Қатындардың бал ашуының әрі-бері тарихы

Жоқ, жоқ, әрине: болжам жасап, бал ашуды — тек қана қарама-қарсы жыныстылардың дерті деуден аулақпын. Бірақ, бозбала шақта болашақ қатынымыз ең құрығанда — Джолидей болады деген соқыр сенім бола ма, еркектерді беймәлім болашақ көп мазаламайтын сияқты. Ал енді қыздар… Ом манэ падмэ хуум…
Қатындардың бал ашуы — неше түрлі діндер мен дінсіздіктің тоғысқан жері. Шашын жинап, биязы бов жүретін қызды, қазақтың керемет иманжүзді қызы екен деп, ерте қорытынды шығармағайсың. Түндегі жалғыз әлде құрбыларымен жасайтын бал ашу әрекеттерін көрсеңіз, төбе, жалпы — барлық шаштарыңыз тік тұрар еді. Бал ашу рәсімдерін христиандық салтпен бастап, бірақ алда-жалда қорқынышты бірдеңе бола қалса — «бісміллә!» дей салатын халық бұл қыздар деген. Сонымен, мен көрген һәм естіген бал ашу түрлері.
1. Ең мегапопулар әдіс — «cүйе ме, сүймей ме?» деген сұраққа жауап беретін бал ашу әдісі. Екі тал сіріңке жағылады да, телміріп қарап отыру керек. Егер, о аспа иелері, — сіріңкенің бірінің басы екіншісіне қарай құлай жанса, — нақсүйерің тап қазір саған деген махаббаттан өлейін деп, хал үстінде жатыр, нақ әкесс!
2. Жіптер. Үстіне, әлде басқа жеріне жабысып қалған жіп дереу алынады да, саусаққа алфавит ретімен орала бастайды. «А»,"Ә"… деп күбірлеп, жіпті орап отырғаны. Жіп қай әріпте таусылса — жігітіңнің аты со әріптен басталатын көрінеді, шешесстің! Бұл әдістің күмілжітетін жері: әдіскерлер әдістемелік нұсқауда — жіп «Ъ» әрпінен аяқталса, жігітіңнің есімі қалай болатынын атауды ұмытып кетіпті.
3. Ал мынабір әдіс… Негізі қатындардың психологиясы былай: бал ашу процессі неғұрлым қорқыныштырақ болса — соғұрлым дәлірек. Ендеше бұл бал ашу процессіне… ну енД, ертерек андай бов кеткендердің әруақтары шақырылады. Әруақтар әдетте, егер барзақтағы хай-вайлары бітіп, қолдары, кешірерсіздер — рухтары бос болса, келіп кетеді. Очм, үлкен плакатқа шеңбер бойымен 42 әріп жазылады. Ал қақ ортасына, Аспан Иелері! — крест пен табыттың суреті салынады! Оған май шамға қыздырылған тәрелке қойылады да, әлдекімнің, мысалы — Майкл Жексеннің әруағы шақырылады. Бейшара әруақтан, жігітімнің аты кім деген сияқты құсық сұрақтар сұралады. Әруақ тәрелкені жылжытып, әріптерді нұсқау арқылы жауап беретін көрінеді-іс. Ең қызығы, поп-корольдің қазақ тілінен мағұлматтарына таң қаласың. Иә нақ: бірде Гүлзираға жігітіңнің аты «Нұрлан» депті нақ!!! «Nurlan» емес ең болмаса, тап солай! — «Нұрлан» деп «жазып» беріпті. Енді бақытты Гүлзира — екі дүние арасындағы қалың қабырғаның қалайша бұзылғаны таң қалдырмайды, назар аударыңыз — оны… Майкл Джексонның «Нұрланды» танитыны толқытады!!!

Очм, жыныстың екі түрінің иелерінің де бірі-бірінің жолында ішпей жатқан уы, істемей жатқан ісі жоқ сияқты, ледимакбетсстің!!!
Бөлісу:

83 пікір

blackbeard
 Ромашкалардың дәуірі өтті десей
Zilola
2 метод арнайы бал ашу емес, калыптасып кеткен адет дер едiм.
