Үлкендер арасында болатын қақтығыс, жанжалдардың бала санасына қаншалықты әсер ететінін кітаптардан оқып, психологтардан ғана естіп қоймай, бала күніңіздегі өзіңіздің ұлы қорқынышыңызды еске түсіріп көріңізші…
… Бұрын түрмеге отырып келген Энгельсті сыртынан қаны бұзық, наркоман деп атайды жұрт. Әйелі Жанаргүл мамамның құрдасы, анда-санда сырласып келіп, шай ішіп кетеді біздің үйден. Энгельстің ауласынан шығатын айқай-шудың басты кейіпкері де Жанаргүл сол. Байынан таяқ жейді.
Көзіне қан толған Энгельстің кезекті қойылымының үстінен папам түспей ма бір күні. Ауласының жанынан өтіп бара жатқан папамның көзі Энгельстің қолындағы (күннің көзіне жалт-жұлт еткен деп әсірелемей-ақ қояйын) кәдімгі жыңғыл шабатын ағаш сапты балтаға түседі. Бір қолымен Жанаргүлдің қолаң шашын уысына толтырып алып, бір қолымен балтасын сілтегелі жатқан кезінде ауладан секіріп кірген папам араға түскен. Ажал тырнағынан құтқарғаны үшін алғыс айтып жатуға уақыт жоқ, Жанаргүл шашы жалбырап алды-артына қарамай қаша жөнеледі.
Балтасын жерге тастауға намысы жібермей, папама қарай сілтеп қалған Энгельс түрмеге бәлен жыл арқалап кете барды. Көршісін соттайын деген ниеті болмағанын да түсінемін папамның. Балта тізесіне тиіп, сүйегін опырып, қансырап жатқанын көргендер көмекке келіп, сол жерге дәрігері бар, милициясы бар бәрі жетіп, соңы сондай жағдаймен аяқталды. Хош, Энгельс кетсе кетсін түрмеге… Менің қорқынышымды айтайын.
Таяқтан көзі ашылған Жанаргүл жымың-жымың етіп біздің үйде шай ішіп отырған. «Байың түрмеден қашып шығып, кегін қуып жүрмесін, сені қойшы, біздің үйдегі отағасын да қоса кінәлап жүрмесе болды» деген мамамның сөзін естіп алып, ал енді ұйықтап көр. Біреу есікті соқса да Энгельс келіп тұрғандай, папам жұмыстан кешіксе де жолдан Энгельс ұстап алғандай болып тұрады, тіпті үйдің айналасындағы адам өлтіруге, жарақаттауға келетін темір-терсектің бәрін көз көрінбейтін, шөп арасына тығып әбігерге түсемін. Әрі кетсе 1-2 сынып оқимын. Қорқынышымды мамама айтамын, Энгельс папаны өлтіріп тастамай ма деп. Олар мені баласынып, сөзіме, үрейіме мән де бермейді.
От жағатын пештің ауызына келіп папам темекі тартатын қыстыгүні. Сыртқы есіктің кіре беріс алды сол жер. Есіктен Энгельс кіріп келіп, папаны бас салатындай көрінетін. «Папа, ана жерге темекі тартпашы» деп бір қыңқылдадым. «Пештің ауызын асйүйге қаратып өзгертейік» деп тағы да айттым. Ешкім тыңдамайды, мән бермейді де. Ал, сол үрей мені сол кезде қатты мазалаған. Қатты қорқатын едім. Бір-екі жыл жүрген шығармын сол қорқынышпен. Қазір ойласам, болмашы нәрсе.
Айтпақшы, кейін Жанаргүлдің ауласына кешқүрым электрик Жалғас кіріп бара жататын, кейде Сираж ағаның шөп таситын үлкен машинасы түратын сол ауланың алдында.
«Евровидение 2008» халықаралық ән байқауында Дима Билан 1-ші орын алған кезден бастап, жыл сайын осы сайысты күтетіндердің қатарынан табылдым. Қазақстан қатыспаса да Европаның, Австралияның(2015 жылдан бастап дебют) қазіргі заманауи поп музыкаларын тыңдап, өзіме ұнаған әншілерге жанкүйер болып жүрмін.
