Бастау — маған сын, қоштау — сіздерге сын
Бірнеше күндік уақытымды сарп етіп, Шымкенттің 40-тан жоғары ауа температурасында әрлі-берлі сабылып жүріп Интернеттен мақала ұрлайтын газеттердің бірі саналатын "Әйел денсаулығы" газетін сотқа бердім. Уақытым өте тығыз болды. Бірақ бастаған істі соңына жеткізбей тастап кету ол газеттің битін семіртіп жібермесін, қалай да бір істі істейін деген оймен сотқа арыз тапсырдым. Соттың барысы мен шешімді уақыты келгенде біле жатармыз.
"Әйел денсаулығы" газетінің тек менің емес, сіздердің араларыңыздағы белсенділердің де мақалаларын ұрлап жатқаны анық. Олай болса, осы газетті өздеріңіз тұратын (тіркелген) мекен-жай бойынша аудандық соттарға шағым түсіріп, заңды белден басқан, авторлардың зияткерлік меншігіне қол сұққан басылымды заң аясында жазалауға ат салыссаңыздар екен. Бұл өтінішім тек бұл газетке емес, сондай-ақ осы типтес екінші-үшінші сортты барлық көшіргіш газеттерге қатысты айтылып отыр.
Ұрыста тұрыс жоқ!

Ал мысалы, басқа газеттен алып, аударып көшіріп баса беретін (иесінің аты-жөнін жазбай) газеттерді де айыптауға бола ма? Әлде ол құқық бұзуға жатпай ма?
Егер мақала сөзбе-сөз аударылса, мағынасы да сондай болса, онда автордың рұқсаты керек. Аударылған жаңа мақаланың авторлық құқығы аударған адамға тиесілі болады.
Блогқа жазарда енді қумай, әдемі жазатын болыңдар))))))))))