мен солай жасайтынмын мектепте жургенде ))
Altygradus
бірінші әдісті алғаш естуім
Serzha
ниппондық қыздарда қандай әдістер кең таралған екен?
bazuka
ана үшіншісін қыздармен бірге жасап көрдік))))))
satibaldi
Қай бейшараның әруағын шақырдыңдар?
bazuka
былмим қыздар жасады, бір қызды шақырып келді мен онша танымайтын. сол бірдеме деп күбірлеп отырған))) әйтеуір сол қыз ұстаса ғана тарелке қозғалатыны есімде қалыпты))
bazuka
ааа және де қыздар қайта қайта жасай берген соң тарелкенің бізді қуғаны бар сол бір қызық болды))))
satibaldi
Арттарыңа қарамай Сталинді шақырасыңдар, әрине сөйтеді.
bazuka
қой құрсын сталинде неміз бар))))) жай ермек нарсе ғой ол.
Zilola
3тi жасап кормедiм, киноларда коргенiм болмаса. тарелканын оздiгiнен кыбырлайтынына сенбеймiн
bazuka
Зи жасап көр қызық болады)) шынымды айтсам қалай жүргізгенің білмим ол тарелкені әйтеуір қозғалды, тарелкені төнкеріп, помадамен белгілеп қойды, сосын әріптер және цифрлер салынған бір плакат болды сонын үстіне қойып бір қыз күбірлеп отырды.
19852407
ық-ық
талай осы «күнәға» батыведік…
Пушкиннің аруағы аман болғыр
19852407
Интернат. Бұл «обрядты» обизательні түнгі 12:00 де бастау деген ырымға имандац сену. Няня Рембодан қаан №64-тің есігін ашып қалады екен деп қорқа отырып аруақтарды шақыру… ық-ық
19852407
ехх, орыстың побыр апашкілері бетінде бір кусок сарымайы бар пшено сап беретін столовыйдан ұрланған розобый капрон тарелкелеріне талай біздің старшекласнитцццалар рахмет айтқан шығар
meirzhan
Пушкиннің аруағы аман болғыр
Жақында керекинфода да Пушкиннің атын атап, шақырған сияқтысыңдар ғой
asaubota
3-шісі туралы «жоқ, шын ғо шын» деп айтқысы келіп тұрған қыздар көп. бірақ, біреулері әлі тіркелмеген мында, просто оқиды. ал біреулері жазуға ұялып тұр, бастапқы каменттерді көріп.
AKY
3-әдісті жасадық. Бекет атаның әруағын шақырдық. Содан соң мен тәрелкені жылжытып, әлгі қызға Эльдар деген есімді жазып бердім. Әлгі қыз о гім нақ деп миы ашып кетті. Тәрелке өздігінен қозғалмайды. Мен қозғалттым
Zilola
бәсе дим да, мистикасы жоқ екенін біліп едм
sammita
біз де жасағанбыз жатақханада. Тарелкені білмеймін. Инеге жіп сабақтап, иненің ұшын май шамға қыздырып аласың да, 42 әріпті шеңбердің тура ортасына қадап, жіптің ұшын жоғары ұстайсың бостау. Әлгі ине-жіп айналып әріптерді нұсқайды.
Aizhantabyn
хахахаххах))))))))))( 15 жасар «щеглушкалар» демеісіз бе, аға? Мыналар деген «детский сад») Қазір керек емес сүйе ме сүймей ме, берешь объект, фотаешь, идешь в ведьме, приворот жасатасын и все! И любит, и жить не может. Вот это қатынский вариант)))
AKY
Рождество қарсаңында (кечроң) апамның құрбылары келіп, бәрі пал ашты. Пал ашатын бөлмені қараңғылап, мысықты оң аяғымен кіргізу керек екен. Әлгі мысық оң аяғымен кіргенше, қанын іштік
Сосын әрқайсымыз бір-бір барақты жұмырлап, тәрелке ішіне жақтық. Қалған қалдығының көлеңкесін балауыз шам жарығымен тамашалап, өзің неге ұқсатасың, солай болжам жасай бересің.
Бір қыздың жаққан қағазының көлеңкесі ашылып тұрған сақина салатын шкатулкаға ұқсаса, бір қыздыкі сүйіскен жұпқа ұқсағаны есімде.
AKY
барақты
парақты дегенім ғұә
Aizhantabyn
сосын не болды?))) ең қызығын айтсай)))
AKY
Сосын сол. болды. Қазір ол қыздардың бәрінің кем дегенде баласы бар ал біреуі тіпті ажырасып үлгерген.
