Селфи деген не?
Селфи сөзін жиі естиміз. Бұл терминнің қашан, қалай пайда болғанын білесіз бе?
Селфи (selfie) — өзін өзі фотоға түсіру немесе автофотопортрет. 2012 жылдары Фейсбукте танымал болған сөз алғаш рет 2002 жылы Австралияда өткен бір форумда қолданылған екен. 2013 жылы Оксфордтың танымал ағылшын тілі сөздігінде «Жыл сөзі» атанған.
Алғашқы селфилар елімізде Моймир желісінде басталды деуге болады. Инстаграм кең қолданысқа ие бола бастаған сайын және артқы/алдыңғы камералары бар смартфондардың көбеюі бізде де селфиді танымал қыла бастады. Бұрын тек артқы камера арқылы «соқыр селфилар» түсірілсе, қазір алдыңғы камера арқылы анық селфилар және топтық селфилар түсіріледі.
Селфилардың 30 пайызы 18-24 жас аралығындағы жастарға тиесілі екен. Жалпы әр интернет қолданушы 1 рет болса да селфи түсіріп көреді.
Селфилерімізді осында бөлісейік, керекшілер!
Жайдарманнан селфи
Жұмыстан селфи
Экс-жұмыстан селфи
Қазақтар iPhone шықпастан бұрын-ақ selfie болып суретке түсудi бастап кеткен
1930 жылдары түсiрiлген суретте тұрғандар: Мұхтар Әуезов, Жамбыл Жабаев, Сәбит Мұқанов, Тайыр Жароков т.б.
мынау да селфи ма сонда?
«Көзілдірікпен және көзілдіріксіз » селфи.