Орта тап өкілінің айлық табысы қанша болуы керек?

Жақында жігіттермен бір отырыста nurbergen_makym бір ой айтты. Оның айтуынша 4 адамдық бір отбасы орта тап болып саналуы үшін айлық табысы кем дегенде 1 миллион болуы керек.



Сіз не дейсіз бұл туралы? Жалпы қандай адамдарды, айлық табысы қанша адамдарды орта тап деуге болады? Біздің елдің ең бір көзге көрілетін кемшілігі осы сияқты. Орта тап аз. Кедейлік пен байлық көп.

Орта тап өкілінің айлық табысы қанша болуы керек?

Бөлісу:

51 пікір

izbasar
Орта деңгейлі отбасының жағдайы отбасында қанша адам бар соншалыкты бөлмелі үй, (мысалы менің отбасымда 4 адам болса менде 4 бөлмелі үйім) сосын астымда жақсы жылы жаңа бір машина, қаланың сыртында жазда демалатын дачам болса мен орта тап отбасы бол алам. Сол деңгейге көтерілу үшін менің айлығым кем дегенде 500 мыңнан — 1 лимон болу керек секілді. Қашан болады ол? Өзім жасамасам ешкім жасамайды.
asaubota
өзім жасасам болғанда барлығы тек өзіңе байланысты емес қой. мемлекетке де байланысты, мықты ел болу үшін үкімет те орта тап өкілдерін көбейту үшін бәрін жасар еді. ал бізде қазір байлар одан сайын бай, кедейлер одан сайын кедей болуда. ортадағылар өте аз.
izbasar
меніңдк ойым сол болып тұр ғой,
madikon
ал бізде қазір байлар одан сайын бай, кедейлер одан сайын кедей болуда. ортадағылар өте аз.
Роберт Киосакий өз кітабында уақыт өте келе сондай болады дейді. Орта тап бірте-бірте жоғалады дейді. Тек халқы көп Индия мен Қытайда сақталады дейді.
asaubota
негізі бұл сауалнама дұрыс болмауы мүмкін. әр аймақта табыс көлемі әр түрлі ғой және бағалар да. сондықтан алдымен орта тап дегенге қандай адамдарды жатқызуға болады деген сұраққа жауап іздеп көрейік.

Орта тап:
— жеке үйі бар
— көлігі бар
— бағасына қарамай өзіне ұнаған, сапалы нәрсесін ала алады
— қалаған уақытында қалаған жеріне ұшақпен бара алады
— қарызы, кредиті жоқ

