2012 жылдың соңғы сайты: KerekNews - Латын әліппесімен жаңалықтар сайты

  • KazNET


www.kereknews.kz

KerekNews — тек қана латын әліппесімен берілетін жаңалықтар сайты.

Мақсат латын әліппесіне қызықты жаңалықтар арқылы көз үйрету, латын әліппесін кеңінен насихаттау.

Әзірше ақпараттық қолдау ғана болғанымен алдағы уақытта сайтымызда басқа да көмекші құралдармен бөлісетін боламыз.

Бізбен бірге болыңыз!
Бөлісу:

64 пікір

meirzhan
Уау! Керемет жаңалық. Латын әліпбиі көзіме оттай басылды, біртүрлі ыстық сияқты. Неге екенін
Nurgisa
Атың шықпаса, латынды шығар. Тың бастаманың қарыштап дамуына куә болайық!
Marco
Сонда бұл жерде латын әліпбиінің түрікше бейімделген нұсқасында жазылады ма? Әйтпесе, қазақ тіліне бейімделген нұсқасы бекітілмеген сияқты еді ғой? Ертең екі әліпби бір-бірімен өзгеше болып шығып, сан соғып қалмайық.
Tyulpan
екі әліпби онсыз да екі түрлі болады ғой. өйткені әлі бекітілген жоқ. не болса да нағыз мамандар жұмыс істесе екен дұрыс әріптер жасап шығуға.

мына жерде "ұ" әрпін «дабл ю»-мен берген екен. бір түрлі…
мягкий знакты таба алмадым. «премьера» деген «премера» деп беріліпті.

құйрықты әріптердің орнына, бірнеше әріпті біріктіріп жасаған қалай болады екен?
ken
орыстар мягкий знак арқылы жазса, бүкіл әлем соларға қарап мягкий знак қосулары керек деп қай жерде жазылғанын айта салшы.
сосын премьера орыс тілінің сөзі емес қой. мүмкін орыстар дұрыс жазбаған шығар немесе өз тілдеріне бейімдеп жазған шығар деген ой туындамайды ма?
Tyulpan
сонда енді «премера», «карера» деп жазып, сөйлиміз ба? түпнұсқа тілде жіңішке айтылмаса, орыстар қоспайтын еді ғой мягкий знакты. «премиера», «кариера» деп жазсақ түпнұсқаға жақынырақ болады. жіңіщкені жіңішке айтпасақ, дұрыс емес қой. біз қазақтар кез келген тілде акцентсіз сөйлей аламыз ғой. оған 42 әріптің болғанының да себі бар болуы керек. сондықтан барлық әріп сақталса, жақсы болар еді. әйтпесе в, ф, т б-ларды алып тастап, орнына б, п қалдырайық деген сияқты болып кетті. бұзып жазсақ, бұзып сөйлейтін боламыз. бұзып сөйлесек… һмммм… не боламыз уақыт өте келе…
айтайын дегенім, барымызды жоғалтқанның қажеті шамалы…
ruben
біз қазақтар кез келген тілде акцентсіз сөйлей аламыз ғой
Осы ғой кедергі боп жүрген. Құйтақандай армяндар құрлы жоқпыз. Шет тілдерінде акцентсіз сөйлеу қолдарынан келсе де, армян дыбысталуымен сөйлейтіндіктеріне талай куә болдым. Сосын, аталған таңба қазақ орфоэпиясында онсыз да жоқ.
ken
олар мягкий знакты түпнұсқасында жіңішке айтылғандықтан қоспайды. калькуляторда түпнұсқасының қай жерінде жіңішке айтылып тұр. еш жерінде. премера мен карьерада да солай. ендеше неге мягкий знакты қосады деген заңды сұрақ туындайды. жауабы өте қарапйым. өйткені олардың тілінің ерекшелігіне қарай сол знакты қосып айтқан ыңғайлы.

