Алғашқы айлығыңды не істедің?

Блог - Ispek92: Алғашқы айлығыңды не істедің?
Осы жазбаны неге жазып отырғанымды білмеймін, алайда миым(істеп тұр екен) жазып көрсеңші, бөліс дегендей болып отыр. Сонымен немен бөліседі деп ойлап отырсаңыз, (тұрғын үй құрылыс жинақ банктегідей) ондай маңызды емес. Осыдан тура 27 күн бұрын Қазалысушар өндірістік учаскесіне университетті жап-жаңа көк дипломға бітірген пүздік студент жұмысқа орналасқан еді. Туп-тура 27 күннен соң алғашқы айлығын алатыны жайлы да ойламаған еді ол кезде. Сонымен, сол ақшаны да көз көрді, қолыма ұстадым. Мен үшін қомақты сома енді.
Мақтанды деп ойласа нәпсілерің білсін, сіздермен бөлісейін дегенім алғашқы айлықтарыңызды қалай және қайда жұмсадыңыздар? Достардың жуу деп айтатыны да белгілі, сіздер қалай жудыңыздар? Ойларыңызбен бөліссеңіздер?
Сурет baq.kz-тен алынды.
Бөлісу:

83 пікір

bake
Студент кезімдегі коммерциялық алғашқы табысымды үйге жетіп (қаладан ауылға), кішігірім сыйлықтарды әке-шешеме табыстау үшін жұмсадым. Алғашқы тұрақты жұмыстағы табысымды айырбасқа салуға тура келді, 1996 жыл болатын, жалақыны екі-үш қорап электр шамдарымен берген. Директордың өз қолынан алғанмын. Кейінгі табыстан (екі жылдан) кейін табыстан жинап жүріп костюм-шалбар алдым (жилети барға қол жетпеді). Ең көлемді табысымды пәтер алуға қостым (соммасы құпия болсын). Өзім табысымды толық ұстадым деген айлар аз болыпты. Әзірде солай.
Соңғы түзету:
Ispek92
Менің ойым алдағы жалақымды мүмкіндігінше жинап келін әкелу, олай істеуге бола ма браттар қала ойлайсыздар???
asaubota
ерте ғой әлі, біраз өзіңе жина, қаңғы.
bake
келін әкелу деген тақырыпта әңгіме қозғағанбыз, алғашқы жалақыларымыздың мөлшерін есептеп, сол бір армансыз кезде жолдасымыз екеуіміз жалдамалы үйдің бір бөлмесінде жатып алып, кіріс-шығысымызды есептеп түгелдегенде. Қазір он екі жыл өткен соң бәріне басқаша қарайсын. Қылығымыз біртүрлі. Жастық шақ. Түскі астан кейін жалдамалы үйдің бір бөлмесінде бастары түйістіре қойылған төсек үстінде жатып алып есеп қисабымызды бір-бірімізге айтып жатырмыз. Есеп қорытындысы. Үйленуге шама бар. Не керек. Көп ойламастан бір-бірімізге сұрақ қойдық. Сенің қызын бар ма? Қысқасы. Табыс таба білу деген мен үй болу екі түрлі нәрсе болып шықты. Басқы есебімізде соны ескрмеппіз. Үйлену деген істе есеп болмау керек екен. Түсінгенім сол болды. Кезінде сен секілді сұрайтынмын. Қазір сұрасам: -Кімнен сұрап тұрсың неше қатының болды, бұл істе сеннен тәжірибелі жоқ шығар, -дер еді. Үй болу деген сұраққа әлі жауап іздеп жүрмін. Ең дұрысы бізден емес, екі жақты, яғни сені -жігітті және қызды білетін бірнеше адамнан сұрап білгенің. Өзімнен осылай сұраған жас қызға «оқуын тастап күйеуге шық» -деген кеңес бергенмін. Өкінбеймін. Күні бүгінгі күнге дейін жағдай білісіп тұрамыз. Қазір ЖОО түскелі жатыр. Алғашқы мен тастатқан оқуына күйеуі қайтарып бітіркізіп алған. Кеңесті қай жақтан іздеуді түсінген шығарсын.
Соңғы түзету:
asaubota
тақырып атын дұрыстап қойсаң қызық әңгімеге жалғасар еді
Adiletshu
Мектеп кезінде де тиын істеп жүретінмін. Біраз ақша жиналғанда мамам алып қоятын. Есейгенде алғаш тапқанымды мамама бердім.
torgai
Алғашқы жалақымды жұмсамай 3 күн жүргем. Ақыры жаратуға тура келді. Ең бірінші балмұздақ алдым. Сосын тәтеме көзілдірік алып бергем
Ispek92
Балмұздақ? Романтикалыө екен сіздікі
asaubota
кәдімгідей ресми алғашқы айлығымды не істегенім есімде жоқ. біразы қарыздарға, қалғаны ішуге кеткен шығар. бұрын былай бейресми тауып жүргесін аса мән бермеппін.
Ispek92
Менікі ресми түрде болғасын ау, есейгеніңді сезеді екенсің бір түрлі, бойыңда керемет қуаныш пайда болады типә Сатыбалды кеп жазбаңды плұстап немесе мақтап кеткен секілді енД. Қалтама салып ап, 10пайызын өзіме қалдырдым да қалғанын анама бердім, айналып толғанып жатыр әйтеуір
asaubota
иә, басында көп сияқты болып көрінеді. кейін басқа жұмысқа ауысқанда бұрынғы айлыққа қалай жұмыс істегеніңе таң қаласың

