Мәдени жаңалық

Ақпан айының бірінші жұлдызынан бастап Оман сұлтандығының астанасы Мускатта (Масқат) халықаралық шығармашылық фестивалі өтіп жатыр. Бұл фестиваль ақпанның 25-ші жұлдызына дейін жалғасын таппақ. Осы шара аясында Қазақстанның атынан Қарағанды облысының мәдениет басқармасына қарасты Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестігінің «Арқа сазы» фольклорлық ансамблі және «Аққу» хореографиялық би ансамблі, дәстүрлі ән өнерін насихаттаушы ретінде ҚР мәдениет қайраткері Дәуренбек Аркеновтар барып қайтты. Шетелдіктердің біздің елдің киімі мен халық аспаптарына қызығушылықпен қарайтындығы осы фестиваль аясында тағы да белгілі болғандай.
Әрі қарай

Похиганның соңғы бұтағы немесе әлем әдебиеті қазақ тілінде

Могиканның соңғы тұяғы дегенің не, Похиганның соңғы бұтағы дегенің не, қалай айтсаңыз да еукеуінің мағынасы бір екен. Неге дейсіз ғой. Ол былай болған.

Ертеде сонау алыс Америка жерінде Мохикандар (Mohicans) тайпасы болыпты. Олар тұқымдарын тұздай құртып, бұтақтарына балта шауып жатқан отаршылдарға қарсы күресіп, азаттықты аңсапты. Тақырыптағы бұтақ сөзі енді түсінікті болды ма? Түсінікті болса, Похигандарға тоқталайық.
Әрі қарай

2012 қазақ сайттарының жылы болады

  • KazNET
Биылғы жылға болжамым осындай. Биыл қазақша сайттар көбейеді.



Біріншіден, елімізде интернет қолданушы саны көбейді. Төмендетілген тарифтер, GSM операторларының USB модемдері қолданушы санының тез өсуіне әсер етті. Қолданушы көбейген сайын сұраныс та артуда.

Екіншіден, сайттың да бір БАҚ сияқты құрал екенін адамдардың түсінуі. Сайт арқылы да ақпараттық соғыс жасауға болатынын және сайттағы пікірлер арқылы да жағымды / жағымсыз атмосфера қалыптастыруға болатынын Үкімет те басқа ұйым, топтар да түсініп отыр.
Әрі қарай

Поколение "П" немесе "Ауызкөттер Теориясы"



Кеше «Поколение „П“» фильмін көрдім.
Мақтаулы кітаппен айырмашылығы жер мен көктей болса да, былай түсінікті, айналасын жұмыр етіп шығарған.
Боғауыз көптігінен кинотеатрларда көрсетпеген сияқты. Өз басым экранизацияның прокатқа шыққанын екі ай бұрын ғана естіп, оны жазып алатын уақыт болмай жүрді.
Әрі қарай

Жаңа логотип ойластырайық ағайындар!!! (Monti айтты. Бітті.)



В обшым мына жерде, біраз логотиптерді көрдік, тамашаладық. Қызық болса өздеріңіз оқып аларсыздар.
Бізге қызығы әлі күнге дейін бізде логотип жоқ екен. Өзімізді ерекшелеп тұратын, жұрт көргенде «ооо, Керекшілер» деп айтатын, немесе жақында Блогкэмп болайын деп жатыр, осындай шараларда немесе бір-бірімізге официалды хат алмасу кезінде (оххх..) пайдаланатын бір логотип керек секілді.
Ұсыныс: жаңа логотип ойластырайық.
Әрқайсысыңыз ой қосыңыздар. Ой қосуға өбізательно сұмдыыыық дизайнер немесе суретші болудың қажеті жоқ. керекті кім қалай көреді, соны айтып ой тастаса болды. тек фигуралар ғана емес, түстерге де аса маңыз беру қажет (мысалы, ақ-тазалық белгісі, қызыл-революция, от деген сияқты). В обшым түсінікті айта алдым деп ойлаймын…

(асығыстау жазылды негізі. жұмыс арасындағы 10 минөттік үзілісті пайдаландым).
Әрі қарай

Автоүшұпай!!!

Автогол тек футболда бола ма десем, баскетболың да қалыспайды екен!
Сенсебең мынаны қарап, таңдай қағып, бас шайқап отыр! )))
Әрі қарай

Сендірудің жолдары

Бала болғаннан кейін кейде қиыспайтын өтіріктерді де соғып жіберетінбіз.сондайда қасыңдағыларды сендіру мақсатында мынандай сөздерді қолданасың:
«Лениннің басын ұстаймын, алдап тұрғаным жоқ» Үйдегі (кластағы) кішкене ғана Лениннің бюстінің басын ұстайсың әлгі сөзден соң.
"Қызыл ұстайын"
"Әке-шешемнің қанын ішейін" бұны шын сөзіңе сендіре алмаған кезде айтып жібересің ет қызумен.
«Октябрят болмай кетейін»пионерге жете алмай қалдық не дегенмен))))
Сіздер қалай иландырушы едіңіздер?

Суреттің орыны
Әрі қарай