егер орыстар "қазақтарда Ң деген дыбыс бар екен. сондықтан біз де сондай дыбыс ойлап табуымыз керек" деп отырса, бұнысы топастық болмас па еді?
Tyulpan
онда апамдар сияқты сөйлеу кк болғаны ғой. николайды мекалай деп, филиппты пилип деп…

рубен, акцентсіз сөйлегеннің несі жаман? қайта қабілеттілігімізді көрсетпей ма? артикуляциямыздың артықшылығын көрсетпей ма? артикулАция деп сөйлейтін шығармыз онда. жазсақ дұрыс жазып, сөйлесек дұрыс сөйлейік те сауатсыз адамдар сияқты болмай. басқа ұлт өзі білсін қалай сөйлесе де.
meirzhan
ұсыныс: орысша сөйлегенде, жазғанда «артикуляция» дейік те, өз тілімізде айтқанда ыңғайына қарай айта берейік. басқа кірме сөздерді де солай
ken
украиндер Николайды Мыкола дейді, мысалы. сонда олар сауатсыз әрі қате айтады ма демек?

жарайды. осымен бітірдім. столға шақырып жатыр. кеттім. Жаңа Жылың құт пен берекеге толы болсын!
Tyulpan
байқамай минус қойып кеттім...
дегенмен «премера» деп айта алмаймыз. арасында бір дыбыс бар.

