Жазғы өзгерістер



Биыл сайтымызда жазғы сылбырлық болмайды ау деген ойдамын. Жаңа қосылған қолданушылардың белсенділігі осындай жорамалдарға негіз болып тұр

Сайтқа аздаған қосымша функциялар қостым:

1. Сайттың төменгі бөлігіне Инфо Панель қосылды. Ол жерге рейтингі 20-дан жоғары кездейсоқ жазбалар шығатын болады. Жеке хаттар мен жаңа пост бастау батырмалары да сол жерде орналастырылған. Төменгі сол жақ бұрыштағы КерекИнфоПанель батырмасын басып, сол кезде көрсетіліп тұрған тақырыпты оқи аламыз және оң жақтан соңғы 24 сағаттағы, 7 күндегі, 30 күндегі және жалпы бүгінге дейінгі ең үздік жазба, пікірлерді көре аламыз.

2. Ішіңіз пысып отырса сайттың оң жақ бөлігінде орналасқан кубикті басып қалыңыз. Ол жерде де кездейсоқ жазба шығады (рейтингі 20-дан жоғарылар ғана)

3. Жазбаларды әлеуметтік желілерде бөлісу батырмалары өзгерді. Ұнаған жазбаларды батылырақ шейірлей (share — ағылшын тілінде бөлісу) отырайық.

4. Жазбаның кей жерлерін тіркелмеген сайт қонақтарынан жасыру функциясы қосылды. Мысалы мақалаңызды тек сайт қолданушылары ғана оқысын десеңіз мақаланың басына анонс жасаңыз да, қалған бөлігін мына тэгтың ортасына қойсаңыз болғаны:

<hide>мәтін</hide>


Алдағы уақытта басқа да қосымшалар қосылатын болады және жазда қызықты іс-шаралар өткіземіз. Бізбен бірге болыңыз!
Әрі қарай

ВайФай 25 жігіттерінің сайты ашылды



Кім айтты интернет галстукты болуы керек деп? Кім айтты интернетте тек әдеби тілде болуы керек деп? Кім айтты интернет тек ұлтшыл ойлар, порно және Моймир деп? Міне мына жігіттер интернетте қазақ тілінде бірінші рет шоу бағдарлама жасап жүр. Бүгін сайттары да ашылды.

www.wifi25.kz
Әрі қарай

Эстафета: сыйлығымның сықпыты

omarbirat быраттан эстафета қабылдадық, есіме түсіріп көрейін не сыйлық жасағанымды

Біздің кезімізде тойланытын мейрамдар жаңа жыл, жиырма үшінші ақпан, сегізінші наурыз еді ғой көбіне, беріректе жиырма екінші наурыз қосылды. Жаңа жылдан бастайын. Жаңа жылда әкем мен шешеме бауырларыммен бірігіп концерт қойып беретінбіз, біздің былдырлап айтқан тақпақтарымызға мәз болатын екеуі, негізгі сыйда осы ғой. Бірақ сыйлықты соңында біз алатынбыз бәрібір
23-ақпан. Әке әскерде болмаған, сондықтан бұл мереке онша нетіле қоймайтын үйде. Бірақ кластың ұлдарына сыйлық жасайтынбыз жаппай.
8-наурыз. Бесінші, алтыншы класқа дейін бізде класс жетекшілері әйел адамдар болды, жыл сайын енді былай сол апайларға сыйлық алуға тура келетін)) Ал анама кәдімгідей сыйлық жасайтынмын. Ақ қағазды алып, ортасынан екіге бөлесін, бір бөлігіне шыжбайлап гүл салынады, ол сарымен боялады міндетті түрде, сабағы жасылмен, сосын келесі бөлігіне «Ана туралы» тақпақ жазылады. «Ақ мамам» деген ән айтылып салтанатты түрде тапсырылады.  
ПыСы. Жалпы сыйлық алу, үйге басқа жақтан келе жатқанда базарлық әкелу менің онша мойын жар бермейтін нәрсем)) Қазір тек қаржылай берем өздерін таңдап алыңдар деп, мүмкін заман талабы шығар көбі сөйтетін сияқты

Эстафета постын serjan құрдасыма ұсынамын.
Әрі қарай

Қайтсем бақытты болам … (Don’t worry, be happy!)

Қазіргі бұлбұл заманда қылауы түспеген белсебет ойлап табу қиын да, көмескі аксиомаларды жаңашыл реалияға сәйкестендіру – актуальдылау. Күнделікті тіршілікте ірілі-ұсақты жағдайға толы мозаикада кейде әсіре әсершілміз, кейде алапаттарға міз бақпайтын гиперсалқынқанды шығармыз. Өмірдегі алуан ситуация көңіл-күйімізге әсерін тигізбей қоймайды. Кейбірі жаншиды, кейбірі қанат бітіреді. Сіздермен бірге мүмкіндігінше ауқымдырақ аудиторияға пайдасы тиеді-ау деген бақытты болудың алғышарты болуға тұрарлық тезистерді тізіп көруге талпынып көрейікші? Әрбіріміз ары кетсе жетеуден аспайтын «кілтпен» бөлісе отырсақ, әжептеуір бір мануал түзуге болатын сияқты. Мен ұсынатын кілттер:
Әрі қарай

Қазақстан барысы - 2012 (фото)


