Ізгілік Нағиевке хат!

Ізгілік Нағиев осы. Қожекеңнің өтінішімен атын жазып жатырмын. Басын жуып келген беті екен деп, Қатыбалды пікір қалдырған сурет осы.)))
Кеше Керекте жарияланған Ақтөбе мұсылмандарының хатының www.kerekinfo.kz/blog/3514.html#comment61203 астындағы пікірлерге қатысты жеке пост жазам деп уәде етіп едім, сол уәдемді орындамақпын. Негізі бұл мәселені у-шусыз, жеке шешем деген оймен жүр едім. Бірақ басы басталып кеткен екен. Оның үстіне 3 айға жуықтады, жеке келіссөздерден шешілетін уақыты болды. Бірақ өкінішке орай өзгеріс жоқ. Медиалабқа қатысты сайттар жабық тұр. Төзім таусылды, менің дипломаттығым осы жермен тәмам. Мәселенің ақ-қарасын ашып айтсам деймін. (Тым ұзақ дүние, сондықтан тек оқығысы келген ел ғана оқыса болады. Жеке мәселені көтеріп деп айыпқа бұйырмассыздар. Кеше өз аузыңмен жауап жаз деген соң жазып отырмын. )

Ассалаумағалейкум Ізеке!

Хал-ахуалыңыз жақсы шығар. Туған жердің түтінін жұтып, күйлі-қуатты жүріп жатқаныңызды естіп жатырмыз. Тек, бұғалтірдің қылығы болмаған екен. Кеше Керекке шыққан хатты сіз жазғаныңызды таныдық, өзіңіз мойындамасаңыз да. Оқыдық, жағамызды ұстағансыдық. Бірақ ол сондағы күллі мұсылман қауымның атынан жазылмағандығын, тек бір ғана топтың мүддесін қорғап тұрғандығын сезіп, араласуды жөн көрмедік. Оны маған 3 күн бұрын ғана өзіңіз агентте хат жазып, шет жағасын айттыңыз. Бұрынғы бас имамды БАҚ арқылы мақтап, жарнамалап берсең, ақшасын төлеуге дайынбыз дедіңіз. Артынша өзіңіз кірісіп кетіпсіз. Екі күннен соң «Ақтөбе мұсылмандарының хаты» сайттардың бетіне жыпырлап шыға бастады. Керекке де жолдапсыз. Бірақ оны өзіңіз сол пікірлердің арасында жазған жауабыңызда мойындамайсыз. Мен жазбадым деп, Аллахтың атын айтып, ант-су ішесіз. Киіп алған бейкүнә періште маскасында қалғыңыз келеді. Сіз жазсаңыз да, басқа жазса да ол хат туралы менің айтпағым, ол хат — ақша бөлісе алмай қалғандардың әңгімесі. Оған бола өтірік хат жазып бүкіл елді дүрліктірудің қажеті жоқ. Бұғалтірмен дұрыстап келіссеңіздер, ақшаларыңызды аларсыздар. Мүмкін болса сол бұғалтірмен қосылып осы хатты жазған екі-үші адам да мешіт маңынан аластасаңыздар. Құдайдан қорыққан жөн. Жәрайды, бұл сіздердің тірлік, оған араласқым жоқ.

Менің айтпағым сіз Қаламгер Теннің атында деп жауып тастап, саудаға салып жүрген Медиалабтың сайттары туралы. Елге түсінікті болу үшін әріден бастауға тура келеді. Сізбен менің қатысым қандай, 7 күн кз-ні Ербол бастап, Ізгілік неғып жауып жүр, Медиалабқа Ізгіліктің қатысы қаншалықты, кешегі Қатыбалдылардың айтқаны не әңгіме деген сауал көптің көкейінде жүр. Соған ретімен жауап берсем.

Алдымен таныстық туралы. Сізбен таныстығымыз былтырдан басталды. Былтырғы жылы жаз әлде күз нақты уақытын ұмыттым, Мінбердің интернетке қатысты дөңгелек үстелі барысында көрдім сізді.
Блогымды Бәйгеге тіркейін деп, 4-5 рет талпынғам, тіркелмеді, қате шыға берген еді екі-үш күн бұрын. Сол дөңгелек үстелде соның жөнін сұрап, визиткамды ұстаттым, қолыңызға. Екі-үші күннен соң Фейсбуктегі бетіме «Ұждан» деген клуб құрып едік, соны дамыту туралы сөйлессек деген ұсыныс жасап, хат жаздыңыз. Кездесіп, талқыладық. Маған ә, дегенде-ақ клуб туралы ұсыныс ұнамады. Көпке түсінікті болу үшін айтайын, клубтың идеясы мынау, Ұжданға проблемасы бар адам келіп, мұңын айтады. Клуб БАҚ, құқық қорғау органдары өкілдерін жинап, отырыс өткізіп, оның мұңын шешуге көмектеседі. Сол арқылы клуб ақша табады. Бұнымен қатар клуб аясына сыймайтын толып жатқан «услугалары» бар.

