Ақмола. Әкем. Құрылыс.
Жылдың басы Жайдарманның маусымашарына деп арнайы Астанаға барған болатынмын. Бардым, көрдім, үйге келген соң бұрын неге Астанаға бармағанымды көп ойландым.
90шы жылдардың аяғында «каскамен астанаға» бағдарламасымен барлық өңірлерден ер-азаматтар Ақмолаға кеткені естеріңізде шығар. Әкем бізді асыраймын деп ұсыныс (ұсыныссыз өзі кеткен де шығар) түскен жұмысқа кетті. Алғаш барып келгенде өмірінде қара жұмыс жасап көрмеген әкем қатты арықтап, түрі бір уыс болып қалған етін. Баламын ғой, қанша жерден жылағым келсе де, әкемнің аман оралғанына қуанып көз жасымды көрсетпегенмін. Айлап жұмыс істеп жүрсе де, еңбек ақысын бермей лақтырғандар көп болды. Келгенде қандай ғимарат салып жатқандарын әңгіме қылып айтатын, бірақ сол әңгіменің біреуін де зейін қойып тыңдамаппын. Одан бері неше жыл өтсе де, Астанаға іссапармен барып, суретке түсіп, суреттерін көрсетсе де қарамаушы едім.
Астанаға деген анти-махаббат осы жылдардан қалған болса керек. Сол бала күннен қалған шрам шығар. Үйде әке-шешем Астанаға барып қайт деп қанша айтса да, аяғымнан бұрын көңілім тартпай тұратын.
Бір қызығы, көпірдің үстіне 3 найза қойып жатырмыз деп ауыз толтырып айтып жүретін, барғанымда сол найзаларды таппадым. Тағы бір жерге ұзыннан-ұзақ қоршау жасадық, іргетас құйдық деп жүргенде, келер жылы құлап қалыпты онысы. Физика-математика мұғалімі құрылыста не істеп жүр десейші )))
Қазір өзім құрылыс саласында жүргенде жұмысшыларға қарап, кезінде әкем де осылай әбіржіп жүрген шығар деп ойлаймын. Бірақ ТШО мен 1 жылдық өтірік фирмаларды салыстыруға келмес. Сондықтан да, құрылыс алаңында жүргенде жұмысшыларға жұмыс жағдайын барынша ыңғайлы етуге тырысамын. Жұмысшылардың үйіне аман оралуы басты мақсатым сияқты. Жұмыс жүргізуге арналған құжаттарына қол қойғызуға алдыма келгенде жұмыс үстеліме барынша «кәмпит, алма, апельсин, йогурт» табақтарға салып қоюға, «алыңыз» деп үнемі айтып отыруға тырысамын. Қақаған аяз бен шыжыған күннің астында жұмыс жүргізу оңай емес, тым болмаса көңілін болмашы нәрсемен аулайын деген ой.
Бәрінен бұрын Астанаға деген өкпемнің себебін тауып алғаныма ризамын.
Астана халқы аз демесең, жақсы қала!

Әкем: қорада қысқаш тұр, бар алып кел,
Мен: аха (жүгіресің, таба алмай жатасын)
Әкем: пи-пи-пи, пи-пи, пи-пи!!! Негізі анда-санда қара-жұмыс жасаған дұрыс қо.)) Астанаға ешқандай өкпем жоқ.
Мүмкін әкеме қызық болған шығар, ал менің уайымсыз балалығымды тас-талқан қылғанына ызалы болдым.