Қайран...

Бала кезімде әрнеге бас қатырушы едім. Үлкендерден «плюс»,«минус» дегенді естіп алып, егер розеткаға шнурды былай тықсам телебзір жанып кетер ме екен.Бұның плюсі қай жағы екен деп ойланған да кездерім болған.
Балалығым саман кірпіштен қаланған ескі үйде өтті. Қонақ бөлмеміз енсіздеу ұзын болатын. Ана шетінде бір ләмпішке, мына шетінде бір ләмпішке сол бөлмемізге жарық түсіріп тұратын. Мен «включателді» қосып қалып, қайсысы бірінші жанады екен деп қарайтынмын.Осындай әрекеттеріңіз болса бөлісе отырыңыздар
Әрі қарай

lunara-ның "Болар бала қонаққа үйір" атты мақаласына рецензия

Аффтары: lunara ;
Муаххахала: «Болар бала қонаққа үйір»
Толық мәтіні:
<<Ата- балаға сыншы>> дейді халқымыз. Қазақ аңыздарында жер сыншысы-Асанқайғы,құс сыншысы-Шора, ат сыншысы-Күреңкей, ел сыншысы- Толыбайлардың есімі жиі айтылады. <<Болар бала қонаққа үйір>> дегендей,үлкендердің сөзіне құлақ қойып өскен сәбидің ой-санасы өз тұстарынан оқшау тұрады. Баланы дастарқан басына жолатпайтын бүгінгі кейбір ата-аналардың іс-әрекеті бұрынғы ата-бабаларымыздың үрдесіне жат қылық. Небір шешен, ертекші, жырауларды тыңдаған көпшіліктің мәслихатына үлкендер керісінше, бабаларын, немерелерін алып келген.
<<Ел аралаған сыншы болады, ағаш аралаған үйші болатыны>>өмір шындығы екеніне күмәніміз жоқ.
Бала келешегін айтып болмайтын, көрегендік,әрине, сәби бойында қалыптаса бастаған адамдық негіздің нышандарына қарап айтылған. Табиғи дарынның ашылуы ең алдымен өскен ортаға байланысты. Яғни,<<ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілерсің!>>.


Не дейміз? Күнде де, түнде де ақылмандар кездесіп жатады. Тауық та асырап көрмеген қайғы-
Әрі қарай

Шежіре

Халқымызда «Жеті атасын білмеген жетесіз» деген сөз бар. Жеті атадан аспаған қыз бен жігіттің отбасы құруына қарсы болғаны жайлы да білеміз." Бабаларымыздың ақылдылығы сонша, медицинаның өзі кейін дәлелдеген жоқ па бұл мәселені гендік тұрғыдан " деп бөсеміз. Дұрыс-ақ делік, ал біз өз ұрпағымыздың өз туысына үйленбеуі үшін қандай жұмыстар істеп жүрміз. Күйбең тіршіліктің қамымен гәлөшімізді сүйрететін осынау заманда туыстармен кең араласатын мүмкіндік болғанымен уақыттың жоғы анық. Сондықтан да әр азамат өз туыстарының шежіресін жазуға міндетті десем артық болар, бірақ соны жазса НҰР болмаса да жақсы болар еді. Шежіре деген тек кешегіміз емес, бүгініміз бен ертеңіміз.Сондықтан да сонау Адам атадан бастау алатын шежірені толтырмай-ақ өз отбасысынан бастаса екен. Мысалы:
Әкеміз Мараттан үш ұл
Медет, Асхат, Жарас
Медеттен 3 қыз, 1 ұл, дегендей кете берсе.Әркім өзінің туыстық қатынасын осылай толтырып отырса, артымызда келе жатқан буынға өз кезегінде таныстырып, табыстап отырсақ деген ой ғой менікі
Әрі қарай

Есім еске түсіп...