мен де болдым. сізге де жаңа жылмен!
Daniar-Alan
 Раушан аз ғана уақыттан соң НӘН-нің сөзін тыңдап, шампан бөтелкесін ашатын уақыт. Ал сен керекте  керекоманиямен ауырушылар лигасына қош келдің
Tyulpan
 мында атырауда ше 2 рет қарсы аламыз ЖЖ. 11-де НӘН құттықтайт, соңгин 12-де тағы қарсы аламыз. 1 сағат артта ғой мынжақта. әйту қызық мынжаққа келгелі, сүйтіііііііп жүрген ))))))))))
pessemist
Тюльпанмен келісем
meirzhan
егер орыстар "қазақтарда Ң деген дыбыс бар екен. сондықтан біз де сондай дыбыс ойлап табуымыз керек" деп отырса, бұнысы топастық болмас па еді?
+100
asaubota
ЕЛ сөзін алдымен орысша, сосын қазақша оқып көрші. бірдей ме екен?
meirzhan
орыстар мягкий знак арқылы жазса, бүкіл әлем соларға қарап мягкий знак қосулары керек деп қай жерде жазылғанын айта салшы
Міне, міне! Тіліміз, ойлау жүйеміз одан сайын азат бола бастады!
ken
неге И мен Й-ді бір әріппен белгілей бермейді? бізде орыс тіліндегідей И-ді созып айтатын сөздер жоқ қой. мысалы, орыстарда И-ді екі түрлі етіп белгілеу мынадай жағдайларда қажет:
мой — мои
твой — твои
наивный және тб.
мына әліппе түріктердікінің негізінде жасалған екен. түріктерде қалай екенін білмеймін. бірақ қазақтарға И-ді екі әріппен белгілеудің түкке де қажеті жоқ. бірен-саран арабшадан келген сөздерде ғана кездеседі. мысалы, Аида, Аиша деген есімдерде. мұндай созылған И-лі сөздер қазақ тілінде санаулы ғана болғандықтан оларды И-ді екі рет қатарынан жазып-ақ белгілей салуға болады. былай: Aiida, Aiişa деп.
Ал латын алфавитіндегі У арқылы Ы-ны белгілесе дұрысырақ болады деп ойлаймын, нүктесіз і-ден көрі.
Ал Я-ны ia деп белгілеуге болады.
nurjanbay
егер «и» мен «й» әріптерін бір әріппен белгілесек, «у» әрпі сияқты қосымша ережелер шығару керек болады. мысалы: «и әрпі дауысты дыбыстан кейін келсе дауыссыз болып оқылады, дауыссыз әріптен кейін келсе дауысты болып оқылады» деген сияқты.
вобше шындығына келсек қазіргі қолданып жүрген «и» әрпі кей сөздерде "ій" болып, кей сөздерде «ый» болып оқылады. сол себепті «и» деген әріптің түкке қажеті жоқ. қалдырса «й» әрпін қалдыру керек. мысалы «сыйлық», «тый» деген сияқты бірнеше сөздерде ғана дұрыс жазады (силық, ти деп жазып көріңдер). ал қалған сөздердің бәрінде «ый», "ій" деп жазылу керек жерлердің бәрінде тек «и» әрпімен жазып, «и әрпі бірде жуан, бірде жіңішке оқылады» деген ереже шығарып қарап отырады. түсінбеймін сол ғалымдарды.
ken
Негізі дауыссыз дыбыстан кейін тұрған И-дің жуан не жіңішке болып оқылуы сол сөздегі дауысты/дауыссыз дыбыстарға байланысты. Мысалы: Қ-дан кейін тұрса, жуан болады. Өйткені Қ мен
І үндеспейді. "Қій" деп айта алмайсың. Ал егер К тұрса, онда жіңішке болып оқылады. «Кый» деген қазақшада жоқ. Тағы бір мысал, «шие» деген сөз. Сөз құрамында Е дыбысы бар. Сондықтан ондағы И жіңішке болады. Өйткені «шыйе» деп жуан И-ді Е-мен үндестіре алмаймыз. «Бие» де дәл осындай. «Биыл» сөзінде жуан И. Өйткені Ы деген дыбыс тұр. Ы жіңішке И-мен үндеспейді.
«Сый» мен «тый» сөздерінде ғана И алдында Ы-ның жазылатынын айтып, оны дұрыс депсің. Иә, дұрыс. Неге бұл сөздерде Ы-ның жазылатынын түсіндіре кетейін. Өйткені қазақшада «тый»/«сый» деген сөздермен қатар «ти» (трогай) және «си» (писай) деген сөздер де бар. Яғни егер Қ тек жуан И-мен ғана үндесіп, ал К тек жіңішке И-мен ғана үндесетін болса, С мен Т жуан И-мен де жіңішкесімен де үндесе береді. Осы себептен «тый» мен «сыйда» Ы жазылады деп ойлаймын.
Сен жазғандай Й-ді ғана қалдырып, алдына не Ы не І жазылатын қылды деп есептейік. Сонда мына сөздерді қалай жазар едің:
Ит, руханият, Нияз, пиғыл, пияз, риясыз, риза, ризқ. Қайсысының алдына Ы, қайсысының алдына І жазар едің?
Adiletshu
Баяғыда 2-сынып кезім ғой дейм. Ағам екеуміз құдамыздың үйіне моншаға түсуге барғанбыз. Сыз өтпесін деп жерге тақтай қойыпты. Соның үстінде құдамыз, ағам үшеуміз шомылып жатқанбыз. Құда маған қарап:
— Балам, сиіп тұрсың ба?
— І-і, сиіп тұрған жоқпын.
-Балам, сиіп тұрсың ғой
— І-і, сиіп тұрған жоқпын.
— Ей, балам сиіп тұрысың ғой
— і-і, сиіп тұрған жоқпын.

Сөйтсе, құда сыйып тұрсың ба депті ғой
nurjanbay
ійт, рұуханйат, нійаз, пійғыл, пійаз, рійасыз, ырза, ырзық
арап тілінен енген сөздер тіліміздің сингармонизм заңына бағынбайды, яғни бір сөзде жуан-жіңішке дыбыстар араласып келе береді.
madikon
сайт жаңалықтарымен қызықты шығар… бірақ латын әліпбиімен жазылғаны түк қызық емес. оралмандарға арналғандай кирилді білмейтін.
meirzhan
оралмандарға арналғандай кирилді білмейтін.
 