Aikona
Мәә, жіпті орап әріпті гадать еткенім болмаса қалғанын жасап көрмеппін . 3- шісін шетелдіктер ғана жасайтын шығар десем… Біз Ромашканың дәуренімен өтіп кеткен сияқтымыз…
Қазір керек емес сүйе ме сүймей ме, берешь объект, фотаешь, идешь в ведьме, приворот жасатасын и все! И любит, и жить не может. Вот это қатынский вариант)))
мына әдіске жыным келеді, ең көп таралғаны шығар, блин даже қорқыныштыыыы
Aizhantabyn
да лан, жан, релакс))) несіне қорқасың. Қорқса, еркектер қорықсын. Хотя, олар же будут думать, что сами влюбились и сами жить не могут)) (кроме шуток, самый верный и опасный метод)
satibaldi
кроме шуток, самый верный и опасный метод
Ведьма окаяннная! Изыди! Цыц!!!
asaubota
бірақ, ондай еркектің ақыл-есі дұрыс болмайды ғой уже.
AKY
Ия, қияли болып, есі ауып кетеді екен.
Aldeken
Мектепте жүргенде қыздар отыратын дәптерлеріне небір торкөздерді сызып алып, оған жігіттердің атын жазып, белгісіз манипуляциялардың көмегімен әрқайсысының өзіне деген симпатия, антипатия, нейтралитет секілді статусын айырып. Жігіттер болса сол қыздардың торкөздерінде белгілену жиілігі бойынша өз рейтингтерін белгілеп алатын....)))))
Жалпы, бір апам айтқан, «шөлден көзіңе галлюцинациялар келіп тұрса да, қыздардың қолынан ашылған бөтелкедегі сусынды іше көрме» деп…
Қазір керек емес сүйе ме сүймей ме, берешь объект, фотаешь, идешь в ведьме, приворот жасатасын и все! И любит, и жить не может. Вот это қатынский вариант)))
мынаны корген жігіттер енді жігіттер бетін тұмшалап жауып жүретін болар
AKY
Мой мир мен Фесбоққа сюреттеріңді қоймаңдар. Қорқыңдар! Қорқыңдар! ©
Балшыға бардым
Aldeken
қатынский методқа қарсы тұратын бірдеңе жазыпты мына жерде
Meru
Біреуінде істеп көрмеппін, бір армиянға барғамынымыз есімде, көзі ойнақтап, түрінен қорқып кеткем, айтқандарына да сенбегем))
omarbirat
Кітаптың ортасына қайшы қыстырып, лентамен байлап қоятын бір әдісін көргенім бар еді.
asaubota
аха, сосын екі шетінен саусақтың ұшымен ұстап тұрасың. кітап екі жаққа қозғалып тұрады.
omarbirat
Еске түсіп кеткені:
sammita
сіз осы, мысалы, үйде де видеомен сөйлесесіз бе
omarbirat
Реалда видеомен сөйлесу мүмкін еместігін ескеріп, көбінесе үндемей отырамын
sammita
үйде деймін де мысалы, жүгірііііп барып комп/дивиди қосып жіберуге болады))
VKM
Әні күшті екен, мен қалай естімегенмін?
Никуда не денешься, влюбишься и женишься, все равно ты будешь мой)
Lyaila
2 әдісті мектепте жиі қолданатынбыз, сосын сол әріппен басталатын үлкен кластың жігіттерін бір-бірімізге қосып жәй күлкі ететінбіз)))
Ал, 3 әдісті 1 курста общягада көрші бөлмеде «жасап» көрдік. Содан жарықты бәрін өшіріп, свеча жағып, «жайлы» атмосфераны құрып алдық)) 0-9 сандары, 42 әріп және «иә», «жоқ» деген сөздер жазылған плакатты тегіс жерге орналастырдық та, стрелка білгіленген тарелканы екі жағынан «батыл» қыздарға ұстаттық, мен сияқты "қорқақтар" тек бақылаушы болды. Кімнің аруағын шақырғанымыз есімде қалмапты, бар есімде қалғаны: теп-тегіс плакат бетіндегі тарелканың сырғанауы, барлық қыздардың жабылып оқып үлгере алмай жатуы, боқтық сөздердің «жазылғаны», «батыл» қыздардың шошынған даусы және жүгіріп барып светті жағуыммен аяқталған процесс))) Содан бұл түні көрші қыздар бөлмесіне кіруге қорқып, біздің комнатада ұйықтап шықты. Ал, ертеңінен мәз боп күлуге, мазақ етуге азық болған операция «Ы» болып қалды)))
bazuka
хе хе біз түнде жасауға қорқып күндіз жасадық)))))) Қасымдағы қыздың жүретін жігітінің атын, қай жылғы екенін жазды, осыны түсінбедім, тылсым дүние бір.
e_zhalgas
«суженый-ряженый приди ко мне ужинать»
Erkekyz
Екінші әдісті еңбек сабағы біткен соң жасаушы едік ерігіп. Қалғанын білмил екем.
