Похиганның соңғы бұтағы немесе әлем әдебиеті қазақ тілінде

Могиканның соңғы тұяғы дегенің не, Похиганның соңғы бұтағы дегенің не, қалай айтсаңыз да еукеуінің мағынасы бір екен. Неге дейсіз ғой. Ол былай болған.

Ертеде сонау алыс Америка жерінде Мохикандар (Mohicans) тайпасы болыпты. Олар тұқымдарын тұздай құртып, бұтақтарына балта шауып жатқан отаршылдарға қарсы күресіп, азаттықты аңсапты. Тақырыптағы бұтақ сөзі енді түсінікті болды ма? Түсінікті болса, Похигандарға тоқталайық.

Американың байырғы халқының азаттық жолындағы күресі туралы роман жазған Фениморе Купер есімді американ жазушысы Махикан және Мохиган тайпаларын атауларын «будандастырып», Мохикан деген тайпаның атын шығарыпты. Сенбесеңіздер түпнұсқасы міне:
Cooper seemed to confuse or merge the names of the two tribes — Mohegan and Mahican. Cooper's well-known book helped confuse popular understanding of the tribes to the present day.
Тарихтан басқаша оқып, мына романнан басқаша атау кездестірген адамдардың бастары қатып, «Мохиган ба, Махикан ба, Могикан ба, бәрібір емес пе на?» деп ашуланғанға ұқсайды. Араларынан бір білгіш шығып, Олай болса, басты қатырмай, үш атауды біріктіріп, Факикан (Fuckycan) дейік деген ой тастайды. Халық та келісе кеткен екен.

Кейін жылдар өтіп, орыстар ағылшынша үйреніп, көздері ашылып, әңгіме болып жатқан романды орыс тіліне аударып алады. Аты: Последний из могикан. Ал орысша хат танып, қазақшасы судай ағып тұрған білімді жігіттер атақты романды қазақшаға аударып, халықтың көзін ашуды ойлап, романды қазақшаға аударады. Қай тілден? десеңізші. Орыс тілінен аударыпты. Орыстардың бұл туындыны польяк тілінен аудармағанына кім кепіл? Олай болса, американдық зиялыларға қай бетімізбен қараймыз? Ағылшыншадан аудара алмайтын сорлы екенсіңдер десе ше?!

Қуып кеттім. Тақырыпқа оралайын. Сонымен, Похиганның соңғы бұтағы деген тіркес қайдан шықты?
Бастары қатқан американдықтардың Факикан дегенін білдіңіздер, орыстардың Похикан дегенін осы сәтке дейін білмей келген едіңіздер, енді білетін болдыңыздар. Орысша похи сөзінің мағынасын шамалап болса да ұғып тұрсаңыздар, иә… солай. Орыстар мен американдықтар қойған қортынды атаудың мағыналары бірдей. Ал орыстардан жырып алған казахтардың Похиган дегендері қай сасқандары? Қойшы, қайсыбір терминді, сөзді айтып отырасың. Келістік оған да. Соңында Похиганның соңғы бұтағы дегенге де құлақ үйренді.

ПыСы:
Осы бір сыни мақаламды Шымкент қаласында орналасқан «Сегіз серік» баспа серіктестігі шығаратын "Үлкендерше әңгімелесейік, сұлу қыз" газетінде жариялауға жіберген едім. Кейін ойланып қалдым. Похиганның соңғы бұтағы деген романның атауы тура мағынасында ма әлде аударма ісіне бейжай қарайтын өзіміздің өартайып қалған Похихан, Похибек, Похижан аталарымыздың (халық бұлардың барлығын Хулигандар немесе Похигандар деп атайды) бұтағы ма? деген ой сап ете қалды. Не болса да, "Үлкендерше әңгімелесейік, сұлу қыз" газеті мақаламды алғашқы нұсқасымен басып жіберетін сияқты. Ол мақаланы оқып, маған шүйлігіп жүрмесеңіздер болғаны.
Бөлісу:

