Жаңа белес

Бүгін күн жылдағыдан ерекше жылы болып тұр. Күн сәулесі үстіңе құдды бір мөлдір моншақтай төгіледі. Биыл жауын көп болғандықтан көк мол болып, әлі күнге дейін жер бетінде кілемше төселіп жатыр. Ағаштар жапырағынан айрылып, бұтақтары тарамданып өмірімді елестетеді. Ғұмырымынң тағы бір жаңа буыны басталғалы жатыр. Басында үйрене алмай, безіп кететіндей жерге де бауыр басып қалады екенсің. Ақсай кішкентай ғана жұмыс қалашығы ғой. Бірақ аулаларының тазалығы, ұқыптылығымен ерекше өзіме. Қалашықтың бір жақсы жері: қайда барғың келсе де, жаяу баса бересің. Кептеліс, қырғын адам, кезек деген сирек кездеседі. Бастаған шаруаңды тез-ақ бітіріп аласың.
Адамның күні адаммен – әр адам сен үшін сын. Жолымызда кезіккен адамдардың қай-қайсысы да кездейсоқ емес деп сенемін. Мұнда бірге жұмыс жасаған әріптестерімнің бәріне алғысым шексіз. Олардың әрқайсысынан да бір нәрсе болса да үйрендім. Қоштасу кеші де керемет өтті. Қош бол, Ақсай! Құшағыңды жай, Атырау!

P.S. Атыраулық экстримнен қорқыныш та жоқ емес. Кезінде қашқандай болған Атырау да туған қаламдай болып кетеді деген үміттемін. Қазақстанның әрбір жері мен үшін ерекше.
Бөлісу:

4 пікір

AknietTanirbergenkyzy
Коштасу — адам оміріндегі ен киын сат! Дегенмен, ой орісінізді ішкі ризашылыгынызбен сабактастыра жазган, сізге де алгыс!!! Сат сапар! Ак жол болсын!!! Саттілік!!!
bizbike
Хитроу ұнап жатыр, көліктің көптігі болмаса.
bake
Қиыны, қиын. Өскемен маңын айналып жүріп алдым… Ортасына қазық қағып, арқанның үшін байлап, арқандап қойғандай бір жерді шыр айналып жүргенің. Үйренген жер, туған жер… бәрі ыстық қой… Бірақ ауаның, жерінің ластығын еске алған кезде безіп кеткің келеді… Ертістің сол жағасына қаланың орталығын көшіре бастады, оң жағында зауыттар орналасқан, қаланың дәл ортасында деп айтуға болады. Көп сөйлеп кетіппін… Сізге жаңа жерде мол табыс тілеймін!
bizbike
Ертерек Заринаға да жазғанмын елде қай жердің болса да экологиясы шамалы деп, оған да бейімделдік, таза ауа жұтсақ, бас ауырады.