездесіп, әңгімелесерміз…
киносында көрсеткеніндейтүркістандықтарды аман алып қалуды ойлаған. соғыстыруды емес.білетінім аз ол кісі туралы.Бірақ, көп мәлімет оқу керек сияқты, пікір жазу үшін
Ел басына күн туғанда пәлсапамен, түрлі себеппен жау жағына шығып кете берсем болады екен. Бір күні ел өзі ақтап алад. Рақатнақ!
мүмкін біреуге теңге беріп кітап жаздырыппиар жасады го«ХАЛЫҚ ЖАУЫНАН» ХАЛЫҚ БАТЫРЫНА АЙНАЛҒАН
МҰСТАФА ШОҚАЙ ЖӘНЕ ФРАНЦИЯ
Алаш қозғалысының соңғы түйіні Мұстафа Шоқай
3 сағат! Бітпейтін сөз, мыжыған әңгіме. Бірнеше адамға сөз берілді. Ұнағаны университет қызметкері Дихан деген кісінікі болды. Қысқа, анық, нақты сөйледі. Қалғандары шыны керек кітапқа қатысы жоқ әңгімелер болып кетті. Бір түрік ағай да айтты «мен сіздер сияқты ұзақ сөйлей алмаймын» деп. Менің ойымша тұсаукесерде көп сөз болмай, тек құттықтаулар, кітап туралы ақпарат көбірек айтылуы тиіс. Бар ойым Әбдіуақап ағамен танысып, сәлемдесіп кету, мүмкін болса кітаптардың бір данасын алу. Кітапхана қызметкерлері де адамды алалап, кітап бермей тек өз таныстарына немесе галстуктыларға берді. Ал, мен бәрібір автордың өз қолынан алдым. Рахмет Әбдіуақап ағаға, кітап жетпей қалғанын айтып едім, өз қолындағысын бере қойды.
Киносын көрген, соң, тірліктерімен жақын танысқан соң, Жалпы бәрі келісетін факт, ол Гитлермен бірге істес болған.
Одан Легион дайындап, Кеңес үкіметіне оның ішінде ҚАзақ КСР-не(Үкімет мылтық алып жүгірмегендіктен, өзіміздің ата, ағаларымызға деп оқыңдар!) қарсы әскер дайындаған.
Атам соғыс ардагері, әкемнің туған ағасы Полша түбінде қайтыс болған.
Бұл кісіге жеккөрініштен басқалай сезім болуына менде негіз жоқ.
Тек, ол кісінің Гитлер қарамағында болғанымен келіспейтін бірде бір жазба көрінбейді.
Мейлің ғой. Оны қаралауда да, ақтап алуда да саясат бар. Мен тек оған өліп өшуіме еш негізім жоқтығын айттым.
Кәдімгі мұжық, өзінің асқақ амбициялары болды, өкінішке орай, ораторлық қасиеті бағаланбай, Кеңестің шешендерінен жеңіліп қалды, фиаскоға ұшырады. Идеялық тұрғыда тым асқақ ойларды қозғады. Ал қазаққа ол кезде керені, қара нанның иісі мен, адал жұмысының ақысы. Бұларды қанағаттандырмай, галстук киіп ұлттық идея деп сайрау арқылы билікке жетем деп ойлау, өзін өзі асыра бағалаушылық.
Қысқасы, өзіне көп алып қойды. Тым болмаса, Гитлердің халқының басым бөлігі тоқ болды, мәдени дамыған, Арийлік идеяны түсінуге миы жетті. Қазір ғой, он класс бітіріп, тарих оқып, телевидениемен тәрбиеленген мына біздерге нацизм қарапайым гендік деңгейдегі ұғым сияқты көрінетіні. Ал ол кезде, рушылдықтан ұлтшылдықа баулу үшін біраз дүниені түсіндіру керек еді.
Кейін космполитшілдікке баулитын кез де болатын шығар, глобализациясынсс.