Қадыр түні дұғасы



Ораза ұстасақ та ұстамасақ та бұл түнде аз да болса құлшылық еткен дұрыс екен. Қадыр түні намаз оқымасаңдар да діни сауат ашатын кітап, мақалалар оқыңдар. Алла Тағала бәріміздің біліп, білмей істеген күнәларымызды кешірсін.

Бұл түні мына дұғаны оқу керек:

«Алаһуммә иннәкә афуун, түхиббүл афуа, фағфу анни (Алла Тағалам, Сен кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің, менің күнәларымды кешіре гөр!)»
Бөлісу:

21 пікір

Nurgisa
Машаллаһ, құрдас! Осыған дейінгі жазғандарыңның төресі болды бұл постың! Алла тағала айлардың сұлтанында дұға-тілектерімізді қабыл етіп, әмәнда иманымыз кәміл болса екен, иншаллаһ!
Delhi
қадыр түнi қабыл болсын! Денiне саулык, отбасына аманшылык берсiн! АЛЛАХТЫН БIР ӨЗI ЖАР БОЛСЫН!
izbasar
Мың айданда қадірлі Қадыр түні елімізге амандық, дініміз мен тілімізге дамудың сара жолын Аллахым жазсын!
asaubota
Убәда ибн Самит Алла елшісі (с.ғ.с) Қадыр түнінің белгілері туралы былай айтқанын жеткізеді: «Қадыр түнінің белгісі – таза және жарық, ол түні ай масаттанып (жарқырап) тұрғандай болады. Бұл түні, таң атпайынша жұлдыздар атуға рұқсат етілмейді. Оның және де бір белгісі: таңертең күн сәулесіз, толған ай секілді түзу болып шығады, әрі шайтандарға онымен бірге шығуға рұқсат етілмейді» (“Тәфсир Ибн Кәсир” 4/255).

түнде темекі тартамын ғой шығып, бүгін түн шынымен ерекше болып тұр. ай да жұлдыздар да. аспан ашық болып тұр. әлде бүгін Қадыр түні болғасын мұның психологиялық әсерінен маған солай көрініп тұр ма?
Nurgisa
Бүгінгі күннің ерекшелігіне күмәнің толық сейіле қоймағандықтан ғой, құрдас… Әйтпесе, көзің көрді, жүрегің де шын сезіп тұрған сияқты.
asaubota
осы демалыс бойы күнде кеш жатып жүрмін ғой, байқағаным бүгінгі түн ерекше болып тұр.
talgatjez
Иә, бізде де солай. Бүгінгі түн ерекше екені сезіліп, көрініп тұр.
bizbike
Түн шынымен де ерекше болды. Бұрын үйден шықпаған соң ба, білінбепті. Ал кеше мешіттің ауласында отырдық. Атыраудың бір де бір мутант масасы шаққан жоқ, ыстық та емес, салқын да емес. Көпшілікпен болған расымен де әсерлірек екен, мейрам сияқты.
sigma
Сәпсем біткен екенсің, енді темекіні тастай алмайсың.

ПыСы: 1 жылдан соң айтты деп ренжіме.
asaubota
қандай байланыс темекі тастаумен?
Gastarbaiter
Ақырғы стадиясы тәуелділіктің, түнде төсектен тұрып темекі шегу. Бір кеш шыдай алмағаныңды айтқан болар.
asaubota
төсектен тұрып темекі тартуым сирек. былай ұйықтамай жүрсем түнде көп тартамын, ұнайды.
Gamk
Аспан сәл жарық болған сияқты.
asaubota
осы дұғаны оқыңдар бүгін түнде
a63a1
Қарағандта күн күркіреп жаңбыр құйып өтті
asaubota
бүгін эфирге шығатын тақырып
kariim
Иә, осы дұға:
اللهم إنك عفو كريم تحب العفو فاعف عني
kariim
Бауырлар, Қадр түні басып қалу керек құлшылықты!
satibaldi
«Кадр түні» деген әңгімеге сюжет кеп тұр…
asaubota
Жоғары шығарып қояйық