Бәйге!!! Бәйге!!! Бәйге!!!

Көптің қолқалауымен, бағын сынап көргісі келетіндердің өтінішімен, ең үздік прозалық туындыға бәйге жариялаймыз!
Жүлде қоры осал емес!!!
Бәйгенің шарттары:
Шығарманың жанры: новелла
Шығарманың тақырыбы: әлеуметтік желідегі махаббат (бұл тақырып әбден түтіліп жүні шыққан, сондықтан да қиындығы шектен шыққан болып саналады).
Шығарманың көлемі: бір сөзден көп, мың сөзден аз.
Шығарманы жариялау уақыты: желтоқсанның он бесіне дейін (корпоративтер басталып кетпей тұрып).
Бәйге екі турда өтеді: бірінші турда керектің бүкіл қауымы пікірін білдіріп, баға береді. Екінші турда өте компетентті жюри жасырын дауыс беру арқылы өзі бағалайды.
Бәйгеге қатысқысы келетіндер екі күн ішінде ниет білдіріп маған хат жазсын. Бей-берекет өз бетімен жарияланған шығармалар бәйгеге қатыстырылмайды.

Шығармаларыңызды мына адреске жіберіңіздер: dark_nazgul@mail.ru
Ал, ендеше, жолдастар, іске сәт!
Әрі қарай