Европейский вещательный союздың(ЕВС)бұл өнімі 1956 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді. Қазіргі таңда әлемдегі ең танымал спорттық емес іс-шара болып саналады. Аудиториясы 600 миллион адам. «Евровидениеге» өз елдерінің өкілдері қатыспаса да Қазақстан, Қырғызстан, Канада, АҚШ, Египет, Үндістан, Қытай, ОАР, Ливан, Оңтүстік Корея сынды мемлекеттерде тікелей эфирден көрсетіледі. 2000 жылдан бастап интернет желісінен де тікелей көрсетілетін болды.
Евровидение конкурсының жеңімпазын көрермен мен әділқазы алқасы (профессиональные жюри 2016 жылдан бастап) анықтайды. Кез-келген қатысушы мемлекет өзінен басқа мемлекеттің қатысушысына дауыс береді. Осы жерден саясатты қозғамай, айналып өтпей кетуге болмайды. Мысалы, Прибалтика елдері, Скандинавия, Посткеңестік, Еуроодақ елдері өз-өздеріне немесе көрші мемлекетке жоғары баллды беріп отырады. Белоруссия Ресейге, Ресей Белоруссияға, Норвегия Швецияға, Швеция Норвегияға деген сияқты. Немесе, Армения Әзірбайжанға, Әзірбайжан Арменияға ешқашан дауыс берген емес. Түркия мен Грекияның да жайы осы. Себеп, бұрыннан келе жатқан мемлекет аралық қарым-қатынас.
Енді, былтырғы сайыста украиналық, қырым татары Джамаланың жеңгенін ескерсек, биыл міндетті түрде жеңген елде өтеді. Яғни, Украина. Украиндар Евровижнды 2-ші рет өткізгелі жатыр. Әзірге, ТМД елдері бойынша рекорд. Ресей 1-ақ рет жеңген.
Ресей-Украина қарым-қатынасын ескеретін болсақ, орыстар тарапынан конкурсқа қатысушы Юлия Самоиловаға украиндар қатты қысым көрсетуде. Себеп, сол екі елдің бір-біріне жау болып отырғаны. Юлия Самоиловаға Украйна 3 жылға дейін кіруге тыйым салынды. Бұл екі елдің арасындағы мәселенің шешімін ЕВС-тің өзі шеше алмай отыр. Не де болса жақын арада қызық болғалы тұр.
Биылғы конкурсқа қатысушы 43 мемлекеттің әндерін Ютуб желісінен көріп, тыңдап, өзімнің Топ 5-ді жасадым. Орындарында өзгерістер болуы мүмкін.
Сонымен, 5 орын. Эстония
Koit Toome and Laura — Verona
4 орын. Франция
Alma — Requiem
3 орын. Италия
Francesco Gabbani — Occidentali's Karma
«Офсет баспаханасы»
Талдықорғандағы жар дегенде жалғыз баспа үйі. Газет те, кітап та, журнал да осы жерден шығады. Өмірде бір рет қателесетін электрик болса, одан кейін газет шығаратын инженерлер-ау(өз ойым) Бірақ, бұл жерде қатені түзетуге болады.
Кірген кезде тарс-тұрс аппараттың шуылы, дауысты басып тастайды. Қасыңдағы адамға бірдеңені түсіндіру де бір мұң. Бұған қарамастан жұмысшылардың көзінде, газетті шығаруға деген махаббаты көрдім. Жазудың бір сызықта орналасуы, бояулардың көрнекілігі, барлығы осындағы кісілердің еңбегі. Мен барғанда «Білім шапағаты» газеті шығып жатыр екен. Көз ілеспес жылдамдықпен минутына шамамен жүз шақты газет шығады. Сонсоң, оны орап, көлікпен поштаға жеткізіледі. Дəл осындай ретпен қолыңызға дайын газет топ ете қалады.
Менің жазғаным, орасан еңбектің бір пұшпағы ғана. Бұған дейін дизайнер-беттеуші, корректор, жарнама менеджері одан кейін журналистердің зор қарекетін қосыңыз.
Еңбекті бағалау қазақтың қанында бар. Маңдай термен шыққан газет, түптеп келгенде маңдайдың терін сүртуге де жарамай қалады. Көрсең көзің ұялатын жерлерден кездестіре қалғанда амалсыз қарның ашады. Қарнымның ашқанына емес қадірімнің қашқанына өкінем дағы… Ой бізден оны тараттық шешім шығару сіздерден.
Тағы бір K-Pop стиліндегі топ пайда болды — Black Dial (Блэк Дайл).