meirzhan ның блогынан Ғарифолла Есімнің «Адам Зат» кітабы туралы рекомендациясын оқып, ол кісі туралы ағамның естелігімен бөліскім келіп кетті.
Теледидардан не газет бетінен көріп қалса, ағам ол кісі туралы: «Нағыз азамат Ғарифолладай-ақ болар», — деп отырады үнемі.Олай дейтіні, Мәскеу билеген 70-80 жылдарда ауылдан көздері бақырайып үлкен қалаға оқуға келген қазақ балаларының шын жанашыры мен қорғаушысы осы кісі болыпты. Ағам Семейдегі пединституттың худграфында оқып жүрген жылдары Ғарифолла Есім факультет деканы болған екен. «Қазақ балаларын түтіп тастауға дайын тұрған орыс оқытушылардың ешбірінің аузын аштырмайтын еді – дейді ағам.-Бір қазақ жігітін қорғағаны есімде. «Вы видели как он рисует?! Он же талант!!! Историю КПСС не знает! И что? Профильный предмет какой? Рисование.Пятерка же? Вон сидит ваш лучший стдент.Одни пятерки, а рисует – ноль.И кем он будет?»- деп жүріп стипендиясын алып берген болатын. Ол кісі барда қазақ студенттер стипендиясыз қалмайтын».
Енді бірде, тіпті бір студенттің диплом жұмысын өзі қорғап беріпті. Диплом жұмысын жазғанда әлгі студент суреттегі адамның бір саусағын дұрыс салмаса керек.Дүрсе қоя берген комиссия мүшелерінің алдына Ғарифолла ағамыз өзі шығып алып суретті майын тамызып мақтай жөнелген екен.Әбден мақтауын жеткізіп, азуы алты қарыс сыншыларды иландырып болған соң: «Осындай кереметті қалайша жаман деуге болады? Бар кемшілігі бір саусақ қана ма? Әкелші бері бояуды, қазір өзім-ақ түзей салайын!» — депті.
«Ол ол ма! Жатақхананы тексеріп жүріп, удай мас болып, кескен теректей сұлап жатқан менің үстімнен түскен ол кісі «Вы не видите, у него жар! Не тревожьте» деп жатақхана комендантын маңайлатпай қойыпты.Есімді жиғанда бөлмелес жігіттер айтты», — деп ағам қарқ-қарқ күледі.
Содан бері отыз жылдай уақыт өтсе де, ағам айта берсе таусылмайтын студенттік жылдары туралы әңгімелерінде Ғарифолла Есім деген адамның аты ерекше бір құрмет пен мақтаныш аралас интонациямен айтылады.Сол кезде факультетте қанша студент оқыды екен? Оның қаншасы осы күнге дейін «Ғарифолла — нағыз азамат!»деп еске алып отыр екен?
Егер қазір билік басында отырған ағалардың әрқайсысы дәл осы адамдай жақсылық жасап жүрген болса, еліміз үшін еш алаңдамауға болатын шығар) (солай ойлаймын есьжы).
Әрі қарай

Ит

Таңатар аға әйелімен егістікте егін орып жүрген еді. Кішкентай балалары Құтжолмен итімен бірге егістіктің шетіндегі ағаштың астында ұйықтап жатқан болатын. Демалу үшін ағаштын жанына жеткендерінде, қорқынышты көрініске тап болды. Балалары аударылып, етпетінен қозғалмай жатыр, ал Құтжол үсті-басы қан күйде қыңсылап тұр еді. Таңатар аға ашуланып кетті. Құтжол баланы талап тастаған екен деп, қолындағы тырмамен басынан қойып қалғанда, байғұс Құтжол жер жастанды.
Әйелі баланың сап-сау екенің, тәтті ұйқы құшағында жатқанын айтқанда, аңырып тұрып қалды. Анадай жерде үлкен жыланның өліп жатқанын көргенде, Құтжолдың сонымен айқасып жараланғаның, әрі балаларын өлімнен құтқарып қалғанын түсініп, қатты өкініп қалды. Таңатар аға Пайғамбарымыздың мына бұйрығы бойынша әрекет қылғанында, қандай бақытты болар еді:
Алдын-ала ойлап әрекет жасау - Аллаhтың ісі, асығыс тірлік - Сайтанның ісі.
Әрі қарай

«Rafale де» көтімен демалуда

Жарықтық, жақсы мәшине еді, шешесстің(((

Өткендегі қаруи-жарақи жаңалықтарымыздың бірінде, Үндістандағы тендерлерде ресейлік шабуылшы ұшақтар мен тікұшақтардың оңбай жеңіліп жатқанын тоқ ішегімізге дейін қуана хабарлаған болатынбыз. Енді сондай пяншіктің тағдыры француз самұрықтары – «Рафальдарға да» келген сияқты. Шешесстің.
Бүгін беделді ақпарат көзі мен құлағы, француздың «Dassault» авиконцерні «Rafale» шабуылшы ұшақтарына тапсырыс беруші табылмағандықтан, өндірісті тоқтататынын еңірегенде етегі жасқа толып отырып хабарлады. Сөйтіп, әскери ұшақ саласындағы ойыншылардың саны төртеу-бесеу ғана болып қалды.
«Rafale» ұшақтары 2007 жылы пайда бола сала, Франциядан басқа ешкімге сатылмаған. Ақша іздеп
Әрі қарай

Бәйге!!! Бәйге!!! Бәйге!!!

Көптің қолқалауымен, бағын сынап көргісі келетіндердің өтінішімен, ең үздік прозалық туындыға бәйге жариялаймыз!
Жүлде қоры осал емес!!!
Бәйгенің шарттары:
Шығарманың жанры: новелла
Шығарманың тақырыбы: әлеуметтік желідегі махаббат (бұл тақырып әбден түтіліп жүні шыққан, сондықтан да қиындығы шектен шыққан болып саналады).
Шығарманың көлемі: бір сөзден көп, мың сөзден аз.
Шығарманы жариялау уақыты: желтоқсанның он бесіне дейін (корпоративтер басталып кетпей тұрып).
Бәйге екі турда өтеді: бірінші турда керектің бүкіл қауымы пікірін білдіріп, баға береді. Екінші турда өте компетентті жюри жасырын дауыс беру арқылы өзі бағалайды.
Бәйгеге қатысқысы келетіндер екі күн ішінде ниет білдіріп маған хат жазсын. Бей-берекет өз бетімен жарияланған шығармалар бәйгеге қатыстырылмайды.

Шығармаларыңызды мына адреске жіберіңіздер: dark_nazgul@mail.ru
Ал, ендеше, жолдастар, іске сәт!
Әрі қарай