Makhabbat
бул біреудің устінен жіп тауып алганда жасалатын әдіс кой,
оны еңбек сабагы біткенше сактап журесіндер ме?
Makhabbat
екінші мен ушіншісін жасап кордік, Бекет атаның аруагын шакыратынбыз.
«Біздің сурагымызга жауап бергіңіз келе ме»- деп сурайтынбыз,«жок» деген жазуга барса, ол куні токтатып тастайтынбыз
келесі куні кайтадан ашамыз, тарелка козгалып жататын, ешкандай тылсым күш жок, біреуі козгалтатын болып тур гой, сол кезде сенетінбіз.
satibaldi
Бекет атаның аруагын шакыратынбыз.
Шешесс…
Aizhantabyn
мектеп кезінде дәптердің (кез келген, обычно математика пәнінен) артында бал ашатын неше түрлі схемалар болатын. ЛУРНИСТ дегендер сияқты)))) ужас еді ғой. Сабақтан гөрі, бал ашуға кететін парақтарымыз… Сосын бір күні, матем мұғалім( к слову мега мұғалім, просто чудо), бал ашқан адамды 40 күнге періштелер тастап кетеді деп қорқытты, че то сразу перестали))))
patick
Қыздар, сендер қауіпті жансыңдар. Әруақтарды мазалаймын деп, оларды ашуландырып алып жүрмеңдер. Әйтпесе, бүйтіп кетеді:

balzaminka
en korkynywtysy ainamen awu deidi goi, durys bolmasa jyndanp ketu kaupi bar eken, ozi ras aitady deidi halyk
meirzhan
Митхун ағай елінде қалай бал ашады екен?
QaradomalaQ
Бал ашу деген барып тұрған бассыздық! Ашқанға да, аштырғанға да, шайтанның шырмауына апарып «топ» еткізетін бассыздық. Сосын қыздарымыз күйеуге шықпақ түгілі, іштегі жындарынан құтыла алмай, ақыры параноидалдық шизофрения диагнозімен жындыханадан бірақ шығады.
Armanjan
Керемет сюжет екен расында. Оқып болғасын табан соқпай кете алмайсың.
Gastarbaiter
Жүйке Тілдік бағдарлау мен гипнозға, өзіңді қиялдандыруға, және визуализация, сендіру, көндіру құралдарымен түсіндіріледі.
Яғни сенуге іштей дайындалып келген адамды лоховать ету оңай. Тіпті көреукөэ дүниелерді астарлап айта алатын болсаң, байқампаз психолог болсаң, адамның болашағын болжау қиындыққа соқпайд.
Қоғамда адамдардың алатын рөлдері санаулы ақ сюжеттері де санаулы стандарт жолдармен өрбейді.
Ешбір есі дұрыс бақсы, мысалы, абсурд айтпайды. Мысалы, сен ертең Меркурийге қонасың, құлақтарың бұтаққа айналып кетеді демейд. Оған фантазия керек.
Жалпы халықтың өмірі өте кедей, стандардты сценариймен өтеді.
Жастар оқуға түседі, қатынас құрад, орта жастар балалы боп жатады, егде тартқандар той-өлім жітімге барғыш болады…
Муаххахалаңа рахмет, іш босатып, жеңілдеп қалдым, нақ…
VKM
Мен де сенбеймін, балгерлере бармаймын, спиритизммен айналыспаймын… тек «Битва экстрасенсов»ты көріп, таңқаламын)
meirzhan
спиритизммен дегенді әдейі солай жазған сияқтысың ))
VKM
ешқандай екі ойсыз жаздым)Тура мағнасында
Gastarbaiter
Телевизор деген адамды зомби қылудың, бәрін бірдей ойлатудың, ақымақ, мақау, топас етудіңең масштабты, ең данышпан, ең ең ең сәтті ойлап табылған құрылғысы.
