Блогқұрылтай -2011. Менің көзіммен-менің сөзіммен...

Блогкэмп болады деп Қарағандыдан үшеу шықтық(Әлия Сембай бізден бұрын кеткентін), бір пойызбен. Диана(Журналисттер саябағы), Дана (дефектологкз)және мен(Әбіләкімнің ауылы). Жолда пойызымыздың дөңгелегі жарылып( ұзын-ақ пәле екен жарық дөңгелекті әрең тауып жамадым) бір сағат кеш жеттік бірінші Алматыға. Бізді Қисық-Димаш күтіп алды. Бұған дейін көрмеген адамым ғой. Қисаятын жері қалмаған Қисықты көргенімде өзімді жеңіл атлетикада жүрген спортшы қатарында сезіндім)))).Сөйтіп «Адидас»(балалығымен қоштаса алмай жүрген Димаштың бас киіміндегі жазу) киген Димашқа еріп тарттық қонақ үйге. Орналастық.
Әрі қарай

Көрісу мейрамы немесе батысша Наурыз



Еліміздің батыс өңірінде, атап айтқанда Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облысы және Ақтөбе облысының батыс аудандарында бүгін 14 наурыз Көрісу мейрамы. Бұл күні адамдар алдымен өз үй-ішімен, сосын көрші-көлем ағайынды жағалап көрісіп шығады. Көрісуге келген балаларға үлкендер тәттілерін дайындап қояды.

Көрісу күні қайдан шықты және неге 14 наурыз?
22 наурызда тойлап жүрген Наурыз мерекесін негізі бізден басқа елдер 21 наурыз күні тойлайды. Біздің аталарымыз да 21-іне 1 апта қалған кезде мал-жандарын түгендеп, қыстан аман шықтық па деп бір біріне барып, қал-жағдайларын сұрап, көрісіп қайтатын болған. Яғни көктем келіп қалды, Наурыз келіп қалды деп, бұл қуанышты 1 апта бұрын тойлай бастаған. Сондықтан да Көрісу деп аталады.
Әрі қарай

Байқауға ұсынылған блогтармен таныс болыңыз!!!

Достар, блогкэмп таяп келеді. Онымен қоса қазақ блогтары арасында үздіктердің анықталатын күні де жақын.

Осыған орай, блогтар байқауының бірінші кезеңінің аяқталғанын хабарлағым келеді. Яғни, блогтар бәйгесіне қатысуға ниет білдірген блогшылардың тізімі анықталды. Енді байқау шарты бойынша бүгіннен бастап, сіздерге (блогкэмп қатысушыларына) олармен танысуға мүмкіндік жасалып отыр.

Барлықтарыңызды байқауға белсенді қатысуға шақырам. Белсенді болу дегеніміз… байқауда бар-жоғы сегіз ғана номинация. Әрбір номинация бойынша өздеріңіздің таңдауларыңызды анықтап қойсаңыздар. Блогкэмп болатын күні яғни, наурыздың 19-ы күні сіздерге кішігірім анкета ұсынылады. Сонда өз таңдауларыңызды белгілесеңіздер – алғысымыз шексіз!
Әрі қарай

Арманымдағы Үй!

  • jasulan

Архитектор Lacroix Chessex, Швейцариалық екен. Бұл үй Швейцариядағы Альпда орналасқан. Осы жылы, осы типтес үй тұрғызамын деген үміт басым. Иншалла.
Әрі қарай

Байқауға қатыс та, сыйлық ұтып ал!



Тапқан — тапқандыкы! Ешкі — баққандыкы! Бірнәрсе жасырып тұр демеңіз. мына суретте тұрған сыйлықтар – ұтқандыкы! Айтайын дегенім, блогтар байқауына өтініш беру мерзімі небәрі бір аптадан кейін аяқталады. Жыл, ай тұрғанда апта дегенің түк емес, зымырап өте шығады. Олай болса, өтініш беруге асығыңыз! Тіркелу өте оңай. Мына сілтемені басып, 5-7 минутыңызды «құрбан етсеңіз» жетіп жатыр)))) Блогтарды қабылдау наурыздың 8-і күні түнгі сағат 00-00-00 секундта тоқтатылады) Егер байқауға қатысты сұрақтарыңыз болса, мына почтаға жазыңыз: maqpal@dabai.kz

Скайпта (makpal.ramazan) да, м-агентте (makpalr@mail.ru), жмайлда да (kmaqpal@gmail.com) бармын. Сұрақтарыңызға жауап беруге дайынмын. Ал енді блогшылар тарапынан қойылатын жиі сұрақтарға келсек.
Әрі қарай

Аршат: МЕН ЕРЕКШЕ БАЛАМЫН БА?

