Бұл қай Керекші? #9

Бұл эстафетаның таяғын жұма күні Korkem маған ұстатты. Интернетке тек жұмыс күндері ғана қол жеткізетін мен: уақыттан ұтылдым. Кешіккеніме кеңпейілділік танытып, «ерунда, ештеңе етпейді» деп қойып,, келесі жасырылған керекшіні тауып көріңдер. Дұрыс жауабын осы жазба жарияланған уақыттан бір тәулік өткен соң барып, айтамын. Жауап ретінде тек бір ғана қолданушының аты көрсетілуі — міндет

Эстафеталар: Бұл қай Керекші? #9Танысу-сұрақ: Әдепкі күн тәртібі қандай?
Ж: Таңертең тірі оянғаныма шүкіршілік айтып, бұйырған несібемді теріп жеп, жатарда Алланың хақ екенін тағы да мойындап жату;

Эстафеталар: Бұл қай Керекші? #9Ыңғай-сұрақ: Сұрақ, не жауап! Қайсысы маңызды? Неге?
Ж: Екеуі бір-бірімен тығыз сияқты меніңше. Менде көп сұрақтар бар, бірақ көбісінің жауабы мардымсыз. Мардымсыз жауап алған сайын өзім топас сұрақтар қоятынымды мойындаумен келемін;
Әрі қарай

Әлемнің үздік 3 хакерлері.

1. Kevin Mitnick 1963 жылы туған.Оны ұстаған кезде АҚШ-тың ең көп іздеу салған компьютерлік қылмыскер екен. Kevin Mitnick  хакерлік есімі “Condor”. 12 жасында Лос Анжелес қаласының транспорт жүйесін карт жүйесі арқылы пайдаланып тегін жүрген. Mitnick өзінің  қызықтау мен білімінің арқасында Digital Equipment  Corporation-ның жүйесін,  сонымен қатар Nokia, Motorola, Fujitsu Siemens көптеген компанияларды хакердеген.1995 жылы компьютер арқылы аударым жасау барысында ұсталған. Ол 2002 жылы  компьютер жүйелерін, өзінің хакер шабуылы туралы The Art of Deception: Controlling the Human Element of Security атты кітабын шығарды.Бүгінгі таңда  ақпараттық қорғаныс,қауіпсіздігі туралы мәлімет, кеңес беретін компанияны басқарады.  
2.Kevin Poulsen 1965 жылы дүниеге келген.Ол Dark Dante атымен әйгілі.Алдымен ол Лос Анжелас қаласының  KIIS-FM радио станциясының байланыс жүйесіне кіруімен танылған.Ол кезде KIIS-FM  радиосы  102-ші қонағына бәйге жариялап,Porsche 944 S2 машинасын жеңімпазға тіккен.Аталмыш көлікті аламын д
еген ниетпен барлық жүйені  басқарып өзін 102-ші қонақ болғызған.1994 жылы маусым айында радио байланысжүйесін бұзу, компьютер арқылы ақша аударымдар жасады деген айыппен ұсталып 4 айға қамалып 56000 доллар айыппұл төледі.Бүгіңгі таңда Wired News сайытында аға редактор болып қызмет атқарады.
3.Adrian Lamo New York Times, Yahoo! News, Microsoft-қа шабуылдағанымен танымал. Lamo есімімен 2003 жылы 09 қыркүйекте U.S. Marshals-ға берілді.Алдыңғы уақыттарда өзіне іздеу салған мәлімміттерді жасырғаны үшін, және де көптеген компаниялардан шағым түскесін 15 ай іздеуде жүріп сот кінәлі деп тауып 65000 доллар айыппұл төлеттті. Grey hat hacker есімімен танылған Lamo әзіргі таңда психологиялық колледжде оқиды.
Әрі қарай

Қысқа ғұмырымызды мәнді де сәнді өткерейік

Адам өмірінің ең басты құндылығы жүрек түбінен шығып, ақылмен басқарылып, іс-әрекетпен расталады. Бақытты боламын десеңіз шынайы болыңыз. Шынайылықтың негізгі факторларын атап өтейін: 1) Жүрегіңізді жылуға, сүйіспеншілікке, махаббатқа, мейірімге толтырыңыз. Көркем болыңыз, Аллаһ көркемдікті сүйеді. 2) Ішкі сезімдеріңізді кірлетпей, таза етіп сақтай білгеніңіз абзал. Қандайда бір іс бастағанда мол сүйіспеншілікпен жасаңыз және ләззат ала біліңіз. 3)Бойыңызды үрейден, ашу-ызыдан, қызғаншықтықтан, өсек-аяңнан, артық сөзден (мағынасыз балағат сөздер) алшақ ұстаңыз. Сондай ортада қалып қойсаңыз, сәл жымиып, үнсіз ғана шығып кеткеніңіз дұрыстау сияқты. 4) Жеке әлеміңізді сіз жақсы көретін және сізді жақсы көретін адамдардан құраңыз. Жаныңыздағылармен араласқанда әдемі әсер қалдыра білгейсіз. Әрбір тұлғаны бағалаңыз, бағалата біліңіз, сыйлата және сыйлай біліңіз. 5) Болмашы нәрсеге ренжи бермеңіз. Кешірімді болыңыз, кешіре біліңіз. Негативті ойлардан арылыңыз. Барлық нәрсенің тек жақсы жағын ойлаңыз. Шын жүрегіңізбен сүйіңіз, сүйікті болыңыз. Әр қашан күлімдеп, жарқырап жүргенге не жетсін!
Әрі қарай

