Қайырымды қайыршы

Қыстың шымырлаған аяз күндерінің бірі. Жұмыстан қайтып келе жатып, жол шетіндегі дүңгіршектен журнал сатып алмақшы болдым. Сұраған журналымды алып берген сатушыға әмиянымнан мың теңгелік қағаз ақшаны суырып алып ұстата бергенімде аяқ астынан қатты жел тұрып, ақшамды ұшырып алып кетті. Алайда алысқа әкете қойған жоқ, бірнеше метр қашықтықта жерде қайыр сұрап отырған қарттың алдына барып түсті. «Қап!» — деді сатушы «Енді ол қайтармасы анық!». Мен енді не істеймін деп ойлап үлгергенше, әлгі қария қолына ақшаны қысқан күйде, жаймен орнынан тұрып бізге қарай аяңдап келе жатты. Жанымызға келген ол ештеңе деместен ақшаны маған ұсынды. Мен оның ақша ұстаған қолын қысып тұрып « Бұл сіздікі»,- дедім. Ол « Рахмет» деп ақшаны екі бүктеп ескі шапанының қалтасына салды да, бұрылып ақырын адымдап кете барды.
Сатушы маған таңырқаулы жүзбен қарап қалыпты. Мен әмиянымнан тағы бір мың теңгелікті алып беріп тұрып «Ол өте жақсы адам!» дедім. Ол маған қарап « Сен де өте жақсы адамсың» деді.
Мен күліп жібердім. Жел басылып, ауа райы да жылына бастады. Көк аспандағы жарқыраған күн, айналаға шуағын төгіп тұрды.
Әрі қарай

Халық арасындағы аңыздарға сенемін бе?

Тылсым күшке сенемін, дегенмен күнде кездесе бермеймін. Көптен бері бірнеше киелі жерлерге бару ойда жүргенмен, сәті осы демалыста түсті. Сонымен тау жолының нашарлығын алға тарта таңғы төртте Кентау қаласы жақтағы (Шымкент облысы) Укаша ата мазарына жолға шықтық.
Блог - Zilola: Халық арасындағы аңыздарға сенемін бе?
Әрі қарай

Жарнама патшалары

Телевидениеде істегесін видео, кино, жарнама деген нәрселерге әрдайым құлағым түрік. Қай-қайсысының да өзгеге ұқсамайтын, ерекше талғаммен жасалғандарын қайта-қайта қарап, тамсанамын да жүремін. Бірақ, бүгінгі әңгіме жай ғана жарнама емес, нағыз өнер турасында болмақ.
Әрі қарай

ҚАЗАҚСТАНда жасалған көліктер

♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒
Елімізде — жеңіл және ауыр көлік құрылғыларын жасап шығаратын, құрастыратын бірнеше зауыттар бар, солардың бірқатарын назарларыңызға ұсынамын.
Әрі қарай

Сенна туралы

Блог - Nodar: Сенна туралы
Картинг «карт» деп аталатын болидтың шағын және қарапайым түрімен арнайы картодромда жарысуды айтамыз. Алматының сыртында, қай жерінде екенін нақты білмеймін, картингтен ұялмайтыңдай дәрежеде сайыстар өткізуге болатын картодром бар деп естідім, бірақ көрген емеспін.
Ал оны көруге мүмкіндігі жоқтарға картингпен «Метро» ойын-сауық кешенінде немесе Қиял-ғажайып бағында танысуға болады. Бағасы 1200 теңгеден жоғары. Алайда жеңілдіктер кезеңіне тап болсаңыз 400-600 теңге аралығында 4 минуттық тамаша әсер алуға болады.
«Формула 1-ге» деген қызығушылығым осы картингтен кейін басталды. Жас кезімде әкемнің осы спортты теледидардан қарап отырғанында «Не деген мағынасыз әрі қызықсыз дүниені көріп отыр» деп ойлайтынмын.
Блог - Nodar: Сенна туралы
Бір күні АйЭмДиБидің сайтын шарлап отырып, деректі фильмдердің үздігінде «Senna» деген атауға көзім түсті. Биографияға негізделгені анық, рейтингісі өте жоғары, алайда естімеген есім… Қысқаша синопсисы Формула 1 жүргізушісі жайлы екенінен хабар бергесін, қарағым келмей кеткені рас. Алайда, қызығушылық жеңді де…
Осылайша Айртон Сеннаның тұлғасы мен спорттық карьерасының фанатына айналдым.
Айртон Сенна 33 жасында өмірден өтті. Жүрегі таза, бар өмірін, өзін түгелімен Формула 1-ге арнаған, оны шын сүйген «Сыйқыршы» (әріптестері мен фанаттары берген атауы)
Әрі қарай

АҚША тарихы...

