Кездесу

Блог - bake: Кездесу
Дәмхана ішіндегі келушілерге арналған барлық үстел басы бос емес. Келушілер саны көп. Үстелдер арасында сары түсті жейде киген «Пицца Блюз» дәмханасының даяршы қыздары аяқ ұштарымен жүгіріп жүр. Біреулерінің қолдарында тағамға толы табақтары бар, екіншілерінің табақтары бос, үшіншілері үстел басында отырғандардың тапсырыстарын алдарына қойып жатыр.

Қызыл костюм киген көк көз, жалпақ бетті орыс әйелге:
-Сіз, жалғыз отырсыз. Үстел басына екінші болып қасыңызға отыруға бола ма? –деп, айтып жатып үстел басына қойылған екінші орындықты өз ыңғайыма қарай жылжыта бастағанда:
-Жалғыз емеспін, –деді жақтырмаған түрімен. Басын шайқап «не деген бассыздық» дегендей айтты, ішіндегі ойы сәл жыбырлаған еріндерінен білінді.

Қолымдағы ұялы телефонға қарап қоям, уақыт түскі үш. Дәмхананың залының ортасына барып келушілерден «босайды-ау» деген үстелді қарауылдап тұрмын. Әлгінде ғана үстел басына отырғызбай қойған орыс әйелі қолын бұлғап маған белгі берді. Қасына барғанша үстел басынан тұрып, жиналып үлгерді.
Әрі қарай

Network Marketing және электрондық коммерция жайлы не білесіз?

Network Marketing және электрондық коммерция жайлы естідіңізбе?
Network Marketing – өз ұйымын құру.
Электрондық коммерция- ол интернет арқылы 24 сағаттық сату жүйесі.
Бұл кәсіптің жаңа түрі емес оған 60 жылдан астам уақыт болды, және бүгінгі күні көптеген танымал брендтер өз бизнестерін дәл осы жолмен жүргізеді. Өнеркәсіптің даму қарқыны телекоммуникация, бағдарламалық қамтамассыздандыру және фармацевтиканың өсу қарқынымен сәйкес келеді.
Әрі қарай

Шын қорқу

Иә, адам баласының түйсігі алдамайды. Адамда сана болғаннан кейін, онда қорқу да, үрей де үміт те болатыны рас. Осы адамдар неге қорқады. Қорқуды айтып түсіндірудің қажеті болмас қоймас. Өзімнің өмірімде шын қорыққан кездерімді жазайын.
Әрі қарай

Тетрис электронды ойыны

Тетрис
Тарихи анықтама. Тетрис Совет Социалистік Республикалар Одағының туындысы, ойлап тапқан Алексей Пажитнов, 1984 жылы 6 шілде күні халыққа таныстырыпты. Ойын атауы екі сөзден құралған «тетрамино»* және «тенис».
Әрі қарай

Қайран жеңгем!

Anuarbekkyzy-ның постында ағайындыларды біраз жерге апарып тастадық-ау деймін. Осы жеңшелеріміз туралы айтайық енді. Әрине, жақсы жағын. Өзі менің жеңшелерім көп-ақ! Солардың бірнешеуінің жақсы жақтарын айта кетейін.
Әрі қарай

Осы сәт...

Өкінгенмен өткенге оралмаймыз,
«Бәрі жақсы болар!» деп жиі алдаймыз.
Біз қалаған жандарға калаған сат,
Бақыт құсы боп мәңгі қона алмаймыз.

Күн де батып, атады таңы жаңа,
Келу, кету- өмірдің заңы ғана.
Қуанайық еске алар қыска өмірде,
Үзік-үзік сәттердің барына да!
Әрі қарай

Skyfall: Аспан құлаған кез



Бонд, Джеймс Бонд күңгірт кеңсе, күйбең тірліктен сұрқай тартқан көрерменге қымбат көлік, сұлу қыз, деміңді алар қым-қуыт шпиондық өмірден ләззат алатын, қарапайым пенде көзбен көріп, қолмен ұстамаған соңғы технологиялармен жабдықталған еркектің сырттаны бейнесін елу жыл бойы сыйлап келеді. Ресми түрде 23-ші бондиана болған «Скайфолл» «Американдық сұлулық», «Өзгерістер жолы» секілді адам жанының ұңғыл-шұңғылына үңілуге тырысқан күрделі драмалардың «иесі» Сэм Мендестің құзырына берілді. Бұл фильмнің бағы да, соры да болған секілді.
Әрі қарай

Рингтегі ММА туралы

Astana TV арнасынан мына жерде жазылған аралас жекпе-жектен жарысты жаңа көріп тастадым. Расын айту керек, мақалада соншама ауыздарының суы құрып жазғандай, «правильные бои без правил» деген нәрселерді көре алмадым. Төбелестері — сол баяғы деңгейдегі төбелес. Жалғыз ерекшелігі — раундтардың нөмірі бар тақташаны рингке көтеріп шығатын қыздар ғана жалаңаштанған (бұрынғыларда қазақша көйлек киіп шығатын).
Бір байқағаным — бокс, кикбоксинг, муай тай немесе сават сияқты қақиып тұрып төбелесетін жекпе-жек түрлерінде болмаса, күресуге рұқсат етілетін жекпе-жектерді рингте өткізіп қажет емес сияқты. Күресуге кірісіп кеткенде, қарсыластардың
Әрі қарай