Әскерге хат

Сен жүресің ел үшін құздарды аттай,
Кеңістікті шарт тіліп ызғар батпай,
Өз орнында озіңнің үйің тұрар,
Үміт күткен жер көктен қызғалдақтай.

Амандығың бәрінің барша бағы,
Ырыс болсын әскердің әр сабағы.
Тәңір жазып ай өтер жыл да өтер,
Сүйген бір жан өзіңді қарсы алады.

Сағыныштар тығылар алқымыңа,
Ол дегенің алыстың шарты мына.
Мен өмірде шат күліп журермін тек,
Егер сен де тоңбасаң салқынына.

Сен сезінші алыс пен жақыныңды,
Торыққанда алыстан шақыр үнді.
Еш бөгетсіз сол шақта жүріп өтер,
Сәлемім сан мыңдаған шақырымды…

Отан қорғау-ұлы іс ұғынғанға,
Сезініп қал, сыр бар да, жырың барда.
Ата- ана бар алыста сағынысқан
Көргісі кеп жүретін ұлын алда

Мініп алып «шынығу желкеніне»
Ораларсың мейлі кеш, ертелі де.
Оңды — солды үміт қып бір сәулені,
Алаңдаймын уақыттың ертеңіне.

Адам болмас жан — жақты жиып термей
Жаратушым еңсеңді биік бергей!
Көріне бер, әр жырымның әлемінде
Сағынышты сомдаған кейіпкердей…
Лаура Әбдіқадырова
Әрі қарай

Фотоконкурсқа қатыс, Түркияға жолдама ұтып ал!

Астана қаласындағы Юнус Эмре атындағы түрік мәдени орталығы әуесқой фотоконкурсқа шақырады.



Конкурс тақырыбы: Түркиядағы демалысым.

Қатысушылар өздерінің Түркиядағы демалыстарынан суреттер жібере алады. Максимум 3 фото. Суреттер 40х60см көлемінде болуы шарт. Тек қана бұрын еш жерде жарияланбаған, ешқандай жарыста орын алмаған әуесқой фотолар қатыса алады.

Жүлделер:

1-орынға: Түркияға 1 апталық демалысқа жолдама
Әрі қарай

Бүгін Футбол


Сонымен, футбол сүйер жанкүйерлер үшін тағы да бір той (кішігірім) басталды. Бүгін футболдан 2014 жылы Бразилияда өтетін әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясындағы ойындар басталады. Қазақстан құрамасы Ирландияны қабылдайды. Сөз жоқ, бізге қарағанда ирландиялықтардың әлемдік деңгейдегі тәжірибесі көп, ойыншыларының да деңгейі жоғары. Бұл ойында бізді тең нәтиже де қанағаттандырары даусыз. Ал егер алда-жалда ұтып кетіп жатсақ тіпті жақсы. Бірақ, реалистік көзқараспен қарасақ, бұлай болуы қиындау. Менің ойымша 2:0 немесе 3:1 есебімен Ирландия ұтады.Your text to link...
Әрі қарай

Қаш жауынгер, «атаң» келеді артыңда

Терісайырық шекара бекетін өз бетімен тастап кеткен жауынгерлер жазаланбайтын болды. Олар жапа шегушілер мыс. Жәбір көрсеткен бекеттің командирі мен контракт бойынша қызмет етіп жатқан «аталар».
Әрі қарай

Интернетке тәуелдісіз бе?Интернет сізге тәуелді ме?

Сіз интернетте ұзақ отырғанды жақсы көресіз бе? Таңертең тұра салысымен ноутбугіңізді қосып поштаңызды тексеремісіз әлде өзіңіз ұнатқан сайттарды аша жөнелесіз бе? Құттықтаймыз, сізде интернетке тәуелділіктің алғашқы белгілері бар.Жо-жоқ, бұл психикалық ауытқу емес, бұл жай ғана жаман әдет.

Белгілері

Сіздегі интернетке тәуелділіктің маңызды белгісі ол интернет ресурстарына деген тым қатты қызығушылықтың болуы.Тіпті сіз өзіңізге маңызы жоқ сайттарды еш себепсіз шұқылай бересіз.Мысалы делік, сіз поштаңызды маңызды хат келгені себепті ғана ашпай, жәй ғана хат келді ме екен деп тексересіз.Сізге пошта жәшігін ашып қарау процесі ұнағандығы себепті ғана ашуыңыз мүмкін.
Әрі қарай

Ты кто такой? Давай, до свидания!

Осы аптаның ортасында Атырау облысының әкімі ауысты. 45 жасар Бергейді 64 жасар Бақтықожа алмастырды. Өңірді алты жылдай басқарған Бергей әкімдікке қарапайым саудагерден көтерілсе, Бақтықожа бұған дейін энергетика министрі және БҚО әкімі (ол да бес жыл басқарған) болған.
Әрі қарай

Қазақстанның қоржынына 7-ші Алтын және алғашқы Күміспен толықты!

Серік Сапиевті бұл жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!



Әділбек Ниязымбетовтың Қазақстан үшін алғашқы күміс медаль әкелгені де үлкен жетістік!





Қазақстан 7 Алтынмен, 1 Күміспен, 5 Қоламен 12-ші орында тұрса да, болашақта ондықтың да қатарында болатынымызға сенейік ағайын!
Әрі қарай

Біздің чемпиондарға мың тағзым!