Сағындым ана

Сағындым ана,
Сағындым ана  сүтіңді,
Тати ма дәмі?!
Аузыма құйсам өтімді,
Әлемге мынау жіберген құттай бөлшегің,
Өшірмек емес өмірден мәңгі атыңды.

Намысын бермей тірлік сынды сыншыға,
Өзіңе арнап жыр жазып жүрмін тұншыға.
Өзіңнен емген адамгершіліктің қасиетін –
Өзіңше солай қалдырмақ мәңгі халқына.
Әрі қарай

Бұл қай керекші? #5 (Эстафета)

Блог - Ispek92: Бұл қай керекші? #5 (Эстафета)
Кезекті керектің қаһарманын тауып көріңіз, бірден айтып қойсам, бұл Sashok емес
Данияр брат секілді шәйнәәәәп бергім келмейд, табуға тырысайық, табылмаса эстафетаның күні қараң болғаны да енД, шамалы пәдіскәзкі: бұл кісіміз көп сөйлемейд ken байқаған шығарсыз, жауаптары нақты әрі қысқа, ал сәттілік керекшілер !!!
Әрі қарай

Көз алдыңда жасалған ғажайып сиқыр

Бүгін тағы бос уақытымды кино көруге арнадым. Күнде қайталанатын үй шаруасынан кейін арасында көңіл көтеріп, демалып көретін «Иллюзия обмана» фильмі сан түрлі фокус, трюктарымен иллюзионизм өнерін тамашалатты.
Фильм – шоу, фейерверк, ғажайып көріністер. Мен үшін бұл фильм үлкен әлемдік сахналарға қоятын көріністі көргендей қуаныш сезімін берді.
Бүкіл уақыт «мұның бәрінің үстінде кім тұр?» деген сұрақпен жұмбақ күйінде өтеді.
Сиқыр — құпияға толы өнер. Жақсы фокустың табыс кепілі төрт қарапайым құрамнан тұрады: алаңдату маневрлері, қолдың ептілігі, әсер ететін көрініс және гипноз. Фильмнің басынан-ақ бізге магияның жоқтығын көрсетеді. Төрт басты рөлдегі кейіпкер — фокуспен айналысып нандарын тауып жүрген жай адамдар. Белгісіз капюшон киген жан бір пәтерде төртеуін түсініксіз мақсатпен кездестіреді. Бір жылдан соң біздің кейіпкерлер «Четыре всадника» тобын құрып, Лас-Вегастың жүрегін жаулауға аттанады.
Сиқыршылардың ізіне ФБР, Интерпол түседі. Қызығы, әртістер фокус арқылы ұрлаған ақшаның бір тиынын да өздеріне алмайды. Әрі қарай қаншама жылдар бойы жоспарланып жасалған қылмыс кек қайтарудың амалы екені анықталады.
Актерлік құрамға келетін болсақ, меніңше, тамаша жинақталған.
Джесси Айзенберг. Мен оны бірінші рет «Социальная сеть» фильміндегі Цукерберг рөлінде көргенмін. Шашы ұзындау болғандықтан ба, бұл жолы көкіректеу, тәуекелшіл кейіпкерді ойнағандықтан ба танымай да қалдым.
Айла Фишер де таң қалдырды. Алғаш рет «Шопоголик» фильмінде көріп, ұнатқан едім. Оған осындай жеңіл, ашық, жарқын мінезді жандарды ойнаған жарасады.
Вуди Харрельсон әдеттегідей харизмалы.
Дэйв Франко – қолының ептілігімен көзге көрінген, түр әлпеті сүйкімді жігіт.
Марк Руффало, Морган Фриман және Майкл Кейн. Мынандай актерлерден құралған фильм өте жақсы болмағанда қалай.
Киностан: Көз алдыңда жасалған ғажайып сиқыр
Әрі қарай

Ауылдағы триллер. "Ұрлық түбі - қамау"