Блог - asaubota: Аршат: МЕН ЕРЕКШЕ БАЛАМЫН БА?Жақында "Ұлан" газетінің бір журналисінен хат алдым:

Сәлеметсіз бе, Аршат аға! Мен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінде оқимын. Республикалық балалар мен жасөспірімдерге арналған "Ұлан" газетіне мақала жазып тұрамын. Жақында ескі газет-журналдар ақтарып отырып, жақсы бір материалға көзім түсті. 1989 жылы «Пионер» журналында «Аршат: мен ерекше баламын ба?» деген сіз туралы мақала оқыдым. Қазір сіздің қазақ интернетіне қосып жүрген үлесіңізді балалық шағыңыздағы сол бір материалмен сабақтастырып мақала жазуға тапсырма берген еді газет ұжымы. Егер сұхбат беруге келіссеңіз, бір-екі күнде сұрақтарды почтаңызға жіберейін. Сау болыңыз!

1988 жылы шыққан мақаланы сканерлеп, маған салып жіберіпті. Сіздермен бөлісейін дедім:

***

Иә, Аршат Оразов шынында да ерекше бала ма? Ол қазір жеті жаста. Бірақ 3 класта оқиды. Сурет салуды жақсы көреді. Атасы мен әжесін керемет сағынады. Ауылды аңсайды. Ақтөбеде тұрады… Бір сөзбен айтқанда, бұл мақала ерекше баланың өмірі, өнері, таланты туралы сыр.

Үлкен үзілістің кезі болатын. Класқа Нұршагүл айқайлап кіріп келді.

— Балтұрсын апай пионерге өтуге дайындала беріңдер деді!
Оқушылар жан жақтан шу ете қалды:
— Алақай!
— Галстук тағамыз!
— Пионер боламыз!

Көптен күткен күн. Мереке. 3-ші класс оқушыларының қуанышында шек жоқ. Тек сабақты нашар оқитындардың ғана көңілдері пәстеу: «екіліктерін» ойлап алаң. Пионер қатарына тәртіпті, үлгілі, сабақ үлгерімі жақсы балалар ғана өтуі керек қой.
Әрі қарай

Кәріс сериалдарында кездесін 30 пункт.

Блог - Erkekyz: Кәріс сериалдарында кездесін 30 пункт.

Кеше «Голливуд боевик»теріндегі қателіктерді оқып, мына кәріс сериалдарындағы кездесетін(қайталана беретін) қателіктер есіме түсіп кетті. Сіздерде мұны «бір жерден» оқыған болуларыңыз мүмкін, сонда да жаза кетейінші.
1. Жас, сымбатты, бай жанұяның балалары өздерінен үлкен, ұрысқақ, тола қыздарға ғашық болып қалады.
2.Сенің досың болады, ол саған сен оған жарысың ғашықсыңдар.
3.Ағайындылар, жиендер, нағашылар әйтеуір бір қызға ғашық болып қалады.
4.Бәрі қатерлі ісікпен ауырады.
5.Ғашық болып қалған жігітіңнің н/е қызыңның отбасы әйтеуір сенің отбасыңа жамандық істеген болып шығады.
6.Егер сен байдың баласы болсаң, сен нақұрыссың.
7.Егер сен кедей болсаң-сен періштесің.
8.Әйелдері бетіндегі косметикасымен ұйықтап, косметикасыпен оянады.
9.Қатты жігерленіп сабақ оқыса н/е жұмыс істесе мұрындарынан қан кетеді.
10.Мұрыннан қан кетсе, онда ол адамда қатерлі ісік.
Әрі қарай

Азиада талисманы Ирбидің шығу тегі туралы..

www.voxpopuli.kz сайтында Азиада талисманы Ирби туралы мақала шықты… Оның авторы және Ирбидің басынан өткен оқиғалары..Қысқаша баяндап өтейін…

Бірінші әртүрлі аңдар ұсынылған екен:



Сосын комиссия барысты таңдаған екен… Дизайнерлер тарапынан барыстың суреттері ұсыныла бастаған екен, мысалға:



Бұл сурет өте толық және спортқа икемсіз делінген екен.
Әрі қарай