Автоматтандыруға ыңғайлы латын әліппесі (Жаңартылған нұсқа)

Өткенде автоматтандыруға ыңғайлы латын әліппесінің өзім жасаған нұсқасын көрсеткен едім. Жазылған пікірлерден кейін өзгертулер енгіздім.



Ұ әріпін W-мен белгілеу шынымен дұрыс емес. Кейін шетелдік сөздерді де Ұашингтон, Ұильям деп оқымаймыз ғой. Сондықтан Ұ-ның өз таңбасы болғаны дұрыс. Біз өз дыбыстарымыз үшін екі нүктелі және ирек таңбалы әріптерді таңдағанымыздай бұл жолы да Ұ үшін ирек таңбалы түрін таңдадым.

І мен И бөлек болғаны дұрыс. И сол күйі I болып қалады да "і" әріпі үшін екі нүктелісін таңдадым.

С әріпі Ц-ның орнында да, шетелдік сөздер ішіндегі әріптерде де жүре береді. Х әріпі де дәл солай.

Айтпақшы неге автоматтандыруға ыңғайлы деп аталады?
Техникалық тұрғыдан мәтіндерді бірге бір конвертация жасау үшін.  Қазір латынның түрлі нұсқалары ұсынылып жүр, бірақ олардың барлығы автоматтандыруға ыңғайлы емес.

Мақаланың басы мына жерде.
Бөлісу:

56 пікір

Abilakim
Мына "Ұ" шыныменде Ұ екен)))
Nurgisa
Бұл әліпби бойынша «Ющенко» қалай жазылатын болады?
Abilakim
Қазаққа Щ-ның керегі жоқ секілді. «Мен аяқ киім щеткасы қайда кеткен?» деп сұрамайды екенмін мысалы. Шөтке деп айта берем.
nurjanbay
ұнады. бір ұсыныс: "ң" әрпін "ŋ" әрпімен жазса әдемі болар еді.
негізгі 26 әріпке қосымша 10 әріп қосылады екен. онсыз болмайды ғой бәрібір. әйтпесе бір дыбысты қос әріппен жазып кетеміз ғой (kh, sh, ng деген сияқты).
тағы бір ұсыныс: «у» әрпін бірде дауысты (қуырдақ, су, уыз деген сияқты сөздерде), бірде дауыссыз (ау, тау, уақыт деген сияқты сөздерде) оқимыз. яғни «у» әрпі дауыстыдан кейін келсе дауыссыз болып оқылады, дауыссыздан кейін келсе дауысты болып оқылады. менің айтайын дегенім дауысты және дауыссыз «у»-ды бөлек әріппен жазу керек. мысалы дауыстысын «U», дауыссызын «W» деп. сонда былай болады: су — su, тау — taw.
nurjanbay
«и» мен "қысқа й" сияқты ғой.
asaubota
Ң-ның құйрығы қазіргіден бөлектеу боғланы дұрыс ау? үстіге шығып өзгеше болса оған деген көзқарас та өзгереді. қазір Ң өліп бара жатқан дыбыс, жұрт Н деп айта салады.
nurjanbay
біздің "ң"-ның дыбысталуы ағылшын транскрипциясындағы "ŋ"-ға ұқсас болған соң ыңғайлы бола ма деп едім.
MickThatsMyNick
А, Е, К, М, Т, О сияқты әріптер көп болғай
ken
құйрықты-нүктелі әріптердің саны 9 екен))
ken
бұлар да бұрынғы 9-дың тұрған жеріне орналасады ма?
VKM
Ана үстіндегі нүктелерді қалай қоюға болады?
asaubota
Word-тың ішінде: Вид / Вставка симолов / Латиница
StrangeR
Кейін шетелдік сөздерді де Ұашингтон, Ұильям деп оқымаймыз ғой.

