Қайтсем бақытты болам … (Don’t worry, be happy!)

Қазіргі бұлбұл заманда қылауы түспеген белсебет ойлап табу қиын да, көмескі аксиомаларды жаңашыл реалияға сәйкестендіру – актуальдылау. Күнделікті тіршілікте ірілі-ұсақты жағдайға толы мозаикада кейде әсіре әсершілміз, кейде алапаттарға міз бақпайтын гиперсалқынқанды шығармыз. Өмірдегі алуан ситуация көңіл-күйімізге әсерін тигізбей қоймайды. Кейбірі жаншиды, кейбірі қанат бітіреді. Сіздермен бірге мүмкіндігінше ауқымдырақ аудиторияға пайдасы тиеді-ау деген бақытты болудың алғышарты болуға тұрарлық тезистерді тізіп көруге талпынып көрейікші? Әрбіріміз ары кетсе жетеуден аспайтын «кілтпен» бөлісе отырсақ, әжептеуір бір мануал түзуге болатын сияқты. Мен ұсынатын кілттер:

• Өзіңді бақытсыздыққа душар ететін әңгімеден бойыңды аулақ ұста. Біреуді алалама, өсектеме.
• Біреуге жамандық тілеме, ақысын жеме.
• Үнемі қозғалыста бол: жұмысыңдағы динамика баяуламасын, үйдегілеріңмен тек монотонды күндер емес, әртүрлі қызықты іс-шара өткізіп тұруға тырыс.
• Өзіңізге, отбасы мен жақындарыңызға сюрприз жасап тұруға машықтаныңыз. Кейінгісі алдыңғысына ұқсамайтын болсын.
• Мүмкіндігінше көбірек уақытыңызды жұмыс емес, отбасыңызбен өткізуге тырысыңыз.
• Күнделікті уақытыңыздың жарты сағаттан аспайтын бөлігін алатын хобби тауып алыңыз. Әйтеуір бір қызығушылық болуы шарт. Сериал қарамаңыз.
• Кейде көзге елене бермейтін, міндетті түрде елеулі бола бермейтін нәрселерден ләззәт алу дағдысына бой түзеңіз.
• Мәзіріңіздегі ет пен ұннан жасалатын тағамдарды азайтып, есесіне жеміс-жидек жеңіз көбірек, ұйықтар алдын сүт ішуді әдетке айналдырыңыз.

Сіз өзіңізді бақытты ету үшін тағы не жасар едіңіз? Кезек өзіңізде.
Бөлісу:

91 пікір

Nurgisa
Стресс, депрессияға оңай берілетіндерге жақсы ақыл-кеңес айта алатындарыңызды білемін. Бөлісіңіздер!
a63a1
Дәл осы сәтте ойға түк кірмей отырғаны, мүмкін бақытты шығармын)))
asaubota
жоғарыдағылардың бәрін істеп, бірақ өмірінде секс жоқ болса адам бақытты болмауы мүмкін
Nurgisa
Мүмкін депсің. Яғни бақытты болуға шанс бар ғой, титімдей де болса? Конвиктті ая…
a63a1
Адам санасында секс жайлы ұғым болмаса бақытты болуы мүмкін тәрізді.
Nurgisa
Бақыт феноменін тек соған байланыстырмай қоя тұрайықшы
Әлде, ересек өмірге аттап үлгермегендер бақытты болудан мақрұм дегілерің келе ме?
Armanjan
Бақыт феноменін тек соған байланыстырмай қоя тұрайықшы
онымен байланыстырмаса, басқаның не қызығы бар мысалы мен үшін. Ет пен ұнды азайту арқылы бақытты бола алмайтын сияқтымын.
Nurgisa
Тұрмыс құрмаған қыздар, үйленбеген жігіттер ше? Соларды ойладың ба, Арманжан…
Armanjan
Құдай-ау, Нұреке мырза, өзімде сол қатардан болған соң маңырап отқам жоқ па? Сіз не деп, мен не деп кеттім өзі?
a63a1
Ересек өмір деген үйленіп үй болума, әлде өз қолы өз аузына жетіп, өз қамын өзі жасай бастаған уақытпа?
ruben
Кейде көзге елене бермейтін, міндетті түрде елеулі бола бермейтін нәрселерден ләззәт алу дағдысына бой түзеңіз.
Пепси слоганындай екен. Өміршеңділігіне куә ит терім.
Nurgisa
— бақытты болу деген басқалармен орынсыз сөзталасқа түсе бермеу
Marco
Shut up — деді ол сонда!
a63a1
Бақытты болу деген— рухани құндылықтарды қанағаттандыратын, материалдық құндылықтардың жиынтығы!!!
Armanjan
Отбасында бақытқа бөленген жан — нағыз бақытты. /Л.Толстой/
Nurgisa
Былай қарасаң, бұл ретте кеңес бере алатындар өздері бақытты болуы керек пе дерсің. Керісінше болуын елестете алмай отырмын.
a63a1
Біреуді бақытты қылу үшін, адам алдымен өзі бақытты болуы қажет, айналып келгенде не сені біреу бақытты қылады немесе сен оны бақытты қыласың.
seyh
Бакыт деген ол сенің бала кездерің
«Бақытсыз»-ақ бақытты боп жүргенің (М. Мақатаев)
Marco
Иә, ол кезде Бақытты танымайтынмын. Кейін таныстым беспонтовый жігіт екен
bizbike
Бақыт деген не өзі?

