Көрісу мейрамы немесе батысша Наурыз
Еліміздің батыс өңірінде, атап айтқанда Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облысы және Ақтөбе облысының батыс аудандарында бүгін 14 наурыз Көрісу мейрамы. Бұл күні адамдар алдымен өз үй-ішімен, сосын көрші-көлем ағайынды жағалап көрісіп шығады. Көрісуге келген балаларға үлкендер тәттілерін дайындап қояды.
Көрісу күні қайдан шықты және неге 14 наурыз?
22 наурызда тойлап жүрген Наурыз мерекесін негізі бізден басқа елдер 21 наурыз күні тойлайды. Біздің аталарымыз да 21-іне 1 апта қалған кезде мал-жандарын түгендеп, қыстан аман шықтық па деп бір біріне барып, қал-жағдайларын сұрап, көрісіп қайтатын болған. Яғни көктем келіп қалды, Наурыз келіп қалды деп, бұл қуанышты 1 апта бұрын тойлай бастаған. Сондықтан да Көрісу деп аталады.
Бұл мейрам қашаннан тойланады?
Көрісу қазір де бұрын да тойланды. Кеңес үкіметі кезінде де адамдар көрісе беретін. Қазіргі Наурыз сияқты ұмытылып кетіп, қайта жаңарған мейрам емес бұл. Халық бұл күнді Жаңа жылды күткендей күтеді. Әсіресе балалар үшін үлкен мейрам. Таңертең ерте тұрып, айналадағы үйлердің бәрін жағалап, көрісіп шығады. Қалталары тәттіге толады.
Наурыздарыңыз құтты болсын ағайын!
Еуроодақ???
Бәріңізге қос қолдап амандасып шықтым.
Бәріңізге қос қолдап көрісіп шықтым.
Халық сенімінде наурыздың 14-нен 15-не қараған түні қой құмалағы қарға батып кетсе, жақсылыққа балап, ырым еткен. Ал 15-і күні халық қыс жұлдызы бітіп, жаз жұлдызы туды деп есептеген. Сондай-ақ Ұлыс келер түні Қызыр бабаға арналып, әр үйдің төрінде қос шырақ жағылатын болған. Үй иелері бар ыдысты аққа, суға, «ырыс толсын» деп дәнге, «жауын-шашын көп болсын» деп бұлақ суына толтырады. Жылдың алғашқы күнінде қар жауса «ақша қар», жаңбыр жауса «нұр жауды» деп шаттанған. Күлімдеп көрінген күнге сәлем беріп, халық шаруаға кіріседі. Наурыз күні көзі ашылған бұлақтың суы сарқылмайды, ал егілген талдың саясы мен жемісі мол болады деп сенген. Жаңа сап түзеген шыбықтарға ақ шашу да — жақсы ырым.
Наурыз дерегі
...14 март — ескіше 1 март. Әкей айтты: «Бүгін ескіше 1 март, қазақша жаңа жыл, ұлыстың ұлы күні. Ал жаңа жылдың бұрынғы аты — Наурыз, бұл фарсы тілі. Жаңа күн деген сөз. Қожа-молдалар ескі әдетті қалдырамыз деп, құрбан, ораза айттарын ұлыс күні дегізіп жіберген. Ескі қазақша, ескі түрікше жаңа жыл күнінің аты — ұлыс. Жаңа жыл басының ұлыс екеніне мынадай дәлел бар. «Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар. Ұлы кісіден бата алса, сонда олжалы жол болар...»
(Шәкәрімнің ұлы Ахаттың жазбаларынан)
Наурыз әзілін бізге Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова апай әңгіме үстінде айтып беріп еді:
-Наурыз мерекесінде ер адамдар әйелдеріне сыйлық жасайтын «селт еткізер» дәстүрі бар ғой. Бұл салттың атын білсе де, затын білмейтін жолдасым Бақытжан берген сыйлық мені шын мәнінде селт еткізген еді. Кезекті бір наурызда оның қолыма балта ұстата қойғаны. Кәдімгі ет шабуға арналған қысқа сапты, қара балта. Шошып кетіп: «Ау, менің басымды шапқалы жүрсің бе?» — деп сұрасам, «Селт етсін дегенім ғой, дәстүр емес пе?» — деп езу тартып, күліп тұр. Расын айтсам, осы селт еткізген балтаның мен үшін бар сыйлықтан бағасы зор. Ол әлі күнге дейін төрімде сақтаулы тұр…
Наурыз дәстүрі
Қазақтың дәстүрі көп-ақ… Қасиетті наурыз күні жасалуға тиіс жол-жоралғыларға тіптен ерекше ден қояды. Таң қылаң берісімен арық жолын аршып, шыбық отырғызу — дәстүр төресі. «Бір тал кессең, он тал ек» деген, ата-бабамыз жасыл желектің жайқалып тұрғанын қалаған. Тіпті жастарға көк шөпті басқызбағанын да білеміз. Дегенмен барлық жерде болмағанымен, наурыз мерекесінде бүгінде де қолданылатын екі жақсы салт бар. Бірі — селт еткізер болса, екіншісі — ұйқыашар. Бойжеткендер соғымның соңғы етін уызға салып пісіріп, ұнатқан жігіттеріне тартады. Бұл салт қазақта «ұйқыашар» аталады. Ұйқыашардың қарымтасына жігіттер «селт еткізер» рәсімін жасайды. Яғни қалауынша айна, тарақ, әтір суын сыйлайды. Айна — пәктіктің, жастықтың, тарақ — әдемілік пен сұлулықтың, ал иіссу — «жаңа бүршігін жарған жауқазындай құлпыр» деген белгі. Ертеректе Наурыз күнi ауыл адамдарын ұйқысынан тұрғызу үшін қолданылатын мынадай қызық жоралғы болған. Жастар асау тайыншаны құрықтап, оған ерттелген ашамайға зор қуыршақты таңып байлап, ауыл ішіне бос жібереді. Мөңкіп тулаған асау ауылды азан-қазан етсе де, ешкім бұған өкпелемеген…
Жалпы, БАҚ бұл мейрамға соңғы уақытта ғана көңіл бөле бастады.
Алдеке! пижама патида асылған көженің дәмін тату бақытын бұйыртыңызшы маған
осылай бір жасап мәре сәре болады