Ninety one продюсері Ерболат Беделханның інісі Есболат құрған топ. Алғашқы синглдары Сөйленің клипі кеше Гәкку арнасында жарияланды. Продюсерлерінің айтуынша өте қысқа уақытта, аяқ астынан құрылған топ.
Менің ойымша тым асығыс жасалған жоба. Дебют нашар деп бағаладым. Әуен де, сөздері де, топ мүшелерінің түрлері де тым жасанды, нашар, әуесқой.
Стэнфорд университетінің психология жəне құқық профессоры Дэвид Розенхан бір қызық эксперимент жүргізеді. Ол ақыл есі дұрыс үш психолог, психиатр, педиатр, суретші, үй шаруасындағы əйел жəне аспирантты іріктеп алады.
Бұл сегіздік психиатрия клиникаларына барып белгісіз шуды, дүрсілді еститінін айтып өздерінің психикалық жағдайына шағымданады (шындығында олардың барлығы сау). Дəрігерлер оларлы науқас деп тауып клиникаға жатқызады.
Жындыханаға түскен соң барлығы да өздерін тəуір сезінгенін, шуды, бөгде дыбыстарды естімейтінін айтады. Олардың барлығы 52 күн емдеуде жатады. Ал клинкадан шыққанда жетеуіне «шизофрения» диагнозы қойылады, ал біреуіне «маниакальды-депрессивті психоз» жазылады.
Клиникадан шыққан соң дəрігерлер олардың жағдайы жақсарғанын байқайды. Алайда бір де бір дəрігер олардың ақыл есі сап-сау адам екенін байқамайды.
Эксперимент нəтижесі жарияланғанда барлық клиникалар оның нəтижесіне күмəн келтіріп, мұндай өрескел қателіктің орын алуы мүмкін емес деп шулайды. Профессор экспериментті қайталап тағы да жалған пациенттерді жіберетінін айтады.
Осыдан соң клиникалар келесі 193 пациентті мұқият тексеріп, 41-іне «псевдонауқас» диагнозын қояды.
Ал профессор сөзінде тұрмаған еді. Ол клиникаларға ешбір адамды жібермеген болатын…
Бұл — менің мұнайлы өлкеге алтыншы мәрте келуім. Осы күнге дейін не байқадым? Атырау — Шымкенттіктің көзімен.
1) Атырау — балшықты қала ма?
Ия, балшықты қала. Алдыңғы барғандарымда мән бермеппін, бірақ осы соңғы барғанымда ауа-райы өзгеріп, жаңбырлы болып тұрды. Әрине ол қаланың балшықты болып тұруына әсер етті.
Қаланы балшықтан тазартып жүрген «маман»
«Балшық мамандары» жетпесе техникалар да бар
2) Атырау — мұнайлы өлке ма?
Ия, Атырау — мұнайлы өлке. Қаланың дәл ортасында, дәлірек айтқанда Азия мен Европаны қосып жатқан орталық көпірдің тұсына мұнай шығарып жатқан құрылғының макетін қойып қойған. Ол құрылғы кәдімгідей айналып, «жұмыс істеп жатыр». Арт жақта тұрған Атырау облысы әкімдігінің ғимараты.
3) Атыраудағы көпір — Азия мен Европаны бөліп тұр ма?
Жоқ, ол — жалған ақпарат. Бұл — әрбір қазақтың көкейінде жүрген сұрақты көптеген мұнайшы, геологтардың жиналыс, форумдарында талқылап тастаған. Оны геологиялық және географиялық тұрғыдан олай еместігін дәлелдеген.
4) Атырау халқы дөрекі ме?
Бұл сұраққа жауап беру қиын. Дөрекі адамдар барлық жерде бар, бір жерде азырақ, бір жерде көбірек. Оңтүстік халқына Атырау халқы дөрекі болып көрінеді. Такси тоқтаттық. Тоқтаған таксидың есігін ашып «APEC 500 теңге» дедік. Жауап жоқ, такси есігі ашық күйінде жүріп кете берді. Шымкентте болғанда «Аз ғой мынауларың» деуі мүмкін еді. Бұл сурет иллюстрация үшін берілді және таксистке еш қатысы жоқ.
5) Атырауда тек 14 наурыз — «Көрісу» ғана тойланады.
Жоқ, Наурыз мерекесі де тойланады. Биыл Наурыз Атырауда Исатай-Махамбет алаңында тойланды.
Жиналған жұртшылық алтыбақан теуіп мәз.