Астанада Қазақша күрестен "Қазақстан барысы" турнирі өтті.
Турнирдің соңында Жамбыл облысының өкілі Бейбіт Ыстыбаев 22 млн. теңге немесе 150 000 АҚШ доллары мен «Астана Моторс» тік­кен «Хюндай Соната» авто­кө­лі­гі­нің кілтіне ие болса, оның жат­тық­тырушысы Елдос Далабайға 50 000 доллардың сертификаты табыс етілді. Күміс жүлдегер Шалқар Жо­ламановқа 30 000 доллар, оның жаттықтырушысы Қанат Сүлей­ме­новке 10 000 АҚШ доллары, қола жүлдегер Айбек Нұғымаровқа 10 000 доллар берілсе, жат­тық­ты­ру­шысы Серік Қожыкенов 3 000 доллар алды. Сонымен бірге, 34 ба­луанның ішіндегі ең жасы Рүстем Жұмаевқа «Көрермен көзайымы» атанғаны үшін 10 000 доллардың сертификаты тапсырылса, «Астана Моторс» компаниясы «Қазақстан барысы» турнирінің қамқоршылар кеңесі мен жанкүйерлер арасында ойнатылған лотереяның же­ңім­па­зына тағы екі «Хюндай» көлігін табыс етті.
Әрі қарай

Қырғыздарға алғыс!

"Қырғыздарға қазақтардың атынан алғыс!"-дегім келді де «бүкіл ұлттың атынан алғыс айтатын мен кіммін» деп ойлап осылай жаздым.
Қазақ эстрадасына соны леп әкелгендері үшін айтып жатырмын алғысымды.
"Қызыл өріктің" қырғыздардікі екенін білгенімді былай қойып, Сырым Исабаев деген әншінің орындап жүрген «Алдадың» әні де айыр қалпақты бауырларымыздікі екен.



Әрі қарай

Сүзбе қосылған қатпарлы бәліш


Блог - rakisheva: Сүзбе қосылған қатпарлы бәліш
Бүгін дастарханға түрлі тағамдар жасап қойғанды ұнататындар үшін немесе жәй анда-санда бірдеңке пісіргісі келіп кететідер үшін қатпарлы бәліш немесе ватрушка жасаудың әдіс-тәсілімен бөліскім келіп отыр. Қатпарлы ватрушка кәдімгі ватрушкаға қарағанда жеңіл тағам. Сонымен қатар, оны дайындау әдісі оңай әрі тез.
Әрі қарай

Тостаған төс

Шіліңгір шілденің шыжыған күнінің аяғын ала бере, екеуі ауыл шетіндегі өзеннің жағасына келіп отырды. Дәлірегін айтқанда шашын бір жақ иығынан алдына асыра салған Маржан отыр да, Ерлан екі қолын желкесіне қойып шалқасынан жатыр. Екеуі де биыл мектеп бітіріп, қалаған оқуларына түсті. Бұларды қинап тұрған бір ғана жайт екеуінің екі қалаға оқуға түсулері ғана. Қыздың арқа тұсынан көз салып отырған жігіт, оның самал желмен жай ғана желбіреген шашының исін жұтып-жұтып алғысы келгендей кеудесін кере демалды. Қыздың ақ көйлегінің астынан төстартқышы анық көрініп тұр. Бұл екеуі төстеріне төстерін тигізіп билегендері болмаса, бірер мәрте сүйіскендері болмаса, көп қыдырмаған да еді.
-Маржан, енді екеуміз екі қалада оқимыз. Демалыс кезінде ауылда кездесіп отырамыз десек те, екеуміздің арамыздағы сезімнің өршу-өршімеуі белгісіз. Сенің ана жақта біреуді ұнатып қалуың, менің де басқа қызға сезімім оянуы мүмкін. Сен қалай ойлайсың?
-Ерла(қыз оны неге екенін кім білсін, бірінші рет осылай атады), бір-бірін күту деген жетпісінші-сексенінші жылғы кітаптардың кейіпкерлерінде ғана бар болар бұл өмірде. Ештеңеге кепілдік бере алмаймыз.
Жігіт басын көтеріп, жайғаса отырып, қызды қапсыра құшақтады.
-Олай болса маған төсіңді көрсетші…
Әрі қарай

Үнсіздік

(Небары он екі жасында келместің кемесіне мініп кеткен Ақтілектің рухына арнаймын)

Өмірдің мәні қанша ғұмыр берілетінінде емес, оны қалай өткізе білуіңмен өлшенеді. Кейбір «шырылдауық шегірткенің» күйін кешкен адамдар кеудесінен соңғы демі шыққанға дейін өмірге не үшін келіп, не үшін кетіп бара жатқанын түсінбей-ақ кетеді. Өмірде одан асқан өкініш бар ма екен? Ал кей адамдар…

Бүгін Ақеркенің өміріндегі ең қуанышты күндерінің бірі болуға тиіс еді. Бірақ оның жаны жабырқап, әлденеге көңілі толмай жүр. Мұның себебін сұраған тірі жан болмады. Әкесі ішімдікке салынған, шешесі аурушаң қыздың жанашырлары жоқтың қасы еді. Бұл жалғанда жоқ болса қол ұшын бере алмайтын, бар болса көре алмайтын жандар көптеп кездеседі.Оның туған туысқандары да бұл отбасыдан бойларын аулақ ұстайтын. Оңашада ойға бататын кішкентай қыз «Олар бізбен не үшін араласпайды? Әкемнің маскүнем, шешемнің аурушаң болғаны үшін менің не жазығым бар?» деп ойлайтын.

Әрі қарай