«Егер Шиваны күлдіргің келсе, оған болашақ жоспарың жайлы айтып бер ©»

Блог - Ispek92: Ауылдағы триллер. Ұрлық түбі - қамау

Күз мезгілі. Шамамен біздің заманымыздың XXI ғасыры енді еніп келе жатқан кез. Қазалыдағы ең жаңа мектептің бірі № 59 мектептің есігінен түс уақытында алтыншы сыныпта оқитын бір топ оқушы шығып келе жатты. Жүрістері жайбарақат, ешқайда асықпайды. Түрлерінен ешқандай суықтық байқалмайды. Қайтар жолды тарам-тарам тармаққа бөлетін жолайрыққа келген соң оқушалар бөліне бастады.
Әрі қарай

Уайтхиллдық Хэтроуда!

Жаңа жылды туған Ақтөбеде өте-мөте қарапайым түрде қарсы алып, 5 күндік демалысымды пайдаланып, сол уақыт аралығында өзіме жаңа қала көру туралы шештім. Сөйтіп ат шаптырым жердегі Атырауды таңдадым. Екі күн ішінде қаланы жаяу аралап, фотоға түсірдім. Сонымен, кеттік:

Қазақстан өңірлері: Уайтхиллдық Хэтроуда!
Ауа-райы Ақтөбенікінен жылы және қары өте аз екен… айтпақшы, темір жол вокзалының перронына шығу үшін осы ғимараттың екінші қабатына көтерілу керек, яғни перрон қаладан биік орналасқан.)
Әрі қарай

Құнсыздану (Инфляция)

"Құнсыздану — Ұлттық валютаның, бұрынырақ —алтынға, шетел валюталары немесе халықаралық есептік ақша бірліктеріне қатысы бойынша бағамынын төмендеуі түрінде көрінген құнсыздануы" — деп сайрап тұр Википедия данышпан. Әлі есімде бала күнгі ақшалардың суреттері, 1,3,5,10,20 арғысы 50 теңгелер. Ойпырмай сол ақшаларды көрсек бүкіл дүниені сатып алардай көрінетінбіз. Келе-келе 100 теңге, сосын 200, 500,1000-дап шықты. Біз жаңа купюраларды қызықтап жатқанда үлкендер «ееее сабан ақша деген осы екен гой, құнсызданып барады бұл теңге» деп отыратын. Ол кезде қайғыратын. Келе -келе есейгендік па, алде ақшаны танығандық па мен де расымен ойланатын болдым. «Неге осы жұрт құнсызданудан қашады?» — деп. Биылғы жылы осы ақша туралы жаңалықтарға құлақ түре бастадым. «Не білдім?», «не естідім?», "Құнсыздану керек пе?" деген сұрақтарға жауап іздеп көрейік.

Жаңалыққа құлақ түрер болсақ құнсыздана береді екенбіз әлі. 2012-2013 жылғы құнсыздану көрсеткіші 4,7%-ды құрап тұр. Хош, енді кішкенке басқа мәліметтерге сүйенсек анықтаймыз құнсызданудың қаншалықты «керек» немесе «керек емес» екендігін.

Бізге ол үшін статистика керек. Бірінші, еліміздегі 2013 жылғы коммуналдық төлемдердің статистикасына сүйенсек 2013 жылы біздің елімізде жалпы ыстық су — 10,8%, электроэнергия — 10%, жылу беру — 9,8%-ға артқан. Бұл республикалық көрсеткіш. Екінші, тамақ өнімдеріне келер болсақ бір айдың (қараша) ішінде жұмыртқа -16,3%, қызанақ – 13,7%, қияр – 9,5%, қызылша – 3,9%, картоп – 1,8%, май – 1,4%, сыр мен сүзбе – на 1,1%, балық – 0,8%, сүт және сүттен жасалатын тағамдар – 0,7%, макарон өнімдері – 0,5%-ға қымбаттаған. Ал былтырғы жылмен салыстырғанда макарон өнімдері — 6,8%, балық және теңіз тағамдары – 4,7%, сүт өнімдері – 4,5%, кофе, шәй, какао – 3,9%, ұн өнімдері – 3,4%, ұн – 3,1%, алкогольді ішімдіктер мен тәтті тағамдар – 3%, нан – 1,4%, май – 1,2%-ға артқан.Шүкір, арзандаған өнімдер де бар екен, күріш пен гречка (қазақшасын білмедім) – 6,3%, қант – 2,6%-ға арзандапты. Үшінші, жанар-жағар май 2,8%, киім, аяқ киім, дәрі-дәрмектер – 0,5%, үй техникалары және тұтынушы тауарлары–0,3%-ға қымбаттаған. Жекелеген адамдарға қызмет көрету (шаш алу, тырнақ бояту деген сияқты) 1,3%, қонақ үйлер мен ресторандар – 0,8%, ойын-сауық отаулары – 0,6%, денсаулық сақтау саласы – 0,5%, қоғамдық көлік, таымалдау қызметтері – 0,8%-ға артқан.