«Бақыт деген не өзі» деп бастады топ таласты.

Біреуі оңы үйден іздеп, бірі қырдан әрі асты.

Бірі айтады: бақыт деген барлық байлық емес пе,

Керегінше киіп ішсең бақыттысың де емес пе?

Бірі айтады: жоқ, бақыт деген қолың жетпес маңсап қой,

Жұрттан көрі жүрсен ирек, соның өзі жақсы атты ғой.

Бірі айтады: бақыт деген, бақыт деген,

жүйрік мініп, той тойлау,

Ісің болмай күйбеменен,

қарын тойса қарт ойнау.

Бірі айтады: бақыт деген адал жар мен перзент қой,

Ынтымаққа ырыс келген ол да соған келмек қой.

Пікірлердің таласына солай мен жолықтым.

Бақыт адам басалына келмес оңай, соңы ұқтым.

Безбеймін мен баладан да, байлықтан да, жардан да,

Маңсап жетпес бар адамға үлістіріп алғанда,

Үміт үзбей зейтұлар, таңдап сол бір жақұтты,

Оңы алыстан іздемегін, жүректен тап — бақытты
М.Мақатаев
Nurgisa
Бақытты болу деген таңертең кішкентайыңның құшағында ояну
Armanjan
жүріп жүрген қызыңның құшағында оянуды да бақытқа балар едім.
a63a1
жоқ, өтпелі эйфория
Abilakim
кішкентайыңыздың құшағы үлкен екен)))
seyh
Бақытты болу қомағай нәпсіні ауыздықтап барға шүкір ету
a63a1
Стресс, құлазудан құтылудың өзім үшін бір жолын таптым. Ол — фотоаппаратыңды алып, өзің үшін кез келген нәрсені, кез келген жерді түсіріп алып, жеке архивіңе сақтап қойып отыру екен. Түсіру процессі де керемет, кейін көріп отырғанда жақсы. Жалпы әр-кім өзі қызығатын, көңіліңе жағатын хобби тауып алғаны жөн!
Armanjan
мысалы менің екі хоббиім бар, соның бірі — Ертістің жағасында (біздің өзеннің жағасы керемет абаттандырылған, нағыз демалыс орны дерсің) қызыммен қыдырып жүріп, басқа сұлу қыздардың құлын мүшесіне ұрлана, тамсана, сұқтана қарау!
seyh
Қазірше өзіме бір аяқ артар сатып алып соны айналдырсам бақытты болатын сияқтымын
Nurgisa
Шаршап-шалдығып жұмыстан, вахтадан келгенде үйге кіре берісте кішкентайыңның сықылықтаған даусын есту
Armanjan
Нұреке, сөздеріңізге қарасам, тіфә-тіфә нағыз бақытты адам екенсіз, бақытыңыз ұзағынан сүйіндірсін!
Nurgisa
Банк несиесіне байланбау үлкен бақыт. Қаржылай тәуелсіз болу үлкен бақыт.
aikarakoz
1. Өмірге қиялы көзбен қарамай, шынайы қабылдай білу керек. Кинодағыдай өмір (сұлулық, байлық, романтикалық оқиғалар, т.с.с) бай-шоңжарларда ғана болуы мүмкін.
2. Ортаны өзгерту керек: ұмыт болған достарыңызды іздеңіз, бас сұқпай кеткен туыстарыңызға қал сұрай барыңыз. Оларға сіздің, сізге олардың жаңалығы көп болады, сенем.
3. Өзіңізді күтіңіз, бояныңыз, әдемі киініңіз, жымиыңыз. Естіген бір ғана комплименттің өзі күні бойы көңіліңізді көтереді.
4. Жартысын іздеп жүрген бойдақтар (жігіт) достарын ертіп алып, бұзық болуына болады, егер батыл болса)). Мысалы, көшеде кез келген қызды тоқтатып, таныссын. Неше түрлі қызықтар болары сөзсіз. Бақыты да табылар) Ал, қыздар ерекшелікті жақсы бағалайды.
5. Негізі басқа адамның бойынан жамандықты ғана көретін адамдар өзінің бойынан да тек кемшілікті ғана көреді. Соңында өзін бәрінен төмен санап, бақытсызбын деп ойлайды. Сондықтан, әр адамнан, ең болмаса, бір жақсы тұсын көруді әдетке айналдырыңыз.