Блог - abzalsariyev: АҚША тарихы...Ақша дегеніміз (экономика ғылымының тілімен айтқанда) – тауарлар мен қызметтердің құнына эквивалент, төлемпаздылығы максималды, айрықшаланған тауар.

Әрі қарай

Селфи деген не?

Оcылай екен...: Селфи деген не?

Селфи сөзін жиі естиміз. Бұл терминнің қашан, қалай пайда болғанын білесіз бе?

Селфи (selfie) — өзін өзі фотоға түсіру немесе автофотопортрет. 2012 жылдары Фейсбукте танымал болған сөз алғаш рет 2002 жылы Австралияда өткен бір форумда қолданылған екен. 2013 жылы Оксфордтың танымал ағылшын тілі сөздігінде «Жыл сөзі» атанған.

Алғашқы селфилар елімізде Моймир желісінде басталды деуге болады. Инстаграм кең қолданысқа ие бола бастаған сайын және артқы/алдыңғы камералары бар смартфондардың көбеюі бізде де селфиді танымал қыла бастады. Бұрын тек артқы камера арқылы «соқыр селфилар» түсірілсе, қазір алдыңғы камера арқылы анық селфилар және топтық селфилар түсіріледі.

Селфилардың 30 пайызы 18-24 жас аралығындағы жастарға тиесілі екен. Жалпы әр интернет қолданушы 1 рет болса да селфи түсіріп көреді.

Селфилерімізді осында бөлісейік, керекшілер!

Оcылай екен...: Селфи деген не?
Әрі қарай

Ешкінің сүті...

Блог - kozildirik: Ешкінің сүті...
«Емшек сүтін бермесем де ешкі сүтін берген балам...» Халық аузынан

1993 жыл. Тәуелсіздік алған эйфориясы басылып, енді жұрт үкіметтен қалған «тегін дүниені» бөлісуне, тойыс жекешелендіруге енді көз сала бастаған уақыт. Құнсызданған ағаш рубльді Отанымыздың кешегі жүрегі, бүгінгі бауырынан вагонмен тасып шаршаған Ел ағалары өз валютасы туралы ойлана бастады. Ойланып, толғанып дүниеге де әкелді. Атын Теңге деп қойды. Әдемілеп Әл-Фарабидің суретін салып, жақсылап қазақша жазды. «Сенің атың Бір теңге» деп…
Әрі қарай

Иттің жүні, ешкінің сүті...

Ұмытпасам бұл оқиға 2009-шы жылдың қысының аяғында не көктем мезгілінің бас жағында болды. Әйтеуір үстімізде қалың киімнің бары рас. Отбасылық өмірге ептеп болса да төселіп қалған кезіміз. Ұлымыз Ринаттың алты-жеті айлық кезі. Бір күні баламыздың мазасы қаша бастады. Дәрігерге көрсетіп едік «Қызуы көтеріліп тұр, бірер күнде қайтады» дегендей бірдеңелер айтып шығарып салды. Айтылған бірер күні өткен кезде Ринаттың көзі кіртиіп, еңбегі түсіп кетті. «Жолы болар жігіттің жеңгесі шығар алдынан» деген рас екен. Бала ауырғаннан бергі үшінші күні ауылдан жеңгем келе қалды. Ринатқа қарады да «Мынаған ит тиген» деген диагноз қойып берді.
«Ит тию» деген аурудың барын бала кезімізден білеміз. Баланың тілі итке өз еркімен «Кет» дейтін жасқа жеткенше ауыратын ауруы. Барлық бала ауыра бермейді әрине. Оған түрлі себеп бар. Иттен қаймығу, баланың кәкәсін ит жеп қойса да ауырып қалады деген сенім бар. Ауылдық жерде шешелеріміз «Ит тиген» баланы өлген иттің бас сүйегімен жуындырып, иттің өлексесінің орнына аунатып, ем-дом жасап жататын. Қасқырдың өтін іздестіріп жатқан үлкендерді де көргенбіз. Қалада ондай мүмкіншілік жоқ.
Әбіләкімнің  ауылы: Иттің жүні, ешкінің сүті...Жеңгем, «Маған иттің бір уыс жүнін әкеліп бер. Мен сонымен ұшықтап жіберейін» деді. Есіме бірден түскен адам әлде ит көрші подъездегі сабалақ жүнді иті бар жалбыр шаш орыс болды. Салып ұрып жетіп барып, соның есігін қақтым. Жаман орысшаммен итінің бір уыс жүнін қиып беруін өтіндім. «Не, дружище, не могу. Я с этим другом уже 15 лет живу, не могу» дейд әлгі атаңа нәлет. Ол кезде әскери қызметтемін. Бір басыма жететін орысша-қазақша боқтықтың багажы әжептеуір болып қалған. Боқтап-боқтап шығып кеттім. Иттің жүнін іздеген бірінші күнім осылайша сәтсіздікпен аяқталды.
Әрі қарай