Егер бұлай болса, Patrick, Hockey, Thomas деген сөздерді Патрицк, хоцкей, Тхомас деп оқитын боламызба деген сұрақ туындайды.
konvict
Адамның аттарын жазғанда сол қалпын сақтап қалу керек секілді. Мысалы, Джорж Бушты жазар болсақ Jorj Bus деп емес, George Bush деп жазу керек.
qyzylordalyq_jigit
+
Сосын ағылшын тілінен енген сөздерді және ағылшынша атауларды өзгертпей қалдыруды қолдаймын. Мысалы — technology, automation, Cambridge, New Hampshire (tehnologia, avtomatizatsiya, Kembridj, Niu Gempshir emes)
asaubota
солай қалады деген ойдамын, әйтпесе күлкілі болады
neoaskar
"ң" әріпін "ŋ" деп жазу қолайсыз, жазып келе жатқанда жазушы дұрыс жаза алмай қалуы мүмкін. компютерде тергенде ешқандай қиындық тумауы мүмкін. ал қаламмен жазғанда қиындық тудырары сөзсіз. Сосын "ұ" әріпі дұрыс жазылған. Қос қолдап қолдаймын. Бірақ келіспей тұрғаны мен үшін әрине, (шатаспас үшін кіші әріптерін келтірейін): ы, і, и, әріптері латында ы әріпі дұрыс ı, і әріпі мен и әріпін ауыстырып қойса, і-i; и-ï. Көбіне қолданылатыны сол і әріпі ғой, и әріпі көбіне дауысты әріптен кейін келген соң ажырату оңай. ойым қалай…
nurjanbay
ә, ө, ү, і — біріңғай жіңішке оқылатын әріптердің түрлері бір біріне ұқсас болса ыңғайлы болар еді, яғни барлығында да үстінде екі нүкте болса.
Aldeken
Не ғо, Арчи, тағы да қайталап айтайын «й» әрпін жеке әріппен белгілеуге қарсымын. Себеп, тағы да сол: орыс тіліндегі сөздер болмаса, қазақ тілінде й әрпі кездесетін сөздерде оны жай «и» әрпімен ауыстырғаннан ештеңе өзгермейді. Ал, орыс тілінде, келісем, кей сөздерде «й» әрпінің орнына «и» әрпін қолдансаң, мағынасы өзгеруі мүмкін, мысалы «бой» және «бои» алғашқысында «шайқасты» білдірсе, екіншісінде ол «шайқастар» болып, көпше түрге айналады.
сосын жалпы «и» дыбысын созып немесе қысқа дыбыстау тек орыс тіліне тән. Қазақтарға "қой" десең де "қои" десеңде бірдей оқи береді. ))))))))) Тіл тазалығына ұмтылдық екен, ендеше осындай кірме емлелерді де тықсыра берейік. қалып тасқан тіл грамматикасы ертең әліпби ауысқанда соған сәйкес өзгеретіні кәдік. Ендеше соның алғышарттарын қалыптастырғанның сөлекеттігі жоқ деп ойлаймын.
Ұсыныс: «И» әрпін латындағы "Ү" әрпімен белгілесек. себеп, бұл әріп оқылу барысында «и» дыбысын да бейнелейтін болғандықтан адамдардың саналық қабылдауына оңай болатын секілді.
Ал, Ы әрпі мен І әріптерін "Ұ" мен "Ү" бейнелеуіндегідей бірізділікпен сәйкесінше "Ĭ" және "İ" деп белгілесек. біріншіден бұл дыбыстардың біртектілігін ескеріп, тек жуан-жіңішкелік дыбысталуын сақтаймыз. Сосын, алдындағы жзаған пікірімде көрсеткендей "І" мен «И» әріптерінінің ассимиляциялану қаупін сейілтеміз.
қалай қарайсыңдар?
asaubota
терминдерді жазғанда түсініксіз болып кетуі мүмкін. ИЯларды жазған кезде.
Aldeken
DANIA мен DANYA — ның айырмашылығын көріп тұрған жоқпын өз басым…
konvict
«ия» деп жазу да орыстардан енген секілді. Мысалы, Испания — оқылғанда «испанйа» деп оқылады ғой(испанииа емес).
nurjanbay
керісінше «й»-ді қалдырып, «и»-ді алып тастау керек. себебі «и» екі дыбыстан тұратын әріп. оны сөздің жуан-жіңішкелігіне қарай «ый» немесе "ій" деп жазуға болады.
AKY
«й» әрқашан болуы керек, керісінше «и» болмауы керек!
bizbike
Аида атты қыздар Айда болатын болды ғой онда
Aldeken
Бұл сөзіңізден латын әліпбиіне көшкеннен кейін қазақтар балаларына жазылуы түсініксіз, шыққан тегі белгісіз аттарды қояр алдында ойланатын болады деген басқаша тұжырым шығарып отырмын.

