Блогқұрылтай -2011. Менің көзіммен-менің сөзіммен...
Блогкэмп болады деп Қарағандыдан үшеу шықтық(Әлия Сембай бізден бұрын кеткентін), бір пойызбен. Диана(Журналисттер саябағы), Дана (дефектологкз)және мен(Әбіләкімнің ауылы). Жолда пойызымыздың дөңгелегі жарылып( ұзын-ақ пәле екен жарық дөңгелекті әрең тауып жамадым) бір сағат кеш жеттік бірінші Алматыға. Бізді Қисық-Димаш күтіп алды. Бұған дейін көрмеген адамым ғой. Қисаятын жері қалмаған Қисықты көргенімде өзімді жеңіл атлетикада жүрген спортшы қатарында сезіндім)))).Сөйтіп «Адидас»(балалығымен қоштаса алмай жүрген Димаштың бас киіміндегі жазу) киген Димашқа еріп тарттық қонақ үйге. Орналастық.
Құрылтай өтетін жерге де бардық. Ұйымдастыру, үйлестіру барлығы керемет, өте жоғарғы деңгейде деуге болатын секілді. Құрылтайға қатысушыларға тегін кофе, шай ұсыну, тіске басарлар ұсыну жағы да жақсы қамтылыпты екен. Алматылықтарға риза болмау мүмкін емес енді.Кесте бойынша өзің қызық деп таныған презентацияға барып, өзіңе керекті мәліметті алып отырасың.
Бірінші күннің қорытындысын менің нөмірімде Аршат, Патик, Омарбрат, Жалғас, Асұлан, отыстың артына таман қосылған Өркен бәрміз сарапқа салдық.
Екінші күнде қызықты оқиғаларға толы болды.Start up-қа қатысқан жобалар өз ара бәйге түсіп, жеңімпаздар мараппатталды. Сан сырлы жігіттер сенсорлы телефондар ұтып алды, Наурыз кеп жер дүние түрленіп жатқанда түрлі-түсті принтер ұтып алғандар да бар. Әрине, бұдан басқа сыйлықтар мен қомақты))) қаржылар алғандар да бар.
Осы күні кешкілік Қазақстан қонақ үйінің «Guns'n Roses» мейрамханасында біразымыз бас қостық. Ербол (Азанбаев) мені асаба сайлап, ептеп жұртқа қызмет көрсеттім өзімше))).Жақсы басқармасам да жақсы отырдық.
Отырыстың арты менің нөмірімдегі отырыспен аяқталды. Моңғолияның Баян Өлке аймағынан келген альпинист ағамыз 4 қабатқа Алма ТВ кабелімен көтеріліп өз өнерімен бізді бір таң қалдырып тастады.
Жуынатын жері бар қонақ үйге кеп екі күн жуынбай кеткендер мен сыйлығын жумай кеткендер де болды арамызда. Бұл«Кемедегінің жаны бір» дегендей қонақ үйде жатқандарға қаратыла айтылып тұр.Мәселе арақты ішуде емес не үшін ішуде ғой))))
ПыСы.Мен арақ ішпейм, сенбесеңдер сенбей-ақ қойыңдар лібәдтар))))

patick, asaubota, Abilakim, ErNur
qazaq.kz/?p=2318
Мені Әбіләкімнің төсегінде ұйықтап жатып, қолын көтеріп келісуін білдірді де))))
тек таңертең пакет-пакет шөлмектерді шығарып жатсам бөлмелерді жинастырушы тәте маған аяушылық көзбен қарайды. «Оп-оңды жігіт арақ ішіп қор болып жүр» деген көзқарасты таныдым. Бірақ, менің ол тәтемен шаруам жоқ пакеттерді тастап жатырмын...1 пакет, екі пакет, үш пакет… бітті-ау бесеу дегенде…