қуанышыңды бөліскеніңе рахмет, біз де сен үшін қуанып жатырмыз. анаңа бергенің дұрыс болған, керек кезде сұрап аласың ғой
Shah
Ең алғашқы заңды жалақымды алғанда, барлық жалақыма әке шешеммен інілеріме кішігырым силыктар алып келдім. Екінші жалақыға дейін танауыма саусақтарымды тығып жүрдім сосын)))
Ispek92
Келесіде олай жасамағаныңызға сенімдімін
Shah
Келесіде үнеммен жұмсауды үйрендім.
Daniar-Alan
ең алдымен нан ал. Үйге. ырым сондай. Сосын өзіңе мықты сыйлық. Мен өзіме портмоне алғам. Типі ақшам көбейсін деген ырыммен. Достарыңа, коллегаларға жууға алып қал. Қалғанын үйге бересің ғой
Adiletshu
ең алдымен нан ал
Daniar-Alan
несі күлкілі? шын сондай ырым бар.
asaubota
қатындарда ақшаны дым құртпай үйге аман-сау әкелу керек деген де ырым бар. содан кейін барып қана құртуға болады типа. (солай істеп жүрген жігіттер бар болса кешірім сұраймын алғашқы сөзім үшін)
Zhan
ең алдымен нан ал. Үйге. ырым сондай. Сосын өзіңе мықты сыйлық. Мен өзіме портмоне алғам
Мен осы астанаға алғаш келгенде бірінші алған айлығымды банкоматтан суырып ала салысымен бір подругама сұраған сомасын қарызға бергем. Кейін бір туысқан әпкем ол жақтағы айлығыңды не істедің деп сұрамай ма? Қарызға бердім деген едім, айлықты ала салып қарызға бергенің не? әуелі нан алмадың ба?" деді. Сол кезде бірінші рет естігем нан алу туралы. Сосын еш болмаса өзіңе бірдеңе алдың ба депеді, жоқ үйге продукты әкелдім деп ем, а ештеңе етпейді деп қояды. осы ақшаны өйтіп ұстау керек, бүйтіп ұстау керек дегенге аса мән бермеппін.
omarbirat
Ресми айлығымды не істегенім есімде жоқ. Бірінші 25 теңгесін автобусқа жұмсаған шығармын. Бейресми табысымнан 100 теңгеге әбет ішкенмін
bake
Жалпы өз еңбегімен тапқан алғашқы тиын-тебен туралы айтсақ. Алғашқы пікірімде сәл дұрыс емес ақпарат беріптім. Сегізінші сыныпта сібірткі байлап үш рубульге сатыппын. Баламын ғой. Табысым туралы ешкімге айтқан жоқпын. Бір қызға сыйлық алып бергенмін.
Соңғы түзету:
asaubota
айту ұят еді ғой ол кезде.
bake
дәл солай… балалық шақты анда -санда сағынамын, шіркін -ай сол кез
AKY
алғашқы айлыққа ірі покупка жасасаң, кейнгілері берекетті болады деген ырым бар.
Ispek92
Сіз қайттіңіз???
Daniar-Alan
вино ішті шет елге барып. Сенбесең бұрынғы посттарын көр. Бізге әкеген жоқ…
Zilola
Палташеффпатидың белсенді қатысушысы дешиш )))
AKY
дәәәу песец шапкі алдым.
AKY
Құдайға шүкір, содан бері ақшам өзіме жетіп жатыр, бірақ өзімнен артылмайтыны жәмән
Ispek92
бірақ өзімнен артылмайтыны жәмән
AKY
жоқ, өкпем жоқ, шүкір шүкір
Соңғы түзету:
VKM
6 сынып оқып жүріп тапқан ақшама киім алатынмын.Жетпесе мамам қосатын.Ал қазіргі з/п түкке жетпит.Жақсы жұмыс іздеп жүрмін
Ispek92
Табарсыз деген сенімдеміз
bazuka
толықтай неге жұмсағаным есімде жоқ, бірақ булочка алып жегенім және ақшамды салып қоятын қымбат портмоне сатып алғанымды білемін.
JangirBokeiuly
Доллар сатып алғанмын. Ақша күндк құнсызданып жатқан ол кезде. Деревянка ма бірнарсе болатын,
MickThatsMyNick
бірінші айлыққа бірінші киім сатып алдым, содан кейін екінші айлыққа бірінші нан сатып алдым, ештен кеш жақсы.)
AL-ASTER
Менің алғашқы айлығым — стипендиям болған шығар.
Ресми ғой.