6) Атырау халқы тек қазақша сөйлеседі.
Жоқ, еліміздің өзге жерлерінде секілді, әркім өзіне түсінікті тілде сөйлейді. Атыраудың маған ұнаған женрі — қалада қазақша жазулардың көптігі. Мысалға мына белгі көптеген қалада орысша немесе ағылшынша. Осы үшін атыраулықтарға респект!
7) Атыраулықтар — өте бай!
Жоқ, еліміздің барлық өңірлерінде бар сияқты ол жақта да бай адамдар бар, бірақ көптеу %) Бірақ қарапайымдары да бар. Қол боста жағажайға шығып балық аулайтындары да бар. Нәпақасын тауып жүргендері де болуы мүмкін %)
8) Атырау — масаға бай өлке.
Ия, солай. Бұл жолы наурыз айында барғаным үшін маса болмады. Бірақ алдын келген кездерімде танысқанмын масалармен. Адамды анемия қылатын масалары "ұятсыз". Қолыңа қонғанда қанша қусаң да кетпейді. Сурет иллюстрация үшін берілді және жағдай осыған ұқсас.
9) Атырауда ағаш өспейді.
Жалған! Атырауда ағаш өседі, бірақ неге бас жақтарын неге қырқып тастағандарын түсінбедім. Орталықта кесілген ағаштар көп. Ал мынау сурет жағажайда түсірілген.
10) Атырауға барған міндетті түрде фишбармақ жейді.
Жоқ! Атырауға 6 (мәрте, Ақтауға 4) мәрте барып тұрып бірде-бір мәрте фишбармақ жемеппін :(:Y
Атырау туралы стереотиптер осылай. Бірақ қонақжай екендігін ұмытпайық. Блогқұрылтай қатысушыларына уылдырық, спикерлеріне бір қорап балық, уылдырық сыйлағанын да атап өту керек %)
P.S.: Бұл стереотиптерді өздеріңіз де тексеріп көрілеріңізді ұсынамын ;)
27 қарашада өткен ойында жазғы серияның лидері «Бақсы» командасы 8 ұпаймен 1-орын алды. Жазғы серияның соңғы ойынында жеңіске жеткен «Brainstorm» командасы құрамға уақытша жастарды қоса отырып, 6 ұпаймен 2-орында қалды. Негізінен «мафиялықтардан» және тағы бірер командадан құралған микс «Самғау» командасы 5 ұпаймен 3-орынға табан тіреді.
1. “Ирония судьбы или с легким паром” фильміне үнділер 2013 жылы “Жаңа Жылды сүйемін” атты римейк түсірген екен. Фильмде басты кейіпкер Рандир достарымен моншада ішіп отырып басқа қалаға ұшып кетеді. Танымал аббревиатураға сүйене отырып Рандирдің Чикагодан қай қалаға ұшқанын табыңыз.
2. Украиналық мəнерлеп сырғанаушы Елена Ляшенконың айтуынша тек спортшы қыздар үшін ғана емес, жалпы əйелдер үшін “ең жақсы стимул — тек дүкен ғана”. Біз стимул жəне дүкен сөздерімен тек бірінші əріптері ғана басқаша қандай 2
сөзді ауыстырдық?
3. Туринде өткен Қысқы Олимпиада ойындарының бір жарнамалық постерінде трамплиннен секіру алаңы бейнеленген. Постердің астыңғы бөлігінде трамплиннен секіргелі тұрған спортшының шаңғыларының ұштары ғана көрінеді. Жарнамалық постер қай танымал брендтікі?
4. Бір карикатурада ИКС пен ИГРЕКті қосқан кезде қосындысы құпия қызмет дерек қорына айналып шыға келеді. ИКС пен ИГРЕКті атаңыз.
5. 1776 жылы Тəуелсіздік алған АҚШ жыл сайын мереке кезінде 21 рет отшашу атады. Бұл дəстүр бізге де келетін болса, Тəуелсіздік күні неше рет атар едік отшашуды?
6. Жаңа жылдық бір анекдот бойынша еркектің есеюінің 3 кезеңі болады екен. Біріншісі: ол Аяз Атаға сенеді, екіншісі: ол Аяз Атаға сенбейді. Үшіншісін сіз атаңыз.
