Black Dial тобының дебюті ұнады ма?

Блог - asaubota: Black Dial тобының дебюті ұнады ма?

Тағы бір K-Pop стиліндегі топ пайда болды — Black Dial (Блэк Дайл).

Ninety one продюсері Ерболат Беделханның інісі Есболат құрған топ. Алғашқы синглдары Сөйленің клипі кеше Гәкку арнасында жарияланды. Продюсерлерінің айтуынша өте қысқа уақытта, аяқ астынан құрылған топ.

Менің ойымша тым асығыс жасалған жоба. Дебют нашар деп бағаладым. Әуен де, сөздері де, топ мүшелерінің түрлері де тым жасанды, нашар, әуесқой.

Сіздің бағаңыз қандай?

Black Dial тобының дебюті ұнады ма?

Бөлісу:

6 пікір

MickThatsMyNick
«Айыптама»-ға қарағанда «Сөйле»-нің сөздері анығырақ, түсініктірек. Бірақ Айыптаманың әуеніне жетпейді. Қайткен күнде де бұл жанрды қолдаймын. Айтпақшы, 91 твлардан көрінбей кетті шота..((
Rafaello
Аты да ыңғайсыз екен
zholantai
Иә, ұнады. Алғаш көріп, тыңдағанда қабылдау қиын болуы мүмкін, қайта айналып әнін тыңдағанда ұнап бастайд екен
asaubota
Гәккуден күнде көргесін ұнап бара жатыр енді :)