Бәйге!!! Бәйге!!! Бәйге!!!

Көптің қолқалауымен, бағын сынап көргісі келетіндердің өтінішімен, ең үздік прозалық туындыға бәйге жариялаймыз!
Жүлде қоры осал емес!!!
Бәйгенің шарттары:
Шығарманың жанры: новелла
Шығарманың тақырыбы: әлеуметтік желідегі махаббат (бұл тақырып әбден түтіліп жүні шыққан, сондықтан да қиындығы шектен шыққан болып саналады).
Шығарманың көлемі: бір сөзден көп, мың сөзден аз.
Шығарманы жариялау уақыты: желтоқсанның он бесіне дейін (корпоративтер басталып кетпей тұрып).
Бәйге екі турда өтеді: бірінші турда керектің бүкіл қауымы пікірін білдіріп, баға береді. Екінші турда өте компетентті жюри жасырын дауыс беру арқылы өзі бағалайды.
Бәйгеге қатысқысы келетіндер екі күн ішінде ниет білдіріп маған хат жазсын. Бей-берекет өз бетімен жарияланған шығармалар бәйгеге қатыстырылмайды.

Шығармаларыңызды мына адреске жіберіңіздер: dark_nazgul@mail.ru
Ал, ендеше, жолдастар, іске сәт!
bk
Бөлісу:

112 пікір

Aikona
не дейд? Новелла дей ме?
balzaminka
Айкона, қатысамысыз?
Aikona
 ойланып отырғаным ғой, новелла деген қиындау сияқты маған
balzaminka
көз қорқақ, қол батыр  Ешкім тоңымызды шешіп алып қалмас, қатысшы, а Шығармалар оқыған қызық ше маған, таныс кісінікі болса, одан да қызық ))
Aikona
мен ойлап алам да, жазған кезде онша бомай қалады
balzaminka
енді осы жерде бағалап көрелік те, алға, еш тайынба. Қашан білмексің дим де, егер осылай күмәнданып жүре берсең?
Aikona
жарайды сіз айтқан соң тырысам
VKM
ол жарияланады ма?
Менің жазғым келеді.Қазақша нашар шығатын сияқты.Орысша жазар едім
e_zhalgas
рискни  ал мен соны толық оқып бітуге уәде берем…
balzaminka
Венерджон, орысша болса да жазшы, қай тілде жазылғаны маңызды емес шығар, бастысы шытырман оқиға деп ойлайм
satibaldi
balzaminka
күлкіңіз қандай сүйкімді еді, өмірі осылай жүріңізші
sammita
сен жаз орысша, мен аударып көрейін, қомақты жүлдені бөліп аламыз, Астанадасың ғо, сосын ЖЖ-да қыдырамыз
balzaminka
Саммита ханым, пысықсыз дегенмен, көз тимесін Жігіттердің көзі қайда екен, а?
balzaminka
жеңімпаз қашан марапатталады сонда? Неше күн болмақ бірінші турдағы бағалау?
dark_nazgul
Әр шығарма жарияланғаннан кейін екі күн пікір жазу ашық болады. Марапаттау жаңа жылдың қарсаңында болатын шығар.
balzaminka
Назгүл, ренжімесең, новелланы қысқаша түсіндіріп кетші, әңгімеден не айырмашылығы бар?
dark_nazgul
басты айырмашылығы: финалы тосын, мүлде күтпеген жерден развязка шығады.
мысалы, бір австралиялық новелла бар: бір бала чердактан бір әдемі қыздың суретін тауып алып, өмір бойы соған ғашық болады. бір күні әлгі әдемі қыз өзінің онша жақтырмайтын, бес байдан шыққан, бұзылған апайы екенін біледі.
осы сияқты.
немесе, бір канадалық новелла бар (авторлардың аттарын ұмытып қалам): бір семья, әйелі мен күйеуі, айдалада фермада тұрады. бір күні күйеуі боранда бір жаққа кетеді, әйелі есік бояп отырады үйінде. бір уақта көршісі келіп тиісе бастайды, әйел шыдамай әлгімен ойнап күліп қояды. таңертең боран басылғанда, біреулер күйеуінің қатып қалған өлігін тауып алады. бір қызығы: ол кеткен жағынан үйге келе жатқан түрде де емес, үйден, басқа жаққа қарай бара жатқан күйде қатып қалған. сол кезде әйелі кеше өзі бояп қойған спальныйдың есігінен алақанның ізін көреді.
вот, солай. кішкене детективтік элементтері де бар бұл жанрдың.
balzaminka
рахмет!
Екінші оқиға желісімен фильм түсірген сияқты, сондай бір фильм көрген едім
Aizhantabyn
хоуп, жазбалар инкогнито жарияланады)))
balzaminka
жариялылық жақсы емес пе?
Aizhantabyn
менімше, керісінше, автор белгісіз болса беспристрастно оқуға болады. А так, жақсы жазба болса да,өзіме ұнамайтын біреу жазса ваще жақтырмай қалам))) каждый судит со своей колокольни)))
meirzhan
Сөздерінен белгілі болмай ма не? Сөз арасында «нақ» деген сөз болса түсінікті кім жазғаны немесе «safety» болса да
dark_nazgul
көркем шығарма екенін ұмытпай, «нақсыз» нақты жазуға тырысатын шығар)))
meirzhan
Ғарекеңнің «Нақ-нақ» әнінің сөздерін жазбаса
balzaminka
Айжан, сен қатыспайсың?
Aizhantabyn
will c  бір әдемі история бар, әрине реалда болған, бірақ стоит ли афишировать деп ойлааап отырмын.
balzaminka
өмір мен кітап үйлеспейді дегенді жоққа шығар
19852407
Aizhantabyn дұрыс айтады, Бальзам қыз
Қызық енді басталайын деп тұр, жігітсің dark_nazgul
patick
жігітсің dark_nazgul
19852407
Патекеңнің настрианиесі яқшы бүін
ии, қыдай, кәлөшің ар болсын!
patick
Типі мынадай бола ма?