тағы?
Daniar-Alan
— қарызы, кредиті жоқ
 Одмин, ҚР-дың 90 пайызы кедей онда
omarbirat
Мұндай критерийлерге әлден сай болып жатса, бірінші тармақтағы айлық жетіп жатыр, ИМХО.
Екінші, үшінші тармақтағы айлықтар орта тап категориясына тез жетіп алу үшін керек сомалар сияқты
Daniar-Alan
1-шіні белгіледім. Бірақ қазіргі айлығым 3-есе аз одан. Көштен қалып жатқамыз жоқ. Норма. Барға қанағат. Кей ситуацияларда, мысалы, 100 000 теңге керек дейк. Мен таба алмадым. Сол кезде мен былай ойлаймын: ЕГЕР ТАБА АЛМАСАМ, ОНДА ОНЫ АЛЛА ҚОЛДАП ТҰРҒАН ЖОҚ. ЯҒНИ МАҒАН КЕРЕК ЕМЕС ТІРЛІК деп. Сыртынан қарағанда жұбату сияқты көрінер. Бірақ, сеніңіздер маған. Кейінірек ойлап қарасам, шындығында сондай болып шығады. Бұл менің мінезіме байланысты. Қызба, тез оталамын және асығыс шешімдер қабылдаймын. Ал, кейінірек ойланып қарасам сол кездегі маңызды көрінген нәрсе, түкке тұрғысыз нәрсе болып шығады. ) Қазір де солай ойлап отырмын. Егер менде 1 млн-дық айлық болмаса, онда ол маған қажет емес деген сөз. Барға қанағат очм.
izbasar
Барға қанағат ең жақсы сөз, бірақ сенің айлығың маңында елдегі көпшіліктің айлығы. кредит жабудан аспай жүр ғой.
Daniar-Alan
салыстырмалы түрде алғанда бұл айлық орташадан сәл төмен Астана өңірі үшін. Шымкентте ол үлкен айлық. Шымкентте 35 000-ға да өмір сүрдік мысалы. Өлген жоқпыз. Барлығын салыстырмалы қарау керек.
izbasar
Орта тап:
— жеке үйі бар
— көлігі бар
— бағасына қарамай өзіне ұнаған, сапалы нәрсесін ала алады
— қалаған уақытында қалаған жеріне ұшақпен бара алады
— қарызы, кредиті жоқ (35000 осы деңгей болмаған шығар.) Болса бойдақтықта. айлықтан — айлыққа!
Daniar-Alan
мен отбасымды асырадым. қызым бар еді. әйелім студент. норма өмір сүрдік. и кредит те болды )) (қазір де бар). Шымда қазір де көп адамдар осы айлыққа өмір сүріп жүр.
qyzylordalyq_jigit
йопдгдк, 50-60 мың алатындар әлі де көп қо ел ішінде, емааа
Adiletshu
200 мың айлық алсам… Талтаңдап жүре алмай қалатын шығармын
alisha
Бәріміз де солай ойлаушы ек бұрын… Ақша жеткізбейді ғой бәрі… Көп тапқан сайын, қажеттіліктерің де "қымбаттай" бастайды…
Gastarbaiter
1 миллион, қазіргі заман өлшемдері және республикамыздың потенциалы бойынша.
Barsa
Табыс осынша болғанда жеткілікті болады деп нақты сомасын айта алмайсың. Инфляция бар, әр аймақтағы пәтердің, азық-түліктің бағасы да әртүрлі және ол өзгеріп отырады дегендей.

Меніңше, ел қатарлы өмір сүру үшін отбасының табысы әр мүшеге бөлгенде облыстағы орташа айлық көрсеткішінен кем болмауы керек.

Мысалы, 2012 жылдың тамыз айында Атыраудағы орташа жалақы 200 000-ға жуықтапты. Сәйкесінше менің 5 адамнан тұратын отбасымның кірісі 1 000 000 теңге (жақсы 15 жасқа толмаған балалар үшін жартысын ғана алайықшы, сонда 700000 теңге) болғанда ғана мен орташа өмір сүре аламын деп түсінемін. Ал, орташа жалақы 70000 құрайтын СҚОда сәйкесінше менің отбасым үшін 255000 теңге табыс мені ортанқол отбасына жеткізе алады.
Barsa
Өз басым нарықтық замандағы орта тап өкілдерін құраушылар кемінде 3 адамды жұмыспен қамти алатын шағын бизнесі бар отбасылардан тұруы керек деп білемін. Сонда ғана мұғалім, дәрігер, полицейлердің де жалақылары көтерілетін болады.

Ал біз үшін, тамақты жартысынан көбін шеттен алатын, ал, тұрмыстық тауарлардың түгелге жуығын импорттап отырған ел үшін бұл арман. Біздегі бизнес негізінен алып-сатуға ыңғайланған. Одан қалды бюджет есебінен тапсырыс алуға ұмтылады. Халыққа қызмет көрсетуден тек қоғамдық тамақтандыру мен ойын-сауық мекемелері ғана (тойшыл болғандықтан шығар) жолға қойылған.

Бюджетіміздің негізгі бөлігін шикізат өндіріп сатудан түскен пайда құрайтындықтан ғана типі бай болып отырмыз. Егер мұнай бағасы арзандап кетер болса Өзбекстан, Қырғызстан секілді қаңғып кетеміз.
007
Егер мұнай бағасы арзандап кетер болса Өзбекстан, Қырғызстан секілді қаңғып кетеміз.
Ол мұнайлы өңірлерге ғана әсер етпейме? Басқа шикізат өндіретін облыстарға қандай әсері болмақ
Barsa
Мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінің 35-40 пайызы мұнайды өндіру мен сатудан түсетін тікелей және қосымша табыстардан/салықтардан тұратын болса қалайша бүкіл Қазақстанға әсері болмайды?

