Божая каропка
Бала кезіңіз ауылда өтсе божая каропканы( қызғылт, сарғылт, ақшыл түсті (басқа да түстері болады екен, мен осыларды ғана көрдім) арқасында теңбілдері бар қанатты қоңыз) (божья коровка) білмеуіңіз мүмкін емес. Кей жақтарда «Хан қызы» деп айтып жатады.Әйтеуір ұстап алып «Ханның үйіне бар, ханның үйіне бар» деп айқайлап ұшырып жіберетінбіз. Мұрынымызда ақ боз ат пен көк боз ат қатар шауып жүрген кездері бұл жәндік жайлы «неге божая каропка, каропкаға ұқсайтын жері жоқ қой» деп ойлайтынбыз. Сөйтсек бұл божья коровка екен ғой.«Божьясының» себебі, бұл қоңызды ешкімге зияны жоқ, қорғансыз, өз-өзімен тіршілік етушілер қатарынан екендігінен және көрген адамның есінде қалатындай кейіпінің барлығынан болса керек. Әйтеуір, бұл жәндікті білетін елдердің көбінде атауын құдайға немесе әулие-әнбиелерге бағыттап қойған екен. «Коровкасының» сыры бұл қоңыз өзінің жауларынан сақтану мақсатында аяқт буындары арасынан сүт түстес сұйықтық бөледі екен. Кезінде адамдар сол сұйықтықпты ауырған тістеріне жаққан да екен. Әсері жайлы мәліметтер жоқ секілді. Осы тектес шыбын-шіркей, ұсақ жәндіктермен қоректенетін құстар үшін Хан қызының сұйықтығы өзінің жеуге жарамсыз екенін білдіретін белгі болса керекті. Арақты ішуге болмайтынын білсе де ішетін адамдардың барлығы секілді оны жеуге болмайтыны білсе де жеп қоятын құстардың да табылуы заңдылық. Бірақ, ол байғұстардың өңеші (тамағы" күйіп қалады екен.
Әлемде 5000 нан астам Хан қызының түрлері бар екен.
Бұл жәндіктің тағы бір ерекшелігі жыныстық қатынасты ұзақ жасауында. 1 сағат, тіпті 10 сағатқа дейін сілтей береді екен. Төсекқұмар бұл қоңыздардың да жыныстық ауруларға шалдығып, өмірге ұрпақ әкелу мүмкіндігінен айрылатындары көптеп кездеседі екен.
Сырт көзге қорғансыз болып көрінетін бұл жәндіктің шын мәнінде жыртқыштығы басым екен. Ол өсімдік биттері мен кенелерді жеу арқылы қоректенеді екен.
Бұл жәндіктің жасы ұлғайған сайын арқасындағы теңбілі азая береді екен.
Хан қызының шыбын-шіркей, құрт-құмырсқа, қоңыз тектестердің көбінен артықшылығының бірі оған арналып қойылған ескерткіштердің қойылуында. Мәселен, Токиода, Сеулде, Варшавада, Нью-Йоркта және Волгоградта бар екен.
Дереккөз№ 1
Дереккөз №2

ошш…