Міне, қол жеткізе алмаған арманы алдында тұр. Бұрын осы ердің жары болсам деп армандайтын. Қазір…қазір ол ана, басқа бір жанның адал жары. Екеуі де бір-бірін кездестіреміз деп ойламаса керек, үнсіз тұрып қалды. Мәдина танымағандай өтіп кеткісі келді. Бірақ өйте алмады. Белгісіз күш қозғалтпай ұстап тұрғандай. Бектас ше? Ол да мүсіндей қатып қалған. Жыбырлаған мұрттары мен мұрыннан шыққан шуыл оның тірі жан екенінен хабар бергендей. Екеуі үнсіз бес минуттай тұрып қалды. Мәдинаның жыны келді. Бар даусымен айқайлап жіберді:
— Неге үндемейсің? Қорқамысың? Сенің ”Сүйем” деген бір сөз айтуыңа кедергі болған осы батылсыздығың емес пе еді?!
— Мен…
— Не мен, не мен? Бектас, көзіме қарашы. Сен ешқашан көзімен тура қарамағансың. Қазір де көзің басқа жақта. Көзіме тура қарап, ”Сүйем” деші кеш те болса…

Мәдина долылықтан жылап жіберді. Бірақ Бектас оған көз де салмады. Өйткені оның көзі қыли болатын.
patick
Бұл жерде шығарманың Интернет қатысы — тек Интернетте жарияланғаны ғана
19852407
 Сыбъолушсың сен, patick!
balzaminka
ужы бастап жібердің бе қатысуды?
a63a1
ахахахахахэ танауымнан ағып кетті
asaubota
түк идея жоқ, бірақ қатысқым келеді десеңіз пажалыста
dark_nazgul
бір шығарма келіп түсті. Сенбі күнй жариялай бастаймыз!
dark_nazgul
енді бір спонсор тапсақ…
asaubota
жыл аяғы келіп ақшаларын игере алмай жатқан мекемелер әлі де бар шығар. іздеп көр.
balzaminka
Назеке, неше марапаттау болмақ? Бір сөзіңде жеңімпазға сыйлық керемет деген едің?
dark_nazgul
екеу. жюридің таңдауы және оқырмандардың таңдауы.
asaubota
айтпақшы, ұйымдастырушы кім, қайда жіберу керек, дым ақпарат жоқ қой.
dark_nazgul
ұйымдастырушы өзіміз, бәрі өзіміз. междусобойчик қой)))
asaubota
енді жазып қойшиш, мына адреске жіберіңдер деп. сосын алдын ала жариялап керек емес сияқты. бәрін жинап алып, сосын барып жариялау керек.
1996Ardak
новелла жазып сізге қайда жібереміз? адамның жасы шектелегн бе?
dark_nazgul
хат танитын жаста болса болды. )))
1996Ardak
онда жазым көрейін...әңгіме желісі әркімнің қиялына байланысты болса болды маған…
balzaminka
Cәттілік, Ардақ! Арамыздағы ең кішіміз жүлделі болса керемет болар еді
1996Ardak
Жоға… мен жүлдеден дәмелі емеспін… алдыннан бері осы новелле типти эссе жазғым келіп жүр еді… рахмет… м
dark_nazgul
Аха. Маған жібере беріңіздер. Бәрі жиналған кезде, арнайы аккаунт ашып, содан жариялап отырамын. dark_nazgul@mail.ru
dark_nazgul
әзірше бес адам қатысуға өтініш білдірді, екі адамның шығармасы келіп түсті. бастамасы жаман емес. ))))
balzaminka
Сатеке шығар алғашқы болып жіберген, ия? Сол кісі жеңетін шығар
dark_nazgul
жоқ, ол әлі жіберген жоқ. )))
dark_nazgul
халайық, менің Арамзамды көрген жан бар ма?
dark_nazgul
«накал страстей» жағынан «Денша Отокодан» кем түспесін)))
satibaldi
Неткен бюрократия, қауымдастық ашып қой, соған саламыз нақ.
dark_nazgul
саботаж жасамасаңшы)) бәрі чинно благородно болуы керек қой)
janarbek