19 пікір

ereke_enu
Оған да шүкір дейміз…Көш жүре түзеледі дейді ғой. Мен әттең орысты да, ағылшынды да қатырмаймын. Әйтпесе, бір-екі кітапты аударып Мәдениет Министрлігіне сыйға тартуға болушы еді…
Zako
Көш жүре түзеледі. Бұтақ өсе түзеледі деген сөздерді ңбарлығы жай өзін өзі алдау, жатқан қыртымбайлық, егер маған сенсеңіз.
Мынаған қараңыз. Бұл романды Тельман Жанұзақов ағамыз көзінің тірісінде аударған. Ол кісінің дүниеден өткеніне отыз жылдан асып кеткен. Сонда ондаған жылдар бұрын, КСРО заманында орысшадан аударылған еңбекті XXI ғасырда түпнұсқасынан аудару мүмкін болмаған ба? Түзелетін көш 40-30 жылдан бері қайда жүрген сонда?
ereke_enu
Көш жүре түзеледі дегенге мысалдар өте көп. Қыртымбайлық дегенге келіспеймін. Егер дәл осы жағдайға келсек, бәлкім, сіздікі дұрыс шығар. Басқа кітаптардың да рецензиясын осылай тексеріп қараңыз. Бір кітапқа бола министрліктің еңбегін ешке шығармайық.
Zako
Тексердім. Ағылшын жазушысы Fuckerbay Soyer-дің романын мұртты Жамалбек аударыпты. Ары қарай рецензия жазуға тұрмайды.
Zako
Көш жүре түзеледі дегенге мысалдар өте көп.
Мысал да көп, сол сөзді ақталу ретінде пайдаланатын Похигандар да көп. Қайсысын айтамыз енді?
Zako
 Ол ағамыздан кейінгі 30-40 жылда түзелмеген көш қашан түзеледі деген ой еді айтпақ болғаным.
ereke_enu
Егер бір кітаптың аудармасы қолда бар болса, оны түпнұсқасынан аударып не қажет))) Түбі бір емес па?
Zako
Олай емес. Бір тілден екінші тілге аударғанда шығарманың жалпылама мағынасы сақталғанымен, өзіндік ерекшелігі мен құндылығы бұзылады.
FaraOn1
Тельман Жанұзақов ағамыз көзінің тірісінде аударған
басқаша да болуы мүмкін ба еді?))
Zako
Fara, Ол ағамыздан кейінгі 30-40 жылда түзелмеген көш қашан түзеледі деген ой еді айтпақ болғаным.
Zako
Жоқтан бары жақсы. деуден басқа амал жоқ. Шүкір дегеніңізді түсініп отырмын. Бірақ халықтың ақшасына жасалып жатқан істердің шикі болатынына көңіл толмайды.
Gastarbaiter
Осы жағдайды жақсы жағына өзгерту жолында етегіңді жасқа шылаудан бөлек жасаған өз қадамдарыңмен бөліссең. Жарты қадам болса да айта отыр, ең болмаса әңгіме нақты іс әрекетке бағытталған деп өзімді алдап отырайын.
neoman
Аударма мен ағылшынша түпнұсқаны салыстырып шығып, бір өрескел қателерді байқап, көрсетіп жатсаңыз, түсінер ем сізді… Мүмкін, орысшасы оригиналдан да әдемірек жазылған шығар?!

Ал махикан-мохиган дегендерінде жұмысым жоқ: өз тарихын өздері ақтарсын. Похиган дейді ғой тағы да 

Негізсіз, қатын-әңгіме — сіздікі
Zako
Аударма мен ағылшынша түпнұсқаны салыстырып шығып, бір өрескел қателерді байқап, көрсетіп жатсаңыз, түсінер ем сізді…
Аудармадан аударудың өзі өрескел қателік. Ал егер орыстар түпнұсқасынан да керемет қылып аударған болса, онда шығарманың авторын өзгерту керек шығар
Gastarbaiter
оебуй, оңбағандар ай десейш, ұятсыздар, тексіздер, арамтамақтар т.б. жүзтоқсан балағат. Нүкте. Точка.Period.
Так болған іс болды, келесі сұрақ, енді қайттік? Дарға асылып, қырық дүре соғылсын деп қол қоятын он тоғыз адам жинаймыз ба, план қандай?
Zako
Не болды қуып?
Gastarbaiter
Білә, амиго, эмоциям тасып барад, ренжіме. Табанын тіліп тұз сеуіп, Туаймайтенде көмір тасытып қоюға боларед, ептілерді.
НЛП — қайта үйреніп жүрмін. Әр адамның, ең жексұрын тірлігінің өзінде бір позиивті ниет жатады дейд та сонда. Тіпті Гитлер де, барлық жауларды қырып, жөйттерді орнына қойса, барлық жерді этникалық немістер билесе, әлемде жұмақ орнайды деп ойлады.
Ал сенің мына жазбаңдағы, позивті ниет қандай… түсіне алмай жатырмын.