Мысалы, 2011 жылы мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігі 5,37трлн. теңге болған. Оның 1,2 трлн. теңгесі Ұлттық Қордан (ҰҚ тек мұнай сатудан түскен пайдадан құрылады) аударылса, шамамен 0,65трлн. теңгесін мұнайды экспорттағандағы кедендік салымдар құрады. Яғни, барлығы 35 пайыз кірістің мұнайға тікелей қатысы бар. Ал, мұнай-кен компаниялары қаржыландырып отырған жобалар бойынша салынатын салықтар мен жұмысшыларының табысына салықтар қаншама.
Tyulpan
дұрыс айтыпты земамның қара қайнысы. минимум миллион болуы керек 4 адамға. оның көп бөлігін ер адам тапқаны дұрыс. 400/600 болса да… ))
бірақ бұл өзі негізгі ма, әлде қосымша ма табыс көзі? мен негізгісін айтып отырмын.

айлыққа қоса үй, машина ол енді міндетті түрде. сонда ғана ол жанұя орта әлеуметтік статусқа кіре алады.

ал бізде ең көбі кедейлер. дұрыс мемлекетте орта тап өкілдері көп болатын еді…
VKM
Бір жақсы бизнес болмаса,қанша тапсаң да жетпейді.500-750 меніңше орта тап.
Gastarbaiter
Канадалықтан сұрадым /7 жоғары дамыған елдің бірі, ұмытып қалғандар болса*/ — шамамен айына 5 мың (КЗТ 750 000) доллардан табады екен орта тап отбасы. Бірақ олар біз сияқты аймен емес, сағатпен беред жалақыны. Жұмысқа түскен уақытта доллар жүре бастайды, түспеген күні бұтақ та жоқ. Кейбіреулер 12-14 сағат жұмыс істейді, екі есе тарифпен төленіп, біраз ақша жасайды. Бұрын осыны советтер «адамды қанау» деп айтатын.
Ал меніңше адамды қанау 8-сағат, 5/2 — деп келісімге қол қойып, іс жүзінде 16 сағат 6/1 жұмыс істетіп, жалақысына көк тиын да қоспау.
Nurgisa
Пікір жазу
Ал меніңше адамды қанау 8-сағат, 5/2 — деп келісімге қол қойып, іс жүзінде 16 сағат 6/1 жұмыс істетіп, жалақысына көк тиын да қоспау.

Осы ғой ашындыратыны. Паблик сервантстарға не қулық-сұмдық үшін маневр алаңын кеңейту керек, не… олар ол алаңды өздері кеңейтіп алады. Басқасы берілмеген.
Geology
500-750 мың толық жетеді орта тап болуға
neoman
Жігіттер, сәл басқаша қарау керек сияқты.
Орта тап кез келген елде болуы керек, болмауы мүмкін емес. Жалпылама түрде есептегенде халықтың 60-70% — орта тап, 10%- бай, 20% — кедей. Айтылған 60-70 пайыздың байлығының ортасын санау керек сосын.
Бізде орташа жалақы 100 мыңнан сәл көп. Біразы пара не т.б. қосымша табыс алатынын ескеріп орташаны -120-150 мың етіп алуға болады. Сонымен, 4 адам жұмыс істейтін жанұяда — 500 мың кемінде.

