Мен темекіні тастадым!

23 жыл бойы жабысып, ет пен қанға сіңіп кеткен жаман әдет өзінің теріс жағынан сыр бере бастады. Таң сәріде тынышы кеткен қарғадай қарқылдап жөтелген күндер-ай (темекіні тартып тұрып) J Сондай бір мезетте сегіз жасар ұлым балконның есігін ашып, мені аяп, маған қараған көздерінен жаман ұялдым. Егер ауруым, көлденеңнен қосылған сырқат болса бір сәрі, бұл кеселді өзім сатып аламын ғой, күн сайын. Тастау керек, темекіні, осы соңғы темекі! Қалған қорап балконның ашық терезесінен әуелей қалықтап, көшедегі шалшық суға былш етті.

30 минут өткен соң…

Жұмысқа бара жатырмын. Машинаның ішіне жайғасқан соң үйреншікті қимылдар. Темекі жоқ. Машинаны от алдырған соң, темекіні тұтататынмын, қазір темекі жоқ. Көңіл-күй құлап қалды))).

2 сағаттан соң…

Баста еш ой жоқ. Так қана темекі, құрығыр))) Бастық бірдеңе деп жатыр, мен оны тыңдаған боп бас изеймін, ойымда темекі.

6 сағаттан соң…

Өліп кететіндей ештеңе жоқ. Шыдауға болады екен. Темекіден құтылуға көмектесетін дәрілер бар ма екен? Интернетті қопарсақ… Табекс… Сатып алдым. Көмектескендей болды. Темекінің тамағымды қылғындырған құрсауы босағандай.

1 күн өткен соң…

Таң сәрі. Күнделікті,атамнан қалған әдет, әдет бойынша, темекі… Жо-жоқ, мен темекі тартпаймын. Тартпасам да, темекі жөтелі кеткен жоқ. Ұлым көрген жоқ. Көрмесе де, естіді.

1 апта өткен соң…

Көк жөтел кетті. Бір қап ұнды пәтерім орналасқан алтыншы қабатқа тоқтамай көтердім, деміккенім жоқ.

Иістердің шырайы ашылғандай. Машинамның ішінен темекі түтінінің ескі иісі шығады. Құдайым-ау, қандай жаман десеңші! Қалай кетіруге болады?

Жаман әдеттен құлан таза айықтым десем өтірік болар еді. Болады темекі тартқым келетін кез. Бірақ, маған анығы – темекі тартудың бір де бір пайдалы жағы жоқ, жақсы әдет болса оны тастау неге өте қиын, әзәзіл дүние.

Қалай болатынын көре жатармыз. Өзім үшін шешкенім: темекіге жол жоқ, мол денсаулықтың да шегі бар. Болымсыз дүниеге оны жұмсау – ақымақтық. ИМХО деуші ме еді?))) 23 жыл ақымақ болдым, сол да жетер.
Бөлісу:

14 пікір

ken
Бірақ, маған анығы – темекі тартудың бір де бір пайдалы жағы жоқ, жақсы әдет болса оны тастау неге өте қиын
«темекі тастаудан оңай нәрсе жоқ, күніге тастаймын» дегенді естіп едім бір шегетін адамнан))
Elirgen
© Марк Твен.

Дегенмен, батыл іс, оңға бассын)))
Arys_arlany
Былтыр отпускада ауылға барғам. Ағам бар темекішіл. Соған темекіні тастауға ықпал еткім келді. Дін мен діл деген кітапты оқып жүрген едім. Темекінің шариғаттағы үкімі туралы оқып, жерден жеті қоян тапқандай қуанып едім. Дереу барып ағама мынаны оқышы дей бердім. Қайдан, пысқырыпта қараған жоқ. Өз денсаулығы өзіне дедім да қойдым, бірақ ауырып қалса бәрін «темекі мен арақтан» көрем
Dzhonsaken
Шылымды тастау үшін бірінші арақты қою керек. Шегуді қойып жүргенде жүзграматып қойсаң, қалай шегіп қойғаныңды білмей қаласың…
Gastarbaiter
Темекені қоюдан пафос жасамау керек, соншалықты қиын шаруа деген месседжді одан сайын бекіте түсесің әйтпесе, сосын өзіңе қиын болады. Ойлаған сайын, эххх деп.
«Ну шектім, ну тастадым. Боқ қой әттәсіне нәлет, несін сөз етейін» деп немқұрайлы оймен қойған жеңілірек дегенді оқығам.
Ottegin
Оның дұрыс, Гастеке, бірақ, посттың идеясы темекіні тастау өзім секілді пенденің қолынан келген екен, мен де тастап көрейін деген ойтүртпек болатын.

Шындығында темекіні тастау үшін бір ғана нәрсе-оны тастау керек деген ойдың адам санасында пісіп-жетілуі керек. Менде сондай болса керек
Соңғы түзету:
didar88
оңай болмаған шығар
asaubota
мәселе темекінің ұнап/ұнамауында екенін түсіндім. ұнаса тастай алмайсың
Ottegin
Асеке, біраз жыл өткен соң адам ұнайтын/ұнамайтынына емес, қаншалықты құнықанына байланысты, меніңше
sammita
о, Оттегін, сен әлі тірі ме едің
Ottegin
Армандама, Жаназамды шығарғанда сені арнайы шақырсын деп «зәвещание» қалдырамын
Ottegin
Бүгін темекіні тастағаныма жарты жыл, содан бері темекі тартқан емеспін :-)
ken
Осакаровкада бір емші бар. Маңайымдағы бірнеше адам соған барып шегуді тастап кетті. Бір жылдан асты тартпай жүргендеріне. Айтуларынша ішуді де қойдырады екен.