Мен сізге бұның клуб аясына симайтынын, менің қоғамдық қор құру туралы жоба барлығын, қорды құрып, клубты соның бір жобасы ретінде дамытайық, бірақ «Ұждан» ақша табатын емес, қоғамдағы проблемаларды талқылайтын, шешуге ат салысатын, Айт парк сияқты клуб болсын дедім. Сосын кеңсе мәселесі шешілсе, Қазақстан баспасөз клубының бағытында, Баспасөз клубын құрсақ деген ұсыныс жасадым. Сіз Жасылдар партиясынан жеке офистік бөлме, Жасылдар партиясының баспасөз клубын алуға құдыретіңіз жететінін айттыңыз. Мен сіз Жасылдардың кеңсесінде тегін отырған соң, шынында да сөзі жүретін шығар деп ойлаппын. Сонымен не керек, Жасылдардың төрағасы Мәмбеталин Лондонда келгенше «Бәйге» жобасы үшін берген тегін кеңседе отырып жұмысты істей берейік дедіңіз. Қор құруға мүдделес адам, кеңсе таппай жүрген кезім. Бәйгені ұйымдастырып жүрген соң, Жасылдар партиясының жайлы, кең офисінде отырған соң, Қаламгер тен жасады дегенді бір-екі сайттан оқығаным бар, сіз маған іскер адам, құтқарушы періште болып көріндіңіз. Осы жерде өзім де ық-ық деп күлем, есіме түссе. Медиалабтың құжаттарын тіркеп, дайын болғанша жұмыстарды жасай бермекке келістік. Бір ғалым апамызды президент, сізді атқарушы директор болыңыз дедім. Мен тек құрылтайшы, жалпы тірлігін басқармақ болдым. Ә, дегендегі әңгіме қордың сайтын жасаудан бастасақ дедім. Бастадық. Бұндағы домен+хостингке сіз жауапты болам, ақшасын кейін, қазір Қаламгер Теннің атында домен беретін жерде шотым бар, содан ала салам дедіңіз. Шығыныңызды кейін қайтармаққа келістік. Содан қордың сайты medialab.kz тіркелді. Бұл қордың корпоративтік сайты болуы тиіс болатын. Екеулеп отырып, вордпресспен әйтеуір бір сайт жасап шықтық. Маған басында-ақ ұнамады. Бірақ, сайттан хабарым болмаған соң мақұл дестік. Бір қызығы мен осылай Ізгілікпен бірігіп қор құрып жатырмын, осындай мықты адам екен десем елдің барлығы теріс айналды, тыжырынып. Сөйтсем интернеттен хабары бар елдің барлығы біледі екен сізді, сіздің тірліктеріңізді. Мен ғана екем, дүмше. Содан сізді дұрыс тану үшін «журналистік зерттеу» жасауға тура келді. Сіз жасаған сайттардың иелері, сізді таниды -ау дегеннің барлығының аузынан жақсы сөз шықпады. Ой ол мындай, ол сұндай, ол құрсын, деген сөздерден құлақ шыңылдай бастады. Ол шуларыңыз туралы дәлел қолымда бар әлі. Басында мән бермедім. Өз басыма ештеме істей қойған жоқ қой, жобаны жүзеге асыра берейік деп. Күндердің күнінде Сағын, мәліметтер твиттерге блогшылар бірігіп, ақпараттық сайт ашсақ деген ұсыныс жасапты. Ол да ойда жүрген іс еді, Сағынға хабарласып бастайық деп келістік. Атын ойластырып, бірнеше дизайн таңдап, 7 күн кз деген атауға тоқтадық, Сағын Медиалабтың меншігі болсын, бірігіп жүзеге асыра берейік деді. Мақұл дестік. Бұл әңгімелерде Ізгіліктің исі де жоқ. Солай ғой Ізеке.
Домен тіркеудің ретін қиынсынып, сізге өтініш жасадым, өткенде шотта ақша бар деп едіңіз, мен сізге ақшаңызды берейін, мына доменді Медиалабтың атына тіркесеңіз деп. Сол күні сайт Медиалабтың атына тіркелді. Ізекең ақшаны кейін алармын, Медиалабтың ісіне гой деді. Мақұл дестік. Сағын 1 аптада сайтты жасап, іске қостық. БАҚ арқылы хабарладық, ел-жұрт тани бастады. Тұрақты оқырмандар пайда болды. Болашаққа жоспар түздік, жаңа концепциясын жасадым. Күндердің күнінде Лондоннан Мәмбеталин келді. Сізге біздің жобада болмаған 7 күн дами бастады, жобада болған, уәде еткен офис, пресс-залды алыңыз, нағыз тірлікті бастайық деп едім, тормоз бере бастадыңыз. Маған Мәмбеталинге өзің кір деп, итермеледіңіз. Сол жерде бәрі бос сөз екендігі, ел айтқан Ізгіліктің бейнесі түсінікті болды. Мен танымайтын адамға офис бер деп кірсем, жындыханадан қашын шыққан екен демей ма. Бір аптадан соң құры офис алып отырған Бәйгешілерді жасылдар кеңселерінен айдап шықты. Сіз типа мені қуған жоқ, Ақтөбеде жұмыс болып тұр, келген соң кеңсе, пресс зал мәселесін шешеміз деп Ақтөбеге аттандыңыз. Сенген болып біз қала бердік. Ақтөбеде жатып алып, Медиалабқа қарсы кедергілерді бастадыңыз. Медиалаб Блогкемптің жалғыз ұйымдастырушысы, деп Ляховтың шолуын блогыңызға жариялап, біраз елді ренжіттіңіз. Жұмысы басталмай жатқан Медиалабтың атына кір келтірдіңіз. Ол туралы екеуміз үш күн дауласып, блогыңыздағы жалған жарнаманы алдыра алмадым. Сіздің бар айтарыңыз мен Блогкептің сайтына домен+хостинг бердім. Құдай-ау сізден соны ешкім сұраған жоқ, өзіңіз бердіңіз. Артынан жаңағы тірліктерді бықсыттыңыз. Берем деп, бердіңіз болды емес па. Оны шулатып, менің еңбегім бар деген ер азаматтық атыңызға сын. Одан бір күні 7күн кз-ға мен жасаған сайттар мен қаламгер тен туралы мақтап мақала жазып тұр деп, агент арқылы қоқан-лоққы көрсете бастадыңыз. Менің ойым 7 күнді біреудің мақтан, жарнама сайтына айналдыру емес. Бүкіл халық оқитын сайт жасау, сондықтан ол өтінішіңізді орындай алмайды екем.Бұл қайдан күшейіп отыр десем, Ақтөбеге жеткен соң, Медиалабтың атына тіркелген доменді маған айтпастан Қаламгер теннің атына тіркеп апты, құтқарушы періште. Содан сайтты маған бере салсашы, Қаламгердің атында, ал не істеп аласың деген щигол тірліктеріңіз басталды. Ең сорақысы соткаңызға хабарлассам, агент арқылы хат жазсам оларға типі хатшы қойып қойыпсыз. Сотка мен агентке хатшы қойғанды бірінші рет көрдім. Амал жоқ юристермен ақылдасуға тура келді. Кеңесін алып, сот арқылы шешудің шет жағасын айтып едім, Ереке деп хат жаза бастадыңыз, хатшы да жоқ болып кетті. Әйеліңіз түнгі 11-де звондап сенің өзіңді сотқа берем, Ізгіліктің басын қатырып жүрсің, мен екіқабатпын, сенің сотқа береміңді естіп ауруханаға түстім деп қуған әңгіме айтып, қорқытпақ болды. Бұл туралы агентте талқыладық, айтпақшы кешегі хатта көрсетілген Нұр ғасыр мешітінің почтасы арқылы. Сосын мен ақылы кірер, ол сайттарды түк істей алмаған соң қайтарар деп ойлағам. Жоқ басқа әңгімеге көштіңіз, Қаламгер Тенді Фархатқа бердім, домен + хостинг туралы сонымен сөйлес дегенге шықтыңыз. Фархатпен әңгімеден түсінгенім, Қаламгерді Фархаттың атында деп қойып, сайтты маған сатпақсыз. Блогкепм сайтын өткенде бір дауымыздың арасында айтып қалғансыз, ол блогшыларға берген домен + хостингім, оған қатысым жоқ деп. Сөзіңізден танып кетпейді, ол сайт блогкемптің сайты болып қала береді деп ойлаймын. Сондықтан Медиалабқа қатысты екі сайт туралы туралы сөйлестік Фархадпен. Медиалаб кз де, 7 кун кз де биылғы жылдың басында тіркелді, Медиалаб кз 1 ай тұрып, 7 күн кз 2 ай тұрып сіздің тараптан өшірілді. Фархат сол 2 айлық хост үшін 12 мыңнан сұрап тұр әрқайсысына. Неге қымбат дегенді хост. шығынымен түсіндіреді. Доменімен, барлығы 35 мың. Хост. бір сайтың хостының ішінде тұрды. Сонда қандай шығын шекті білмедім. Екі доменді 2,5 мыңнан алдыңыз. Бұл жерде басы артық шығын жоқ. Егер Қаламгердің жеке сайты болса, біздің еңбек сіңбесе онда ауызыңа келген бағаны айтсаңыз болады. Мен тек сізден шыққан шығынды қайтарып беруге дайынмын. Ал, сайтты өзіме сату алаяқтың әрекеті.