Кириллді білмегеннің еш жамандығы жоқ қой, керісінше.
Маған керісінше қызық көрінді. Барлық сайттардың латын қарпіндегі нұсқалары болса екен. ҚазАқпарат сияқты.
asaubota
нұсқа өзімдікі. келесіде дұрыстап талдап жазамын сол туралы. ал мына сайт әзірше тек көз үйретуге арналған.
ruben
Дұрыс болды. Жүгіртіп оқуға таптырмас практика болатын болды.
asaubota
оқылуы оңай қысқа әрі қызық жаңалықтар беріп тұруға тырысамыз. және тек жаңалық емес басқа да құралдар болады. күтіңдер.
ruben
Выкладкаларыма сақтап қойдым.
Тезірек латынға көшірілсе екен. Әйтпесе осында бір кісінің бір ескі жазбасын оқығалы, тіл ауыстырғанымда, әрбір ретте ыңғайсыз сезіне бастаймын
meirzhan
Әйтпесе осында бір кісінің бір ескі жазбасын оқығалы, тіл ауыстырғанымда, әрбір ретте ыңғайсыз сезіне бастаймын
Құпия болмаса, түсіндіре кетсең.
ruben
3,14...-тің, «Уоу!» дегенді — кириллица текст теріп отырып, ерінбей латыншаға көшіп, «WOW!» деп жазатын адам — аттракционда карусельден ұшып кетіп, жақын жерде өтіп бара жатқан «Беларусьтың» нақ қалақшасының тісіне қадалып қалып, жан тәсілім ететін болса, ох сүйтетін болса!!! ©
осы жазбаны оқығалы бері әр түрлі тілде араластырып пікір жаза бастасам болды, жынды адамша күлем
meirzhan
 қалай ғана есте сақтайсың
asaubota
адамдар комент маньягы. мен де таңмын осындайларға
ruben
бұрыннан бергі әдетім — оқығанымды оңай ұмытпаймын.
jigit
Латыншаға көшуге қандай қажеттілік бар осы?
Onlasyn
Орыс тілінен арыламыз, көп нәрселер тікелей ағылшын тілінен аударылаты болады менің ойымша
badur9
Латын әліпбине көшу керек деп бастама көтерген тіл ғалымдарының ДІЛ білімнен ешқандай білімі болмай және біздердің Ханафи масхабы тура жол деген ұғымның өтірік, жалғандығын айқын білдіріп тұр, Қазақ елінің ендігі ұрпақтары әлде қайда бұл таңбалық белгіден өтіп кетіп, қазіргі халқыммыздың ділінде 42-таңба әлде қашан бекіп, енді кері қайтатын болсақ «Алтау араз» болған көпшілік ұлтық сипатын жоғалта бастайды. Мұндай «Шайтандық» ілімге ашық қарсылық білдіру керек!
Adiletshu
Осы қарапайым ғып жаза салсаң неғылады екен. Дым түсінбедім
ken
латын әліппесіне көшуге қарсы екенін айтып отыр
Daniar-Alan
Осы қарапайым ғып жаза салсаң неғылады екен. Дым түсінбедім
латын әліппесіне көшуге қарсы екенін айтып отыр
ептілер
badur9
Мені емес Абайды-Шәкәрәмдер сияқты әулиелерді кінәлау керек! Өздерінен шені де аағы да жоғары болшақ хазірет, академик философтар түсінбейтіндей неге құпиялап жазған? О несі ай! Біздің ғұламрымызды мазақ қылғандай?
AL-ASTER
Тамаша бастама екен. Істеріңіз алға бассын. Латынша әліпбидің қолданысұа енгенін әрине қалаймын, ҚР азаматы ретінде.