Ойымда тұрғаны — осылар әзірге… Баланы — бақыт дейтіндер бар. Ия, ол — үлкен бақыт, адамды жігерлендіретін бақыт, өмірге мақсат беретін бақыт, күнделікті бағалай бермейтін (жыласа, безіп кетердей болып) бақыт.
Nurgisa
Пікірің өте ұнады. Төртіншісі күлдірді
bizbike
1. таңертең тұрғанда тірі тұрғаныңа қуанып, шүкіршілік ету
2. әр күнге жоспар құру, яғни уақытыңды бос өткізбеу
3. күн сайын жаттығу жасау
4. өзің жақсы көретін іспен айналысу
5. пессимисттерден алшақ жүру, ол мүмкін болмаса олардың сөздерін елемеу
6. өміріңде бар несібелерің шүкіршілік ету, жоқшылық көріп жүргендердің өмірін елестетіп көру
7. Аллаға сену
Erkekyz
1.Көңіл-күйді көтеретін қызықты кітаптар оқу.
2.Өміріңде пісіріп, дайындап көрмеген тағамдарды/сусындарды дайындап көру.
3. Күнде достарыңмен ереже бұзып, бұзықтықтардың жеңіл түрін жасап көру.
4. Денсаулық көтерсе донор болып көру.
6. Шопинг жасау (міндетті түрде қымбат нәрселер сатып алу емес).
Еске түссе толықтырармын.
Nurgisa
Аха, бесіншісі, әсіресе. Тезірек еске түссе екен
Erkekyz
)))
5. Керек емес бұйымдардан құтылу.
aza
Қыртқан әңгіме, бос сөзді қойып, жұмыс жасаңдар!
Nurgisa
Риксостағы кофе дәмді емес пе екен?
aza
Бақыт қатылған кофе…
omarbirat
Бақыттымын
aza
Болды ғой, осылай бір сөз айту керек, анау-мынау, қыртым-сыртымның не қажеті бар… Өмір онсыз да қысқа, аңқиып жүруге))) Пікір жазып отқан уақытта бақытыңыз кетіп барад көшеде)
bizbike
1. қайырымдылықпен айналысу
2. балаңмен көбірек уақыт өткізу
3. жақсы музыңа тыңдау
4. достарыңмен көңіл көтеру
5. үйді қажет емес заттардан таза ұстау
6. миды қажет емес ойлардан таза ұстау
7. өмірді сүю
alisha
Бақытты болғың келсе — бол деген сөз бар, білемін…
Бірақ бақыт деген сіздер жазып жатқандай қолдан жасап алатын нәрсе емес қой 