Жалпы, орта тап — өмірге қажетті негізгі қажеттіліктерді өтейтін табысы барлар. Оқыған я қолынан бір іс келеді. Үйі, машинасы болуы міндетті емес, жаурамай тұратын панасы, жұмысына баратын транспорты бар болса болды. Бірнеше кредиті болса да, оларды қатты қиналмай төлей алса жеткілікті. Емделе алса, анда-санда тойға бара алса, жылына бір рет демала алса болды. Біздің орта тап шамамен осындай.
ademi_alem
Жалпылама түрде есептегенде халықтың 60-70% — орта тап, 10%- бай, 20% — кедей.
Бұл Қазақстандағы жағдайға қатысты айтылған ба? Мүмкін емес.  (Орта таптың өзі жоғары орта тап, ортаңғы орта тап, төменгі орта тап деп бөлінеді емес пе менің білуімше).
Орта тап өкілінің айлық табысы қанша болуы керек?
Шығыс Қазақстан облысы бойынша орташа жалақы мөлшері 82 521 теңге. Осы көрсеткішке қарап облысымыздың басым бөлігі қандай тап өкілдері екенін аңғаруға болатын сияқты, ал басқа облыстарды білмеймін…
neoman
Әр таптың үлесін ойша санағаным еді. Орта тап елдің басым бөлігін құрауы керек, сондықтан да оны елдің негізгі табы деп сіз айтқандай тағы да бірнеше топтарға бөліп жатады.

Шығыс Қазақстанда сол 80 мыңның шамасында алатындар орта тап шығар, өйткені ол жердегі шығындар да аздау, мысалы, Алматымен, ондағы үйдің бағаларымен салыстырсаңыз.

Орта таптың әл-қуатының төмендігі — жалпы елдің кедейлігі, яғни ол орта таптың жоқтығын білдірмейді, орташалар бар, бірақ кедейлеу.
ademi_alem
Орта тап елдің басым бөлігін құрауы керек
Әрине, келісем.
Шығыс Қазақстанда сол 80 мыңның шамасында алатындар орта тап шығар
Иә, орта тап қой. Бірақ мына тақырыптағы нұсқаларға сүйенсек, орта тап болу үшін айлық табыстың ең кемі — 200 — 500 мың болу керек-мыс. Жеке көзқарасым бойынша, екінші нұсқаны дұрыс деп білем. Егер орта тап өкілін осы үш нұсқа бойынша анықтайтын болсақ, Қазақстанның 5 %-ы жоғары тап, 15%-ы орта тап, ал қалған 80%-ы төменгі тап деп санар едім. Ал негізінде сіз айтқандай мөлшермен халықтың
60-70% — орта тап, 10%- бай, 20% — кедей.
болуы керек шығар…
VKM
Шығыс Қазақстанда сол 80 мыңның шамасында алатындар орта тап шығар, өйткені ол жердегі шығындар да аздау, мысалы, Алматымен, ондағы үйдің бағаларымен салыстырсаңыз.
қателесесіз, себебі бізде Казцинк, ТМК, Арматура заводы, УМЗ, Азия-Авто, және т.б. гиганттар бар. Ондағы жалақы мөлшері біршама жоғары. Бірақ барлық заводтардағы жоғарғы әкімшілік пен мамамандар көбіне орыстар.Қазақтар көбіне күзет, есеп, жәй жұмысшы. Жалпы Өскеменде «тихий» байлар көп.
asaubota
әрине орта тап көп болуы керек. бізде бірақ олай емес қой. тіпті кедейлерді де 3 топқа бөлуге болады
neoman
Меніңше, орта тап көп бізде. Көшеде ескілеу иномаркадан бастап Ленд Крузерге дейін мінетіндердің барлығы — орта тап өкілдері. Адам басына 150 мың алатындарды мен орта тапқа жатқызам жоғарыда айтқанымдай… Сенің критерийлерің қаталдау сияқты.