Осы уақытқа дейін жасыңызды сыйлап Ізеке, Ізеке деп келдім. Интернетте отырып Қазнетті дамыту, қолдау туралы әңгімелер айтасыз. Былайғы өмірде де қазнеттегі бағдарламашылар арасындағы жасы үлкендердің бірімін, жастармен жағаласпаймын деген әңгімелеріңізді естідік. Егер қазақ интернетіне шын жаныңыз ашыса, шынымен осы интернет саласында жасыңыз үлкен, талай сайтты жасаған адамдардың бірі болсаңыз сіздің бір тиын да еңбегіңіз сіңбеген сайттарды қайтарғаныңыз жөн болар. Доменді тіркеп берген аса қатты еңбек емес шығар. Кеше «Ербол тарапынан сайттарға қатысты, өзім жеке жасаймын, сенің қатысың да, керегің де жоқ деп айтса, сайттарды бір тиын ақша алмай-ақ Ербол атына ауыстырып беремін. Ол жағдайда Ерболдың жеке атына тіркеледі», деп үш рет жазыпсыз пікіріңізде. Бүкіл дүйім жұрт куә. Осы сөзіңізді еркекше айттыңыз, орындаңыз. Тегіннің де қажеті жоқ, шыққан шығыныңызды әділ есептеп, ақшасын берермін. Тегін деген ауызша ниетіңізге рахмет.Бұ кісінің айтқанын орындауда тормозить ете бастайтынын беске білем. Ол сайттарға еш еңбегіңіз сіңбегенін айттым, жоғарыда. Басқа толып жатқан іс-әрекеттеріңіз туралы жазбадым. Қағаздың бетіне симайды. Медиалабқа келсек оған да еңбегіңіз сіңгені шамалы. Егер шынымен Медиалабқа еңбек сіңіремін, сондағы ойлаған мақсат-мұраттардың жүзеге асуына үлес қосам десеңіз мархабат, келіп уәделеріңізді орындаңыз. Ол бірінші Жасылдар партиясынан тегін кеңсе алыңыз. Екінші соларда тұрған пресс-залды алып беріңіз. Бұл уәделерді мен бергем жоқ. Мен берсем орындаймын. Сосын Алматыға келіп, сол кеңседе отырып, ойлаған жобаларды жүзеге асыруға белсене атсалысыңыз. Бірақ бұл қор— ашкөздікпен ақша табуға құрылып отырған жоқ. Сондықтан келерде ойыңызды өзгертіп, әфсаналарыңызда жазып жүргеніңіздей Аллахқа бетіңізді бұрып келгеніңіз дұрыс болады. Ал, Ақтөбеде жатып алып Медиалабтың жұмысына араласам арманның қажеті жоқ. Қаламгер Теннің жарнамасындағыдай клиенттерге Алматыдан филиал аштық деген болмайтын әңгіме, жалған жарнама қажетсіз маған. Жақсы деген ат тек еңбекпен, тырбаңдаған тірлікпен, елге жасаған жақсылықпен ғана келеді. Құры отырып-ап іс жоқ, өтірік тірліктен боқ та шықпайды. Ата сақалыңыз аузыңызға түсті, 7 баланың әкесісіз. Ол сайттарды қаламгер тен атында қалдырам деген арман екенін түсінерсіз. Құқықтық жағын айттым өткенде. 2 доменге бола Медиалабтың жұмысы тоқтап қалмайды. 7 күн кз болмаса 7 күн. де бар. Медиалаб. кз болмаса млб-кз бар. Домен алу да қиын емес, тегін сайт жасап, тегін хостинг беретін жігіттер де бар. Олар сізге қарағанда қазақ тілінде бір сайт болса да дамыса, көркейсе, өркендесе деп тілейді. Көмектессек дейді. Сол үшін олар сыйлы. Өкінішке орай сізде ол пиғыл жоқ, ойыңыз тек ақша. Егер олай ойламасаңыз, 2 айдан бері 7 күн кзны жауып қойып, жүрмес едіңіз. 2 айда тұрақты оқырмандарға 600 ақпарат жетпеді. 1,5 млн. теңгенің грантынан айырылдым. Оны алсақ сайтты дамыту идеясы жүзеге асар еді, кішкентайдан болса да бірнеше тілшіге қаламақы берер едік. Бір сайт болса да дамыр еді. Өкінішке орай 7 күн тек Қаламгер тенді жарнамалау керек, боламса жабық деген сіздің асқан парасаттылығыңыз мұрша бермеді. Алыңыз деп тұрған гранттан бас тарттық. Екіншіден Медиалабқа олар екінші рет грант ұсынудан да бас тартамыз деді. Сіз қаншама шығын келтіргеніңзді түсініп отырған шығарсыз. Жоғарыдағы екі сайт менің еңбегім сіңген, менің идеям. Сондықтан оны даулауға толық құқым бар. Сондықтан адами жолмен қайтарғаныңыз жөн болады. Медиалабқа сіңіп кеткен дүнием бар, мына ит мені лақтырып отыр десеңіз жазыңыз осынға. Ел оқысын. Құныңыз өтіп кетсе оны айтыңыз, қайтарам.

