Мен көргім келетін БлогҚұрылтай-2014
Шымкентте өткен БлогҚұрылтай біраз түйткілдің басын ашып берді.
Ұйымдастырушы жігіттерге айып жоқ. Қолынан келгенін істеді, ешкімді "қыңқ" дегізбей, күтіп алып, шығарып салып, аяғын жерге тигізбей күтті.
Бірақ, жиынның ресми жағы біраз ақсап қалғанын мойындауымыз керек. Және ол ұйымдастырушылардың да кінәсі емес.
Сондықтан, өз тарапымнан бірнеше ой айтпақпын.
Келесі БлогҚұрылтай қай қалада болатыны әлі шешіле жатар.
Бірақ, қай қалада болса да, сол қаланың белсенді азаматтары тек ұйымдастырушылық жағын: жұртты орналастыру, зал, интернет, жергілікті демеушілер деген сияқты мәселелермен ғана айналысса.
Ал формат, тіркелу, байқаулар, байқауларға сыйлық беретін демеушілерді табу мәселелерін белсенді блогшылар арасынан комитет құрылып, солар өз мойнына алса. Қанша дегенмен, Астана мен Алматыда отырғандардың тәжірибесі молдау ғой.
Біріншіден. Блогқұрылтайға тек блогы бар адамдарды ғана шақыру керек. Сан емес, сапаға назар аударатын кез жетті.
Екіншіден, ол блог жыл бойы тұрақты түрде жаңарып тұратын болуы тиіс.
Үшіншіден, әр аймақтан «тьютор» сияқты, келіп үйреніп, куәлік алып кетіп, өз еліне барып жұртқа үйрете алатын адамдарды шақыру керек.
Төртіншіден, ол тьюторларға сабақ беру керек, шеберлік сыныптарын өткізу керек.
Бесіншіден, asaubota айтқандай, блогерліктен колумнистікке өтудің жолдарын қарастыра бастау керек. Бес сурет түсіріп желіге салу немесе қазіргі көңіл-күйіңді сипаттап беру — блогер болу емес екенін түсіндіру керек. Интернет-журналистика — блоггинг емес екенін, твиттері бар кез келген адам СММ маманы бола алмайтынын түсіндіру қажет.
Шеберлік сыныптарын мынадай тақырыптарда өткізуді ұсынамын: блог жүргізу ережелері, этика мәселесі, троллинг, блогинг психологиясы, блогингтің түрлері, жанрлары, жаңа медиа мен блогингті ұштастыру, блогингтен жаңа медиаға өту, тағы ұсыныстарың болса, пікір ретінде жаза беріңдер.
Блогтар байқауы өтуі тиіс. Және, блогқұрылтай алдында бір айда ғана жазылған, шыққан жазбалар емес, жыл бойы жазылған блогтар ғана қатыса алады. Ол блогты барлық критерийлер бойынша бағалау керек: көрілім саны, лайктар, комменттер, комментердің реңкі (тональность), ол жазба тудырған резонанс деген сияқты.
Үздік блогтарды анықтау керек: үздік твиттерші, үздік фэйсбукшы, үздік лайв-стрит блог, үздік стендалон блог.
Үздік жазбалар: әлеуметтік тақырыптағы, өнер тақырыбындағы, танымдық, дәрістік, шолу, техникалық, тағы сол сияқты. Әсіресе, колумнистікке қарай бет бұратынымз бар, әлеуметтік тақырыптағы үздік жазба таңдалуы міндетті деп ойлаймын. Не болмаса, сол жазба қандай да бір резонанс тудырып, сол арқылы әлеуметтік түйткілді мәселе шешіліп жатса, ол міндетті түрде аталып өтуі тиіс. Өйткені, блогингтің басты мақсаттарының бірі сол. Тіпті, «жыл холивары» деген номинация да керек. Биылғы құрылтайда КерекИнфолық жігіттер біраз номинация таратты, ол дәстүрге айналса, және сонымен бірге жалпы қазнет бойынша сондай номинациялар болса.
Жылдың үздік блогерін міндетті түрде анықтау керек.
Және, жұртты жиып алып, блог ашуды үйрететін жастан кеттік деп ойлаймын. Кем дегенде он бір сыныптық білімі бар адамның басы оған өздігімен жетуі тиіс.
Меніңше осылай болса деген тілек. Алып-қосарларың болса, жаза беріңдер.