пы.сы. а так, мен керісінше «Й» әрпі керек емес, «И» қалуы керек деген ұстанымдамын.
bizbike
солай солай, айтпақшы МАИды қалай оқимыз екен?
Aldeken
DANIA мен DANYA — ның айырмашылығын көріп тұрған жоқпын өз басым…
neoaskar
Соңғы нұсқасы ақылға қонымдылау, Уу, Үү, Ұұ дауысы жағынан ұқсас әріптер. Сс, Шш сияқты. сондықтан ұқсас әріптерді таңдаған дұрыс
nurjanbay
«у» әріпінің дауысы жағынан "ұ" мен "ү" -ге еш қатысы шамалы. «у» әрпі дауысты дыбыстан кейін келсе дауыссыз болып оқылады. ал дауыссыз әріптен кейін, немесе сөздің басында дауыссыз әріптің алдында келсе дауысты болып оқылады. дауысты болып оқылатын «у» сөздің жуан жіңішкелігіне және сөздің қай жерінде келгеніне байланысты төрт түрлі болып оқылады: "ұу", "үу", «ыу», "іу".
FaraOn1
бұл әріптерді ноутқа қалай орнатуға болады?
asaubota
жігіттер жасап жатыр, күтіңдер
nurjanbay
егер орысша жақсы түсінсең әуелі мынаны оқып ал. сосын The Microsoft Keyboard Layout Creator деген программаны көшіріп ал. еш қиындығы жоқ.
nurjanbay
мына жердегі мәліметке сүйенсек дауысты дыбыстың әріптерін сол жақ қоллдың астына, ал оң жақ қолдың астына көп кездесетін дауыссыз әріптерді жақын етіп орналастыру керек екен (он саусақпен теру әдісін қолданатындарға). сол кезде саусақтар шаршамайды, әрі мәтін тез теріледі мыс. мысалы Дворак деген профессор жасаған латын клавиатурасы мынандай (әрине ағылшын тіліне ыңғайлы етіп жасалған):

әрине qwerty-де Дворактікі де тілімізге келмейді. бұйыртса жасап осы жерге салып қоям.
StrangeR
Стандартты ағылшын клавиатурасына жоғардағы нұсқаны орналастырған түрім
edige
Арап әріпін оқып бастап кейін төте жазуда алжасқаным бар еді.
Алдын да ежелеп оқитын едім, енді … Орта жасқа таяған шағымда бұндайды да көретін болдым ау
qyzylordalyq_jigit
менің ойым — ы, і және и әріптерін ассимиляциялануын сақтау. Қазір, кирилл әліпбиінде үшеуіне үш әріп берілгеннен кейін үшеуін де дұрыс айтамыз.
Ал ертең үшеуіне де і әрпін тек төбесіндегі нүктесін өзгерту арқылы берсек, менің ойымша дұрыс емес.
ы әрпіне латынның y таңбасын беру керек. Онсыз да y әрпін қалай қолданамыз деп бас қатып отыр ғой. Ы үшін соны берейік. Ал и мен і уақыт келе ассимиляцияланып кетеді деп ойлайм
asaubota
бүгін мындай транслитті жарияладым www.kereknews.kz/translit.html

өткенде ken айтқандай шынымен орын азаяды екен латынмен. ана транслитке өтіп қазақша бір сөйлем жазыңдар да сосын латынға ауысқан кезде қараңдар, біраз орын сырғып кетеді.
nurjanbay
«білім» сөзін «bіlіm» деп аударды. негізі «bïlïm» болу керек қой.
edige
Кирилде емес латын әріпімен жіберген смске көбірек әріп сиятын алдыннан байқағаным…
Елдер латынмен жазып тиін үнемдейтін…
AL-ASTER
Бұлай болу себебі, әліпби кодировкасының стандартына байланысты.
Мына жерде кодировкалар тізімі: сілтеме

Барлық сандық техника, екілік санау жүйесі принципімен жұмыс жасайды. Сондықтан 0 және 1 сандық (цифровой, digital) техника деп атайды. 0 және 1 екі сан болғандықтан, 2 саны арқылы дәрежелеп санау жүйелеріне конверттейді. 2 ден бастап, 16 санау жүйесіне дейін кетеді. Ол дегеніміз, ондық санау жүйесінен бастап, әріптер кетеді. Яғни, 9 санынан соң 10 деп жазса, 1 және 0 болып кетеді, ал пробел қойылса, система қателесу ықтималдығы пайда болады. Сондықтан, алфавиттік әріптер кетеді, осылардын сөз жазу мүмкіндігі туды.

Біз физика заңдылығы бойынша, энергияны түрлендіреміз, сол сияқты көріп отырған суретіңіз, видеоңызды компьютер тіліне аударсаңыз, тек қана сандар ғана қалады, ол конверттеліп сізге бір бейне көрсетіп тұрғаны ғой.