ПыСы. Ал, Ізеке тосамын, кешегі көпке берген уәдеңізді орындарсыз. Елге нағыз бейнеңізді көрсетерсіз. Домен алғандағы, 2 ай хосттың ақшасын Фархаттың қолына беремін. Дұрыстап есептеп, ал, сату деген ой болмасын. Сіздің зауыттан шыққан жоқ ол.

Керекшілерге: Кешегі Қатыбалды деген адвокатқа келсек, менің досым. Әзіл-қалжыңы аузынан түспейтін жігіт. Өзінше Сатыбалдыға еліктейтіні бар. Керекке кеше тіркеліпті, мендегі жағдайды беске біледі. Ақтөбеге атпен барам деп, Ізгілікті сүйреп әкелем деп, кіжініп әрең тоқтатқам. Көп нәрсе жазылмады, уақыт аздықтан асығыс жазылды. Мынау қу басындағы жағдайды осында жазып деп, айыпқа бұйырмассыздар. Кешегі пікірлердің астына өз аузыңмен жауап жаз деген соң, сосын әңгіме көбейіп кеткен соң, түсінік бергенді дұрыс көрдім. Болды сөз тәмам.
Бөлісу:

120 пікір

Qojeke
Құдай сақтасын. Мына Ішкілік енді мешіттерге ауыз салайын дегеннен сау ма? Қолына тәспісін ұстап алып көрінгенді тонап кететін біреуге ұқсайды. Бағадатсссс сайты өліпті ғой.

Мынаның былықтарын тізе берсе көп екен:
medialab.kz
7kun.kz
blogcamp.kz
bagdat-s.kz
nur-gasyr.kz

Уа, дәретсіз жамағат, дәреті шала Ішкіліктің құйтырқылығынан сақ болыңдар!!! Ертеңгі күні үрім-бұтақтарың опық жеп жүрмесін.

Ішкілікті соттау керек. Есекке теріс отырғызып, отырған есегін айғырмен айдатып жіберсе екен.

Ербол, неге арыз жазып, сотқа тартып, шығындарыңды өндіріп алмайсың? Мынадай өтірік тақуаларды ойланбай жеңесің прцесте. Арты таза емес, тышып қойған балаға ұқсаған қадірсіз ақсақал не істейді сотта? Сытылып кетпейді. Ақтөбегеден де ары асып қашып кетсе де сотқа бер. Сенің сотқа бергеніңді халық білсін, сонан соң Ішкіліктен зардап шеккен басқа ондаған адам саған қосылып арыздарды қарша боратады.
Пікір түзетілген: 20 маусым 2011, 21:46
Katibaldi
Кеше Ербол бер десе тегін-ақ тіркеп берем деді ғой. Азаматтықпен айтқанын көреміз. Егер орындамаса онда бет-бейнесі белгілі деген сөз. Онда сотқа берем. Юристермен ақылдасып, арызы жазылып қойылған. Тек Ізгіліктің жауабын тосып жүргем. Тағы тосам, болмаса көреміз.Иә, хабарласып бірге шағымданайық деушілер бар, деп отыр Ербол.
Пікір түзетілген: 20 маусым 2011, 22:04
Qojeke
Мешіттің сайтында тақуа болып жауап беріп отыратын гегса-тақуа молдамыз ізгіліктен мақұрым Ішкілік болса, шешшесс мешіт атаулыны ұмытатын шығармыз
Aizhantabyn
жеті баланың әкесі! опупеть!!!