Назка тамаша бастама.Барлық қатысушыларға сәтілік тілеимін.
manshukn
Меніңше келген материалдарды авторсыз жариялау керек сияқты немесе бүркешік атпен.
dark_nazgul
біздіңше де солай)))
meirzhan
Бәріміз Бүркеншік Үркеншіков деген атпен жіберейік. қызық болсын.
dark_nazgul
бәрімір менің қолымнан өтеді ғой)))
meirzhan
Авторын айтып қоймайтын шығарсыз
dark_nazgul
айтпаймын ғой))) жазыватсың ба?
meirzhan
Жазыватсың ба?
мынаның қасына троекратный смайл қою керек. мен жаза алатындай )
meirzhan
жазушы едім, бірақ ондай өнерім жоқ
Aikona
мына сөзіңнен кейін Ардақсың ба деген ой келе берді да
meirzhan
Төлеген АЙбергенов кім болды сонда?
dark_nazgul
сәлем бердік! қалдарың қалай? жазып жатырсыңдар ма? менің қолымда бір ғана шығарма бар. өзгелерің қашан жібересіңдер? мен он екісіне дейін босамаймын. соған дейін жазып, маған жібере беріңдер. давай, давай!!!
dark_nazgul
Жолдастар! Төрт бес шығарма келіп түсті.
Ертең монтаждан кейін кешке жариялай бастаймын.
Бір сұрақ: бәрін бір күнде лақ еткізейін бе, әлде күн сайын бір бірден шығарып отырайын ба?
satibaldi
Ертең монтаждан кейін кешке жариялай бастаймын.
Ом манэ падме хум… Кауса эйкуат еффектум. Минни теккел юпарсиин. Бісміллә, бісміллә. Боже, боже…
satibaldi
Жолдастар!
Серікболсын???
dark_nazgul
«Тамбовский волк саған жолдас» десеңші))) сонымен не дейсіз, Сатекесі, бір бірден бе, бәрін бірақ па?
satibaldi
Мен ештеңе демейм. Анау, balzaminka дегеннен сұра, оқыған адам дейді ғой жұрт соны.
balzaminka
сенім білдіргеніңізге рахмет, Сәтекесі  Бірлесе шешкен тон келте болмас, бірлесейік
dark_nazgul
 қараңғы бұрышта біреудің тонын бір адам шешіп алу қиынырақ болады шынымен, бірлеспесе)))
salta
ертең жіберсек үлгереміз бе?
dark_nazgul
жібере беріңдер)
salta
кажется мен тошно үлгермеймин…
dark_nazgul
Ал, халайық. бастадық.
Осы уақытқа дейін алты шығарма келіп түсті.
Екеуі байқау шартына мүлде сай келмейді.
Олар тыс қалды.
қалғандарын жарияладым (кейбіреулері с большим натягом).
Оқыңдар.
balzaminka
нәтижесі қашан белгілі болмақ?
dark_nazgul
Алдағы күндері.
KILYZAMAN
Жеңнің ұшын таппай жатырмысың
dark_nazgul
Билайнның жеңінің ұшын тауып бермесеңіз, бір апта болды, интернетсіз отырғаныма
AKA
Қорытындысы қашан шығады екен?
dark_nazgul
Уа, жамаҒат! Барлықтарыңыздан кешірім сұраймын.
Бір щеті маған тәуелді, бір шеті маған тәуелсіз себептермен бәйгенің қорытындысын кешіктіріп шығарып отырмыз.
Жюриіміз үшеу еді басында. Екеуі жіберді пікірлерін, арттарынан қалмай тиісіп жүріп, әйтеуір алдым ғой))) Ал, біреуі, қанша қылқылдасам да «бермей қойды»))). Сонымен, екі жюридің және ұйымдастырушы ретінде тысқары қалуым керек болса да, өз даусымды қоса санап, бәйгенің қорытындысын шығарғалы отырмыз. Аз да болса, көптей көріңдер.
Aldeken
Марконың стилі сізге де жұқты ма?
dark_nazgul
ИтаҚ, бірінші жюридің таңдауы.
1. Әтеш махаббат
Қазіргі кезді бұрынғы кезбен керемет интеграциялаған. Әдебилік жағынан да жақсы жазылған.