Мен — бақыттымын! Бірақ мұның жолында сіздер санамалап жатқан пункттерді орындаймын деп терлеген емеспін
ken
Бір ғана кілті бар оның: өзіңнің бақытсыз емес екеніңді түсіне білгеннен асқан бақыт бар ма?
Бақытсыз болмауың және, бастысы, соны түсінгенің бақыт емес немене?
ademi_alem
1. Өзгелерге қуаныш сыйлай алған сәт — бақыт.
2.Бақытсыз адам мен бақытты адамның айырмашылығы: бірі «бұдан да жақсы болсын» деп тілесе (қанағатсыздық), бірі «тәубе! мың шүкір осы күніме!» дейді.
3.Кейде бақыт деген ұғым адамдардың ойлап тапқаны ма деп қаламын. Бәлкім бақыт деген бір сәттік көтеріңкі көңіл-күй шығар. Себебі өзіңді бақытты сезінген сәттен бастап өміріңнің соңына дейін дәл сол күймен жүре алмайсың.
4.Бір белесті бағындырсақ, тағы бір белес шығады. Бір мақсатқа жетсек, тағы бір мақсат шығады. Бақытсыздық деген мақсат пен арманның таусылған сәті шығар, ал ол таусылмайды. Сонда біз бақыттымыз. )))))))))))) Не деп кеттім.
alisha
3.Кейде бақыт деген ұғым адамдардың ойлап тапқаны ма деп қаламын. Бәлкім бақыт деген бір сәттік көтеріңкі көңіл-күй шығар. Себебі өзіңді бақытты сезінген сәттен бастап өміріңнің соңына дейін дәл сол күймен жүре алмайсың.

Ол бақыт деген нәрсені сіздің қалай түсінетіндігіңізге байланысты ғой… Жанымда арқа сүйер жарым, алтын асықтай ұлым бар, осылар жанымда аман, көлденеңнен аман жүрсе «Мен-бақыттымын!» деуден танбаймын. Тілегім де осы… Қатарымыз көбейсе, бақытым да еселене түспек…
ademi_alem
Бақытыңыздың еселене түсуін тілеймін сізге!
alisha
Рахмет, менен тілек — өзіңізді бақытты сезінген сәттен бастап өміріңнің соңына дейін сол сезім серік болсын!!!
alisha
Бақыт, әрине! Мен қалайда бақытты боламын деп бас қатыру далбаса ғой!
Nurgisa
Бақыт деген Бақыт Сыздықова!
bizbike
Сонда Бақыт Сыздықованың жары бақытты болады дегеніңіз ғой
VKM
мен бақыттымын
Armanjan
Менде бақыттымын
a63a1
осы жерде жазып отырғанымның өзі бақыт деп, ауызжалаушылықпен айналысап өтейін
Aldeken
ауызжалаушылықпен
басқа жағына бармасаң болар әйтеуір…
monti
Нұрағасы қандай позетиф жазба ато есімде тек саясат т.б. жазушы едіңіз, бұл жолы күз емес мәңгі жасыл мекен сияқты кен пост
Менің бақытым:
1.Менің таңертең «доблый утло Мөлділ» деп бөлмесіне көзімді ашпастан кіріп баруым
2.Мамканың маған гитара ойнатып тұратыны.
3.Ортаңғы апайымның мені мәпелеп, ұйықтап жатсам үстіме жауып кететіні
4.жұмыста өте бизі болып шаршауым.
5.әр адамға күліп, тағы келіңіз деуім
6.сабақ кестесін смс арқылы аулуым.
7.Уа Джордж деп диалог бастауым
Nurgisa
келісем, бақытты болуы үшін адамға міндетті түрде миллион-миллион ақша керек емес… Сырт көзге қарапайым ғана көрінетін смс те адамның төбесін көкке жеткізген кездерді көзім көрді, өзім де бастан кешірдім
west_laura
меніңше тек бақытты сәттер ғана болатын сияқты… бірақ біз оны дәл сол кезде байқамай қалуымыз мүмкін…
Aidakonya
Бакыт — канагат, таубеге келу, озiнiн, жакындарыннын тiрi и сау жургендерi
beka95
менің ойым мынадай:
жасөспірімдер, яғни подростковый возрасттағылар бақыт дегенді көбінесе махаббат, ғашық болу, қыз- жігіт болып жүру дейді… өзінің ғашығы, жүретін жұбыболмай, құрбы- достарының осылай жүргендеріне қызығып, тамсану. солар бақытты, мен бақытсызбын дегендей әңгімелері болады… менің де кей- кездері солай ойлайтыным болады. заман талабы солайғо)))