Негізі, ужасный жағдай екен. Адам сенгісіз. Ер адам деген ірі болатын еді…
Zako
Адам сенгісіз жағдайға да сенетін болып алдық қой
satibaldi
Ирод ептібайымайд! Уа жама'ат, мынаның озбырлығы Исаны бес күміс ақшаға сатып кеткен Иуда амигодан өтіп кеткендей ме? Адамның азғындауына сенбегенім соншалық, үш қайтара оқыдым нақ!
Изя Циперович, менің Бәйге бие жарысына кеткен шығындарымды да есіңнен шығарма! Мынаны жазып отырған адамның интеллигент екені көрініп тұр, әрі кетсе — арың білсін деп қоя берер, ал мен ондай емеспін нақ!!! Зәкіретдин Байдосовқа тапсырам нақ, мердігерлік түгілі, намазыңды өтемеуіңді қадағалайтын болад Нұрғасырда! Тездет!!!
satibaldi
1,5 млн. теңгенің грантынан айырылдым.
Бердім жолымды амиго, бірінші сен өтетіп ал!!!
Erbol
Рахмет Сатеке жол бергеніңе. Мәселе грантта да емес. Аман болсақ келер-кетер ақша деген. Ақтөбеге барып, комптың артына жатып-ап сайттарды жауып тастап, жасап отырған тірлігіне қаның қайнайды. Үйіп-төккен уәделері бар. Оның бірі орындалған жоқ.Керісінше ойламаған жерден Сағынмен бастап кеткен сайтты басып алып, өзіме сатпақ.Жауабын тосам, кешегі уәдесін оқыдық.Егер сайт қайтпаса, сотқа талап арыз дайын. Қаламгер тенге қатысты басқа да дүниелерін анықтап қойдым.Жаңағы 1,5 млн. маған, сондай-ақ 7 күннің басқа да тілшілеріне қайтарады. Сонымен қатар Қаламгер теннің жасаған 70 сайтына хат дайындап жатырмын.Онымен мүлдем қатынасын үзетін болады. Сосын Қатыбалдының тіоімен айтсақ өзін де ауыр жазалар күтіп тұр)))) Оны бұл жерде бықсытпай-ақ қояйын.
Пікір түзетілген: 20 маусым 2011, 23:12
Zako
Ақша да жоқ сайт та жоқ  Ізгіліктің абыройы да клиенттері де жоқ
satibaldi
Кеше, әлгі, «мұсылмандардың хатын» оқығанда, осыдан екі-үш жыл бұрынғы дәл осындай Кубқалам Домалақарызовтардың атынан жазылатын Инет-ғайбаттар есіме түсіп, сексен пайызға сенімді болып едім Изя Рабинович екеніне.
Храмдардың қоңыраулары, азынаңдар! Шива, жерге түс нақ, сұмдық болып жатыр! Шымшитын көт те қалмады: лқаш екеш алқаш менің де тасыма дейін қызарып отыр!
Qojeke
Мына супер-өрт постыңа Ішкіліктің (Ізгілік) Нахуйефтің портретін сыйыстырып жіберші. Коды міне
<img src="http://www.today.kz/uploadedFiles2/3102/_DSC0732.jpg"  alt="" />
Erbol
Қожеке суретін салған жарнамасын жасау емес па?
Qojeke
Сурет салмасаң бетті көт деп ұғып қалатындар аз емес. Халық білсін қарабет алаяқтарын.
Qojeke
Уа, қазақпаратыңқұрғыр, Суреттегі адамның Ізгілік екендігін бақырайтып жазып қойшы. Соқыр адамдар көріп, Ізгіліктің ізгі жан екендігіне нанып қалар нақ.
Qojeke
Мынадай форум өткізсеңдер деймін:
"Ізгіліктен зардап шеккен сайт иелерінің бүкілқазақстандық бірінші слеті". Ішкілік пен Ізгіліктен (ваще қайсысынан болса да какая розница)зиян көрген қауымның жиналысы болсын. Қауымның Ақтөбе облысында филиалы болсын (клиенттермен тез тілтабысу үшін). «Жабыла ашқан көт көңіл» демейді ме жоңғарлар. Алға!
satibaldi
Жақсының жақсылығын айт — нұры тасысын, жаманнын жамандығын айт — уішівөлсін — деуші еді Мастұр батыр әлгі жері тірісінде.
blackbeard
blogcamp saityna baylanysty jagday esimde…
basynda ap ajepteuir hosting berip, sodan son janagyday narselerdi bylyktyrgan son blogcamp saityn megahostingke auystyrdyk koi!
kyskasy, mynau adamdyk emes! abyroidan jurdai boldynyz izeke!
tuzetu: atyn bas arippen jazyp koiyppyn!
Пікір түзетілген: 20 маусым 2011, 22:57
konvict
Фууу, немене пәле! Не естімеген құлақ, не көрмеген көз © Жаман иттің атын бөрібасар қойдының НАҚ өзі екен
Qojeke
Приом, іЗЕКЕ, приом @izgilik
Сыртымыздан оқып тұрғаныңды білеміз. Жауап бер келіп! @izgilik
Пікір түзетілген: 20 маусым 2011, 23:08
asaubota
банға жібергем мындағы аккаунтарын, жауап күтпеңдер. басқа атпен тіркеліп келмесе.
Qojeke
Не деген қатыгез админ
Qojeke
Мына сайттардың да иелерімен хабарласыңдар. Олардың арасында да ауыздары күйіп, Ізгілікке тіс қайрап жүргендері бар. Жетет.
Пікір түзетілген: 20 маусым 2011, 23:15
asaubota
бұл жердегі jasqazaquni.kz иесі қайтадан жасап бер дегесін, доменін ала алмай басқа доменмен ашып, басқа хостингке көшіріп бергем. ана бұрынғы доменінің паролін беріп еді, кейін кіре алмай қалдым. сөйтсем Фархад айтады Ізгілік ішіне кіріп, мен құрып қойған бір плагиндерді аламын деп кіріпті де паролін өзгертіп кетіпті. күлкім келеді әнәссс
Erbol
www.kaztag.info www.kaztag.kz сайттарын осы жасаған ба?
Qojeke
www.nur.kz порталын жасаған адамға ондай ұсақ сайттар сөз болып па )
asaubota
кезінде тор кизетте қазақтың алғашқы топтық секс қауымдастығының іргесі қаланып еді, ол да тарих қойнауына кетіпті ғой
asaubota
 аха олар жасаған
Qojeke
Тілім байланып қалды  Жерлересің ғой не дегенмен де
Erbol
uzhdan.wordpress.com ))) Біз жасаған сайттар дегеннің арасына қойып па? Бұл блогта онлайн конференция өткзіемін деп жаңалық ашып, тақырып қойып, кірген ел пікір қалдырмай, үн-түнсіз шығып жатыр )))).Мен аң-таң кіргендер ең болмаса пікір қалдырмағаны несі деп.Сөйтсем атын оқығандар көріп кете береді екен ғой. Ішіне елден сүйінші сұрап, Медиалаб құрылмақ деп өмірбаянымызды салып. Атасын, өткенде бұл ұятты прикол блогты әрең кодын тауып өшірдім.Бүгінгі кейіпкер кодын бермей, комп. ақтарып отырсам, тіркелген кезде жазып алған екем.Ух, дедім.
Пікір түзетілген: 20 маусым 2011, 23:37
Qojeke
Қуамын деген сүтқоректі амалын тауып қуады екен. WPда блог ашып, соны сайт жасадым деп айтқаны өте ұят. Ей, жеке сайт етіп ашқандары да сол WP шаблондарымен «жайнап» тұр емес пе
asaubota
шаблондар миллион ғой, бірақ вкус ноль енді.

