Есім еске түсіп...

meirzhan ның блогынан Ғарифолла Есімнің «Адам Зат» кітабы туралы рекомендациясын оқып, ол кісі туралы ағамның естелігімен бөліскім келіп кетті.
Теледидардан не газет бетінен көріп қалса, ағам ол кісі туралы: «Нағыз азамат Ғарифолладай-ақ болар», — деп отырады үнемі.Олай дейтіні, Мәскеу билеген 70-80 жылдарда ауылдан көздері бақырайып үлкен қалаға оқуға келген қазақ балаларының шын жанашыры мен қорғаушысы осы кісі болыпты. Ағам Семейдегі пединституттың худграфында оқып жүрген жылдары Ғарифолла Есім факультет деканы болған екен. «Қазақ балаларын түтіп тастауға дайын тұрған орыс оқытушылардың ешбірінің аузын аштырмайтын еді – дейді ағам.-Бір қазақ жігітін қорғағаны есімде. «Вы видели как он рисует?! Он же талант!!! Историю КПСС не знает! И что? Профильный предмет какой? Рисование.Пятерка же? Вон сидит ваш лучший стдент.Одни пятерки, а рисует – ноль.И кем он будет?»- деп жүріп стипендиясын алып берген болатын. Ол кісі барда қазақ студенттер стипендиясыз қалмайтын».
Енді бірде, тіпті бір студенттің диплом жұмысын өзі қорғап беріпті. Диплом жұмысын жазғанда әлгі студент суреттегі адамның бір саусағын дұрыс салмаса керек.Дүрсе қоя берген комиссия мүшелерінің алдына Ғарифолла ағамыз өзі шығып алып суретті майын тамызып мақтай жөнелген екен.Әбден мақтауын жеткізіп, азуы алты қарыс сыншыларды иландырып болған соң: «Осындай кереметті қалайша жаман деуге болады? Бар кемшілігі бір саусақ қана ма? Әкелші бері бояуды, қазір өзім-ақ түзей салайын!» — депті.
«Ол ол ма! Жатақхананы тексеріп жүріп, удай мас болып, кескен теректей сұлап жатқан менің үстімнен түскен ол кісі «Вы не видите, у него жар! Не тревожьте» деп жатақхана комендантын маңайлатпай қойыпты.Есімді жиғанда бөлмелес жігіттер айтты», — деп ағам қарқ-қарқ күледі.
Содан бері отыз жылдай уақыт өтсе де, ағам айта берсе таусылмайтын студенттік жылдары туралы әңгімелерінде Ғарифолла Есім деген адамның аты ерекше бір құрмет пен мақтаныш аралас интонациямен айтылады.Сол кезде факультетте қанша студент оқыды екен? Оның қаншасы осы күнге дейін «Ғарифолла — нағыз азамат!»деп еске алып отыр екен?
Егер қазір билік басында отырған ағалардың әрқайсысы дәл осы адамдай жақсылық жасап жүрген болса, еліміз үшін еш алаңдамауға болатын шығар) (солай ойлаймын есьжы).
Бөлісу:

21 пікір

Nurgisa
Кызык акпар екен. Агасынан сондай камкорлык корген балада да сондай ултсуйерлик дани болмаганда кайтсин.
Abilakim
ББірақ, адамдардың өзгеріп кететінін де ұмытпаған жөн!
Zhan
«Нұр Астана» газетінде А.Кеңшілікұлы Ғ.Есімге аздап ренішін білдіре кетіпті. Типы «Жаңаөзен туралы біржақты пікір айтқан, үндемей қоя салмай ма, депутаттығынан айрылып қалам ба деп алаңдағаны ма» дегендей мақала жазыпты. Өз басым Ғ.Есімді құрметтеймін. Ол сенатор ретінде де, философ ретінде де мойындалған кісі. Кемшілігі бар, өзгерген де шығар. Бірақ, ол қазақ тарихында қалатын кісі.
Milzhyng
Қазақ зиялылары мақала арқылы соғысқанды жақсы көреді-ау деймін.
Zhan
Соның бірі екі Мұхтар. Мағауин мен Шаханов. Мағауин өзінің «Жармағында» Шахановты Мүштәр Мақанов деп біраз жерге апарып тастапты.
Abilakim
Айтматов қайтыс болып жақсы болды.Әйтпесе «Ешкі жетектеген екеу» деген аттары бар еді
Zhan
 Оған да тоқтамастан «Жалғыз қалған ешкі» деп жүрмесін де
Abilakim
Дегенмен Мағауинді де қаралай беруге болмайды.Жеке өзіме шығармалары ұнайды.Егер қолыма қаржы беріп кино түсір десе осы кісінің шығармаларының желісі бойынша түсірер ем.«Шақан шерісінен» бастайт шармын)))
Zhan
О, Мағауиннің шығармаларына сөз жоқ, шедевр! Мықты жазатын мінезді жазушы. Содан да шығар, оның жауы да, досы да көп. Әрбір сөзі, баяндау стилі тірі. Тамыры бүлкілдеп тұрған сөздермен жазады. Өліп қалған сөздерге жоламайды.
Nur
Мағауин Айтматов туралы қайтыс олғаннан кейін де «парықсыз, оңбаған» деген біраз ауыр сөздер айтқанын көрдім жақында. Екеуін де құрметтеймін, бірақ Мұхаң кейде тым артық кетеді-ау дедім. Өлген адам туралы артынан жаман сөз айтқан қиянат қой
asaubota
сөз сөйлеуі, өзін ұстауы ерекше кісі екен.
Aldeken
Ғарифолла Есім… Діни сенім бостандығы туралы заң жобасын талқылаудағы позициясы үшін сыйлай алмай кететін болармын осы кісіні…
Milzhyng
Ол кісіден заңға қарсы шығуды қалайша күтуге болады
Milzhyng
Діни сенім бостандығы туралың Заңға
Aldeken
негізі заң жобасы деп едім… бұл бір…
екіншіден, қолдаған позициясы миссионерлердің позициясымен сай келгенін көргенде…
Milzhyng
Заңды қатайтуға қарсы болған ба?
Aldeken
ұзақ әңгіме… ол… қатайту да бар, басқасы да бар…
Gulzhanat
Жалпы, жоғарыда отырған кісілердің арасынан біреуді ерекшелеп, «сыйлаймын!» десек те, бір жағдайларда «обратная сторонасын» байқап, көңіліміз қалып жүргені. Сондықтан, саяси баталияларға келгенде «Не принимай близко к сердцу» деген позицияда жүремін Есімнің діни сенімге деген көзқарасынан бейхабар екенмін...Қиын-қыстау заманда қазақ балаларына қолынан келген көмегін аямаған адам жамандық ойламайтын шығар…
Aldeken
идеалыңызға нұқсан келтірсем, ренжімеңіз. Білгенім мен түйгенімді жаздым. Мүлдем нашар деуден аулақпын…
Gulzhanat
ох-х... папамнан басқа адамды идеал деуден аулақпын)
Nur
1. Ғарифолла Есімнің қателеспесем 2008 жылы «Діни сенім бостандығы туралы» заң жобасын талаптары тым қатал деп сынап, ал биыл одан әлдеқайда қатал заң жобасын қорғаштап шыға келгені ұнамады.
2. Жаңаөзенде біржақты пікір айтып, жастарды сынағаны да азаматтық болмады.
Адам ретінде қандай екенін білмеймін, бірақ заң шығарушы органнын өкілі, философ ретіндегі пікірлері ұнамайды. Қайраткер ретінде батылдығын көрген емеспін.