Жaнымдaр мен Мырзaлaр

Менде бiр керемет идеa бaр. Ол идеaны қолдaу қолдaмaуыңыз өз еншiңiзде.

Менiң бaйқaғaным, «Керекте» көптеген ерекше әрi жaңa ойлaр aйтылaды. Менiңше олaр осы керектiң төрт қaбырғaсының iшiнде қaлып қоймaуы тиiс. Солaрды кең бұхaрaғa шығaру керек деп ойлaймын. Оғaн aрнaйы проект дaйындaп жүрудiң қaжетi жоқ.
Әрі қарай

Нақыл.кз - мотиваторлар сайты


naqyl.kz

Жақында Қазнетке тағы бір сайт қосылды. Нақыл.кз — мотиваторлар сайты. Мотиватор жасағысы келетін, бірақ техбілімі жоқтар үшін өте жақсы қызмет. Керек суретіңді жүктеп, мәтінін жазсаң сайт өзі жасап береді.

Кеше мен де алғашқысын жасап көрдім. КерекИнфода да жақсы мотиватор жасайтындар (1,2) бар. Солар осы сайттың дамуына үлес қосса жақсы болады. Өйткені қазір Нақыл сайтындағы мотиваторлардың біразы мотиватор сипатына сай емес. Контенттің қазірден бастап сапалы болуына біз де ат салысайық.
Әрі қарай

ФУЭТЕ, ПАЧКА, ПУАНТТАР...

/Қысқаша шолу/

Би – өмірдің мәні. Ол қаншалықты күрделі болғанымен, соншалықты әдемі. Биді меңгеру үшін оған толық берілуің қажет.
Жалпы, кез келген би түрін және оның бағытын үйреніп алуға болады. Барлық бидің бастауы біреу ғана. Ол – хореография, яғни, би үйренуде күрделі шеберлік — хореграфияның негізгі әдістері мен ережелерін білген орынды. Бұндай күрделі хореографиямен айналысқанда мертігудің жиі кездесетініне қарамастан, бүкіл әлем бойынша балет өнері өз әйгілілігін сақтап қалуда.
Әрі қарай

Музыканың адамның мінезі және ақылына әсері



Өзімнің өмірімді Linkin Park, Nsync, Backstreet Boys, Андрей Губин, Жігіттер квартеті, МузАрт секілді топтар және әншілерсіз елестете алмаймын. Рок, альтернативті рок, джаз, классика, блюз және домбыраның қоңыр дауысын естісем толғанып аспанға ұшып кеткендей боламын.

Бір байқағаным, музыкадағы таңдауы ұқсас адамдардың мінезі және өмірдегі қызығушылықтары ұқсас болып келеді. Киетін киімі мен сөйлеу мәнері де жақын келеді десем қателеспеспін.
Әрі қарай

Сынықшы

Комедиялық бір киноға тамаша эпизод бола алатын әңгіме айтайын. Менің әкем жасында киік аулап, аңшылық құрған адам, оның әкесі де. Әңгімеге арқау болып отырған оқиға әкемнің бір досымен бірігіп киікке шығуы. Ол замандарда киіктер сайын далада жосып жүре беретін. Әкемнің «Планета» деген матасекілі болатын. Сол матасекілімен киік аулауға шығады. Артында Серғазы деген құрдасы әлде досы, опшым киік атушы. Киіктердің ипподромда жайылмайтыны белгілі. Екі аяқтылардың екі аяқты матасекілмен келе жатқанын көрген жануарлар ойлы-қырлы жерлермен, жыра-жыраның арасымен қашпай ды ма. Қанша жерден жер мұғдарын біліп жүрген адам болса да рөлде отырған әкемді қара басып, екі аяқты көліктері аударылып қалған екеудің төрт аяғы аспанна келіп тоңқалаң асады. Орындарынан атып тұрып, киіктерді қайта қумақшы болады. Бірақ, Секеңнің оң жақ қолы көтертпей қалса керек. Содан, қолы шығып кеткен Секеңді артына салып алып, ауылға, сынықшыға келеді әкем. Сынықшының әкесі де өз кезегінде аудан көлеміне аты мәлім сынықшы болған кісі екен.Баласының сынықшы болып жарытып жүргені шамалы екен сол уақытқа дейін. Дулат деген бір кісінің ойнамалы білегін 5-6 рет салып берген тәжірибесі бар, одан бөлек кесірткенің құйрығын жалғап көрмеген жан деседі. әлгі сынықшы, Секеңнің білегін олай қарап, былай қарап, әкеме: "Ұста мынаның қолын" депті. Әкем Секеңнің шығып кеткен қолын барынша созып тартып тұрыпты (созылған қолдың шамасында айтуларына қарағанда). Сынықшы иықтан тебетін көрінеді. секең жан дауысы шыға айқайлайты, анау екілене тепеді. Бір кезде бірдеңе шатыр ете қалады.«Болды, сүйек орнына түсті. сынықшы олай дегенмен, Секеңнің ауруы басыла қоймапты. Болмаған соң аудандық ауруханаға апарыпты. Сөйтіп, „тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп сақалынан айрылыпты“ демекші, Секең екі жерден сынған қолын иықтан гипстетіп қайтса керекті…
Әрі қарай