Экономика және қаржы министрі Ерболат Досаев 2014-2018 жылдар аралығында құнсызданудың көрсеткіші 6-8% болады деп көресетіп отыр. Құнсыздану жалақы мен зейнетақының артуына әсер береді.Бірақ 4,7 пайыз болғанда өскен бағалар анау болса 6-8% болғанда күніміз не болмақ, қай жыртығымызды жамаймыз? Қысқасы бізге құнсызданудың жоғарғы пайызды көрсеткіші мен бағалар тұрақтылығы керек. Құнсызданудың керектігіне екінші мысал келтірсек.

Қайда қарасаң да «келмұндалап» тұратын, «мен сенің барлық проблемаларыңды шешіп беремін, мен сиякты достарың да, туыстарың да көмектесе алмайды», «сіз үшін тағы не істей аламын» деп тұратын кім? Арине, НЕСИЕ! Оооо Несие, несие! «Кредит — это просто „ЖОПА“» дейді орыстар жаңа мақалдатып. Ондайда қазақ сөзден қалған халық па, «Мысқылдап алып, мықшыңдап төлейсің» деп әп-әдемі мақалмен анықтама береді.

Блог - KONILDI: Құнсыздану (Инфляция)

Көп сөзді қойып тағы да статистикаға сүйенейік.

Биылға несие қоры 175 млрд теңгені құрайды. Бұл деген сөз Қазақстанның жалпы жалақы қорының 40 пайызын құрайды екен. 2012 жылы 29,6%, 2011 жылы 22,5% көрсеткен екен. Несиеге қатты мәжбүр болып барады екенбіз. Бұл деген жалақы жетпей барады деген сөз шығар. Ал несие алу жағынан Алматы қаласы бірінші орында, ал Астана екінші орынды иеленіпті. Бұл екі бірдей астанамызда күн көру қиын екені көрініп тұр.

Блог - KONILDI: Құнсыздану (Инфляция)

Блог - KONILDI: Құнсыздану (Инфляция)

Биылғы статус Елбасының өзін алаңдатып жіберді. Кезінде «халыққа несие беріңдер» деп стартта тұрған банктерге пісталетті атып жіберіп «айда пошел» деген Елбасы бүгін де «сол жерім томпақтау болды-ау» деп өкініп қалған сиякты. Әйтеуір не керек, биыл «мен сендерге тұтынушылық несие емес, кәсіптік несие» беріңдер дегенмін де столды тоқпақтап отыр. Бірақ қайдаааааамммм… Қарапайым мысал келтірейікші, сізде 100 000тг бар. Екі досыңыз келіп бірі, маған әлгі ақшаңды берсең 5 жылда 7 пайыз жылдық үстемесімен қайтарамын десе, екіншісі, — сен оданда маған бер, мен 3 жылда, жылдық үстемесі 20 пайызбен қайтарып беремін — деп тұр, сіз қайсысын таңдайсыз. Біріншісін таңдасаңыз таза ақымақсыз, сізден банкир шықпайды, оған кепілдік беремін. Алайда, біріншісі де досыңыз, көңілін қалдыруға болмайды. Ал ақшаны пайдалы жағына жұмсау керек… Нестейсіз?! Мен көмектесейін, бірінші досыңызға 1-ші көп сылтау айтыңыз, 2-ші кепілдіктің базасын кеңейтіңіз, 3-ші уақыт созыңыз, алматыда едім, астанада едім, бір шаруаммен шығып кетіп едім, әзір үйге келмеймін… Міне бірінші досыңызды мезі етесіз, оп-оңай ия? Егер досыңыз ренжісе, «ой сәл күтсең берер едім ғой» дей саласыз. Бірақ сіз ол кезде ол ақшаны екінші досыңызға беріп қойғансыз. Міне, төркінін түсінген боларсыздар.

Бұл бөлімді қорытындылайтын болсақ, қарапайым тілмен айтқанда біздің елдің азаматтары жалақы алғанда несие төлеуден де, азық-түлік алудан да, қажетіне жаратудан да таршылық көрмеуі тиіс. Сонда бәлкім мына жан түршігерлік көрсеткіштер кейін шегінер. Осы көрсеткіштерге қарап отырып өз ойым, бізге құнсыздану дәл қазіргі кезде керек деп ойладым. Бәлкім дұрыс түсінбей, кей жерлерден қателескен шығармын.Сіздер қалай ойлайсыздар?
Әрі қарай