Бірақ, студент болып жүріп, бір айлық стипендияны бір түнде жасап алатынмын.

1. Әкем өте қарсы болатын, ақша жасауыма, үйде отыр, сабағыңды отыр, қаңғыма дейтін. Қайдам, өз ақшаңды өзің тауып, достардан қалыспау керек қой.

2. Ақша ресми, есеппен тіркеліп отырса, әрі ең бастысы адал болса, ол мен үшін берекелі болып жатады.

ereke_enu1
Бірақ, студент болып жүріп, бір айлық стипендияны бір түнде жасап алатынмын.
Бір айлық степендияны бір түнде жоқ қылған шақтар көп болатын сияқты, дегенмен)
araika
Нанның түр-түрін әкелгем
Ресми айлыққа әлі жеткем жоқ, бірақ бейресми түрдегі қомақты болған алғашқы жалақым бір киімге кетті
Zilola
шабашкадан түскен ақшама тамақ алатынмын, ал ресми алғашқы айлығымды неге жаратқаным есімде жоқ
Тамаққа жаратқан шығармын, одан қалды сыйлық алу туыстарға.
edige
Алғашқы айлығым студенттік кезде болған. Қосымша табыс табу үшін фед фотоаппаратын, екіншісіне том деген дауыс күшейткіш алғанмын. Ташкентке барып сурет шығарып, студенттік қиыншылық күндерім артта қалған.
Зенит алу деген қол жетпес арман тұғын… ех заман ай…
bake
Жеке фотозертхананы айтсаңшы… фотопленканың суретін шығару үшін ертінтілермен жуып, сосын кептіресін. Фотокағазға арнаулы аспап фотоүлкейткіш көмегімен кесін проекциясын жасайсын. Фотоқағазды ертінтілерімен жуасын. Сосын су болған фотоқағазды кептіресін. Ай бетін суретін алу үшін бидай ұнын тақтайша бетіне жайып, шұқырлар істеп, үстел лампасының сәулелерін көлбей түсіресін… сосын суретке түсіресін. Бірақ соның арқасында фотокомпозиция не екенін түсіндік… Опшым ех заман ай…
edige
Суретке алудың өзі бір өнер еді. Ауа райына, жарыққа қарай туралап, резкость келтіру арқылы түсіретін едік…
Қазірде сондай суреттеріме жастар мазақ етіп қарайды… Жастық шағың болған соң ыстық екен…
bake
Түсінбегендер мазақ қылады. Түсінгендер суреттегі адамдар көздеріне қарайды. Қазір табиғи емес, түсі өте қанық фотосуреттерді көбінде түсіреді. Олай түсіргенді ұнатпаймын. Бастысы түстердің берілуі емес, фотосуреттегі адамдардың көңіл -күйін, заманның сипатын беру. Жуықта түсірген суретім
Соңғы түзету:
aikarakoz
Алғашқы айлығым есімде жоқ. 7 сыныпта мааа оқып жүргенде бір жарыстан 15 мың теңге ұтып алғам. Оның үстіне ақша қосып, 20 бірдеңе мыңға самсунгтің мына моделін алып берген
Соңғы түзету:
Ispek92
Сол замандағы Галаксимен тең еді мына тел
satibaldi
Сәлима «Привокзальная». Бұл кімді істедің деген сұраққа жауап. Ал не істедің десеңіз, сол баяғы — ішу, ішу, тауысқанша ішу.
Gastarbaiter
Ең бірінші мардымды табысымды піштіргенде алғам. Тура қанша екенін қайдам, бірақ тура жаңа белесепедке жететін, инфа 100% пайыз. Оны мамам «банкіге салып қойдық» деген соң, түсінбей, үндемей қалғам. Кейін тағы бірде " Осы сол ақша қайда, мам, банкі деген не?" дегенде «СберКнижкіге (анам ересектердің дәрігері болған соң ба, баланың тілінде онша сөйлей алмайтын) сап қойдық, ботам!» -деген соң мүлде трансқа кіріп, атсралдан бір шықтым.
aza
Депозитке салдым…
AKY
Ақшаны тартып тұру үшін баяғы хахолдардан қалған елу гривень жүреді портмонемде, сосын бір зоопаркте берген жыланның терісі де бар қуысында. Жыланның терісі ақшаны шақырып тұрады екен, және берекетті болуына әсер етеді. Ойбу, бүкіл секретімді жайып салдым ғо
satibaldi
