Сағындым ана

Сағындым ана,
Сағындым ана  сүтіңді,
Тати ма дәмі?!
Аузыма құйсам өтімді,
Әлемге мынау жіберген құттай бөлшегің,
Өшірмек емес өмірден мәңгі атыңды.

Намысын бермей тірлік сынды сыншыға,
Өзіңе арнап жыр жазып жүрмін тұншыға.
Өзіңнен емген адамгершіліктің қасиетін –
Өзіңше солай қалдырмақ мәңгі халқына.

Сағындым ана,
мейірлі алақаныңды,
Алыстап кеттім, табам деп алтын тағымды,
Аптап ыстықта  толғатқан  қара түйнегің,
Аузына міне,
қаратты қалың қауымды.

Сағынды қызың айран, ағарғаныңды,
Сағындың ба ана?!
Бақытты балапаныңды.
Ақтаймын деп ақ сүтпен енген парызды,
Тырбанып жүрмін арманға жалдап жанымды.

Сағындым ана, ақ қылаулаған шашыңды,
Сенсіз тірліктен тағатым мүлдем  таусылды.
Анашым менің,
жасасын мәңгі ана деп
Екі дүниеге де жазып қалдырам арызды,
Екі дүниеге де жазып қалдырам атыңды!
Блог - AknietTanirbergenkyzy: Сағындым ана
Бөлісу:

4 пікір