2. Ердақын Ырсаечтың агенті мен әйелі
Жеткізілу формасы өте тамаша. Әдеби көркемдігі де. Қарапайым мысалды жақсы жеткізген.

3. Виртуалдағы реал
Басқа новеллалардан тәуірі осы. Бұл жерде оқиға басқаша әйтеуір басқаларына қарағанда.
Aldeken
АЛ, енді авторларын тауып алыңдар деп қойыңыз…
dark_nazgul
таппадым демеші)))
Aldeken
іздемедім десем, сізді де оларды да ренжітпейтін шығармын…
dark_nazgul
Екінші жюридің бағалары.
1. «Әтеш махаббат» — 10 ұпай
«Көпәріп» синдромына шалдықса да, селт еткізе алған шығарма. Өзіндік қолтаңбасы бар, ой жеткізу мен стилистика, орфографиялық сауаттылығы жоғары дейгейде деп айта аламын.

2. «Ердақын Ырсаечтың агенті мен әйелі» — 9 ұпай.
Оқырманға көңіл-күй сыйлаған «новелла» деймін. Сюжет пен композиция құрылымы өзгерек екен. Барлық талапқа сай

3. «Виртуалдағы реал» — 8 ұпай.
Ұнады, барлық талапқа сай, дегенмен… Дегенмен, бір нәрсе жетіспейді.

