Ән көңілдің ажары

Біраз уақыт бұрын ютубтан кездейсоқ мына әндерге тап болдым ұнап қалды. Қазақтың домбырасына жетер аспап жоққой, оның тілін тауып құлағында ойнайтын адамдарға қызығамын. Арасында өзімде домбыраны дыңылдатып қоям бірақ дәл мыналардай ойнай алмайм.





Әрі қарай

Техника, техника!

Кейбір жазбаларымда көпшілікке қажеті жоқ дегендей ақпаратты ұсынамын. Сондайдың бірі «Морзенің электромагниттік (жазатын) телеграфы» атты жазбам. Жазба бойынша лезде көз жүгіртіп оқыған соң «мынау не?» дегендер болды.
Сол жазбаның бір абзацын мысалға келтіре кетейін. Оқып шығыңыз екі минут уақытыңыз кетеді. Неліктен ойлай істеуді сұрағанымды абзац соңында білетін боласыз.
Әрі қарай

Көз жанары. Ремейк

Блог - bake: Көз жанары. Ремейк
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары. Он алты жастамын. Ауылдық әкімнің хатшысы -көрші апай, аудандық әскери комисариаттың жіберген шақырту қағазын қолға табыстады. Ондай шақырту қағазын он шақты бала алыпты. Шақырту қағазы мерзімді әскери борыш өтеуге уақыт тақағанын білдіреді. Үкімет бізді болашақ жауынгер ретінде есепке алып, тіркеуге қойып, тұрғылықты жер бойынша тіркеуде тұрғанын білдіретін куәлік беретін. Кейінен осы куәлікті әскери билетке айырбастайтын.
Бір жұмадан кейін.
Әрі қарай

Үш құдірет

Үш құдірет

Үш нәрсе бар жүрегімде,
Денемде,
Қуат алам сеземін де,
Сенем де.
Үш құдірет дарынымды жебеуде,
Үш құдірет – ғұмырым да,
Өлең де!

Біріншісі – иманым бар, әрине,
Жаратушым нұрын шашқан әр үйге.
Құдірет бар иман айтқан әр үнде,
Жолдас болып сақталады бәрінде!

Сенесің де, жүрекке нұр тағасың,
Ғұмырыңа сонан азық табасың.
Өлшеуіші жақсы менен жаманның,
Жалғастырар екі дүние арасын!
Әрі қарай

Пыртфолио. Лоллобриджа Шәңгереева.

— Сізден бірдеңе сұрауға бола ма?

Қу түлкідей бұлаңдап, арам көздерін ойнақшытып, жымысқы жымиып жүретін ғимараттас Лоллобриджа ақыры өзінен бір батылдық тапқан сияқты.

— Ой сұрай бер шешесс!
Әрі қарай

Армия-2016

Жақын аралықта қазақстандық әскер толықтай дерлік кәсіби қызметке ауысады деген жаңалық дәстүрлі БАҚ-та еленбей қалғаны қызықты. Өзге бір мемлекет болса, мұндай сөздер «Жыл жаңалығына» ұсынылар еді, себебі реформа мемлекетіміздің көптеген азаматтарына тікелей әсер етеді.
Аталмыш реформа жайлы Қазақстанның қорғаныс Министрінің бірінші орынбасары, генерал-полковник Сәкен Жанұзақовтың сұхбатынан толығырақ оқуға кеңес беремін. Өз кезегімде мен өзіме едәуір қызықты көрінген үзінділерді ерекше атап өтейін.

Блог - theyakov: Армия-2016

Басты жайлы қысқарақ: қазіргі кезде Қазақстанда 12 мың мерзімді қызметтегі сарбаздар бар, олардың ішінде, осы күзде 6 мың шамасында адам босатылып, орнына 1500 ғана жинақталады. Осылайша, Министрдің орынбасарының сөзі бойынша, 2016 жылы әскердің 99% кәсіпқойлар құрайтын болады.

