Келіннің ата-енесіне төсек салғаны дұрыс па?

Жалпы кіші жүздің қызымын. Басқаларға қарағанда сонау 18 ғасырда өмір сүріп жатқандай сезінетінмін өзімді. Той-томалақ, кеңес, дау-дамай болса үлкен үй, көкенің үйі деп әкеме биге жүгінгендей үзіліссіз келіп отыратын. Қонаққа дастархан жайылса, өзіміздің қонақтарға деп бөлек бөлмеде дастархан жайылып,қыздарды күтетін. Ең дәмді, ең тәттінің бәрі қыздарымыздың аузында еді. Әкем мен анам ылғы „Ұл-үй иесі, қыз-төр иесі” деп, біздерді төрге шығаратын( әжем неге десек ертектеп айтып беретін)
Айтпағым не? Жасым 20 ға келгенге дейін тіпті тұрмыс құрғаныма дейін ер адамның денесін көрмеппін. Ағам марқұм арамыз 2 жас болса да менен қымсынып еті ашылып қалса орамалмен не жастықпен жауып отыратын. Үйде 3 қыз жалғыз ұл едік. Әкем мен анамның бөлмесіне жөнсіз кіріп көрмеппіз. Анам біздің киімдерді бөлек жуып, әкемнің киімдерін бізге үтіктетпейтін де. Екеуінің ұрыс-керісін көзбен көріп, құлақпен естімедік десек те болады.
Уақыт келіп алтын босағамды аттап мен де келін атанлым. Жаңа орта, жаңа үй бейімделу оңай емес. Қайын жұртым заманауиласып кеткендей бір. Әке үйімдегі дәстүрдің бірі де орындалмайды. (Ас қайырмайтындары таң қалдырды). Көкейімді тесіп жүрген сұрақтың бірі мынау, ата-енеме төсек салу дұрыс па әлде жоқ? Осы уақытқа дейін әкем мен анамның жатын төсегіне қолымды тигізіп көрмеппін, анам жолатпайтын еді. Құлағыма да төсегің таза болсын, өзіңнен басқа бөтен адамның қолы тимесін деп құйып тастаған. Енді өзімді тіпті зорлап та болса істете алар емеспін. Тым жеке басқа қатысты сияқты. Егер екеуінің бірі о дүниелік не жастары келген шал мен кемпір болса түсінер ем.Бірақ жастары жаңа қырыққа жетті. Бұл не? Келіннің көргенсіздігі ма, әлде ата-енемнің білместігі ме?
Әрі қарай

Алғашқы айлығыңды не істедің?

Блог - Ispek92: Алғашқы айлығыңды не істедің?
Осы жазбаны неге жазып отырғанымды білмеймін, алайда миым(істеп тұр екен) жазып көрсеңші, бөліс дегендей болып отыр. Сонымен немен бөліседі деп ойлап отырсаңыз, (тұрғын үй құрылыс жинақ банктегідей) ондай маңызды емес. Осыдан тура 27 күн бұрын Қазалысушар өндірістік учаскесіне университетті жап-жаңа көк дипломға бітірген пүздік студент жұмысқа орналасқан еді.
Әрі қарай

Қайтсем бақытты болам … (Don’t worry, be happy!)

Қазіргі бұлбұл заманда қылауы түспеген белсебет ойлап табу қиын да, көмескі аксиомаларды жаңашыл реалияға сәйкестендіру – актуальдылау. Күнделікті тіршілікте ірілі-ұсақты жағдайға толы мозаикада кейде әсіре әсершілміз, кейде алапаттарға міз бақпайтын гиперсалқынқанды шығармыз. Өмірдегі алуан ситуация көңіл-күйімізге әсерін тигізбей қоймайды. Кейбірі жаншиды, кейбірі қанат бітіреді. Сіздермен бірге мүмкіндігінше ауқымдырақ аудиторияға пайдасы тиеді-ау деген бақытты болудың алғышарты болуға тұрарлық тезистерді тізіп көруге талпынып көрейікші? Әрбіріміз ары кетсе жетеуден аспайтын «кілтпен» бөлісе отырсақ, әжептеуір бір мануал түзуге болатын сияқты. Мен ұсынатын кілттер:
Әрі қарай