Қаш жауынгер, «атаң» келеді артыңда
Терісайырық шекара бекетін өз бетімен тастап кеткен жауынгерлер жазаланбайтын болды. Олар жапа шегушілер мыс. Жәбір көрсеткен бекеттің командирі мен контракт бойынша қызмет етіп жатқан «аталар».
Оқиға былай болған еді
Сонымен, мемлекет, халық, отан сеніп тапсырған нысанды тастай қашқан сарбаздар кінәсіз. Меніңше бұл нонсенс. Олар салтанатты түрде ант қабылдаған жоқ па?! Енді сәл қысым көрген кез-келген жауынгердің кетіп қалуға құқы бар. Неге өйтпеске, Терісайырықта бір емес он бір адам кетіп қалған жоқ па?!
Әскердегі әлімжеттікті ақтап алайын деп отырғаным жоқ. Біреуді ұрып-соғып, қысым көрсеткені үшін аталар да, командир де жазалануы тиіс. Бірақ әлгі сарбаздарды түк болмағандай жайына қоя беру қате. Бұл тығырыққа апаратын жол.
Енді шығатын амал қайда? Меніңше әскердегі әлімжеттік, осындай қашып-пысқандар мен жалпы кәсіптік проблемаларды шешу үшін армияны толықтай контрактілік жүйеге көшіру керек секілді. Әйтпесе, армия дегенде қатарласа естілетін төзім, тегеурін, ерлік, абырой деген ұғымдар көмескіленіп, шекараны күзеткен сарбаздарға сенім азайып кетті.
Пысы. Өкінішке орай өзім әскер қатарында болғам жоқ.

Оқиға былай болған. Офицерлер заставаға қыз пыз әкеліп ойларына келгенді істей бастады. Қыздардың көзінше бізге бұйрық беріп еңбектеуімізді сұрады, бұйырды. Біз қарсылық таныттық. Наряддарымызға шықпай қойдық. Обшым қаруымызды оружейкаға қойып қойып отырып алдық. Қаруымызды заңсыз тапсырған деген желеумен ана бала екеуміз жаза тарттық
Кәсіби әскер болу үшін қолбасшыларымыз да кәсіби болуы керек.Тоқтар Әубәкіров немесе Бақытжан Ертаевтардың бірі ҚМ болса ғой. Келісім-шарт негізіндегі жауынгерлерді көбейтіп, кәсіби түрде шыңдау керек оларды.
Қар күреумен және шөп жұлумен уақытын өткізіп ә/б алғандар қаншама
Негізі адам гражданкада қандай әскерде де сондай болып қала береді.Черттар черт болады
Ал бізде демократия, ойлағанын істейді, анархиямен бірдей демократия.
Сан-Томе и Принсипи-ге соғыс ашу керек сонда тәртіп болады
Ситуация диаметралдық қайшылыққа ұшырайтын сәт «Балаң әлімжеттіктен қашып үйге келгені үшін сотталуын қалар ма едің?» деген сұрақ қойылғанда.
Министрлер бір ауыздан балаларын әскерге неге бермейді?
Қазір кеңес заманы емес. Ақша шешед көп нәрсені.
Ақшаң, байланыстарың болса әскерден косить етіп, жылы жерде отырып, әскердің әлсіздігін айтып, жеке басының жәбірленуіне физикалық түрде жацап бере алмаған, бірақ әрі қарай көкірегін жерге таптатуға мойынсұнғысы келмеген адамды жазалау керек" деп үстелді бір қойып, әрі қарай бутербродыңды шайнап отыра аласың.
Көбіне әскерге ауқатты отбасынан емес, қарапайым ауылдың жастары барады.
Олардың басым бөлігінің мотиві ел қорғау емес, ауылда арақ ішіп, жұмыссыз босқа жүргенше, парызымды өтейін ең болмаса деген ой.
Әбіләкім, айтшы бейресми түрде солдаттар Отан қорғау туралы күнде ойлай ма? Әлде тезәрек дембіл болсам екен, мына қасқыр әлемге қалай үйренісем, коптеркіде бір умирать (ұйқтап) етіп алсам ғой", үкіметтің тамағын жемейтін күн қашан туады екен деген пендеуи ойлар мазалай ма?
Молодой кезіңде"қашан дед болады екенбіз" деп ойлайсың, дед болып алсаң «квартирант» болсам,үйге қайтсам деп армандайсың. Мен кетсем менен кейінгілер Отанды дәл мендей қорғай алар ма екен деп қайғырған жанды өз басым 5 жыл әскерде жүріп көрмеппін.
Қызыл әскери билетімді көкке айырбастап алғанмын айтпақшы)))