ал, расында да бақыт деген меніңше: денің сау, 12 мүшең бүтін… әке- шешең қасыңда, маңдайыңнан иіскеп, саған қамқоршы болуы… аға- іні, әпке- қарындастың жылулығы… ішетін тамағың тоқ, киетін киімің бүтін… күнің шығыстан атып, батыстан батып, дұрыс өмір сүру… міне меніңше бақыт…
baibolat97
Бақытты түсіндіру қиын әрине, дегенмен өмірімізде туғызып тұратын қиыншылықтарды жеңе білсек қана бақыттымыз
Tyulpan
бақыт деген бақытты сәттерден құралады....
бақыт деген бір мақсат та не бір арман да болуы мүмкін. сол мақсатыңа не арманыңа жеткенде өзіңді соооондай бақытты сезінесің. мысалы, пәтер алуды мақсат етіп қойып, соны алсаң — ол да бір бақыттың түрі.
тәуелсіз болсаң — ол да бақыт. тәуелсіздік қаржы жағынан болуы мүмкін. эмоционалды тәуелсіздік деген де болады. мысалы, айналаңдағылардың саған жақсы қарауы. сені олар жамандап, сыртыңнан ғайбат айтқанда, сен соны ойлап уайымдап, күйзеліске түссең — қоғамдық пікірге тәуелді болғаның. өзіңе сенімсізсің деген сөз...
жалпы, өмірге философиялық тұрғыдан қарасаң, бақытсыз болуың мүмкін емес.
өзіңді өзің силасаң, басқалар да сені силайды. бұның өзі де бақыт. өзіне сенімді адамдар бақытты болып келеді. себебі, олар кез келген ситуацияға психологиялық тұрғыдан дайын, икемді…
сүю және сүйікті болу да бақыт. алайда, ешкімді сүймей, жалғыз жүргендер бақытсыз деп айтуға болмайды. өйткені, бұл олардың таңдауы, еркі...
әр істеген ісіңнен, әр танысқан адамнан позитив іздесең, содан-ақ керемет ляззат алуға болады, үйренуге болады. ол да мен үшін бақыт. жалпы, өзім әрбір адамның менің өмірімде кездесуін, біреуі болмаса біреуі «40-тың бірі қыдыр» болады деп қарастырам. яғни, ешнәрсе кездейсоқтық емес. үйрену, білім алу — тоқтатпау керек, білімнің нақты қай кезде керек болып қалатынын білмейсің ғой, бірақ қолданатын жер міндетті түрде кездеседі, сенімді болуға жетелейді...
омар хаям: «барлық қиындықтар азға қанағат етпеуден туады» депті. аздаған жетістіктеріңе қуанып, мақсатқа жету жолында приоритеттерді дұрыс анықтай отырып алға жүрсең, өзің ойлаған бақытқа да жетіп қаларсың…
edige
Қандай жағдайға да жақсы жағынан қарау керек деген тұжырым екен…
«Тағдыр тәлкегі немесе жеңіл буыңызбен» фильміндегі ән еске түсіп кеткені
asaubota
мүмкін бұл жазба бақыт туралы емес, стрессіз өмір туралы шығар?
ken
көбі қуанышты сәттерді бақыт деп есептейді екен
Aya
Ең көп тілейтінім де, маған көп айтылған тілектердің озығы осы Бақыт. Бақытты болудың негізгі тірегі махаббатта деп ойлаймын. Жақсы көруде. Бірақ мен үнемі жақсы көре бермеймін Мына жерден өзіме керек біршама ақпараттар алдым. Рахмет керекинфолықтар
MickThatsMyNick
«Обычно счастье приходит к счастливому, а несчастье — к несчастному», — деген ғо француз философы — Франсуа де Ларошфуко.
omarbirat
Адам өзін бақытты сезінгенде бақытты бола ма деп ойлаймын да. Жоғарыдағы бақытты болу үшін істелуі керек деген әрекеттердің барлығын дерлік адам өзін бақытты сезінгенде жасайтын сияқты болып көрініп отыр. Мәселен, «Біләә, не деген сорлы едім» деп өзі-өзінен бақытсыз жасап, өз басымен қайғы болып отырған адам бақытты болу үшін басқаларға қалай көмектеспек?

Негізі, бар ғой, бақыт, бақыттылық дегеннің не екенінің объективті де, субъективті де анықтамасын табу қиын ба деп қалдым. Әлгі бір бақыт іздеген жігіт туралы қазақша мультифильм бар ғой. Сол мультфильм сияқты түсініксіз бірдеңе боп тұр, опшым, бақыт туралы ойым
Tyulpan
ал енді өзін бақытты сезінбегенде не істеу кк деп ойлайс?
omarbirat
Өзін бақытты сезінбеген адам менің ойымды не қылсын
Tyulpan
стимул болу кк. адамның өзіне байланысты стимулды болдырту-болдыртпау
omarbirat
Өз сұрағыңызға өзіңіз жауап бердіңіз деп түсінейін
Tyulpan
сіздің жауапқа қанағаттанбағандықтан, өзіме терлеуге тура келді де
omarbirat