Сонымен қатар, қарапайым кириллица әріптеріне қатысты мынадай айтар бар:
— Қазақ әліпбиіндегі 42 әріптің шамамен 1/3 бөлігі құр орын алып тұрған әріптер. Нақты қазақ тіліндегі дыбыс саны мен әріп саны айырмашылығы көп (Айталық, 26-ға жуық дыбыс бар десек, 42 әрібі бар; Ағылшын тілін мысалға алсақ, оларда керісінше. Яғни, шебердікпен әріптерді орналастыру комбнациясы арқылы бірнеше дыбыс алады. Бізде дайын дыбыстарды қосақтатып, бір әріп жасайды);
— Латын тіліне көшу, ХХІ ғ. тәуелсіз Қазақ Елінің тарихындағы елеулі оқиға болайын деп тұрғаны белгілі. Бұл оқиға шеңберінде талай айтыс-тартыс, материалдық шығын, уақыт шығыны болатыны ақиқат. Бірақ, түбінде Латын әліпбиіне басымдылық берілуі лайым біздің мақсат болғай. Мақсатымыз нақты әрі мақсат деуге лайық жүйелі әрі нәтижелі болуы керек. Олар төмендегі талаптарға жауап беруі керек:
— Қазақтың латын әліпбиі, тек қазақ тілінің мүддесінің негізінде құрылуы керек. Кириллицамыз, орыс тілінің ықпалына жығылып кетті. Латыншамыздың түпкі негізі, бүгінгі күні "өлі тіл" Латын тілінің әліпбиі болса да, бұны ұстап тұрған Әлемнің көшбасшы АҚШ, Ұлыбритания елдерінің жазба нұсқасына арқа сүйеп тұрғаны белгілі. Оның ішінде, нақтырақ ағылшын тілі. Демек, алдымен қазақ тілінің, екінші ағылшын тілі әліпбиіне негізделіп жасалғаны жөн деп есептейммін.
Әріп пен дыбыс екеуі екі бөлек дүние. Біріншіден, маған таныс ағылшын және қытай тілін алсақ, жазылауы бір бөлек, оқылуы бір бөлек. Бұндай ерекшеліктің арқасында, әріп саны қысқарады, екіншіден сөздің әріптеп жазылуының арқасында, оның оқылуына бір ереже жасақталады. (Қалай жазылса солай оқылуы белгілі бір деңгейде қате метод сияқты) Барлық сөздің оқылуы мен жазылуына ереже арналса (қазіргі барына толықтыру), демек ол ереженің көмегімен, тіл ғылымына қажет қандай да бір заман ағымына сай болған өзгерістерді енгізе аласыз. Айталық, гугл.транслейт заманның бір жетістігі. Ол аударма мәшинесі. ол статикалық аударма программасы болса да, оның негізі динамикалық (Белгілі бір ережеге бағына: барлық сөзге анализ жасап, келесі бір тілге өңдеу) аудару түріне көмек құралы ретінде берілген. Қанша дегенмен, нағыз ғылыми жолы ол екінші варианты.
Тоқетері, әлемнің көшбасшы елдерінің дыбыс, алфавит, буын, сөз, сөз тіркесі, сөйлем құрау ерекшеліктері мен ережелерін таслдап барып, қазақ тіліне жарайтын әліпбиді қабылдаған дұрыс. Одан бұрын, латынша қабылдаған түркі тілдес елдердің жіберген қателері ендігі шығып жатыр, соларды да ескеру қажет дегеннен басқа айтар жоқ.
AL-ASTER
Жаңа әліпби енгізілмес бұрын, нақты қазақ тіліндегі дыбыс, сәйкесінше әріп саны анықталып алынсын. Қарапайым, ғылыми стильді алсақ тілде жетіспейтін тұстар байқалады. Неге термин сөздер қазақ тіліне интеграцияланбайды, неге оларды терминологтар өзімізге түсініксіз жаңа бір сөз қосумен мәселені шешіп отыр. Тілді таза ұстаймыз деп басқа тілден сөз кіргізбейтін көрінеді, сонда қазақ тілі аспаннан түскен тіл емес қой. Оның да құрамында түркі, түрік, араб, орыс т.б. ежелден енген сөздер қаншама. Уақыт ағымымен дамып отыруы бұл заңдылық, заңдылыққа қарсы шығудың орнына, тиімді жолын енгізген әлдеқайда дұрыс шешім болар. Содан кейін, қазақтың тіл ғылымы, қарапайым қазақ тілі үшін реформаны қажет етеді: Фонетика, Фонология, Морфология, Семантика, Синтаксис, Грамматика.
Осының негізінде жаңа әліпби қабылдауы әділдік болар еді.
ruben
Аппаратта үстел үстінде латынша нұсқаның бірнешеуі жатыр. Мәселе кімнің нұсқасы қабылданатындығында боп тұр. Үлкен ақша — үлкен лобби. Атамыз тетікке баспай тұрып көкелер шешіп алсын, әуелі
badur9
Дұрыс бұл сенің қаныңдағы Діл білімінің тазалығын көрсетіп тұр. Шәкәрәм атамыз таңба ыдыс халықтың үндік несібесі деп ескерткен. Барлық әлем үні құранның құпия 7-үнінен тарайды. Сондықтан осы 7-үн 7-аят азанмен, әрбір ұлтың өз үнімен дәрежеленіп 49-санын беріп болашақта қай елде 49-таңбасы болса сол ел өркениетің ең бигіне көтеріле алады. Ал тіл ғалымдарның латын харпінен көшеміз деген надандығына өздерің сияқты жастарға беретін құпия білім арқылы дәлелдейтініміз хақ! Қазақтың ділі 147 санымен Ал араптың ділі 143 санымен белгіленіп, ал латын тілділер мүлде төменгі сатыда тұр.
Janasil
Өрісі кең болсын!
Adiletshu
Латынның «с»-ін қай жерде қолданамыз
ken
cirk, cement, centner, Cevan-Rabtan jane tb.
jigit
2014 қолданысқа енсе 2034 жылы балаларымыз кирилді түсінбей қалмай ма қанша айтқанмен 80-90 жылдық ақпарат кирилде жатыр емес пе? Біздің қазіргі төтені түсінбейтіндігіміз сияқты
ken
Jigit,
Болашақта Қазақстан Ресеймен бірігіп, Евразиялық одақ құрылмақ. Бірінші тіл орыс тілі болып қала бермек. Яғни орысша білмесең мәмбетсің. Сондықтан кириллицаны ұмытып қаламыз деген уайымың орынсыз.
jigit
КЕН латыншага кошуге сенинше қандай қажеттілік бар? Талдап жіктеп айтып бере аласың ба?
ken
оны латыншаға көшуді қолдап жүргендерден сұрап көр. солар жақсылып талдап, жіктеп береді. менің білетінім, егер латыншамен кітап жазсаң, оның парақ саны кириллше жазылған кітаптың парақ санынан аз болып шығады.