вордпрестің тілін ауыстыруға да ерінеді, бір рет менен сұрады қазақшасын берші деп. берген жоқпын әрине.

бір рет бір премиум теманы маған айтады настроить етіп берші деп. істеген жоқпын әрине.

вордпрессті қорлап жүрген адамға схуяли көмектесем
Qojeke
Кетчі  Солай ақша таппақ болса, о, шшш дегеннен басқа ештеңе айтпаймын  Ол ЖШС директоры ғой.
asaubota
ерінбей қарап шықшы, осылардың нешеуі ашылады екен
Qojeke
Ашылатындарының нешеуін лахтырып кетті екен дечі
Erbol
премиум теманы настроить етуді білмеген соң екен ғой Сағын жасаған дайын сайтқа жабысып отырғаны. Медиалаб сайтын жасарда айттым, мынаны дұрыстайық деп, ой анау-мынау деп бір болмаған шаблонды салып қоймады. Кейін ұнамаған соң, өшіріп тастап қайта жасап жатыр едік.
Пікір түзетілген: 21 маусым 2011, 00:06
Qojeke
Ық — ұрлық түбі қорлЫҚ
Qojeke
Tor.kz энциклопедиясындағы Мақалалар саны: 41 000  Дамып жатыр екен.
Erbol
Мұнда блогкемптің ұйымдастырушылары ақша жеді деп шу қылды. www.facebook.com/arshato/posts/161437423914525
satibaldi
Qojeke
Мой миріндегі фотолардан әнші Бағдат апайымыздың суреттерін көруге болады. Шала сайт жасаушы Вордпрессте фотоальбом жасай алмағаннан соң мой мирдің қосымша функциясы арқылы суреттерді алдымен мой мирге жүктеп, кейін дайын кодын Бағдат-с сайтына қоя салған.
konvict
Анау суретінен басқа суреті жоқ па? Бар жерге соны тықпалапты
Qojeke
Ей, не дейді мынау а  Ол суреттің де афтырлық құқығы Хуйзгілікте емес қой қырсық шалғанда
konvict
Соған мен де таң қалып отырмын
meirzhan
Авадағы осы суреттің кішкентай нұсқасын көріп, ойланатынмын: «Мынау шашы ұзын қыз ба?» — деп.
konvict
Менде солай ойлап жүргем басында
satibaldi
Лібә, мен 2010 жылдың 15 қарашасында әлі адамзатқа сенген екенмін:
Qojeke
Доғарыңдарнақтаркілеңнақ! www.kerekinfo.kz/blog/3578.html
Пікір түзетілген: 21 маусым 2011, 01:03
Erbol
Қожеке Ізгілікке армансыз жарнама жасадыңыз.)))
Janasil
Ізгілік Wp тегі блогына жауап хат жолдады. Бірақ ашылмай жатыр. (Көп адамда WP ашылмайтынын біледі неге осында салмады екен ә?)
VKM
ужс((((
satibaldi
Сен ужасс осыны оқып отырған!
VKM
@satibaldi,2 күн болмай келсем, осы мақала ғана 1-ші тұр.Кілең негатив іші.Қазақпыз ғой,қырқыспасақ өмір жоқ…
satibaldi
Еш сөлекеттік көріп тұрғаным жоқ. Қайта айтақтап-үриттеп, соғыс өртін маздата түсудің орнына, қан-жоса бет жыртысты ішің жақсы көріп тұрса да, сыртынан өтірік қам жейтін не әдет осы қазақта?
asaubota
Пікір түзетілген: 21 маусым 2011, 10:16
ushkin
"Қасықтап жинаған абыройым шелектеп төгілді" деген осы. Ербол, ақыры бәрін ақтарыпсың ғой...+1!!!
Erbol
Дәл қазір Ізгіліктен хат келді.

— Асм. Ербол. Аршат және басқалар.

1. Мен өз сөзімде тұрып домендерді Ербол атына ақысыз, тегін ауыстырдым, енді тек Ербол Фархадқа барып келісім шарт жасау керек.
Сол кезде толықтай ДНС адрестерін де өзгертіп беремін. Келісім шарт оқып танысу үшін қосымша жіберіп отырмын.

2. Блогкамп домені туралы айтарым бұрыннан белгілі. Блогкампка жауап беретін қоғамдық қор тіркелсе мен сол қоғамдық қорға ақысыз тегін доменді ауыстырып беремін.

2011/6/20 Керек Инфо <asaubota@kerekinfo.kz>
izgilik!
Пікір түзетілген: 21 маусым 2011, 12:28
Zilola
Кеше түнде ерінбей жатар орынға ертегі орнына оқып алдым.
Ұнады, ұнағанда Ерболдың ағынан жарылғаны ұнады, ал жақсы жаманды жеңетініне кәміл сенемін. Алаяқтың екі аяғын бір балеткаға тығып, аққу көлін билету керек!!!
Erbol
Жаңа Ізгіліктің блогында маған жазған жауабын оқып шықтым. Көзіме жас алдым. Өзімнің иттігіме көзім жетті. Ит екем ғой мен деген. Сондай адал адамды алдап. Болды маған монақ болып кету керек. ))))))) Хаттан біраз жаңалық аштым өзіме, өзім туралы. Жауап жазармын.
satibaldi
Қолыңды тарт Советтік Россиядан! Чемберленге біздің жауабымыз!
asaubota
мен де таңертең оқып, саған жыным келіп кетті. періштедей адамды жамандап
qisyq
Ербол, сенен түңіліп отырмын ана хатты оқып.
VKM
Ізгілік Нағиев — «Қазақ интернеті» бірлестігінің техникалық ди­рек­­­­торы, интернет маманы, бағдарламашы. Жаһандық интернет кеңісті­гінде қазақтілді сегментті барынша дамы­ту бағытында қазақша сайт­тардың ашылуына үлес қосып жүр­ген азамат. Бірқатар қазақ басы­лымдарының интернеттегі тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп жүрген Ізгілік Нағиев мәдени әрі ғылыми жұмыстармен де айналысады. Біз­дің газеттің сауалдарына ол былай жауап берді.