Қызылқұмға karapaimus abjilanus аулауға шұғыл экспедиция аттанды
AKY
 елден естігенімді жасағаным ғо, әйтпесе қарық болып жатқаным шамалы  шүкір осы күнге де шүкір, е алла!
satibaldi
Бір минимаркет бар. Ондағы қатын фэнь-хуйдың құрбақасының аузына да, көтіне де 200 теңгелік тығып қояд. Бірақ байы тігіп кете береді екен құрбақаның ақшасын
Zhan
Ақшаны тартып тұру үшін баяғы хахолдардан қалған елу гривень
Ойбу, бүкіл секретімді жайып салдым ғо
АКҮ, қарап тұрмай менде секретімді жайып салайын. Бір рет әпшем қоярда қоймай бір орыс тәуіпке апарған. Оқиды, емдейді, жолыңды ашады, общм бақытты ғып жіверед деді. Содан маған 500 теңгең бар ма, оқып берейін, ақша шақырып тұрад, бірақ оны қысылып тұрған кезде жаратып қоюшы болма" деген. Сол 500 теңгені былтыр портмонемде 60 теңге қалмай, жаратып жібергем.
Gastarbaiter
Ресми айлығым бір бейшара колледжде бейшара мұғалім болғанда 10000 теңге еді. Оның үш мыңын менен де бейшара отдел кадр алып қалды, пәлен өлгенде қосылмады, түген тірілгенде де сабраз қылмадың деп. Қалғанына проездной мен бір айға жететін тамақ алайын деп жатқанымда директоры жырымшылап 4 мыңын сұрады.
Келесі айлықтан берейінші дедім де, хуяк астынан буфетші кеп қарызын сұрай ма деп жан жағыма қарамай автобусқа отырып қаштым.
Ispek92
 мененде ұстап қалды өлген-тірілген, туған-тумаған күндерге деп
temir1986
Ең алғашқы ресим айлығым 9000 теңге болды шамамен. Үйге азық түлік әкеп бергем.
patick
Ең алғашқы ресми жалақымда іштім, кафеден шыққасын сосын жезөкше жалдадым
Korkem
Өзім мектепті кілең үшке бітіргенмін, солай болса да ҰБТдан зор балл алвалдым да «оқымайм, жұмыстим!» дедім, кәнеш мектептен әрең құтылғанда. Содан небәрі 16 жасымда тігін цехіне жұмысқа кірдім, өзімнен де ауыр үтікті көтеріп тапқан алғашқы айлығым 10000-11000 т шамасында болды. Үйге жеміс-жидек, тәтті-пәтті көтеріп барғанмын. Алдымда ағам бар, бірақ үйдегі балалардан алғашқы айлықты мен алып, тағы бос келмей оны-мұны көтере келгенімді көріп ата-анам, әжем мәәәәз бов "қыз жеткізе ма, ұл жеткізе ма" деп бір шетек етіп қойып ед)))) Содан кейін, болмайткен, оқиын дев қайта тест тапсырып келесі жылы оқуға түсвалдым))
ereke_enu1
Ресми емес, сонау студент кезде бір жігіттермен шаруа істеп 1000$ жасағаным есімде. Ағамдікінде тұратын ем, үйдегі брәтішкелерге көрсетем, қайта-қайта санайм 10 жасыл қағазды)) 300-ін ауылға жібердім. Қалғанына шашлык жедік, Nokia 3250, киім-кешек алдым. Ол кезде 100$ өзі біраз ақша еді ғой.

Кейін үйге бергеніме өкінгендей болдым, себебі, сондай кейін үйдегілер ақша аз жіберетін болды))
Daniar-Alan
менің ресми алғашқы айлығым 7 500 теңге болыпты
Ispek92
Сол кездегі құнды ақша шығар
Anar70
))))))))) менікі 6 800 теңге болған)))))
satibaldi
Саған не үшін бірдеңе төлегенін ұғар емеспін.
Anar70
саған ұғудың қажеті қанша?
Соңғы түзету:
User
3 ұл екі қыз болып банкоматтан стипендиямызды алып ойланбастан мегага тартқанбыз.
Rozatai
Ең алғашқы айлығымды алғанда, қауын мен нан сатып алғанмын. «Алғашқы жалақыға нан ал, нан ал!» деп қоймаған бір таныстарым. Ал, қауынды қай ырымға сүйеніп сатып алғанымды білмеймін.
Tamila
Ең бірінші айлығым 7000 теңге болатын. Уйге азық түлік алып келіп Мама айлық алдым деп мәз болғаным бар. Қазір ойлаймын мяяя 7000 ға қалай жұмыс істегенмін деп )