Лю И. Қытайдағы малай қыз (ЕСКЕРТУ +18)
Бағана қарап отырып, Лю Идің туындыларын көріп қалып, соның бір суретін толығырақ түсінуге тырыстым. Түсіндірмені таптым да. Аударып шықтым шама-шарқымша. Бұларды жалаңаш денелі қыздар деп емес, айтары бар өнер туындылары деген көзқарастамын.

Бұл сурет "Қытайдағы малай қыз" деп аталады. Картина қытайдың орталығында Қытай орналасқан жалпы әлемге деген геоцентристік көзқарасын көрсетеді. Қытайлардың өздері көзіңізге айтпағанмен, оны зерттеп жүрген адамдар өздерін жоғары санап, сырттағыларды варвар кейпінде көретінін біледі.

Жалпы картина бір қарағанда түсініксіздеу. Алдыңғы планда жалаңаш, жартылай жалаңаш ақ адамдар орналасқан. Ал қытайлардың өздері тек артқы планда тұр. Картинаны түсіну үшін оның жазылған уақытын білу қажет. 2009 жылы әлемді АҚШ-та басталған кризис жайлаған уақытта салынған. Бұл кризистен аман қалған жалғыз Қытай екенін, және бүкіл батыс елдері ол елді кризистен алып шығар бірден-бір күш тек сол жерде деген ойда отырғанын білеміз. Картинадағы лықа толтырылған тағамға толы тәрелкелер батысқа қалағандарыңша жеңдер, біз тек өзімізді ғана емес, сонымен қатар сендерді де асырай аламыз дегенді білдіріп тұрғандай. Ал варварлар жабайы болғаны және таяқшалары жоқ болғандықтан тағамды қолмен ит секілді жерден алып жейді дегенді ұғындырып тұр.

Қазір қытайлардың ұраны: 五千年文明,十三亿和谐! Мағынасы: бес мың жылдық өркениет, он үш рет жүз миллиондап гармонияда өмір сүріп отырғандар. Ешқандай елдің сонша ғасырлық тарихы жоқ. Ешқандай елдің мұншама халқы жоқ. Артқы фонда тамақтанып отырған сурет пен Ху Цзиньтаоның суретін салыстырыңыз.

Тағы бір ым жерде төгіліп жатқан дақ. Анықтап қарасаңыз АҚШ-тың картасына ұқсайды. Жарылып қалған жұмыртқа Американың құрдымға кеткен қаржылық құрылымын бейнелейді.

Айтпақшы картинаның ортасындағы семіз әйел кейпінде АҚШ-тың өзі де бейнеленуі мүмкін.

Ешкімді еске түсірмей ме?

Картинада мұнан бөлек те толып жатқан құпиялар бар. Тіпті картинаның атының өзі-ақ адамды ойландырады. СОНЫМЕН ӘЛЕМДЕ КІМ МАЛАЙ?
сілтеме

Сурет өте қауіпті. (нүкте) Түсіндіруде,
Сурет өте үлкен. (нүкте) Қауіпті түсіндіруде
Қажетіңізді таңдаңыз
Соны білем(