Әлбетте, бөлек жағдайларда оның ағартушылық қызметі де бар, бірақ ТНТ, МТВ, Евразия и иже с ними оларға жатпайды
Көпшілік адам тоқ болса сауат іздемейд, оған тек қызық бер, секс бер, секстен кейін тағы секс, қызық, тағы секс бер. Экстрассенстер сол қызық.
VKM
Асқар,қумаш
Gastarbaiter
Енді, маркетологтар жүргізген статистика бойынша да, психологтардың зерттеулері бойынша да әйелдер жалған әсерге көбірек берілгіш.
Сондықтан, кім қуып отырғаны, үлкен сұрақ белгісі.
VKM
Білмим, сен эволюциялық дамуда алға кетіп қалдың ба әлде мен «тормоз»болып жүрмін бе, сенің жазғандарыңды 2-3 рет оқып,әзер түсінетін болыппын))))
әйелдер жалған әсерге көбірек берілгіш.
қосыламын)
Gastarbaiter
Бірақ еркектер адамаралық қарым қатынас, көз қысты бармақ басты тірліктер, өз жеке басының құпиясын сақтау, жест мимикадан адамның ойы мен күйін сезуге, өлләхи білә тап шыным деп алдауға келгенде сендерден мақаулау екенбіз. Шарлатандық, қарызға ақша алып бермей қою менн балгерліктің әйелдерде танымал кәсіп екені соны айғақтайды.
ken
айнаға түні бойы ұйықтамай қарап отыра берсе, болашақ күйеуінің түрі көрінеді-міс.
VKM
ой, кен, фантазер))))
aikarakoz
О! Мен енді жасап көрмесем… Шынымен жасап көргім келед, қалай жасау керек екенін білетін мұсылман жажжверсе…
ken
нені?
aikarakoz
Бал ашудың үшінші әдісін
araika
Философия мұғалімі "қыздардың балшыға барғанда екі-ақ мәселесі(сұрақ) бар. Біріншісі — «тұрмысқа шығамын ба?» болса, екіншісі — шықсам, кімге?" дегенді көп айтатын

Жоғары сыныпта жүргенде карта-гадалкамыз болған, күн құрғатпай соны айналдырып отыратынбыз.
Aya
Үшеуін де практика жүзінде көргенмін Сол кездерде қыззззық болатын еді))Бірақ табыт пен крест салмаймыз, қазақбайский варианты ғой жасап жүргеніміз. Сосын қараңғы бөлмеде айна алдына май шам жағып, тұз бен су қойып қарап тұру; светті өшіріп қойып гномдарды шақыру; айнамен жеті қарақшыны көріп, басыңа жастап ұйықтау; шашыңды тарап, тарқты басыңа жасап ұйықтау сияқты неше түрлі заттарды жасаушы едік жас кезімізде
VKM
Ауа,өмірің қызықты болыпты ғой
Aya
бәрінен де тарелкамен бал ашу қорқынышты әрі қызық болатын
VKM
Бір жағынан бәрін біліп алып өмір сүрген де қызық емес. Мамам айтқан, жас кезінде 1 дос қызы болмай балгерге апарған ғой, сонда мамама былай бал ашыпты: жақында тұрмысқа шығасың,ұзын бойлы сары жігітке,қазір жәй адам кейін погоны болады деп. 2 балаң болады бір жынысты.Өміріңнің аяғына дейін сол адаммен боласың. Ата-анаң ұзақ өмір сүреді.
Соның бәрі дұрыс келді ғой,қарап тұрсам.
a63a1
гном гном выходи, гном гном выходи деп мантра оқушымең сенде?
VKM
Абзал, сен де бірнәрсе білесіңи)))Жігіттер де бал ашады ма?
a63a1
мен ашылмағандардың бәрін аша берем. Бір күні отырып бал ашам деп баңкінің басын бұрап алғам, бәрі жерге ағып кетті
Abilakim
Мен оқуға түсетін кезде Қарағандыда оқып жүрген әпкем біреуге бал аштырыпты. «Ол інің грантқа түсе алмайды, ақылы бөлімге түседі» депті. соны айтып келді ғой маған. содан көңілім түсіп қалды. Түсе алмай қалдым.93 бал жинағаныммен
asaubota
мындағы бал ашуды да еске алып, қарай отырайық