ал енді өзін бақытты сезінбегенде не істеу кк деп ойлайс?
деген сұрақ қиын тиді, негізі. "Қой, болды. Бәрі өткінші ғой, өтеді де кетеді" деп қанша жерден жұбатып ақыл айтсақ та, ол ақылға құлақ асу-аспауы сол адамның өзіне байланысты. Оның ойына кіріп, бағдарламасын өзгертуге ешкімнің қауқары жоқ. Мұндайда тек уақыт емші. Уақыттың еміне шыдай алмаған суицидшілер де болып тұрады ара-тұра.

Пәлсападан әрең дегенге үш алып, сессиясын жапқан адам едім. Бұл тақырыпқа кіріп нем бар десейші
Tyulpan
мүмкін осы тақырып пәлсапамен достасуға ярдым болар  кейбір нәрселер сен соны түсініп бомайынша алдыңнан шыға берет деуші ет, жарықтық
omarbirat
Бұл Баха деген адамдардың өздері ойлап тауып алған нәрсесі ме деген де ой келіп жатыр. Шүкіршілік дегенге қосыламын. Бірақ оған мына тұрғыда қарап отырмын:
Шүкіршілік етуге батылы жететін адамдар басына келген жамандықтарға мойымай, әлі де болса бір жақсылықтан үміті бар да, ал шүкіршілік дегенді білмейтін адам — бар үміті мен стимулын сарқып біткен лузер. Опшым, әзірге осындай ойға тоқталдым
Tyulpan
онда ше Баха дегенді ғана емес, Маха дегендерді де адамдар өздері ойлап алған шығар бәлду бәлду
Simona
Шетiнен гедонистер жинaлыпты  Бaқыт сөзi инфляцияғa ұшырaп бaрa мa голливуд фильмдерiндей?! Бaқыттымын. Бaқыт мен үшiн, iшiмнен жиiрек: «Aльһaмдуллилaһ!!!» деп тұру. Шүкiршiлiк етуiм, бaқыттылығымның нысaны.
Adiletshu
Бақыт деген тыпыршыған жүрек тыныштығы
omarbirat
Жүрек өлген кезде ғана тынышталмай ма?
ken
Әділетшу жұректің тоқтауын емес, адамның уайым-қайғыдан азаттығын солай көркемдеп, ауыспалы мағынада айтты-ау деймін
omarbirat
Оны түсіндім ғой. Жүректің соғуы бір қалыпқа түскенімен, оны тынышталды деп қалай айтуға болады — бәрібір дүк-дүк етіп тұра береді ғой?
ruben
Жоғарыдағы пікірде тыпыршу мен тыныштық сөздерін мен де үйлестіре алмай отырм
Delhi
Әркезде жымиып жүремін, бәрі ойлайды бақытты жан осындай болу керек деп...қайда…
vebred
бақыт дегенді түсіну үшін, оның бағасын білу үшін, бақытсыз болып көру керек шығар. Шындап келгенде біз бәріміз бақыттымыз! Егер олай болмаса «бақыт» туралы әңгіме айтпаған болар едік.
Қазір мен нағыз бақытсыз жанды күнде көрем. Ол адамның он екі мүшесі сау, тамағын ішеді. Бірақ есін білмейді. Өзін өзі білмейді. Жынданған деуге келеді. Сол кісінің мүшкіл халіне қарап тәубеме келіп, шүкіршілік етем.
temir1986
жалпы бақытты болудың тетігі баяғыда табылып қойылған. Тек сол жолмен жүре білу керек меніңше
ken
нағыз бақытты адам — бақыт туралы ойлармен басын қатырмайтын адам.
UMYTYLGAN
Уақыт өтiп барады деп ойлайсыңдар, ақылсыздар сендер өтiп бара жатырсыңдар.«ДАВИД». (деген екен)
Меніңше (сіздер де жазып отырсыздарғой) уақыт бақытқа жеткізеді немесе сорлатады, сондықтан уақытты тиімді пайдалану керек.
Бақыт іздеп, мал бақ, мейлің тас қала.
Бірақ, бірақ мынаны естен тастама:
Бақытты боп, бақыт іздеп,
Сорлап жүрсең масқара!!! (М.Мақатаев)