Осыған орай, сөзсіз, жедел қызметтегі сарбаздарды мемлекетпен келісімшартқа отыратын сарбаздарға ауыстыру ғана емес, сонымен қатар әскер қызметіндегі кейбір артықшылықтарды ауыстыру да қажет. Кейбір тұстары бойынша біздің заманауи әскер «бір адам төбедегі адам шамды бұрайтын, ал сегіз адам оған бұйрық беріп тұрған» анекдотты еріксіз есімізге түсіреді. Әскерде, әрине, пропорциялар өзгеше келеді, дегенмен де әрбір төртінші адам -офицер. Министрдің орынбасары бұл жайтты ұғынып қана қоймай, әрі қарай дамудың дайын жоспарын- негізінен сержанттық құрамға екпінді бұруды ұсынуы қуаныш ұялатады. Мысалы, қазір іссапарларды рәсімдеу және бұйрықтарды құрастырумен майорлар айналысады. Жұмыстардың мұндай түрлерін сержанттарға оңай беруге болатыны да қисынды.
Алдыңғы мақалада баяндағанымдай, Құрлықтық әскер оқыту орталығына барған кезде, қолым босаған сәтте бірнеше жыл бұрын ғана өзі үшін мақсатты түрде келісімшарттық әскерде қызмет етуді таңдаған бірнеше адамдармен сөйлескен болатынмын.

Блог - theyakov: Армия-2016

Лейтенант Әсет Рахымжанов:
— Мен Құрлықтық әскерлердің Әскери Институтын «Моноатқыштық әскерлердің командалық тактикасы» мамандығы бойынша аяқталғанмын, институттан кейін жолдама арқылы мен оқыту ротасының командирі қызметімен Спасске жіберілдім. Әскери мамандықты таңдауға мен біртіндеп бел будым, әрдайы әскердің келешегі мол деген сенімде болатын. Семейде оқығанымда, мектеп жасынан бастап мен өз мемлекетіме қызмет етіп, еліме тірек болғым келетін. Оған қоса, офицерлер бұрыннан еліміздің алтын қоры есептелетін.
Институтта танкілік әскерлер, артиллерия, әуе-десанттық әскерлер және т.б.секілді мамандықтардың бірін таңдауға болатын. Мен моноатқыштық әскерлерді таңдадым. Институтқа түскен кезімізде, біз Қарулы Күштермен 10 жылға келісімшарт жасастық.

Блог - theyakov: Армия-2016

Взвод сержанты, 3 санатты сержант Балтай Балмуханов:

— Мен Қарағанды облысының Бұхар-жырау ауданында, Үміткер ауылында туылдым. 2002 жылы Қарағандыдағы Кеңес Одағының екі рет Қаһарманы атағын алған Талғат Бигельдинов атындағы Республикалық әскери интернат-мектепке түстім. Ол жерге оқуға түспей тұрып, маған әскери форма өте ұнайтын. Мен бұл жайлы ата-анама айтқан едім, олар мені сол оқу орнына жіберді. Маған «суворов училищесі» берген құндылықтарының ең бастысы- сірә, тәртіп болар. Менің арғы қызметімде бұл қасиет септігін тигізді. Оны аяқтаған соң мен атқыш қызметінде, кейіннен аға авиациялық механик, кейіннен бөлім командирі қызметінде Шекаралық әскерлерде мерзімді қызметтен өттім. Мерзімді қызметтен кейін Қарағандының Октябрь военкоматында қызметкер болдым. Содан соң 2007 жылы келісімшартқа отырдым, 2009 жылы мен қызмет атқарған бөлімде қызметкерлерді қысқарту болғанмен, ол жерде басқа бөлім жасақталып, аталмыш оқыту орталығы үшін адамдар жинап жатқан еді.

Іріктеу алты сатыдан тұрды, мен алты аттестациядан өткен болатынмын. Сержанттық құрамды іріктеуді ол кездері генерал Қаражанов мырзаның өзі жүргізді. Конкурстың талаптары шын мәнінде де биік болды, 150 адамның ішінен оқыту ротасына тек 7 адамды ғана іріктеп алды. Біз атыс дайындығынан, топография, тактика, саптық, ең бастысы-физикалық дайындықтан өттік. Осылайша, 2010 жылдан бастап біз осы жерде әскери міндеттілерді, оның ішінде негізінен 27-35 жас аралығындағы адамдарды оқыта бастадық: басында олардың саны 14 болса, кейіннен 500, кейіннен 900 адам болды, ал осы жылы олардың саны тағы да 900 адамға жетті.
Қазір қызметтегі маған ұнайтыны- сержанттық желі бойынша қызмет сатысымен өсуге болады. Демек, талпынар мақсат бар дегеніміз. Менің ата-анам зейнеткерлер, сол себепті мен өз бетімше өсіп, ақша табуға тырысатынмын. Қазір менің отбасым, екі балам бар. Жұбайым басында біздің жиі түрде іссапарға шығатынымыз, түнгі кезекшілікте болатынымызды түсінбейтін. Ал қазір әскер дегеннің не екенін біледі. Менің ойымша, егер адамға әскерде қызмет ету бұйырса, оны орындау керек. Ал өсуге келетін болсақ, бағыт ылғи да табылады.
Әрі қарай