Гуглден алдым
satibaldi
— Изя Циперович??? Ох, е..., м… сц…… з!!!
Көшеден алдым.
meirzhan
Негізі ресми посттарда қызмет атқарып, БАҚ беттерінде аты аталып жүрген кей азаматтардың бетін тырнап көрсе, олардан да түрлі жағымсыз қылықтр туралы біле аламыз. Мысалы, кейбір кеше ғана беделді шенеунік болып жүргендер шетелге қашуға асығуда.
asaubota
кезінде Алматыда қазақша интернетпен айналысып жүргендер аз болды. сондықтан журналистер тек Ізгілікке баратын, осылайша пиары жақсы жасалды. Ізгілік сол танымалдығын көтере алмай қалды ау деймін, онымен бірге жұмыс істеген адамдарды танимын, бәрінің айтатыны негатив.
blackbeard
Maaaassagan Erekem-au sizdi solai dep oilamappyn nege izekennin akysyn jeisiz a?
birak posty otmor bolgan okyp kozime jas aldym
Пікір түзетілген: 21 маусым 2011, 13:17
Gastarbaiter
Ізгілік Нағиев менің моймирдегі достарымның қатарында еді. Істес болғам жоқ, операцияларды көргем жоқ, шытырлатып алған теңгесін көргем жоқ, сондықтан ештеңе айта алман.
Бірақ…
Бірақ бірде агентпен оның почтасынан біреу маған шықты. Диалог қызық болды. Ерігіп отырғам, аузыма келгенді айтып.
Сөйтсем, әлгі Ізгілік Нағие адресінен сөйлесіп отырған адам өзін "Ізгіліктің әйелімін, маған күйеуімнің қайда жүргенін айтатын адам бар ма?" деді. «Почтасын бұзған бір әзілқой хакер шығар» дедім де қойдым.
Әйтсе де, «Жындымысың, мен қайдан білейін, байыңды интернетке жар салып іздейтінің бар, сандыққа құлыптап қоймайсың ба?» деп ерегісе түстім. Кім, не, қашан екенімен шаруам жоқ, әйтеуір біреумен тістесу ғой ойым))
Сөйтсем әлгі әйел /клон ба бәлкім/ өй маған Ізгіліктің өзі бес тиынға керегі жоқ, маған оның алименттері керек!" -дегенде, үстелден ауып түсіп, еденге домалап жарты сағат жаттым.)))
Мұның сыры неде екен?
Пікір түзетілген: 21 маусым 2011, 13:44
Abilakim
Мұның сыры сапасыз резинада
Gastarbaiter
Мәмбет-ай десейш.
Erbol
 тұра алмай қалдым. Мен жазбай-ақ қояйын.
VKM
Кім, не, қашан екенімен шаруам жоқ, әйтеуір біреумен тістесу ғой ойым))
 No Comment(
Пікір түзетілген: 21 маусым 2011, 18:04
Qojeke
VKM, бұтақты қарсы ал!
Қаламгер ТЕН фирмасының Ақтөбеден де бөлімшесін ашып жұмыс істеп бастағанымыз шындық. Алла бұйыртса, жақында Астана және Өскемен қалаларынан да ашамыз деген ниетіміз бар.
Gastarbaiter
Коментім жоқ деп қазақша жазыңдаршы ағылшынша білмесеңдер. Қанша айтуға болады «No comment» болады.
Abilakim
немесе мен тәрізді үндемей отырса да болады
Qojeke
Әй, Гаста, аспаннан түстің бе? Оның қотыны телефонмен де солай мазалайды нах.
Qojeke
Бұтаққа керек пе оның мыжып кеткен келісімдері. Жыным келеді осындай сұмпайы болса да мүмин бола қалатын адамдарға. Бір жеріне тықпай ма келісімдерін. Соттау керек мұндайда! Алға Қазақинформ журналистері!
Qojeke
Егер олай ойламасаңыз, 2 айдан бері 7 күн кзны жауып қойып, жүрмес едіңіз.
Бұтақтың жауабы:
Тіпті осы 7кун доменін сатшы деп 2000-5000 доллар аралығында ұсыныс білдірушілер де болды. Ол туралы өзің де білесің деп ойлаймын.
Пікір түзетілген: 21 маусым 2011, 15:54
Qojeke
Бұтақ:
Керекшілерге: Қатыбалды, Сатыбалды және т.б барлық қолданушыларға дұғай сәлем. Мен туралы жақсы-жаман, аз-көп пікірлеріңе, жарнамаларыңа Алла риза болсын деп шынайы алғысымды білдіремін.
Жлғал нақ! Мүбәрәк адам бола қалыпты )) Біреудің ақысын жегенде сенің мүбәрактығың бұтағыңның тасына түсіп кете ме не?
serjan
Негізі қазақтар біреуді жамандаса жерге кіргізіп жібереді, ал біреуді мақтаса көкке көтеріп тастайды. Негізі Ізгіліктің пендешіліктері болған шығар, бірақ осы отырған бәріміз де періште емеспіз. Ал қазақ интернетінің дамуы үшін дәл Ізгілік сияқты ешкім де үлес қоспаған сияқты. Мен ізгілікті танымаймын, ол жасаған бір екі сайттың админдерін танимын. Әрі бір рет Ізгілікке сайт жасау қызметі туралы хабарласқанымда ол өте арзан бағаны айтты, Мысалы мына сайтты www.inust.kz 10 мың теңгеге жасап беріпті, админінен сұрадым. Сонымен мен ешкімді де жақтап отырған жоқпын тек өз ойым.
qisyq
Міне, енді пікірлер балансы сақталды. Елімізде толық демократия бар деп алақан соғып, санымызды шапаттай берсек болады. Алақаааай!!!
Erbol