Чемпиондар
Ия, Лондон Олимпиадасының чемпиондарына бас имейтін қазақ жоқ шығар. Не деген бақыт Құдай-ау! Құдайға мың шүкір, осындай жарқын жетістіктерге куә қылған біздерді. Бұл күнге жеткен де бер, жетпеген де бар білеміз. Кім қуанбай жатыр, кім мақтанбай, кім мадақтамай жатыр біздің Олимпиада қаһармандарын?! Құдіреті биік көк байрағым көкке көтерілгенде, айбыны асқақ Әнұраным шырқалғанда жүрегім жарылуға шақ қалып, көздің жасы мөлт-мөлт етіп тоқтаусыз ағады. Бақытымызды тасытты ғой, тасытты жұдырықтай жүректері елім деп соққан Зулфия мен Майя қыз, Светлана мен Ольгалар һәм Илья мен Александрдай ағамыз. Олар нағыз қаһармандар. Ел тарихында алтын әріппен аты қалатын құрметтілер!
Ел намысы үшін жан алысып, жан беріскен текетіресте қалай өнер көрсеткенін таңдай қағып тамашаладық. Салмағын екінің бірі еңсере алмайтын зілтемірді бойынан асырып, қалт етпей биік ұстағанда талай рекордтарды жаңартып, қуанышымызды еселей түскен қыздарымыз бен Екі Дүркін Олимпиада чемпионы атанған Ильямызды қалай мақтасақ та, қандай құрмет көрсетсек те жарасады. Талай биікті бағындырып, Олимпиада алтынымен спорттағы мансабына нүкте қойған Винокуров пен Ольга апасының жетістігін 12 жылдан кейін қайталаған Ольга Рыпаковалар абыройымызды тасытқан абзал азаматтар. Біз мақтанамыз осылайша, олар қалай елді сүйсе, біз оларды миллион есе құрметтейміз. Олар біздің патриот тұлғаларымыз. Ильяның отансүйгіштігіне тәнтімін. Былтыр ғана ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына тамаша тарту жасағанын білесіздер. Сондағы киімі 20 жылдыққа арналған болатын, ал күні кеше жарысқа шыққанда, ел байрағының үлгісін үстіне қондырыпты. Одан сайын тартымды көрінді дүркін-дүркін чемпион атанғанда. Көңілімізден кетер емес, шат-шадыман күйге бөлегені спортшыларымыздың. Ұйқыдан қалдық, «алтын», «алтын» деп ұрандап. Ал, кешелі бері «Илья батыр елге келеді, күтіп алайық жиналып!» деп твиттерлік ағайынның алақайлап жатқанын көріп, әттең Алматыға жол тартсам ғой деп армандаймын. Тарихи сәтті көргім келеді көзбен, сезінгім келеді алып чемпионның елге келгендегі сезімін. Бірақ жаңалықтан, интернет порталдардан қалт жібермей көру бақытын ғана қанағат етемін.
Құрметті алматылықтар, құрметті достар, ел еркесін күтіп алу рәсімінен қалмауға тырысыңыздар. Чемпиондардың әр қазақтан құрмет көргені артық етпейді. Ал, біз ауылдағы ағайын оларға рух сыйлауға алаңға шығып, қолдау көрсететін боламыз.
Ел еркелері елге аман-есен оралсын деп Алладан ақ жол тіледік!
Чемпиондардың жеңісі басқа спортшыларымызға жұғысты болғай! Алтын көбейсін!
Әрі қарай

Сису (sisu)

Сису, sisu

Жасалатын дүние – қайткенде де жасалады
Финндер өз тарихында, табиғи қиыншылық болсын, әскери қиыншылық болсын, көптеген ауыр қиыншылықтар көрген халық. Бұл сынақтар, шамасы, фин ұлтының менталитетiне ерекше таңба салды. Финдер басқа еуропалық елдер секілді білімгерлік пен ұйымшыл болғанымен, олар өзінің мінезімен өзгеше болған, әсіресе Сису оларда көрнекті орын алады.
Сису (sisu) сөзі Фин елінде ерекше орын алады, және өте танымал. Бұл сөз, елде жүк пен кеме зауыттарын атап кеткен, және де кейбір көпшілік пайдаланытын тауарларды да атайды. Ел ішінде адам есімі Сису болуы да ғажап емес, бұл сөз теледидар мен радиодан, және қарапайым адамдардың әңгімелерінен естуге де болады. Бірақ, келімсектер, яғни шетелдік адам оны білгісі келсе, бірқатар бөгеттер орын алуы мүмкін.
Түсінбейтін адамға бұл төрт әріптен құралған сөздің түпнұсқа мәнін түсінуге өте қиын. Не дегенмен, Сису сөзін, шетел тіліне аудару мүмкін емес. Көптеген фин сөздіктерінде ол сөз: жігерлік, беріктік, қыңырлық деген аударма береді, бірақ бұл аз болуы мүмкін, оған қоса сабырлық, төзімділік деген сөздерді де қосу керек. Түпнұсқа мәніне біршама жақындау үшін, мыналарды ескеру қажет: -Сису ол, жәй ғана сөздер емес, ол тек жәй ғана икемділік пен түскен қиындыққа төзімді болу емес, ол онымен қатар сабырлықты сақтап, жасаған қимыл-әрекеттерге мұқият болу, оған саналы түрде қарау. Оны жалпы: «Жасалатын дүние – қайткенде де жасалады» -, деп те түсіндіруге болады.
Әрі қарай