Жақында шыққан 3 бейнеклип

Музыкант деген кезде ойымызға тойдағы музыканттар келеді. Ал негізінде тек тойда айтылатын ән емес, кәдімгі шынымен музыка үшін музыка жазып жүрген де музыканттар бар ғой. Мен үшін ондай адамдар: Батыр Шүкенов, Қайрат Баекенов, ASEM. Жақында достарым Ғалымжан Молданазарды тыңдап көруді ұсынды. Тыңдадым, бейнеклиптерін қарадым. Тамаша! Сіздермен бөліскім келіп тұр.





Және Ash ҚaZaҚ Pro жігіттерінен Жезөкше атты клип (18+)
(клипті бүгін Ютуб алып тастады)
vk.com/video-48835099_165295257
Әрі қарай

Жаңа белес

Бүгін күн жылдағыдан ерекше жылы болып тұр. Күн сәулесі үстіңе құдды бір мөлдір моншақтай төгіледі. Биыл жауын көп болғандықтан көк мол болып, әлі күнге дейін жер бетінде кілемше төселіп жатыр. Ағаштар жапырағынан айрылып, бұтақтары тарамданып өмірімді елестетеді. Ғұмырымынң тағы бір жаңа буыны басталғалы жатыр. Басында үйрене алмай, безіп кететіндей жерге де бауыр басып қалады екенсің. Ақсай кішкентай ғана жұмыс қалашығы ғой. Бірақ аулаларының тазалығы, ұқыптылығымен ерекше өзіме. Қалашықтың бір жақсы жері: қайда барғың келсе де, жаяу баса бересің. Кептеліс, қырғын адам, кезек деген сирек кездеседі. Бастаған шаруаңды тез-ақ бітіріп аласың.
Адамның күні адаммен – әр адам сен үшін сын. Жолымызда кезіккен адамдардың қай-қайсысы да кездейсоқ емес деп сенемін. Мұнда бірге жұмыс жасаған әріптестерімнің бәріне алғысым шексіз. Олардың әрқайсысынан да бір нәрсе болса да үйрендім. Қоштасу кеші де керемет өтті. Қош бол, Ақсай! Құшағыңды жай, Атырау!

P.S. Атыраулық экстримнен қорқыныш та жоқ емес. Кезінде қашқандай болған Атырау да туған қаламдай болып кетеді деген үміттемін. Қазақстанның әрбір жері мен үшін ерекше.
Әрі қарай

Жол жауынгердің түрлі сайыстары

Стантрайдинг
Cпорт жаңалықтары: Жол жауынгердің түрлі сайыстарыCпорт жаңалықтары: Жол жауынгердің түрлі сайыстары
Стантрайдинг дегеніміз мотоциклде трюкпен көрсету. Бұл рәсімді спорт түріне ресми енгізбесе де бейресми әлем чемпионаты өткізіп тұрады. Әлемнің түкпір түкпірінен ең мықты райдерлерді жинап, Европада жүйелі жарыс бірнеше жылдан бері өткізіп келеді. Бұл трюкті жасау үшін төменгі жылдамдықта тежеуішті ұстап, алдыңғы дөңгелекті жоғары көтеріп, мотоциклді бір бағытта бірнеше секундта ұстап тұру.

Скийоринг
Cпорт жаңалықтары: Жол жауынгердің түрлі сайыстарыCпорт жаңалықтары: Жол жауынгердің түрлі сайыстары
Бұл жарысты қысты гүні мотоэкипаждан тұратын шаңғышы және мотоциклші бірігіп өткізеді. Мотоциклге темір шыншырлар байланбайды. Қауіпсіздік шараларды сақтау үшін әрі рұқсат етпейді. Өте керемет спорт жарысы деп ойлаймын. Әсіресе Бурабай, Астана, Семей, т.б. қалаларда қысты гүні қар қалың жауады.

Мотофристайл
Cпорт жаңалықтары: Жол жауынгердің түрлі сайыстарыCпорт жаңалықтары: Жол жауынгердің түрлі сайыстары
Cпорт жаңалықтары: Жол жауынгердің түрлі сайыстарыCпорт жаңалықтары: Жол жауынгердің түрлі сайыстары
Мотофристайл дегеніміз алаңда, ауада кідірістеп ашық секіру. Мотоциклмен акробатикалық секіру әлемдік деңгейде неше түрлі мықтылар мойындатқызып кетті.
Әрі қарай