Team Karacho

Тамыз айының соңы, Конституция күні қарсаңы болатын. Талдықорған арбатын бойлап блиц-сауалнама жасамақ ниетте келемін… Кенет алдымнан аласа бойлы, түр әлпеті еуропа нәсілді жігіт келіп, «ужасный» орысшасымен бірнәрсе деп сөйлей бастады. Айтқанының бірін де түсінбедім.
Болмаған соң «ду ю спик инглиш» деп «сайрап» қалдым. Бәленің бәрі осыдан-ақ басталды. Айтыс ақыны Айтақын Бұлғақовтың ебіне салып, тоқтамастан «кетті» инглиш.
Байқұс қайдан білсін, менің бар білетінім бір екі ауыз сөз екенін…
Көзім аларып, желкемді қасып тұрып, дереу интернет-кафеге бару керек деп шештім. Әлгі жігіт жалғыз емес екен. Қасында толық біреу тағы қосылды. Осылайша үшеуіміз интернет кафеге аттандық.
Гуглдың аудармашысын қосып, бір қазақ, екі ағылшын орысша сайрай жөнелдік…

Ақыры бұл екеуі ағылшындықтар емес, швецариялықтар болып шықты. Жыл сайын өтетін Монгол раллидің қатысушылары екен. Тек көліктері сынып қалып, қайғырып отыр екен. Сапардағы серілерге қол ұшын беріп, қолдан келгенше көмектен аянбадым. Таныс-тамыр, дос жарандардың арқасында көліктерін «жөндетіп», екі-үш күнде жолға салып жібердік. Кетерінде facebook-тегі логинімді қолдарына жазып беріп, естелікке кішкентай түйенің мүсінін сыйлап қоя бердік.
Әупірімдеп жүріп Моңғолияға жеткендерінде хабарласып, алғыстарын білдірген еді.
Бүгін түсте қайта хабарласты. Ұмытпапты. Келесі жазда бізге кел деп шақыру салды.

Адамға арам пиғылсыз көмектессең, екі-үш есе болып алдыңнан қайтар деген бар емес пе…
Бөлісу:

17 пікір

madlen
Жарайсың! Барыа кел енді Швейцарияға!
Onlasyn
Адамға арам пиғылсыз көмектессең, екі-үш есе болып алдыңнан қайтар деген бар емес пе…
Мынаны түсінбедім.
AsanQaigy
шынында олар тонап кетеди деп корыкканга уксайды. Тек екинши куни гана сене бастады.
asaubota
жарайсың! қазақтар жақсы халық деп қалған шығар.

мен де кезінде мына жігітке көмектескенмін. кетерде адресімді сұрап қалды. сөйтсем бірнеше күннен кейін үйге посылкамен ПСВның шарфы келіп тұр, досына хабарласып маған салғызып жібертіпті.
patick
осы жаяу жүретін мужикті телебездірден көрсетіп еді, танысып алған екенсің ғо
araika
Сіздегі арам пиғылды ұға алмай отырған… Бірақ, жақсылыққа жақсылық — жақсы адамның ісі деген ұлтқа қарамайтын шығар, ләйім еселеп қайтсын дейік!
izbasar
Асанқайғы маладес. Жігіттік жасапсың есесіне әлемнің қағанының алып мүсінің жанында түскен фотосын салыпты. Сағанда әлемді шарлауды жазсын.
AsanQaigy
ол менин аманатым болатын.
izbasar
Әрине, сен өйткені қазақсың!
meirzhan
«Арам пиғылсыз көмектесу — ешбір пайданы көздемей жақсылық жасау» деп ұқтым.
meirzhan
Адамдарға тіліне, нәсіліне қарамай жақсылық жасау — нағыз адамшылық. Әрі қазақтарға деген көзқарасты жақсарту.
Lola
Жол болсын! Қай жерге барсаң да жақсы адамдар кездеседі ғой. Ең жақсы көмек -жолда қалған жандарға жақсы көмек беретін жолсеріктің табыла кетуі.
Altygradus
жақсы болған екен. Жалпы қандай ел болмасын әдемілігінен бұрын адамдарымен есте қалады. Оларға ҚЗ ұнап кетті дегенге 100% сенемін.
19852407
Жердің жұмағы деп кеткен шығар , жарайсың!
AL-ASTER
Осы жазда осындайларды Бурабайдан көрдік. Екеуі Кувейттен, біреуі грек екен. Монғол раллиге бара жатыр екен, кішкентай гольф типтес көліктері бар. Бар қызық мынада болды: заттарымызды ауыстыра бастадық. Бастағы киіз тақия очкиге ауыстырып, футболканы футболкаға т.с.с.)) "Қазақстанның" патриоттары боп кетіп қалды)) киім кешектерінде көк туымыз ауыстырып алған