Бурабайға барсақ...
«Кел» дегендей болды Көкше,
«Күмбезіме шық» дегендей болды Көкше,
«Көкке төбеңді тигізейін» дегендей болды Көкше,
«Күнге бетіңнен сүйгізейін» дегендей болды Көкше. © Сәбит Мұқанов
Қилышалдың тылсым табиғатымыздың суреттерін көбейту керек деген тақырыбын оқып, «менде де бар ғой ондай суреттер» деп ойладым. Әрине, Көлсай да емес, Қайыңды да емес… Ол жаққа бару бақыты әзірге бұйырмапты… Маған қол жетімдісі жанымыздағы Бурабай болыпты. Ия, Қазақстанда атақты жер, интернетте суреттері онсыз да көп шығар, әйтсе де артық етпес.
Сонымен, керекшілер Бурабайда жиналса, оларды онда не күтеді?
Абылай хан алаңы: кезінде үш бимен осы жерде ақылдасып, үш жүздің басын қосқан екен дейді ел аузындағы аңыз. Айтпақшы, таудың оң жақ шетіндегі сызатты көріп тұрсаңдар, вот, сол жерге самолет құлаған.
Мынау «етімді шал сипаған, құрт жесін» деп суға батып өлген қыздың орнында пайда болған Жұмбақтас. Бір жағынан қарасаң жас қыз, бір жағынан қарасаң, мыстан кемпірге ұқсайды деп жатады, өзім байқай алмадым
Талай сайыпқыран оғын жеткізе алмаған Оқжетпес шыңы))
Сол маңайдағы суы ең мөлдір көл — Үлкен шабақ көлі
Суының мөлдірін-ай!
Былай күнге қыздырынуға да болады
Бурабай көлінде катамаран, қайықпен жүзуге де болады
Жергілікті зообақ бар. Кей аңдардың халі мүшкіл
Ең сұлуы
Арасындағы ең алаңсызы мына лама секілді. Берген шөбіңді күрт-күрт күйсеп тұра береді
Пай-пай панорамалар
З Ы: Великқұмарларға: велосипед жалға алуға болады. Экстрим
Эльвираның шын аты Эльвира
Демалыс күні тартып кетіп, бауырына барып жатып алсам ба екен
Электричкамен шықсаң арзандау болады, 600 тг Щучинскіге дейін, одан әрі тағы адам басына 200 тг таксимен барасың. Бірақ газельмен 2,5 -3 сағ. жетсең, электричкамен екі есе ұзақ
Жататын орын: қонақүйлер қымбат, санаторийлер де солай. Есесіне жалға берілетін пәтер, жер үй, коттедждер көп. Шамамен, адам басына тәулігіне 2000 ға табуға болады.
Кафе-ресторандағы бағалар ондай космостық емес, кәдімгі өзіміз көріп жүрген бағалар.
Азық-түлік те солай.
Қайық, катамарандар бағасы 500-ден 1000-ға дейін барады.
Зообаққа кезінде 100тг-мен кіргенбіз, қазір әрі кетсе, 300 тг. болған шығар.
Велосипед сағатына беріледі, бағасы есімде жоқ.
Алматыдан бері қарай жолың бар, оны енді өзің қара
ысмайлдарне деп жатыр?