Жоғарыдағы сілтемеге өтсеңіз, бірнеше кодировкалық стандартты көресіз. Ол былай. Ең аз кодировкалық кесте ASCII болып табылады. Ішінде 128 символы бар болса, бұл 2-нің 7 дәрежесі, сондықтан әр символдың салмағы 7 бит. Оны ASCII дорбасы дейік.

Келесі, UTF-8. Ішінде 256 символы бар болса, бұл 2-нің 8 дәрежесі, сондықтан әр символдың салмағы 8 бит. Оны UTF-8 дорбасы дейік.

Өстіп жалғаса береді.

Тиісінше, Сіз алып ASCII кодировкасымен Astana деп жазсаңыз, 6 әріп * 7 бит = 42 bit
UTF-8 кодировкасымен Astana деп жазсаңыз, 6 әріп * 8 бит = 48 bit

Осы ескерерлік жағдайдың салдары арқылы құжаттың салмағы өседі.

Бұрындары қазақ тілі әріптері көрінбей қалатын жағдайлар болған. Неге? Себебі, UTF-8 ішінде қазақ тілі әріптері жоқ болды. Енді юникод системасы біздің әріптерді диакритикалық әріптер ретінде қосты, бірақ кириллицаның "қосымшасы" ретінде. Ол бізге керек пе? Әрине, зияны бар. Қандай? Сізге фейсбукта жазған пікірден мысал келтірейін:

Бұл латын әрпін қолдауға намек болған. Нақты ASCII кестесі шеңберінде әліпби. Диакритикалық әріптердің соры көп.

Ну как. производствода автоматтандыру, ондай жүйелер, программалар көп. Базаға ақпарат енгізу кезінде системалардың түр түрін, әр версиясын емдеп отырмаса, диакритикалық әріптер құртады бәрін. Очм өз өзімізге жығылғанға жұдырық проблемасы сияқты.

Және қосымша ақпарат:

www.facebook.com/l.php?u=http%3A%2F%2Fwww.softzone.kz%2F1657-kaz_lat.html&h=YAQH0--49

P.S.: Кей түркі тілдес елдердің диакритикалық әріптері проблемный болып келеді. Системадан көрінбей қалады. Оның әрқайсысын түзетіп отыру артық жұмысты қажет ету ықтималдығы бар.
Соңғы түзету:
asaubota
www.facebook.com/photo.php?fbid=320639404726286&set=a.243022562487971.51794.100003406878731&type=1

Шейір рекорды деп мен міне осыны айтар едім. 87 шейір! 1 сәуір ерте басталып еді біз үшін  Рахмет, Қазақ радиосы!

Қазақ радиосы латын туралы жаңалықтарына Фейсте менің кестемді қолданған екен. соны Данияр бастап дезалатып едік қой
Aya
Алданғандардың бірі мен едім… мамааа((((
konvict
Мен ашып көрдім. Оқып, ештеңе таппағасын бірнәрседен кеш қалған екенмін деп ойласааам))
ken
И дыбысын біресе И әрпімен, енді біресе Й әрпімен белгілеуге қатысты.
Орыстарда неге олай екенін алдын мына жерде жазғанмын. Осындай жағдай түріктерде де бар екен. Яғни, оларда да орыстардағыдай дауысты дыбыстан кейінгі И кейде ұзақ, кейде қысқа айтылады екен. Мысалы: kaim (каим, «кайм» емес), kaide (каиде, «кайде» емес), aidat («айдат» емес, аидат), aile (аиле). Көріп отырғанымыздай түріктерде де И дыбысы қысқа және ұзақ болып айтылады. (Мысалдарда тек ұзақ И-лі сөздер келтірілді). Ал қазақ тілінде И дыбысы тек қысқа түрде ғана айтылады. Ұзақ И жоқ. Өзге тілден, мысалы араб тілінен, енген ұзақ И-лі сөздер қазақша дыбысталуға ыңғайланып не қысқа И болып (Аиша – Айша), не И-ден соң Ы немесе І дыбысы жылғанып айтылады (Саид – Сейіт).

Жаңа әліппеде И дыбысы тек бір ғана әріппен белгілену керек деп ойлаймын. Неге екенін жоғарыда түсіндірдім. Асауботтың ұсынған әліппесі түріктердікінің негізінде жасалғандықтан мұнда да И дыбысы біресе İ әрпімен, біресе Ү әрпімен белгіленіпті.

