Қайран жеңгем!

Anuarbekkyzy-ның постында ағайындыларды біраз жерге апарып тастадық-ау деймін. Осы жеңшелеріміз туралы айтайық енді. Әрине, жақсы жағын. Өзі менің жеңшелерім көп-ақ! Солардың бірнешеуінің жақсы жақтарын айта кетейін.
Бірінші туған ағамның әйелі: Жасы өзімнен кіші болса да, өзіме жақын тартып тұрады. Жеңшем үйге келін болып түскенде мен Алматыда ҚазҰМУ-да 1 курс магистранты едім. Тойға келдім де кеттім. бір күні ғана жеңгемнің қасында болдым. Кетіп бара жатқанымды естіп: «Бірнеше күн қала тұрсаң болмайды ма?» деп сұранып еді. Жұмысым әрі сабағымның барын екенін айтып, пойызға шығып кеттім. Мінезі тәп-тәуір, ағамнан гөрі шешем қатты жақсы көреді. Маңына шаң жуытпайды. Қазір үш баланың анасы. өзі медбике. Мен кейде әзілдей беремін. бір әзілім мынадай болды: "Қыналы қар" түрік сериялының қызып жатқан кезі. Ауылда одан басқа кино көрмейтін. Сосын мен жеңгеме: «Осы өсекті айтатын еркектер екен, оны таратушы әйелдер екен» деп айтып кеттім. Ол ауызы ашып маған қарап қалыпты. сүйттім де жұмысымды істеп жүре бердім. әйдейі араға 20 минуттай уақыт салып: "Өткенде, Түркиядағы таныстарыма (сонда оқып жатқан таныстарымның бар екенін біледі) айтып едім, бізде осындай "Қыналы қар" серилы қызып жатыр деп. олар ол сериалды көріп қойғанбыз. Стамбулдың жанындағы ауыл екен, онда ойнаған Али мұғалім мен Назар екеуі ерлі зайыптылар екен, Түркиядағы танымал әртістер екен деп айтты" дедім, жеңгем: "Қой-ей шын ба, шынымен ерлі зайыптылар ма екен. Қалай кинода керемет ойнайды ғой" дейді. Сосын мен оған: «Енді мен өсек айттым, енді сен таратып келсей» десем, ішек-сілесі қата күлгені бар. «Мен шынымен сеніп қалсам» деп.
(Жаз бойы ағамның қасында үй салуға көмектескен де осы. Тас тасу, цемент құю, су әкелу жұмыстарына да белсене араласқан).

Екінші тегіміз бір, әкемнің ағасының балаларының келіншектері: Үш ұл олар үшеуінде төрт келіншек бар. ой кешіріңіздер. Үлкен ағамыз екі әйел алған дегенім ғой. Олармен ара-қатынасымыз түзу. Бірақ олардың келіншектерімен әзілдесе алмаймын. ыңғайы келмейді.
Нағашыларымның келіншектері: Нағашы жақсы қандайды, үзілген жерді жалғайды. Нағашыларымыздың ауылына барсақ, аунап-қунап қайтамыз. Біз барғанда жылы шыраймен қарсы алады. кетіп бара жатқанымызда нағашыларымыз бірдеме беріп жатса да, жеңгелеріміз қабақ шытқан емес.
Мұқағали Мақатайұлының "Қайран жеңгем" деген өлеңі бар. бірақ ондағы жеңгем менде жоқ.

Су сұраса сүт берген, айран берген,
Қартайып қалыпсың-ау, қайран жеңгем!
Қарғаның валетіндей едірейіп,
Қасыңа мына біреу қайдан келген?
Апырай, суық еді сұрқы неден?!
Адамға қарайды ғой сыртыменен.
Жол көрсеткіш сақшының таяғындай,
Қимылынды бағып тұр мұртыменен.
Женеше-ау, есіңде ме біздін ағай?
Сыйласып отырар ек біз құдадай.
Қанды балақ соғысты қарғыс атсын,
Қайран жеңгем, шырқынды бұзды қалай
Күлкің қайда күмістей сыңғырлаған?
Жүзің неге ымырттай түнжыраған?
Бұғалыққа тұрмайтын асау едің,
Сені әкеліп теліген кім мынаған?
Өзің болсаң, тым ағат ойланғансың,
Бақыт емес, басыңа қайғы алғансың,
Жан едін ғой жанының талғамы бар,
Қара мұртқа қалайша байланғансың?!
Ел-жұртың қараушы еді мақтан етіп.
Киіп ап аяғыңа салтама етік,
Талайлардан кетуші ең аттап етіп,
Талайларды жүруші ең таптап етіп…
Қартайып қалыпсың-ау, қайран жеңгем!
Қайғыға мойымаушы ең.
Қайдан келген?!
Сағынып жүрсің бе әлде, қадірлім-ай,
Баяғы жастығыңды майданда өлген?..

