Қоғамдық көлікте күнде жүретіндіктен адамдар арасындағы мәдениетсіздікке көп тап боласың. Мысалы, телефонмен ұзақ сөйлесу, айқайлап сөйлесу, бір-бірімен ұрысу және т.б. Сол себепті әрбір қоғамдық көлікке әдептілікке, мәдениеттілікке шақыратын табличка жасауды ұсынамын. Кім біледі, бір күні әкімшілік менің блогымды оқып, кеңесіме құлақ асып қалар. Сонымен, табличкада мынадай әдепке шақыратын сөздерді болса:
Жоқ, жоқ, әрине: болжам жасап, бал ашуды — тек қана қарама-қарсы жыныстылардың дерті деуден аулақпын. Бірақ, бозбала шақта болашақ қатынымыз ең құрығанда — Джолидей болады деген соқыр сенім бола ма, еркектерді беймәлім болашақ көп мазаламайтын сияқты. Ал енді қыздар… Ом манэ падмэ хуум…
Қатындардың бал ашуы — неше түрлі діндер мен дінсіздіктің тоғысқан жері. Шашын жинап, биязы бов жүретін қызды,
Тамыз айының соңы, Конституция күні қарсаңы болатын. Талдықорған арбатын бойлап блиц-сауалнама жасамақ ниетте келемін… Кенет алдымнан аласа бойлы, түр әлпеті еуропа нәсілді жігіт келіп, «ужасный» орысшасымен бірнәрсе деп сөйлей бастады. Айтқанының бірін де түсінбедім.
Ораза ұстасақ та ұстамасақ та бұл түнде аз да болса құлшылық еткен дұрыс екен. Қадыр түні намаз оқымасаңдар да діни сауат ашатын кітап, мақалалар оқыңдар. Алла Тағала бәріміздің біліп, білмей істеген күнәларымызды кешірсін.
Бұл түні мына дұғаны оқу керек:
«Алаһуммә иннәкә афуун, түхиббүл афуа, фағфу анни (Алла Тағалам, Сен кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің, менің күнәларымды кешіре гөр!)»
Мектепішілік «Алтын күз» мерекесі мәреге жақындап, қысым мен температура жоғарылай бастайды. Бәрі білед: біздің сұлу Айжан алад! Билеп те берді, ән де салды, ал қиғаш көздерімен атып-атып жіберген кезде, еркек атаулы дімкәс бірдеңеге айналып, мал
Бірнеше күндік уақытымды сарп етіп, Шымкенттің 40-тан жоғары ауа температурасында әрлі-берлі сабылып жүріп Интернеттен мақала ұрлайтын газеттердің бірі саналатын "Әйел денсаулығы" газетін сотқа бердім. Уақытым өте тығыз болды. Бірақ бастаған істі соңына жеткізбей тастап кету ол газеттің битін семіртіп жібермесін, қалай да бір істі істейін деген оймен сотқа арыз тапсырдым. Соттың барысы мен шешімді уақыты келгенде біле жатармыз.
Ну, братцы, сестрицы (ср.: сестерций — денежное измерение заповедника «Дервишулгень»), настал час долгожданный. Наполнились чашы терпения, на великом волеизъявили поизъясняться. Заметьте, сие есть дань «Керекинфо» одному из миноритарных языков. На нем думал и сочинял Пушкин, Евтушенко, и властьимущие господа наши тоже думали и сочиняли. То ли еще будет… «От них какое наше место слабее»?! (в простонародии — олардан қай жеріміз кем?)
Енді бізге ешкім келіп оқымайды өлеңін
Аңыз болып қалады әлі «Анар» жайлы өлеңің
Төмен санап көпшілікті өзіңнен
Қай биікке шығам дейсің Өренім?!
Жеткен жері сол ма бәлкім өреңнің…
Жә, жә! Жарар! Қарайлама артыңа
Мүмкін біздер жете алмадық парқыңа
Қол сағатың күн нұрына жарқылдап
Жаза бергін осы жазған қалпыңда!
Украинадағы күндер де аяқталды, міне… Қызық… 2 ай бойы сыртта жүрсем де, алыстығын еш сезінбедім. Ол үшін интернетке мың алғыс: Агент, Фейсбук, Керекинфо жападан-жалғыз отырған кештерді мәнді етті. Бәрібір кейін қайтатыныңды біліп тұрғасын (иншалла!) жылауық сағынышқа да жүрегімнен орын болмады. Тек қана позитив. Осындағы достарға да рахметімді айтамын: «Әпкееее» деп жымиып тұратын Теріскейге, «Өйт-бүйт» деп кеңес айтып тұратын Жаннаға, «Бұқақақалап» жыныма тиетін Қарасақалға, «Шрақ, слм» деп позитив ұсынатын Монтиға, аздап қанымды ішкен Гастаға, арасында отпускке қашып кеткен Саммитаға, керемет сюжеттерімен өлтірген Сатекеңе, өлең арнаған Қисыққа… бәріне, бәріне!
Youtube-тан видео қарап жүргенім болмаса өзім онда жүктеп көрмеппін, сол пробелді бүгін толтырдым.
Қабыл алыңыздар:
Менің беседкам және аулам (22.09.2010)