Ізгілік Нағиевке хат!
Ізгілік Нағиев осы. Қожекеңнің өтінішімен атын жазып жатырмын. Басын жуып келген беті екен деп, Қатыбалды пікір қалдырған сурет осы.)))Кеше Керекте жарияланған Ақтөбе мұсылмандарының хатының www.kerekinfo.kz/blog/3514.html#comment61203 астындағы пікірлерге қатысты жеке пост жазам деп уәде етіп едім, сол уәдемді орындамақпын. Негізі бұл мәселені у-шусыз, жеке шешем деген оймен жүр едім.






Оксфорд не Массатчусетс технологиялық университетінде оқығыңыз келсе, әрине, бұл миф шындыққа айналады. Дегенмен рейтинг тізіміндегі төмендеу тұрған университеттерге көз қырын салсаңыз, ондағы оқу ақысының Астана мен Алматыдағы оқу орындарымен шамалас екендігін көресіз. 


Әр елдің, әр университеттің өзіндік талаптары болады, бірақ біздегі талаптардан еш өзгешелігі жоқ. Негізінен бар мәселе шет тілін білу деңгейіне келіп тіреледі. Ортанқол ЖОО-ларға ақылы оқуға түсу қиын емес. Тек уақытылы барлық құжатты жинап тапсырсаңыз болғаны.
Сауалнама нәтижесіне қарап, бұл мифтен гөрі шындыққа жақын деуге болады. Иә, көптеген ЖОО-ларда тілді жақсы білу талап етіледі. Оқуға түсу үшін тапсырылатын құжаттар қатарында, әдетте, тіл білетініңді растайтын сертификат болуы керек. Ол Ұлыбритания және Австралия ЖОО-Лары үшін IELTS, АҚШ ЖОО-лары үшін ― TOEFL, Франция ЖОО-лары үшін ― DALF, Германия ЖОО-лары үшін ― TestDaF және т.б. болып келеді.
Жалпы стипендия деген көптеген шетелдік ЖОО-ларда оқуға ақысына жасалатын жеңілдікті білдіреді. Ол жеңілдік оқу ақысының қандай да пайызын құрауы мүмкін, бірақ бұл қолыңызға ақша беріледі деген сөз емес.
»

