2013 жылдың бірінші жартысындағы үздік нокауттар (субъективті шолу)
Биыл көрген жекпе-жектердегі мен үшін ең әсерлі болған нокауттарды GIF форматында бөліссем деймін. Басқалар сияқты орын-орындарға бөліп, хит-парад түрінде ұсынсам да болатын еді, бірақ, шыны керек, қайсысын қай орынға жатқызарымды білмей отырған жайым бар. Нокауттардың барлығы мен үшін бірдей болып тұр Оның үстіне, өзім аралас жекпе-жек өнерлерінен өтіп жүрген жарыстарға қызығып жүргеніме көп болмағандықтан, постты субъективті шолу ретінде ұсынуды жөн санап отырмын. Яғни, бұдан да мықты нокауттар орын алған болуы мүмкін. Мен тек өзім көргендерді ұсынамын.
Ал кеттік!

Кезінде адамдар сол сұйықтықпты ауырған тістеріне жаққан да екен. Әсері жайлы мәліметтер жоқ секілді. Осы тектес шыбын-шіркей, ұсақ жәндіктермен қоректенетін құстар үшін Хан қызының сұйықтығы өзінің жеуге жарамсыз екенін білдіретін белгі болса керекті. Арақты ішуге болмайтынын білсе де ішетін адамдардың барлығы секілді оны жеуге болмайтыны білсе де жеп қоятын құстардың да табылуы заңдылық. Бірақ, ол байғұстардың өңеші (тамағы" күйіп қалады екен.
«Барған да, бармаған да арманда» деп осындайда айтылса керек. Қалың ел [блоггер атты] жыл сайынғы дәстүрлі құрылтайына барып келді. Бара жатқанда, препатиде, патидің өзінде, автепатиде әр түрлі суреттерін жариялап қанды да ішті, тұзды да жалатты. Иә, сырт көзге қарағанда алдыңғы екі жиынға қарағанда, осы жиын тамаша өткен секілді. Кәдімгідей ел боп қалыппыз, кәдімгідей мықты ұйымдастырылған. Санамаламай-ақ қояйын, ұйымдастыру жұмыстарының басы-қасында жүрген барлық қыз-жігіттерге ақ алғыс.
2000 жылдың желтоқсан айы еді. Университетті жаңа бітірген кезім. Бір мектепте сабақ беріп жүрмін. Бір күні оқушыларға «Егер мен бай болсам, анама… алар едім» сөйлеміндегі бос орынды қиял күшіңізді қолданып, толтырыңдар деген тапсырма бердім. Сынып ойланып, жаза бастады. 5 минуттан кейін жауаптарды жинадым да дауыстап оқи бастадым. Ғарыш кемесі, Феррари, Майамиде вилла, Мальдивтерде арал… Мен оқыған сайын оқушылар күледі. Соңғы қағазды ішімнен оқыдым. «If I were rich, I would buy flowers for my mom.» (Егер мен бай болсам, анама гүл алар едім.) Мұны жазған сыныпқа жақында қосылған, әлжуаз, тұйықтау келген бір бала еді. «Арамызда сезімтал бір бала бар екен. Селим, орныңнан тұр. Жауабыңды өзің оқып бер» дедім. «Гүл аламын деп жаздым, ағай» деді. Сынып тарқылдап күлді. «Мен сендерге қиял күштеріңді қолданыңдар, өте бай болғандарыңды елестетіңдер. Сонда да гүл деп жазуыма қарағанда бір себебің бар ау?» дедім. «Ойыма басқа ештеңе келмеді» деп жауап берді. Жүзінде Мона Лизанікіндей күлу мен жылаудың арасындағы бір мимика бар еді. «Мазақ қылып тұрсың ба? Ойларыңа бірдеме келу үшін де көмектесуіміз керек пе?» дедім. Үндемеді. Оқушыларға қағаздарын қайтарып бердім. Қоңырау соғып, сынып үзіліске шығып кетті.
2011 жылдың 8 қаңтары. Сағат 4-тің кезі (таңғы емес). Абай мен Момышұлының қиылысындағы пиццерияда терезеге жақын столда үшеуміз отырмыз. Арамыздағы біреу тынымсыз пицца жейді. Біреу тынымсыз жазады. Мен ойланып отырмын. Тынымсыз пицца жеп отырған Димаш. Тынымсыз жазатын Асхат. Димашты жегізіп, Асхатты жазғызып, мені ойландырып қойған бір ғана мәселе бар. Блогшылардың басын қосу. Осылай отырғанымызға 1 сағатқа жуықтады. Дәл сол күні твиттерді парақтап отырып, Ерлан Қарин ағамыздың мына жазбасына көз түсе қалмасы бар ма?!