Мүмкін, біздің орта тап басқа елдермен салыстырғанда кедейлеу шығар, бірақ түк өндірмейтін ел үшін жаман емеспіз. Батыс елдерінде де орта жастағылар кредитке алынған үйде отырады, олар кедеймін демес.
sigma
Көшеде ескілеу иномаркадан бастап Ленд Крузерге дейін мінетіндердің барлығы — орта тап өкілдері
Су жаңа ВАЗ көлігін мінсе ше?
neoman
Bauer-дің конькиін тебетіндер де, мәшинесі жоқ болса да)
Aldeken
отбасыңды асырау үшін қажетті соманың мөлшері ең алдымен табыс табушының табысын рационалды түрде жарата білуіне тікелей байланысты. Ал, шығындарын рационализациялау қазақ үшін өте жат қылықтардың бірі. Ең қарапайым мысал, миллиондап несие алып, ат шаптырып, баласына той жасап, одан кейін баласы мен келіні пәтер жалдап ығыры шығып жүред. Балаңның тұратын үйі жоқ, ана ысырап той не үшін десең, «жұрттан ұят, баласына той жасап бере алмады дейді ғой» деп қараааап тұрад.
100 мың теңге кіріспен қонағын да шақырып, киімін де киіп жүрген отбасылар бар, 2 миллион теңге таза кірісті ұқсата алмай, ай соңында көрші-көлемнен қарыз сұрайтындарды да көрдік.
Сосын, негізгі қажеттілік деген де шартты ұғым болса керек, себебі, табыс молайған сайын негізгі қажеттіліктердің де қатары молая береді.
Ал, өзіміздегі даңғазалық пен понтқуушылықты жоймай тұрып, орта тап өкілдерінің қатарын молайту мүмкін емес, себебі, бүгінгі табысы аздар (кедейлер деп айтуға қимадым) табысы молайса, орта таптан аттап өтіп, байлардың қатарынан бір шыққанды қалайды. бар мәселе де, нәубет те, қиындық та, әділетсіздік те осында жатыр.
Пы.сы. өзім де сондаймын, мойындаймын. Құтылудың жолын білетіндер болса, жекеге хабарласыңдар, адамжаныныңшырақшыларынссс… ))))))))))))))))))))))))))))))))(
bizbike
дұрыс, дұрыс дұп-дұрыс. Тек қана дұрыс табыс табуды ғана емес, оны дұрыстап жұмсауды да білу керек. Жоспарлау деген болу керек. Біздің қазекеңнің 99 пайызында ондай мүлдем жоқ, яғни қаржылық сауаттылықты дамыту қажет, сонда ғана орта тап өкілін қалыптастыруға болады. Жұрттар неліктен тойға несие алады, өйткені о баста сол баласы үйленеді ғой деп жоспарлап, аз болса да қаржы қарастырылмағандықтан. Сосын келіп ата-ананың «жұрттан ұят»-ының кесірінен баласы мен келіні қиындық көріп жатады. Сонда қызық, той жасамаса ұят та, баласы пәтерсіз қаңғып жүрген ұят емес. Түсінбегенмін, түсінбеймін, ешқашан түсіне алмайтын да шығармын біздің психологияны.
Abilakim
Қаламыздағы нарықтық бағаммен алғанда маған дәл қазір отбасымды асырау үшін 200-500 мың аралығындағы ақша жететьін секілді.
ал, орта тап өкілі болу үшін, расында да мойында қарыз болмау керек. Отбасымдағы кез келген бір жан, я болмаса өзіме күрделі операция жасау керек болса, немесе ем қабылдауым керек болса жинаған ақшам соған жететін және бала-шағам менің менің табыс таппай жатқан кезімде 5-6 ай қиналмай өмір сүре алатын болуы керек шығар.
bizbike
БҚО-да орташа жалақы жүз мыңнан жоғары деп оттайды. Қарап отырсаң қалада он бес мыңға жұмыс жасап жатқандар бар. Сонда олар кедейдің кедейі болғаны ғой.
asaubota