7. Сэр Фрэнсис Бёртон — танымал ағылшын дипломаты, саяхатшысы, шығыстанушы жəне тыңшысы. Шығыс тілдерін зерттеумен қатар, танымал 2 шығарманы ағылшын тіліне аударуға да қатысқан. Жалпы Еуропа халқы Фрейдтің идеяларын осы шығармалар арқылы қабылдауға дайын болды деседі. 2 кітаптың бірі — Камасутра, ал екіншісін сіз атаңыз.
8. Роберт Мэтьюс атты физиктің бұрынғы зерттеулеріне сүйеніп айтуынша смартфон құлаған кезде экранының сыну ықтималдығы өте жоғары. Физик бұрын ненің құлауын зерттеген еді?
9. “12 маймыл” фильмінде Бред Питт жүйкесі нашар, ашулы адамның ролін сомдайды. Образ мейлінше жақсы шығуы үшін режиссер Бред Питтен нені тартып алды?
ІІ тур сұрақтары by MERmukhanov
1. ИЛ-76 ұшағы Оралдан Лондонға 18 әуе рейсін жасап, кері қайтты. Бұл оқиғаның болған жылын атаңыз.
2. Желтоқсан айының алғашқы күндерінде (бірақ Бірінші Президент күні емес, әрине), суретшілердің бүкіләлемдік екі мерекесі бар. Ол екі мереке арналған суретшілер тобының бір-бірінен айырмашылығын атаңыз.
3. Солақайлар күнінде туған бұл солақай «Арсеналдың» жанкүйерін Иоанн XXIII Шіркеуден аластатқанмен, Иоанн Павел II онымен кездесу өткізді. Бірнеше фильмде ойнаған, Forbes-қа қайбір жылдары 550 және 900 миллион долларлармен кіріп кеткен бұл адамды атаңыз.
4. Көрермен сауалнамасына сенсек, ең ұнамсыз айдар — цитаталар. Америка философы Ральф Эмерсонның кұнделігіндегі цитатаны аяқтаңыз: «Мен жек көремін ....»
5. Сұрақ авторы 2006 жылы «Артек» халықаралық орталығына жолдама алып барды. Ондағы лагерлердің біріне орналасқаннан кейін, Қазақстаннан барған басқа балаларды іздеуі қисынды шығар. Дегенмен, Маңғыстау облысынан келген балалардың көпшілігінің есімінің бірдей болуы аздап жымитты. Олардың аттары қандай еді?
6. Since 1986, Richard is also a businessman and winemaker. He owns the restaurant and a 50-hectare vineyard which produces some 80,000 bottles a year (red and rosé). Бұл кім жайлы википедия парақшасынан үзіп алынған?
7. Қазақ жұмбағын шешіңіз.
Бір нәрсе төрт бұрышты, түсі шұбар,
Екі адам екі жақтан аңдып тұрар,
Екеуі он екіден әскер алып,
Жерінде ұшан майдан ұрыс салар.
8. Революция жылдары Фидель Кастро бір хабарландыру жазуларға екі нөл қосып, салып кететін. Нелерге?
9. «Взгляд» газетінде орынды, ғимараттарды қиратуға арналған бір мақала «Х жоқ» деп аталды. Х сөзі Еуропада «1001 түн ертегілерінің» танымалдығының арқасында таралды. Х-ті атаңыз.
Өткен аптаның бос уақыты Қазақстанның сүт нарығында үлесі көп брендтердің сапасын зерттеп, түсіруге арналды. Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстаннан шыққан белгілі өнімдердің сапасы қандай? Сүт сатып аларда неге көңіл бөлгеніңіз жөн? Біліп жүріңіз.
Шахмат комментарийлері ағылшын және орыс сегментінде біршама таралған. Бірақ, әрине, жеке қызығушылар тобы шеңберінде ғана. Қазақ тіліндегі блиц ойынын экраннан түсіру — жай ғана әуестік, хобби.
Бастапқы ойындарда тіпті сөз орнына әсем музыка ойнап тұрды. Алайда, күннен күнге технологиялық сапа, дауыс ырғағы, комментарий шеберлігі көтерілуі тиіс. Ойын сапасы да өседі, бірақ әуесқой деңгейден ары аспайды.
Жалпы, блицті бірді жығар!
Күз бен қыста Сіз білуге тиісті кеңестер топтамасы. Бес минутыңызды бөліп асқабақ таңдау, оның пайдасы туралы бейнесюжетке назар салыңыз. Ең пайдалы көкөніс — асқабақты жиі тұтынатын кезең басталды.