Асаубота мен басқа да Йкраткийді қолдайтындарға сұрақ: Жаңа әліппеде неліктен И дыбысы екі әріппен белгілену керек? Себебін жазсаңдар. Осыған мардымды жауап ала алмай келемін.
nurjanbay
плюс қойып жатып байқамай минус басылып кетті. қатем түзетілмейді екен. +1
nurjanbay
сенде «и» деп адамдарды шатастырып отырсын. ұзақ и, қысқа и деген не сөз. и сосын й ғой. қазақта и жоқ й бар десейш. әліппесінде и мен й екеуі де бар адамдар шетелдің кино, интернет, би, си деген сияқты и дыбысы бар сөздерін жаза алмаймыз деп ойлайтын шығар, немесе екі әріппен ій, кійно, ійнтернет, бій, сій деп жазсақ жазу қыйындайды деп қашатын шығар.
менімше ондай сөздерді сен айтқандай қазақ тіліне бейімдеп (сингармонизм) жазу керек.
ken
«Қазақ тілінде И жоқ, тек Й ғана бар» дегенге қатысты.
Жоғарыдағы каментімнің екінші бөлігінде осы туралы жазған едім. Бірақ каментімнің толықтырылған нұсқасын сақтамаппын, мына жерге қойғасын бірақ білдім сақталмағанын. Уордтағыны уже өшіріп тастаған едім.
«И жоқ, Й бар» дейтіндердің ойы маған түсінікті: қазақ тілінде И деген дыбысы бар сөздерде И алдына не Ы, не І қойылып айтылады дейді. Орыс тілінің ережесі бойынша дауысты дыбыстан соң Й жазылу керек, егер И қатарынан екі рет айтылмаса (немесе созылып айтылмаса). //Ал қазақ тілінде И-дің қатарынан екі рет (немесе созылып) айтылуы кездеспейді//. Сондықтан И дыбысын дауыссыз дыбыстын соң бір бөлек әріппен жазып, ал дауыстыдан соң тағы бір бөлек әріппен жазудың да қажеті жоқ. Енді мынаны қара: егер «И алдына міндетті түрде не Ы, не І жазылуы керек» деген пікірді жоғарыдағы // арасында жазылган мәтіндегі ойдың позициясынан қарасақ, онда «Қазақ тілінде И жоқ, тек Й ғана бар» деген ойдың қате екенін көреміз. Қате деп И алдына Ы/І жазу туралы ойды айтып отырғаным жоқ. Қателігі сол — «қазақ тілінде» дей отырып, орыс тілінің ережесін айтып отыр. Ал негізі, Айгүл емес, Аигүл десек те болар еді. (Қазір біреулер «Аиданы қайтеміз?» дейтін шығар. Соларға: Аиида). Бірақ орыс тіліндегі ереже біздің кириллица негізіндегі әліппемізге еніп кеткен. Оны енді өзгертудің қажеті жоқ. Өзгерте де алмаймыз.
Менің айтпағым, жаңа әліппені құрастырған кезде осы айтылған жағдайлар да ескерілсе екен деп жазып отырмын.
Соңғы түзету:
nurjanbay
дым түсінген жоқпын.
nurjanbay
«и әрпі дифтонг, жуан сөздерде ый деп оқылады, жіңішке сөздерде ій деп оқылады» деген сөздерді қазақ тілі туралы ғылыми кітаптардан өз көзіммен оқыдым. аттары есімде жоқ. ойдан шығарған жоқпын. оқыған-тоқыған филологтар бар ма? келіп төреліктеріңді айтыңршы. бір сөзге тоқтайық.
ken
жуан сөздерде ый деп оқылады, жіңішке сөздерде ій деп оқылады»
Енді соны «ыии» деп-ақ жаза беруге неге болмайды?
Tamshy
Меніңше, қай жазушы ағамыздың айтқаын ұмытып қалдым бірақ сол кісі " — Латын қарпіне көшу орыс тілінен енген әріптен құтылып, қазақи дыбыс үндестігімізді қайта қалыптастырады" дегенге келтірген еді. Демек бізге анау Ц, Щ, Я т.б аударып керек емес. И еще ана артық нүкте құйрықтардыңда керегі болмайд.
p.s
қытайдан келген бауырлар іспетті сөйлесек құба құп.
Соңғы түзету:
nurjanbay
Қазақстанда қай әліппені таңдаймыз деп таласып, бір мәмілеге келе алмай жатқанда мына жердегі мақалада Барлық түрік халықтарына ортақ латынша әліпби ұсынып, мына жерге қазақша мақалаларды да жазып тастапты. ішіндегі 31 әріп керек екен де қалған ц, ч, э, и дегендері керек емес екен.
Барлық түрік халықтарына ортақ латын әлипбиіне негізделген қазақша нұсқа