статистикаға сенуге болмайды. былай қарап отырсам елде ақша бар, бірақ сол ақша тек Астана үшін және Қазақстанның әлемдегі репутациясы үшін ғана жұмсалып жатқан сияқты. Астанадан басқа жерлерде жағдай жаман сияқты болып көрінеді. жұрттың бәрі Астанаға ағылуда.
edige
Сонда олар кедейдің кедейі болғаны ғой.
 Бізге қоспа оларды… ренжиміз…
Abilakim
Кейде мен де Астанаға кете қалсам жағдайым жақсарар ма еді деп ойлаймын. Бірақ, артыңда прцеп болған соң қарайлап отырасың. ол жақтан баспана жалдаудың өзі тапқан табысыңның жарымын жұлып алады. Астанадағылардың барлығының жағдайы мәз емес екені де белгілі.Қаржының бәрі расымен де Астанаға және Астанада өтетін түрлі іс-шараларға жұмсалатын секілді.
Физикадағы Паскаль заңы елдің әлеуметтік жағдайына жүрмейтін секілді.
Aldeken
келсейш… еркекке кейде тәуекелшіл болу да аса қажет.
2007 жылы, әйелім мен 1,5 жастағы ұлым, кәрі шешемді алып, 40 мың теңге айлыққа келіп, күнелттік қой. Шүкір, ол күндерді де бастан өткердік және ол күндерді өткермесек, бүгінгі күнімізге шүкіршілік айтпас па едім, кім білген… Астанаға басқа жақтан келудің бір артықшылығы бар: әйтеуір кез-келген уақытта елге кете аласың, жергілікті тұрғындарға уот қиын, бұл тұрғыдан… ))))))))))))))))))))
007
мектепте оқып жүрген кезімізде бір ағайымыздың айтқан сөзі бар еді Атыраудың қара уылдырығынан түсетін пайданың өзі Қазақстанның 16 лимон халқын асырауға жетеді деп… Бұл қаншалықты шындыққа жанасады кім қалай ойлайды????????
Barsa
Өтірік сөз. Қазір Жайықта балық қалған жоқ, Каспийдегісін де бракаштар тауысуға қалған болар. А вот Атыраудың "қара алтыны" шын мәнісінде Қазастанды асырап отыр.
sigma
Кезінде бір елі сары майға екі елі қара уылдырық жағып жеп жүргенде коммунизм өтіп кеткен екен дейді біздегі көнекөздер. Қазір жайыққа қысыр шоқыр шықса мәз боламыз
zholantai
Мың долларлық айлыққа жете алмай жүргенде, бірінші нұсқа жарап-ақ тұр. Орындалғанда, қажеттеліктер көлемі ұлғайып, екінші нұсқаға деген қалау пайда болады.
Негізі Жеке баспана(кемі 2 бөлмелі пәтер не азы 4 бөлмелі жер үй) болса, қалған жағдайды реттеу мүмкүндігі ұлғаяды деп ойлаймын.
omarbirat
Жалдап тұрмайтын баспанаң болса, 200 бен 500 мыңның арасындағы айлық артығымен жетеді. Өзіңді ішіп-жемнен шектемей һәм ысырапшылыққа да салынбай жұмсаған жағдайда айына ары кетсе 100-120 мың (менің жағдайымда тіпті 70-80 мың) теңгені ғана игеруге болады. Қалғаны жинала береді.
Табыс көбейген сайын адамның қажеттілігі емес, қалаулары көбейіп кете ме деймін. Қарның ашпаса, күн суықта көшеде тоңып жүрмейтін киімің болса, ұйықтап жатқанда үстіңнен жауын-шашын жаумаса — қажеттілік деген сол ғой? Басқа нәрселердің бар болғаны жақсы, бірақ болмай қалған жағдайда өмірің тоқтап қалмайды
omarbirat
Қалғаны жинала береді.
болғанда не ғой, шартты түрде. Ол адамның жеке басындағы жағдайларға байланысты жиналмауы да мүмкін. Әйтеуір жылына бір рет бір айлық көлеміндегі сома қажетсіздіктерге жұмсалып кетеді екен — өткен жылғы қаржы-шаруашылық есеп-қисаптарымнан байқағаным.
ken
егер сенің тоғазтқышыңда әйтеуір бір жейтін ас, үстіңде киімің және тұрақты жататын жерің болса, онда сен жер бетіндегі 75 пайыз адамнан байсың
— деген екен біреу.