ony latynshaga koshudi qoldap jurgenderden surap kor. solar jaqsylap taldap, jiktep beredi. menin' biletinim, eger latynshamen kitap jazsan', onyn' paraq sany kirillshe jazylgan kitaptyn' paraq sanynan az bolyp shygady.

көріп отырғаныңдай, жауапты екі кириллше және латынша әліпбимен жаздым. біріншісінде үшінші қатар басталып кетті. ал екіншісінде екі қатар. оның өзі толық емес.))
ken
екеуі де үш қатар болыпты. бәрібір латыншасы аз орын алып тұр.
jigit
Бір Бұтақбас амигоның әлемді кім билесе де ағылшын тілі өлмейді дегені еске түсті
007
Латын әліпбиіне көштік делік сонда қаншама тарихи кітаптар, жоғарғы оқу орындардағы ғылыми әдебиеттер(олардың көбі орыс тілінде), жол бойындағы белгілер (қала, ауыл,өзен, су) мекемелердің маңдайындағы жазуларды ауыстыруға қанша уақыт қанша қаржы кететіні біреуді ойландырдымекен?????
Abilakim
ол соншалықты ауыр шаруа емес негізі.
izbasar
Керемет, жазар көп болсын!
AKY
жаңалықтарды латынша тересің бе, әлде кирилше теріп, автоматты конвертация?
bsheraly
сайт ашылмай қалыпты?