Жоқ асыра жамандау емес, мен тарапынан.Шындықты баяндадым. Ал, сайт бағасын 10 мың теңге десе, демек сапасы да сол 10 мыңдық сайт. inust-тің сапасы 10 мыңға да тұрмайды. Арзан айтты адамгершілігі бар екен деу қаншалықты миға қонымды білмедім. Кейбіреу даурығып жазуы мүмкін. Бірақ анық зардап шеккен мен мынаның барлығын аспаннан алып жазып отырғам жоқ. Жауап та берді, егер айдан алсам наққа жіберер еді.
Ал қазақ интернетінің дамуы үшін дәл Ізгілік сияқты ешкім де үлес қоспаған сияқты. 
дәлел керек @ahi. Сайттарды басып алып үлес қосып жатыр)))))))Сосын inust деген сайтты ол өзімнің жеке сайтым деп жарнамалап жүр.
serjan
Мүмкін біз жасаған сайттар деп жарнамалап жүрген шығар
Erbol
Менің сайтым деп сол сайтқа мақаласы шыққан адамдарға ТОО-сы атынан сертификат сатып беріп жүр ғой. Админ деген әңгіме естімедім. Ол сертификат беру системасы да былық.
Пікір түзетілген: 22 маусым 2011, 10:26
serjan
Негізі оның админі Мұхат деген информатик мұғалім, сертификат беруді мұғалімдерді қызықтыру үшін екеуінің ойлап тапқаны, (мұғалімдер сертификатқа құмар келеміз) ал оны алу алмау әр адамның өз еркінде.
KILYZAMAN
«Если бардак нельзя остановить, его надо организовать и возглавить» — деген амалды ноқталап алған ғой сірә…
Пікір өшірілді
Пікір өшірілді
Пікір өшірілді
Пікір өшірілді
Пікір өшірілді
Пікір өшірілді
Erbol
Жалпы Ізгіліктің былықтары, ТОО-сының жағдайы, жеке мәселелері туралы толық деректер бар. Оларды қойшы деп еш жерге қоспадым. Егер қоссам удар ниже пояса болып кетеді. Нокдаунмен қайтсын аман-есен, нокаутқа жіберсек бір адамның өмірін күйретіп тастауымыз әбден мүмкін.
Mansy
Негізі сіздер бір елдің тумалары боларсыздар! Керекинфошылар Ізгілік барлықтарыныз мыналарыныз тіпті ұят нәрсе екен Аршатын бар Сатыбалдын бар ізгілігін бар барлыктарыныз сайтты дұрыс жасай алмайсыздар осы жерде айтайын. Проста өте ұсақ жігіттер ме деп калдым, қазақтың сайт жасауга ынтасы бар. Сіздер ақшаға бола болай бет жырттысып бір бірлерінізді арттарын ашқан өте әбестік болар. Мен мынадай сайт жасадым, Ізгіліктің жасаған 70 сайтын кара деп күлменіздер сіздерге де күлетін жігіттер баршылық. Мынада пікір жазғандарды оқып шықсам барлықтарыңыз Ақтөбеденмін дегенді көрсеті басқа ешім пікір жазбаған
VKM
біз 1 елдің тумалары емеспіз)
Сосын, тым кеш келдіңіз
Mansy
Тек соған ғана жауап жазғансыз ба?
VKM
басындағы пікірлерді оқысаңыз,өз ойымды жазғанмын)
Mansy
Негізі мен мынадай жасағанмын ол настройкасында келтіре алмайды деп мақтанғандарыныз ба?
Mansy
2500 тенге бола осындай көташар мігіт болдын гой
asaubota
Ізгіліктің адвокатысың ба? сол кезде келмедің бе, қазір қатқан боқты жібітпей?
Mansy
Жоқ ешкімның адвокаты емеспін. Проста Қазақтың жігіттері ұсақталып кеткен бе деймин. Менің сайтқа кіруге тосқауыл қойылып қоймақ ойын бар шығар ұнамағандарды сыртқа лақтыру дегін сізде бар екен гой
Gulistan
Проста Қазақтың жігіттері ұсақталып кеткен бе деймин
Ойыңызды нақтырай түсесіз бе, мен үшін қызық болып тұр. Бәлкім, сізде әлдеқандай ақпарат бар шығар?
Mansy
Екі жақтыңда мақаласын оқып шықтымда. Қайран қазақтың жігіттері арі кетсе бұл сайттар 50 ақ мың тенге тұратын шығар. Сол 50 мың қазақтың беткі ұстар веб бағдарламашылары қырқысып жатса недеуге болады. Еркек болса еркекше, заңды болса заң жүзінде шешпей ме? Интернетке даңғырағанша осыған қарның ашып кетеді гой қыртынбайлар екен деп…
asaubota
просто мән жайды дұрыс білмейтін болсаң ұсақталу туралы әңгіме айтпай-ақ қой, ок?
Mansy
----------------
Пікір түзетілген: 2 тамыз 2011, 03:37
asaubota
жақсы, түсіндім ойыңды.

енді басқа тақырыптарға да пікір жазып тұр, а то ойлап қаламыз ғой Ізгіліктің адамы екен деп.
Пікір өшірілді
Пікір өшірілді
Mansy
ааа
Пікір түзетілген: 2 тамыз 2011, 03:34
Mansy
аааа
Пікір түзетілген: 2 тамыз 2011, 03:31
Пікір өшірілді
Пікір өшірілді
Пікір өшірілді
Zako
Бір демалып алсақ қайтеді?  Соғыста да үзіліс болмап па еді?
Qojeke
Изя, приветик!  Қайда кеттің? Семейде (Өскеменде) ашатын филиалдарың қашан ашылатын болды? Мұғалімдерге арнап ашып, сертификат сатып жатқан прожектің не болды? Қанша пайда таптың?