Үш ғасыр кешіккен шындық

Үш ғасыр армандаған азат күннің ақ таңы
Бүгін міне қазақ жерін қайта айналып тапқаны.
Желтоқсанда жанын берген ағалар мен әпкелер
Шындық үшін жазықсыз қаны аққаны.
Риза болып ерлігіне батырларға бергісіз
Ата-баба аруағының аунап түсіп жатқаны.


Алматыда, алаңда желтоқсанның ізі қалды қаралы
Сол бір күні қалған екен талай АНА жүректері жаралы.
Қия алмай көзалдында арманда кеткен сұңқарын,
Баз кешіп дүниеден, құлағандай алып қамалы.
Желтоқсаннан бастау алған жас мемлекеттің тыныштығы
Сол аналардың ақ бесігінде тербетіліп барады.

Желтоқсанда биік қойып басқалардан арында
Күш жігерін сарп етіп намыс үшін аямаған барында.
Қайрат, Ләззат, Ербол, Сабирасы, халқымның,
Сіздерсіздер сақталатын әр қазақтың жадында,
Сіздерсіздер мәңгі өлмейтін рухы биік асқақ шың,
Өзге тарихтан дараланып тұратұғын жанында.

Желтоқсанның әр бір сәті біздер үшін боранды
Желтоқсанда дүйім жұртым қайғы отын оранды.
Жазықсыз жала аяқ асты етіп арманын,
Қаншама қыз-жігіттің ар-намысы тоналды.
Қол жеткізе алмай аңсап жүрген еркіндік
Желтоқсанның мұзға жаққан алауымен оралды!


Марат Нигметжанов
Бөлісу:

1 пікір

007
Құрметті отандастар! Қадірлі Керекшілер барлықтарыңызды Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтай отырып дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға береке, еңбектеріңізге табыс тілеймін!