Рингтегі ММА туралы
Astana TV арнасынан мына жерде жазылған аралас жекпе-жектен жарысты жаңа көріп тастадым. Расын айту керек, мақалада соншама ауыздарының суы құрып жазғандай, «правильные бои без правил» деген нәрселерді көре алмадым. Төбелестері — сол баяғы деңгейдегі төбелес. Жалғыз ерекшелігі — раундтардың нөмірі бар тақташаны рингке көтеріп шығатын қыздар ғана жалаңаштанған (бұрынғыларда қазақша көйлек киіп шығатын).
Бір байқағаным — бокс, кикбоксинг, муай тай немесе сават сияқты қақиып тұрып төбелесетін жекпе-жек түрлерінде болмаса, күресуге рұқсат етілетін жекпе-жектерді рингте өткізіп қажет емес сияқты. Күресуге кірісіп кеткенде, қарсыластардың бір дене мүшесі арқанның сыртына шығып кетсе, төреші төбелесті тоқтатып, рингтің ортасында жекпе-жек тоқтаған сәттегі қалыптарында қайтадан жалғастырғызады. Сондай сәтте астында қалып кеткен төбелесші рингтің ортасына келіп, өз еркімен алдыңғы бейшара қалпымен қайтадан жатуға мәжбүр. Таза жығып берудің иісі мүңкиді нақ. Қайдағы бір сондай қойнялар үшін төбелестің қызығы кетіп қалады екен. Аралас жекпе-жек өтуге тиіс бірден-бір жер сегізбұрыш екен деп түйдім — ешкім арқанның сыртына шығып кетпейді. сол үшін жекпе-жек тоқтатылмайды да: не шабуылдағаны ісін соңына дейін жеткізеді, не астында қалып кеткені бір амалын тауып сытылып шығып кетеді.
П.С.: «Боевое самбо» дегенді бір жерлерде «жауынгерлік самбо» деп жатады, мына эфирде "әскери самбо" деп ұрып жатыр. Одан гөрі «самбо жекпе-жегі» деген ұтымдылау ма деймін. «Боевое» дегені — самбоның әскер, жауынгер немесе сарбаздарға қатысы барын емес, бұл спорт түрінде жай самбодағыдай, яғни «самбо күресіндегідей» күресу, ауырту, буындырумен қатар ұрып-тебуге де рұқсат етілетінін білдіретін болса керек.
Сонымен сұрақ: жалпы аралас жекпе-жекті рингте өткізудің қажеті бар ма?
Суреттің алынған жері

Қазақтар алға, Қазақстан алға!!!
ортаға әкеліп жығып беруді мен де қолдамаймын.