Күтімі қандай болса, түсімі сондай

Бұрынырақ оқыған кітабым бар еді. Содан түртіп алғандарым. Негізі мұның бәрін әжелеріміз еш кітап оқымай-ақ білген ғой, бірақ сол анадан қызға берілетін осы бір алтын ережелерден қол үзіп алған секілдіміз. Осының бәрі дұрыс екенін түсініп отырсам да, кейбір тармақтарын үнемі орындап отыра алмайтыным бар. Алып-қосарыңыз болса жаза отырыңыздар.

Әрі қарай

Автоматтандыруға ыңғайлы латын әліппесі (Жаңартылған нұсқа)

Өткенде автоматтандыруға ыңғайлы латын әліппесінің өзім жасаған нұсқасын көрсеткен едім. Жазылған пікірлерден кейін өзгертулер енгіздім.



Ұ әріпін W-мен белгілеу шынымен дұрыс емес. Кейін шетелдік сөздерді де Ұашингтон, Ұильям деп оқымаймыз ғой. Сондықтан Ұ-ның өз таңбасы болғаны дұрыс. Біз өз дыбыстарымыз үшін екі нүктелі және ирек таңбалы әріптерді таңдағанымыздай бұл жолы да Ұ үшін ирек таңбалы түрін таңдадым.

І мен И бөлек болғаны дұрыс. И сол күйі I болып қалады да "і" әріпі үшін екі нүктелісін таңдадым.

С әріпі Ц-ның орнында да, шетелдік сөздер ішіндегі әріптерде де жүре береді. Х әріпі де дәл солай.

Айтпақшы неге автоматтандыруға ыңғайлы деп аталады?
Техникалық тұрғыдан мәтіндерді бірге бір конвертация жасау үшін.  Қазір латынның түрлі нұсқалары ұсынылып жүр, бірақ олардың барлығы автоматтандыруға ыңғайлы емес.

Мақаланың басы мына жерде.
Әрі қарай

Орта тап өкілінің айлық табысы қанша болуы керек?

Жақында жігіттермен бір отырыста nurbergen_makym бір ой айтты. Оның айтуынша 4 адамдық бір отбасы орта тап болып саналуы үшін айлық табысы кем дегенде 1 миллион болуы керек.



Сіз не дейсіз бұл туралы? Жалпы қандай адамдарды, айлық табысы қанша адамдарды орта тап деуге болады? Біздің елдің ең бір көзге көрілетін кемшілігі осы сияқты. Орта тап аз. Кедейлік пен байлық көп.
Әрі қарай

2012 жылдың соңғы сайты: KerekNews - Латын әліппесімен жаңалықтар сайты

  • KazNET


www.kereknews.kz

KerekNews — тек қана латын әліппесімен берілетін жаңалықтар сайты.

Мақсат латын әліппесіне қызықты жаңалықтар арқылы көз үйрету, латын әліппесін кеңінен насихаттау.

Әзірше ақпараттық қолдау ғана болғанымен алдағы уақытта сайтымызда басқа да көмекші құралдармен бөлісетін боламыз.

Бізбен бірге болыңыз!
Әрі қарай