Көктөбенің "көкесі"...

Уа, жамағат!

Жақсы демалыс – жұқарған жүйкені жұбататын нәрсе екенін күннен күнге сезінудемін. Ыстанбұл, Бурса, Кония сапарларынан кейін Антальяда да пешенемізге жазылған қызықты көретін күнімізге тәубе дестік.

Антальядамыз. Нағыз туризмнің қаласы екен, ағылған жұрт, елпілдеген қонақкүткіштер һәм тыныққан ми.
«Таһталыға барсаңдар, Тәңірдің тартуын көресіңдер, таңдана алсаңдар, мәрхабат» — бұл микрофонға жармасып, әне жер, міне жерді таныстырып жүрген жолбасшымыз — тынымсыз Юрийдің сөзі. Ресейде туып, туризмдік саланың жілігін шағып, майын ішкен сабазың түрікшені де меңгеріп ап, өлместің қамымен «жүнтөсиктер» © жұртынан бір-ақ шығыпты.
Жарайды, барсақ — баралық!
Таһталысы турасында да таңданыс туғызатын мекен боп шықты.Айналып қана кетейін Көктөбемнің қызығын көріп, қадірін біліп жүрген мен үшін биікке шығамыз деген соң, онша менсіне қоймап ем. «Уа-ча» © демеске шарам қалмады.
Таһталы тауының биік шыңында орналасқан бұл аймаққа келу үшін туриске толған аптобус екі-үш рет жөткірініп алып, 726метр биіктікті артқа тастап, шыңға шығу бекетіне келді. Осы жерден-ақ жер жаһан алақандағыдай көрініп тұрған еді, сөйтсек алақанымыздан да кішкентай, атырапқа 360градус бұрыла қарайтын тұсқа жетуіміз керек екен. Тура біздің «Көктөбедегідей» фуникулермен көтеріледі екен, алайда ішіне 80 адам сиятыны «сұмдық енді» ©
Бар-жоғы 10 минуттың ары-берісінде жетіп алдық. 2365метр биіктік!
Иә, иә, 2365 метр биіктік! Ары қарай суреттер сөйлесін:
















Бізден бірер дерек: 2007 жылы ашылыпты.
Құзар басында үлкен үш қабатты туристер ғимараты бар, алғашқысында кәдесыйларға арналаған дүкен, екінші қабатында үлкеееен ресторан, үшінші этажында жазық алаң бар (жалпы маңайды көз жүгірту үшін.) Осы үшін баспалдақ та, лифт те іске қосылған. Жалпы аталған ғмараттың және аспалы жолдың құрылыс жұмыстарына жүк үшін қосымша дәл осындай аспалы жол салынған көрінеді және сол жолмен 3700 м³ бетон, 4500 м³ су, 420 тонна шойын темір және 8600 тонна қосымша материалдар жүріп өтілген екен.
Алда жалда Түрік еліне жолыңыз түсе қалса, бір көруге тұрарлық керемет жер екен.

ПыСы. Суреттеріңдегі түсірілген мерзімнің жылына назар аудармай-ақ қойыңдаршеееее, жөндеп қойдым, алайда мыналар алдын түсірілгендері. Жанна қайынбикеме рақымет!
Бөлісу:

27 пікір

AKA
Мәссаған, неткен биіктік , ақ бұлттар !!! Тамаша ақпарат жазыпсыз, сәтті де, қызықты сапар тіледім ИншАллаһ!
AKY
Мәссаған, мынауың сұмдық екен))
VKM
Жақсы ақпарат, тамаша суреттер.Күшті демал))
Gulistan
Әдемі, бірақ қорқынышты!
aktobe88
Бәрін қойш, футболканы айтшиш, футболканыыы
Күчті екен бәрі. мадес!!!
aktobe88
Осы Анталияда ғой дим, бір биік жер бар дейтін еді, сол жерден суға тас лақтырсаң лақтырған тасың жетер жеріне жетпей желкесі үзіледі дейтін. Ешқашан шолп етіп суға түскен дыбысы естілмейді дейтін. Оған бардың ба?
Аңыз да естіп едім сол туралы, есіме түспей отыр бірақ.
blackbeard
Көрінісіңіз жаман емес)))
Dinara
жақсы жақсыыы  күшті жер екен!
19852407
«жүнтөсиктер» © жұрты жынды екен
Altygradus
түф әншейін, айналып қана кететін күйеу бала өзі бір 
күЧт сүреттер, ана булар не?? бұлт сияқты боп астыдағы
вроде бұлт болатындай биікте емес сияқты да 2365 м деген
Rozatai
МашАллах, не деген әдемілік! Мебек, мені де ерте кетсеңіз етті… ;(
TERISKEY
Ондай мүмкіндік болғанда қасыма 5-6 адамды қоса алып кетер ем, амал қанша
Dinara
Теріскей күнге қыздырынбай нестеп жүрсіз?  қап қара шоколадный заяц болып қайтпайсың ба ауылға  
әбден кіріп ал енді теңізге, күнде келе бермейсің
TERISKEY
рахмет, 3күн болды, Ақ теңіздің құмды жағалауына жабысып, тұзды суына тұздық боватрм
satvaldo
уляяян, сен де галатасарайлықсың ба?
TERISKEY
Жоғииии, біреуін де танымайм тәлібтердің, @aktobe88 — әпкемнің сыйы ғой!
satvaldo
ііій, бәсе. онда біле жүр, еркек адамға цветной формалы команда жараспайды
Dinara
цветной демекші, алқызыл түсті футболкаң әдемі екен, түсі сондай нәзік
aktobe88
лібә, еркек адамға цветной форма жараспайды, еркек адамға қанатты команда тұтқан жараспайды. Сонда нені тұту керек. Гресунспорды ма? Коняспорды ма, Қасымпашаны ма?
satvaldo
джим-бом андай ойынымен бiр жыл сөйлеу қабiлетiн жоғалтуы тиiс. )) тұту керек болса ендi тошны «жаралы мысықты» емес. Аднан мен Азиз уiшiвөлсiн. Ыстамбұлда тек бiр команда бар + Чаршы. (херкесе каршы, ұмытпаңыз) и президентi де шәкірт нақ. Апо (Өджалан емес, Гүл) да ярый карталито ))))
aktobe88
Аднан емес қазір…
Чаршы туралы көп нәрсе біледі екенсіз, aferin:-)
Ал чаршыға… ничего не имею против.
asaubota
ораза тұтылады немесе ай мен күн.
Dinara
менің інілерім келіп өткенде Фенербахче болып кетті 
тура сол кезде чемпион болған еді ФБ
aktobe88
Өтірікшіііііі, Милан Барош туралы маған кім айтып берді?
Сатпашиш үйтіп.
Kozy
 Очки сол боягы)))
izbasar
Тамаша көріністер. Кіші Азия таулары Біздің Алатаудан аласа болу керек.