Жанталас



Ия ия… қуанып отырмын. Есерсоқ дерсіздер мүмкін. Бірақ шын қуанып отырмын.
Неге??
Осы жаңа ғана, осы қазір мына бір постсымақты көрдім, оқыдым пікірлеріне дейін.
Әрі қарай

Үш ғасыр кешіккен шындық

Үш ғасыр армандаған азат күннің ақ таңы
Бүгін міне қазақ жерін қайта айналып тапқаны.
Желтоқсанда жанын берген ағалар мен әпкелер
Шындық үшін жазықсыз қаны аққаны.
Риза болып ерлігіне батырларға бергісіз
Ата-баба аруағының аунап түсіп жатқаны.


Алматыда, алаңда желтоқсанның ізі қалды қаралы
Сол бір күні қалған екен талай АНА жүректері жаралы.
Қия алмай көзалдында арманда кеткен сұңқарын,
Баз кешіп дүниеден, құлағандай алып қамалы.
Желтоқсаннан бастау алған жас мемлекеттің тыныштығы
Сол аналардың ақ бесігінде тербетіліп барады.

Желтоқсанда биік қойып басқалардан арында
Күш жігерін сарп етіп намыс үшін аямаған барында.
Қайрат, Ләззат, Ербол, Сабирасы, халқымның,
Сіздерсіздер сақталатын әр қазақтың жадында,
Сіздерсіздер мәңгі өлмейтін рухы биік асқақ шың,
Өзге тарихтан дараланып тұратұғын жанында.

Желтоқсанның әр бір сәті біздер үшін боранды
Желтоқсанда дүйім жұртым қайғы отын оранды.
Жазықсыз жала аяқ асты етіп арманын,
Қаншама қыз-жігіттің ар-намысы тоналды.
Қол жеткізе алмай аңсап жүрген еркіндік
Желтоқсанның мұзға жаққан алауымен оралды!


Марат Нигметжанов
Әрі қарай

Жаңа премьераларға шолу: Мелодрамалар шеруі 2

Достар, естеріңізде болар, өткен жолғы шолуда біз апта премьераларының арасында мелодрамалардың ерекше көптігін айтқан болатынбыз. Осы аптада шамамен сол жағдай қайталанып отырған секілді. Оған қоса бонус ретінде Голливудта түспеген екі бірдей мульфильм бар. Мұндай туындылардан қажып жүрсеңіз тұңғыш қазақстандық фэнтези деп желеулеткен «Аңыздар кітабы: жұмбақ орман» мен танымал актерлар түскен «Тұзақ» атты қылмыстық драма прокатқа шықты. Таныса отырыңыздар.

10 жыл / 10 лет спустя

Әрі қарай

Бальзактың жасы - жаңа өмірдің бастауы

Ағылшын ғалымдары 40-тан асқан әйелдердің психологиясын зерттей келе, осы жасқа келген нәзік жандылардың жеңілтектікке салынатынын байқаған екен. Олар қарсы жыныстағылармен таныса сала көңіл көтеруді қалайды. Салмақты ойлап, саналы шешім қабылдауды ұмытып, жас бойжеткенше қылмыңдап, қылық таныта бастайды екен. Сонымен бірге бұл жастағы әйелдер серігінің бойындағы кемшіліктерге де аса мән бере бермейтін болады.
Әрі қарай

Күзгі көңіл-күй

Күздің қоңыр салқыны мен ызғары
Тоңазытып соққан желі ызғарлы.
Жаздан қалған жадыраған көңілді
Құлазытты таңғы қырау, мұздары.

Қою бұлты торлап алып қас-қағым,
Жаңбыры да көз жасындай аспанның.
«Бар ма екен — деп қарап тұрам ойланып,-
Күзден артық табиғатта асқан мұң?!»

Өткен шақтың кей тұстарын сағынып,
Бақ ішінде отырмын мен жабығып.
Сыбдырлаған жапырақтың мұңлы әні,
Жүрегімді жұбатардай жалынып.

Жасыл желек қурап жатыр, жер түлеп,
Жылы жаққа құстар ұшты тентіреп.
Арманымды ала ұшқан құстарға,
Отыр екем сәтті сапар мен тілеп.

Күн сәулесі әлсіз түсіп жүзіме,
Жетпегендей жол ортадан үзіле.
Өтіп жатыр күзгі бақпен сырласып,
Біраз жайттар ой електен сүзіле.

Өткен күзбен осы күздің арасы,
Қас-қағымда көрген түстей қарашы.
Сынаптайын сырғып өткен уақытқа,
Бағынышты екен адам баласы…

Марат Нигметжанов
Әрі қарай

Вау! Казнекс Инвест!



Kaznex Invest — Әлемдік нарыққа көпір жарнамасы.

Бұл жарнама емес, бұл кино! Кинодағыдай оқиға орны мен уақыты беріледі. Шетелдіктер «Made in Kazakhstan» жазуы бар қазақстандық өнімге «Вау!» деп, қуаныштан жасыра алмайды.

Неткен режиссерлік шешім?! Неткен актерлар?! Неткен сценарий?! Вау-вау-вау!
Әрі қарай

Таптым-ау

Достым-ау
Бүгін сенің хабарыңды тостым-ау.

Құлазыған, күйзеліс көп шақтарда,
Ұққандаймын мені іздеудің себебін
Өскемендей өзіңе жат жақтарда
Сезілмейді ау маған сондай керегің.

Түн ортасы шақырып ап жаныңа,
Жағдайымды сұраушы едің. Бекемсің:
Мен отқанда жанды ақтарып жарыла
Сен қайғыңды ұмытады екенсің.

Талай бізді тентіретіп, тепкенмен
Тағдыр ылғи жолдайды екен үн-қайрат
Өлшеп берген өмір деген өткелден
Өтіп барам, сөзіңдегі мұң қайрап…
Әрі қарай

Венеция маскалары

Венеция (Italian: Venezia, Venetian: Venesia or Venexia) — Италияның солтүстігіндегі қала. Венециядай соңғы бес ғасырдан бері өзгермеген күйінде тұрған екінші шаһар жоқ. Расында мұнда бәрі дерлік бәз-баяғы қалпында сақталған. Мұнда ешнәрсе өзгере-де қоюы қиын. Мұнда бірнеше ғасырдан бері, қалада жаңа ғимарат салынбайды, салам десеңіз де рұхсат етілмейді, құрылыс жүргізетін алақандай жер жоқ.
Венеция – аралдарға салынған қала.

Адамзат
Әрі қарай