Жеңгелерімізді аялай білейік. Абысын тату болса ас көп.
Бөлісу:

20 пікір

asaubota
нағашы жеңге деген бір түрлі екен. адамда тек өз жағынан болуы керек деп ойлаймын жеңгелері. менде туған жеңге жоқ (ұлдан жалғызбын), бірақ басқа жеңгелерім көп.
neoaskar
Нағашыларымның келіншектері болған соң, солай атай салдым.
bizbike
менің де туған жеңгем жоқ, бірақ ойнай беремін олармен, ағам семірсе «семіртіп жіберіпсің ғой», арықтаса «тамақ бермей жүрсің ғой» деп дегендей
007
Менде жалғыз ұлмын туған жеңгем жоқ, басқа жеңгелеріммен ойнағанда түбін түсірем әзілдің негізі жеңгеден бұрын ағалараымның жынына тиіп бітем «жеңгемнің бір саны ағамдікі бір саны менікі» деген баяғының әзілін айтып, ондайда ағаларым біраз ашуланатта қоят келесіде сол әзілімді қайта жалғайм
Abilakim
жеңге дегендер жақсы ғой. Ағаларымның келіншектерінің ішінде тек біреуімен ғана қаты ойнаймын. Қалғандары шеше есебінде кетсе де болады екен жас шамасымен
bizbike
Маңғыстау жақтағылар жеңгелерін шешіндіріп тастаса да, ренжімейді деп естідім. Сол шын ба екен?
asaubota
өтірік болар. ондайға кім шыдап тұрады?
Marco
Қааап))) Азаның жасы менен кіші болғаны қиын болды-ау))) Сәтін пайдаланып қалатын. Бірақ әлгі, Жеңгеден де ойнауға келін жақсы, Жаулығымен жататын бетін басып, деп Жамбыл жырламақшы… а?!)))
neoaskar
Қайны мен жеңге арасындағы әзіл көп қой. бірақ мен білетін туған жеңгесімен ойнауға болмайды екен. тек туыстардың келіншектерімен ойнауға болады. мысалы, Әкеңнің ағасының балдарының келіншектерімен… т.б.
zholantai
жеңге деген жақсы ғой. бірақ, еш жеңгеммен әзілдесіп кете алмай-ақ қойдым.
neoaskar
жолыңыз онша болмаған екен. негізі жеңге деген тамаша әзілге дайын адамдар ғой, кейде сырласып та алуға болады. Әсіресе бойдақ кезде…
ruben
Молодуха жеңшелерімнің арасында «қайным» деп қарайтыны жоқ, сондықтан онша сызбаймын. Бары не, жоғы не?..
asaubota
нағыз жеңге Тұрсыновтың «Келіні»!
Abilakim
айтпа, қайнысын үлкен өмірге дайындады…
neoaskar
Керек заттың қай жерде екенін тап білді ғой, ешкінің қай жерінде екенін білмей жүрген жігіт біліп қалды сол кезде.
a63a1
Жеңгелеріммен строго субардинация ұстаймын, еркелеу де қолымнан келмейді оларға
Olzhass
әзілің жарасса, атаңмен ойна деген сөз бар ғой, соған қарағанда егер әзіл жарасып тұрса кез келген адаммен жасы мен жынысына, дініне қарамай байыпты, «политкорректно»(намысына тимей, бірақ көкейдегіні айтып) әзілдесуге болады ау…
Delhi
Менің женгем өте күшті, ақкөніл. Тек соның үйіне ғана тартып тұрады біздерді. Құшақ жая қарсы алады. ерінбей небір салаттарын жасап, дүкенге барып қайта-қайта барып.
Ал егер ренжеген кезде барып қалсаң біттің дей бер. Есікті де ашпайды тіптен))
inzagi
Осы "Қайран жеңгем" әнін естісем неге екенін білмеймін, жылағым келеді. Соғыс кезіндегі әйелдер үшін ғой деймін… Қайран қазақтың ұяң әйелдері! Мүмкін қайран жеңгем, дейтін, қадірлейтін қайным (бар болса да) болмаған соң ба? Білмеймін әйтеуір, көзімнен жас сорғалайды
Kuathan
Ооо, жеңге деген жақсы ғой. Жас кезімде қатты ойнадым, екі саның байыңдікі, ортасы қайныңдікі деп, әлі де ойнаймын. Бара қалсаң, жайылып, жастық болып жатқандары. Бір-екі қонақты көтере алмай жататындар бар, курстас, сыныптас жігіттермен бара қалғанда да, қабақ шытпай, құрақ ұшатын бір жеңгемнің орыны тым бөлек. Бірақ, жасымыз алшақ болған соң, ол жеңгеммен аса қалжыңдаса бермеймін, тек сыйластығын айтайын дегенмін. Сырласатындары да бар, Мұқағалидың жеңгесі сияқты, қасында қара мұрты бар жеңгем (бұрынғы) де бар, бауырым мен қарындасым бар болған соң ба, қашан көрсең де, есігі ашық, дастарханы жаюлы. Мүмкін, сирек көретін болған соң да шығар.