1. Ұйымдастырылған түрлі байқаулардың мақсаты алдын ала жазылса екен: жастардың ынтасын арттыру үшін, жаңа блогерлерді көтермелеу үшін деп. Просто босқа уақыт жұмсай бермей, басқа пайдалы іспен айналысайық дегенім даЧ. Бұрыннан келе жатқан блогерлердің байқау нәтижесіне ешқандай мүмкіндігі болмаса, қатысудың мәні қайда? Соны алдын ала ескертіп отырса үйлестірушілер.
2. Блогкэмп форматын сақтап қалсақ. Конференция, ресми жиын секілді отырыстардың форматына ауысудан бас тартсақ.
3. Блогерлердің басқосуы болғандықтан: тек блогерлер ғана қатысса. Ол үшін алдын ала тиісті іріктеу (немесе басқа да шаралар) жүргізілсе.
Ал жалпы шымкенттіктердің қонақжайлығына тәнті болдық. Сол үшін биылғы үйлестіруші топқа зор алғыс білдіремін.
Тойда мынадай болады ғой, мәселен: типа, бұрыннан келе жатқан келіндер қазан көтеріп, атпен тамақ тасып, құдаларды билеп қарсы алып жүрсе де, бүкіл назар жас келіндерге ауып, бүкіл сырға-сақина соларға ұсынылып, көйлек-көншек соған таратылатын. Кешегі байқау да сондай боп кетті. Керекинфоның бірде-бір қолданушысы сыйлық алмауы деген енді қиянат қой, реальный қиянат! Әдетте мен бір нәрсеге қатысар болсам, алды-артын бағамдап, өзгелердің бүкіл жазбасын, еңбегін қарайлап, солардың жанында өзім жеңе алатын шансым болса ғана баратын едім. Осы жолы да жүлде алған және алмаған барлық байқауға қатысушылардың постын, видеосын, суретін көріп бардым. Бұл әдіс біреулер «Сен оның жасаған видеосын көрдің бе өзі, немене сандырақтап отырсың?» деп тап бергенде, «Иә, бәрін көріп, оқып келіп отырмын. Сосын да пікірімді смело айтып отырмын» деуге де жақсы.
Қатты айтсам, кешіріңіздер, лайықты дүниелер тасада қалды («мынау планшетке бола жылавотыр, нақ!» деген пікірлер кетпесін, маған жанымдағы patick , AKY , aikarakoz секілді достарымның хотя бы біреуі жүлдеге іліксе, зор қуаныш еді). Дұрыс, ЖАСТАРДЫ ЫНТАЛАНДЫРУ КЕРЕК! Бірақ, олардың жеңісі үшін ең лайықты дүниелердің құрбандыққа шалынуы міндетті емес шығар?!
patick дұрыс айтады, жас блогшылар сыйлық алсын деп, бұрыннан келе жатқан ардагер блогшылардың (Rozatai исключение) ең тұщымды, ең лайықты сурет, видеоларды жасап, тойдың(байқаудың)көркін қыздыруы міндетті емес. Онсызда жүлде алатыны басынан белгілі болған жандар (тойыст, ынталандырылатын жастар) өз арасында жарысып, өз арасынан жүлде ала берсін!
Дәл осы жерде, Ерлан Қарин мен Мұрат Әбеновтің де блогтарын жеке өздері жүргізетініне сенімдісің бе?
жаман/жақсыайтып/айтып тастапсыз ғоенд ойланып қалдым ғо, мен қандай блогшыға кіред кем депПС: блог кемпке келмесе де мінбер жайлы айта кетсем өткен жылдағы тренингіне Асхат ағай жүргізген, қатысқам қатты ұнады, теория+практика, маңызды деген деталдарды түсіндіру, тіпті, онан кейн, осы кухняға өткісі кеген біраз адам біраз инфо алды деп ойлаймын…
сондай дамыған мастер кластар көргім келер еді, әрине, доступ болып қатсым жатсам алдағы уақытта қазбог-ке
Содан соң блогкемп енді жеке тұлғалардың емес, бұқаралық сипат алған жиынға айналды. Сондықтан оны Алматы немесе Астананың мойнына, қолына һәм т.с.с. дене мүшелеріне артып қоюдың қажеті жоқ секілді. Онда сол саяси бағыттан артықшылығы қайсы деген қыңсылаған үнімізді шығарып қойғым келеді
Сол себепті белгілі бір бақылаушы атаулының болғанын қаламай отырмын.
Пы.сы. Жалпы «ең үздік блог» секілді номинациялардың болғанын қатты қалаймын. Және ол номинация иесі блогкемптегі ең үлкен жүлдені алса негізгі миссия орындалар ма еді.