Қалғандары төмендегіше:

«Ботбай» — 7 ұпай.
Оқиғаішілік байланыстар жақсы өрбіген, тек көпсөзділік басым. Айтар ойын анық жеткізе білген. Негізінен новелла шарты баяндау емес, ой жинақы өріліп, шарт түйінделуі қажет еді, соңғысы орын алғанымен, алдыңғысы ескерілмепті.

«Желідегі жалғандық» — 5 ұпай.
Сендіре алмады. Жаттанды ой, жалған композиция.

«О, шшш… сен бе едің?!» — 5 ұпай.
Оқиға желісін шұғыл өзгертіп, ойламаған тұстан «вуа-ля» жасағысы келген ой сәтсіз шыққан. Қызықсыз. Дегенмен, еңбек бар.

«Желідегі туысқан» — 6 ұпай.
Тақырып атауы сәтсіз, «тізесі шыққан» тақырып дер едім, дегенмен, автор жалықтырмады. Айтар ойын жеткізе алды, новеллалық принциптің жүгін арқалай алды.

«Әкімат көйлек» — 3 ұпай
«Новелла» — құсық, аффтор – зынданға!!! © Түк жоқ, түк!

«Бақытты күндер» — 3 ұпай.
Кезекті ««новелла» — құсық, аффтор – зынданға!!! ©»

«Собеседник вас попытался разбудить» — 3 ұпай
Эхх…
dark_nazgul
Әлгі екеуі қайда болса, мен сонда, менің де таңдауым алдыңғы үш шығармаға түскен болатын.
Сонымен, бір ауыздан бірінші орын — бас жүлде, Алматыдағы пәтердің кілті "Әтеш махаббат" новелласына бұйырды.
Екінші орын және Астанадағы пәтердің кілті «Ердақын Ырсаечтің агенті мен әйелі» туындысының авторының қанжығасында кетті.
Үшінші орын және менің пәтерімнің кілті «Виртуалдағы реал» новелласының авторының еншісіне бұйырды.
Сыйлықтарыңызды блог құрылтайда табыстаймын, амадықпен жолығуға Алла жазса.))))
asaubota
рахмет Назгүл, мұндай жарыс ұйымдастырғаныңа!
AKY
құрылтай болмаса ще?
сосын аптырларын жариялап дегендей. жалпы бөлек пост ашып дегендей… мынау бір құрметсіздік бокетті.
sammita
ее ойнолаайен, міне жазылыпты ғой пікір.
nurbergen_makym
Келіспеймін. Әділқозылардың бәрі бірауыздан үш шығармаға бірдей баға беруі мүмкін емес. Ақырсоңында, нәтижесі осылай болуы үшін, әу бастан бәрі алдын-ала солай жоспарланып істелген, қазақ археологтарынан үйренгендерің бар болсын. Әйтпесе, менің «О, шшш… сен бе едің?!» шығармам, басжүлдені сөзсіз алатын еді.
AKY
 оны Ауа менікі деп өзі мойындап қойған
nurbergen_makym
КетЧ а, онсыз да, настр жоқ.
satibaldi
әу бастан бәрі алдын-ала солай жоспарланып істелген, қазақ археологтарынан үйренгендерің бар болсын.
dark_nazgul
Жүн қосу жағы сізге кетіп қалып, соны үйрене алмай қалдым ғой.
sammita
Назгүл, қатысушылардың есіл еңбегі мен үмітін ескеріп әдемілеп бір пост жазсаңшы. Мына жердегі типі қорытынды пікіріңді екеу оқыса бесеу оқымапты.
Шығармаға сілтеме беріп, авторларын көрсетіп, сыйлыққа (егер бар болса) не ұтқанын да жазсаңыз.
1 және 2-орын иелерін ғана таныдым өзім.