Байқауға қатыс та, сыйлық ұтып ал!
Тапқан — тапқандыкы! Ешкі — баққандыкы! Бірнәрсе жасырып тұр демеңіз. мына суретте тұрған сыйлықтар – ұтқандыкы! Айтайын дегенім, блогтар байқауына өтініш беру мерзімі небәрі бір аптадан кейін аяқталады. Жыл, ай тұрғанда апта дегенің түк емес, зымырап өте шығады. Олай болса, өтініш беруге асығыңыз! Тіркелу өте оңай. Мына сілтемені басып, 5-7 минутыңызды «құрбан етсеңіз» жетіп жатыр)))) Блогтарды қабылдау наурыздың 8-і күні түнгі сағат 00-00-00 секундта тоқтатылады) Егер байқауға қатысты сұрақтарыңыз болса, мына почтаға жазыңыз: maqpal@dabai.kz
Скайпта (makpal.ramazan) да, м-агентте (makpalr@mail.ru), жмайлда да (kmaqpal@gmail.com) бармын. Сұрақтарыңызға жауап беруге дайынмын. Ал енді блогшылар тарапынан қойылатын жиі сұрақтарға келсек.
Жиі қойылатын сұрақтар:
1) Блогымды қандай номинация бойынша ұсынсам екен? Номинациялардың бірде-бірі сәйкес келмей жатыр…
Жауап: Байқауда номинациялар саны аз екені рас. Номинацияларды бөлуде біз 1) қазақ блогтарының сипатын ескеруге тырыстық; 2) байқауды қолдап жатқан демеушілер жағына бейімделдік; Арамызда еркін тақырыпқа жазатын блогшылар көп болғандықтан, біз тақырыптық блогқа таза бір ғана номинация бөлдік. Қалғандарының арасынан еркін таңдай аласыз деген үміттеміз. Абсолютті ойламаңыз! Егер блогыңызды «Ең үздік саяси-әлеуметтік» номинациясы бойынша бергіңіз келсе, блогыңыздың таза саясат немесе әлеуметтік тақырыпқа бағытталған блог болуы шарт емес. Егер шешім таппай жатсаңыз, хабарласыңыз! Номинация таңдауға көмектесеміз!
2) Байқауға қатысу үшін блогкэмпке қатысу шарт па? Жауап: блогкэмпке қатысушы ретінде тіркелсеңіз, тамаша болар еді. Ал егер қандай да бір қиындықтар болып, келе алмасаңыз, оқасы жоқ, блогыңызды ұсына беріңіз! Өтінішіңізді қарастыруға уәде береміз!
3) Жаңадан ашқан блогымды ұсынсам бола ма? Жауап: бәрі де өзіңіздің блог жүргізу белсенділігіңізге байланысты. Бұл жерде біз блогшылардың мүмкіндігіне шектеу қоя алмаймыз. Блогшылардың жағдайына бейімделуге тиіспіз. Ұсыныңыз!
4) Өзге блогтарды ұсыну үшін блог иесінің рұқсаты қажет пе? Жауап: керек десеңіз, сұраңыз. Бірақ ол шарт емес. Байқауға ұсынылған блогтар тізімі жарияланған кезде ол жерде блогты ұсынушының аты-жөні жарияланбайды.
Бұдан да басқа сұрақтарың болса, хабарласыңдар! Бұл алғашқы блогқұрылтай болғандықтан алғашында көзге көрінбей, ескерілмей қалған кем-кетіктер болуы мүмкін. Бұл бәрімізге сабақ болады.
Олай болса, барлықтарыңды белсенді қатысуға шақырам!!! Небәрі бір-ақ апта қалды!!!
Бір өтініш: белсенді болайықш: блогымызды ұсынайық, өзгелердің блогын ұсынайық, байқау жайлы өзгелерге ақпарат таратуды ұмытпайық жүрген жерде
12 пікір